Қызылқасқа сутартар

Қызылқасқа сутартар – Кептер шамалас құс. Бірақ, Кептерден тіпті бөлек. Ол, басын ырғап қойып, асықпай басып жүргенде кәдімгі тауықтан аумайды. Сондықтан болар, әлемнің бірқатар елінде оны «Су тауығы» деп те атайды.
Қызылқасқа сутартар — өте сақ, тығылып, жасырынып жүріп өмір сүретін құс. Тұмсығы қызыл, сол қызылы жоғары қарай созылып келіп, маңдайына дейін барады. «Қызылқасқа» аталуы содан. Өзінің түсі қара қоңыр немесе қара сұр, екі бүйірінде анық көрініп тұратын 3-4 қауырсыннан тұратын ағы бар. Сирақтары ашық жасыл-сары.
Қызылқасқа сутартар су жағасына шығатын жас шөпті, қамыс пен қоғаның жұмсақ жапырағын, аласа бұталардың жемістерін, су бетінде кездесетін, төмен ұшатын жәндіктерді қайсысы алдымен кездессе қағып алып қылғыта беретін, тамақ талғамайтын құс. Күндіз көбіне қамыс арасына тығылып жатып, кешке қарай ғана жайылуға шығады. Жақсы жүзеді, сүңгиді, қауіп төнсе қамыс арасына кіріп кетуге тырысады, ол болмай қалса, жеңіл көтеріліп ұшып кетеді.
Қызылқасқа сутартар – жыл құсы. Біздің жақта тек көктем мен күзде ғана ілуде бір кездесіп қалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *