Экологиялық талаптарына сәйкес жануарларды топтарға бөлу.
- Экологиялық талаптарына сәйкес жануарларды топтарға бөлу (жәндіктер экологиясы, қосмекенділер экологиясы, құстар экологиясы, сүтқоректілер экологиясы)
Негізгі тіршілік орталары және жануарлардың тіршілік ортасына бейімделуі
Біздің жер шарымызда тіршілік тараған негізгі төрт орта бар. Ең бірінші орта – су, тіршілік ең алғаш рет суда пайда болып дамыған. Бұдан соң тірі организмдер жер бетіндегі ауалы ортада және топырақта тіршілік етуге бейімделді. Тіршілік тараған төртінші еркше орта ретінде тірі ағзалардың өзін атауға болады: Әрбір тірі ағзаның денесінің ішкі және сыртқы мүшелерінде көптеген паразит және симбиоз өсімдіктер мен жануарлар мекендеп өмір сүреді. Сондықтан тірі ағзалар да басқа бір тірі ағзалардың тіршілік ететін ортасына айналады.
Аталған тіршілік орталарының (су, жер беті, топырақ және тірі ағзалар) әрбіреуі өзіне тән экологиялық сипаттарымен ерекшеленеді.