Тауар өтімділігін болжау. Сатылу көлемін ағымды жоспарлау

«Тауар өтімділігін болжау. Сатылу көлемін ағымды жоспарлау»

Мақсаты: студенттерді тауар өтімділігін болжаумен сатылу көлемін ағымды жооспарлаумен таныстыру

Дәріс тезистері:
Өтімділік – ол дәріханаллық мекемелердің (жұмысын іс-әрекетін) бағалайтын негізгі экономикалық белгі (критерия) сонымен қатар ол тауар айналым процесстерінің көрсеткіші.
Осыған байланысты қаззіргі экономикалық жағдайда барлық жоспарлау жүйесінің негізін құрайтын — өтімділікті болжау (сатылу көлемі тауарайн).
Дәріхананың өндірістік экономикалық, қаражаттық іс-әрекеттерді өтімдділікті (сатылуды) болжау негізінде құралады.
Ескертілмеген және кездейсоқ факторлардан дәріханалық факторлардың дәріханалық мекемелердің қаражаттық жағдайына әсері өте зор. Сондықтан болжау әр уақытта белгілі дәрежеде өз ықтималын тигіздіреді. Өтімділікті болжауды төмендегідей түрлерге бөлуге болады: (аз уақытқа, орташа және ұзақ уақытқа) қысқа мерзімді, орта және ұзақ мерзімді.
Қысқа мерзімді – болжаудың өте кең таралған түрі. Бұл түрді көбінесе смета жасағанда және қаражаттың керектілігін анықтағанда жоспарлаудың негізі ретінде қолданылады. Бұндай болжамдар: жылдық, жартыжылдық, кварталдық болып бөлінеді.
Орта мерзімді болжау – 2 жылдан 5 жылға дейінгі аралықта болжам, ал ұзақ мерзімді ол 5 жылдан – 50 жылға дейінгі уақыт аралығындағы болжам. Неғұрлым болжау аралығы қысқа, аз болған сайын, сол ғұрлым өтімділікті болжау дәл, тура болады.
Құрылымына қарай жалпы тауар айналымы 2 түрден тұрады:
Олар: бөлшек сауда тауарайналымдары. Олардың өзі бірнеше түрлерге бөлінеді. Мысалы: дәріханалық қоймаларда көтерме сауда тауарайналымы сыртқы және ішкі жүйелі тауарайналымдарына бөлінеді. Сыртқы – ол дәріхханалық мекемелерге емес басқа емдеу орындарына және басқада мекемелерге бөлшек сауда бағасымен сату (босату). Ішкі жүйелі – ол дәріханалық мекемелерге көтерме сауда бағасына қосымша бағасымен (наценка) тауарларды босату.
Дәрілердің өтімділігіне әсер ететін факторлар:
аймақтың экономикалық дамуының болашағы;
тұрғын сандарының көбеюі;
ауру тұрғындардың деңгейі;
бөлшек сауда бағасының ддеңгейі;
тұрғындардың материалдық хал-жағдайы;
жарнама және ақпарат жұмыстары;
дәрі-дәрмектерді алуға бөлінетін ассигнование (10 статья);
қала мен ауыл тұрғындарының аралығындағы айырмашылықтардың жойылуы;
дәріханалармен емханалардың көбеюі;
емдеудің жаңа тәсілдерінің енгізілуі;
дәріханалық мекемелерді дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету деңгейі;
жақсы арадағы делдал (посредник);
уақытылы қамтамасыз ету, тауар қорларының барлығы және т.б.
Дәрі-дәрмектердің сатылу көлем жоспарларының жобасын жасау үшін алдыменен мына төмендегілерді біліп алу керек.
Олар:
Өткен жылдардағы тауарайналымының жоспарының орындалуын білу.
Тауарайналымының өсу қарқын (жылдамддығын) талдау.
Сатылу көлеміне әсер ететін негізгі факторларды білу.
Өткізуді (сатуды) жоғарлату үшін ішкі резервтерді табу. (пунктер 1-2 кат, киоскалар т.б.).
Бұл талдау негізінде тауарайналым қарқынының өсуін немесе төмендеуін әртүрлі тәсілдерді қолданым анықтауға негізделген.
Талдау кезінде динамиканың абсолюттік емес салыстырмалы мөлшерін қолданады. Олар коэффициенттік немесе % түрде көрсетіледі.
Мысалы: 1995 жылы тауарайналым 5 млн. теңге еді 1996 жылы 5 млн. 600 болды.
Шаруашылық – қаражат іс-әрекеттерді талдау және оларға жоспардың жобасын жасау жыл бітпей, яғни ІV кварталдан бастап жасалынады. Сондықтан дұрыс жасау үшін біз ІV кварталда болатын тауарайналымының орындалуын анықтап біліп алуымыз керек. Ол үшін біз 1-ші жарты жылдықтағы немесе дайдағы нақты орындаған тауарайналымын біліп, өткен жылдардағы 2-ші жарты жылдыққтағы немесе ІV кварталдық тауарайналымының меншікті салмақтарын және олардың өсу қарқындарын ескере отырып анықтауымыз керек. Мысалы: ІV кварталдың басында (октябрь) дәріхананың осы жылға (күтіп отырған) алдағы тауарайналымын есептеу керек. Өткен 9 айдың нақты айналымы 200 мың теңге болды, ал ІV кварталдың тауарайналымы жоспар бойынша 80 мың теңге. Осыдан күтіп отырған тауарайналымымыз 280 мың болуы керек.

4. Иллюстрациялы материалдар: слайд түріндегі презентация

5. Әдебиет:

6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
Тауарайналым – тауардың өтуінің (сатылуынан) бір элементі.
Тауарайналымының құрылымы.
Сатылу көлем мөлшеріне әсер етуші факторлар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *