Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы
№ 8 жалпы білім беретін орта мектебі КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Султанова Гульмира Кадыровна
Сабақ тақырыбы: Құстар – біздің досымыз!
Мақсаты: Балаларға жалпы құстардың пайдасы туралы,олар жөнінде мағұлмат беру.Негізінен оларға қамқор болуға,құстарды аялауға баулу. Көңілді көктемде құстардың оралуын хабардар ету.Балалардың құстар туралы ой -өрістерін,түсініктерін дамыту.Отанын,жерін,орманын,көлін,табиғатын сүюге тәрбиелеу.
Барысы:
Тәрбиеші:Құрметті ұстаздар,оқушылар және қонақтар!
Сіздерді көктем мерекесімен құттықтаймыз.Міне,көктем жаршысы құстар келе бастады. Балалар біздер жыл сайын көктем мезгілінің сәуір айында құстар мерекесін тойлаймыз. Міне сол күн , сол мереке биыл да келіп жетті. Өлкеміз, өзен, көліміз , тауларымыз құстардың қиқуына бөленді.
Мерекемізде қанатты достарымыз жайлы мағұлматтар, өлеңдер, жұмбақтар, табиғаттағы орны мен адам өміріне пайдасы туралы әңгімелеп, көрініс қойып, ән айтамыз.
Бүгінгі “ Құстар – біздің досымыз ” атты ертеңгілігімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Адам мен құстардың достығы сонау ерте заманнан-ақ басталған. Оған дәлел халықтық аңыз, ертегілер, құстар жайлы айтылытын ән-жырлары.Адамды алғаш рет таңдандырушы құстардың ұшу қасиеттері.
1942 ж. Англияда, суасты қайығында авария болған. Суастындағылар хат жазып құсты кеңістікке жіберген ,құс хатты құрлыққа жеткізген-экипаж құтқарылған. Құсты ең жоғарғы әскери құрмет наградамен марапаттаған және кейін осы құсты экипаж қайығына үнемі бірге алып жүретін болған. (көгершін).
Торғайды 1850 ж, ең алғаш рет Америкаға әкелген, ол жерге құс тез үйренді. Бостон қаласының маңында бунақденелілер өте көп болған. Сонда осы құс көмекке келген. Тұрғындар осы құсқа құрмет белгісі ретінде орталық саябақта ескерткіш орнатқан.
Ән: «Көктем вальсі»
О.Нұрасыл
Тірлікке жан кірді көктем кеп,
Айнала, сай – сала көкпеңбек,
Диханның арқасы босады
Қытымыр қысымыз өтті деп.
Сабина
Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды .
Қос қанаты желпілдеп,
Көлге үйрек — қаз қонды
Диас
Қызыл тал, қызыл тал,
Қызыл талда бүршік бар,
Бүршігін сол жарғаны,
Көктем келіп қалғаны.
Едіге
Құстар тойын құттықтап,
Қуанамыз, қолдаймыз.
Ұя жасап құттықтап,
Біз оларды қорғаймыз.
Аружан
Ән құрадым үніммен,
Сән құрадым гүліммен.
Қуантамын бәріңді,
Құт — береке күніммен.
Көрініс: «Орман дәрігері»
Алихан
Кербез құстар әнімен,
Келді міне сәнімен.
Қос қарлығаш биіне,
Қол соғайық сүйіне.
Аяжан
Көктем келді, сұлу қыздай жаз келді!
Күміс қанат үйрек келді, қаз келді.
Май шуағы ,жан шуағы бір шуақ
Жырла ақын, жырлар шаттық аз ба еді ?
Мадина
Қызыл гүлдер қауыз ашып маңдағы,
Торғай шулап, бұлбұл сайрап талдағы,
Сай қуалай, жаңа гүлден бал сорып,
Ара біткен өлеңдете бастады.
БИ: «Құстар» орындайтын қыздыр тобы.
Ералы
Көктем келді тауыма
Құсын ертіп тағы да
Қуанамын ерекше
Нұр қонғандай жаныма.
Абзал
Көкте бұлттар күркіреп,
Жерге төкті өрмегін.
Жауды жаңбыр сіркіреп,
Мейірленіп жерге күн.
Балымай
Сансыз көкек сұңқылдап,
Көктем келді ертелеп.
Нәзік үнмен сылдырап,
Бұйра бұлақ еркелеп.
ӘН: «Біз өмірдің гүліміз!»
Қортынды:Құстардың маңызы өте зор,келтіретін пайдасына қарағанда