Тарихты оқыту әдістемесі пәні
Әдістеме дегеніміз- «Методика» сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда-«таным тәсілі», «зерттеу жолы» деген ұғымдарды береді.Әдіс дегеніміз-нақты міндетті шешудің,әлдебір мақсатқа жетудің тәсілі. Сонда, әдістеме бұл әдістер жиынтығы,кешені. Тарихиты оқыту әдістемесі-тарихты оқытудың міндеттері,мазмұны және әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық ғылымдардың бір саласы.Ол тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында тарихты оқыту процесінің заңдылығын зерттеу және оқып-үйоенуге арналады. Сонымен әдістеме оқу процесін ұйымдастыру мен оның негізгі факторларын жетілдіруге бағытталады.
XX ғасырдың басындағы көрнекі әдіскер К. А. Иванов әдістеменің маңызды міңдеттері деп сол ғылымды оқу пәні ретінде жақсы жолқа қоюға алып баратын оқытудың айқындау, бағалау, бейнелеу тәсілдерін атайды. Әдістеме тарихты қалай оқыту мәселесін қарастырады және зерттейді.
Осылайша әдістеме пәні- педагогикалық процесс, мұғалімнің тарихты оқытуы, оқушының тарихты оқуы. Ал әдістеменің нысаны- оқытудың әдістері, мазмұны, ұйымдастырылуы және түрлері.
Тарихты оқыту — өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты ►оның мазмұны ►білім беру жәме оны игеруге басшылық жасау ►оқушылардың оқу әрекеті ►оқыту нәтижесі деген тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ІШКІ қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол қайшылықтар оқыту мақсаты мен қол жеткен нәтиже арасында, қолданылуы жоспарластырылған және нақты қолданылған оқыту құралдары мен әдістсрінің арасында пайда болады.
Тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымдарымен бірге философия, әлеуметтану, мәдениеттану, педагогика, психологая, дидактика талаптары логика сияқты ғылым салаларымен де тығыз байланысты дамиды. Бұл салалардың материалдарын пайдалану шығармашылық сипат алады, өйткені әдістеме пәні оларды тарихты оқыту пронесін жетілдіру мақсатында қорытып, жаңгыртып пайдаланады.
Мұғалім мен оқушының оқу процесі күрделі және көп қырлы болып келеді. Оның тиімділігі оқушы әрекетінің сипатымен айқындалады. Мүғалім өз пәнін қаншалықты жетік білгенімен оқушылардың қызығушылығын оятып, шығармашылық әрекетін ұйымдастыра алмаса, айтарлықтай табысқа жете алмайды.
Өмірде нашар мұғалімдерді көп кездестіреміз, олардың пайда болуы өз пәнін жетік білмеуіне байланысты емес, ең бастысы олар өз білімдерін өзгелерге оңай жолмен түсіндіре алмайды. Өйткені, олар оқушыларға тарихи материалды баяндаудың әдістемелік негіздерімен таныс емес, тіпті пәннің әдістемесінен жеткілікті хабары жоқ. Сондықтан пәннің әдістемесін не үшін оқытамын? Қалай оқытамын? Немен оқытамын? деген сұрақтарға жауап тақырыпта басты назарда болуы тиіс.
Қазіргі кезенде тарихи білім берудің мақсаттары былай айкындалған:
— оқушылардың ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейін адамзаттың тарихи даму жолы туралы тарихи білімдерді игеруі;
— тарихи білім негізінде оқиғалар мен өмірлік құбылыстарды ой елегінен откізе алу қабілетін дамыту;
— отансүйгіштік, тарихи тәжірибе, гуманизм идеялары негізінде оқушылардың рухани құндылық бағдарлары мен көзқарасын қалыптастыру;
— халықтардың тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрметін дамыту.
Қазіргі кезде тарихты оқытудың мақсаттарын айқындау одан әрі жалғасуда. Соған сәйкес мынадай міндеттерді атауға болады.
— ұлттық және жалпыадамзатгық құндылықтарды құрметтейтін, табиғаттаң, мәдениеттің және қоршаған ортаның байланыстарын қорғау қажеттілігін сезіне білетін отансүйгіш азамат тәрбиелеу;
— оқушыларды қоғам мен адамзаттың ежелгісімен, бүгінімен таныстырып, оларды өткен бабалардың әлеуметтік, адамгершілік тәлім-тәрбиесін ұғынуға бейімдеу;
— қазіргі қоғамға кіріккен және оны жегілдіруге ұмтылатын тұлға қалыптастыру;
— тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке кіріктіруге бейімдеу;
— әр түрлі көзқарастар жүйесін есепке ала отырып, оқушылардың пікірлер мен көзқарастарды еркін тандау құқын қорғауын қамтамасыз ету, гуманистік және демократиялық құндылықтарға бағыттау;
— тарихи білімдер мен әдістерді қолданып, қоғамдық ойдан жаңа мағлұматтарды өз позициясы тұрғысынан алу дағдысын қалыптастыру.
Әдістеменің маңызы тарих пәнінің мұғалімі, студент үшін
— белгілі бір жастағы оқушылардың тарих пәні бойынша білім мен дағды денгейін анықтау
— сынып, курс, бөлім және тақырып бойынша оқытудың мақсатын нақтылауға;
— оқу процесінің әртүрлі кезеңдеріндегі жұмыс тиімділігін анықтап, оқыту міндетін нақтылауға;
— оқыту мазмұнын қолданылатын әдістер және тәсілдерімен
ұштастыруға;
— тест, қисынды тапсырмалар және тірек сигналдарды қолданып, конспект дайындауға;
— оқытудың барынша тиімді әдістері, түрлері мен құралдарын қолдануға;
— оқыту нәтижелерін алдын ала болжап, педагогикалық әрекетке түзету енгізіп отыруға мүмкіндік беруімен бағаланады.
Тарихты окыту әдістемесі өзге ғылымдармен, әсіресе оқытудын мазмұнын талдап жасайтын базалық тарих ғылымымен тығыз байланысты. Әдістеменің мақсаты — тарих ғылымының негізгі мәліметтерін таңдап алып, оны дидактикалық өңдеуден өткізіп, бейімдеп, мектеп курсының мазмұнына енгізу
Тандап алу оқушылардың танымдылық мүмкіндігін ескере отырып жүргізіледі. Оларды анықтауда психология ғылымының жетістіктеріне сүйенеміз. Бұл ғылым окушылар танымы мен танымдык әрекетінің ерекшеліктерін ашуға көмектеседі. Онын үстіне тарихты оқыту процесіне талдау жасағанда бірқатар психологиялык және педагогикалык зерітеу тәсілдері де қолданылады. Әдістеме пәні окытудың бір саласы ретінде педагогикамен де тығыз байланысты. Педагогика — окыту, ғылыми зерттеу әдістемесі мен тәрбие мақсатын айқындайды. Осы әдістер мен мақсаттарды негізге алып, әдістеме оқу процесіне де, ғылыми зерттеуге де нақты тарихи мазмұн береді.
Ғылыми — зерттеу әдістері деп зерттеудің педагогикалык бақылауды және қалыптастырушы эксперименттің (эксперименттік сабак) мақсаты, міндеттері мен болжамын анықтауды айтамыз. Латын тіліндегі «эксиериментум» сөзі тәжірибе, сынақ дегенді біддіреді. Мұндай тәжірибелер белгілі бір оқытудың факторы және жағдайының әрекеті нәтижесінде пайда болады.
Педагогикалық бакылау- оқу процесіне ықпал жасамай, тарихты оқыту практикасын зерттеу дегенді білдіреді. Зерттеуші тарих сабақтарына қатысып, оны талдайды, оқушыларға сұрақ қою мен тесті өткізіп, мұғалімдердің ашық сабақтарының хабарламаларын тексеріп, пән бірлестіктерінің озат тәжірибені жинақтаған материалдарымен танысады.
Қалыптастырушы эксперимент жасаушының оқу процесіне белсене араласуын қарастырады. Мұндай эксперименттің міндетті қүрамы — дәлелге негізделген, бірақ міндетті түрде тексеруді кажет ететін болжанған нетиже, болжал болмақ. Болжал мына сұлба бойынша қалыптасады: оң нәтижеге қол жеткізуге бола ма, егер: а) мазмұнды, материалды баяндаудың бірізділігін өзгертсе; ә) оқытудың жаңа құралдарын, материалды баяндаудың жаңа тәсілін қолданса; б) таным әрекетін баскаша ұйымдастырса. Болжал іс жүзінде тиісті жағдайлар мен әдістер арқылы тексеріледі.
Эксперимент жасаушы ең алдымен зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай әдістемелік талдама жасайды, содан кейін оның тиімділігін оқыту барысында тексереді.