Тарихты оқытуда көркем әдебиетті қолдану
Мазмұны:
1) Көркем шығармаларды топастыру;
2) Көркем шығармалармен жұмыс істеу әдістері;
3) Оқушыларға сезімдік-адамгершілік ықпал жасау.
Көркем шығармаларды топтастыру
XIX ғасырда әдіскер ғалымдар оқушылардың тарихи мазмұндағы кітаптарды оқуына баса мән берген. Олардың пікірінше тарих ғылым ретінде оқушыларға тірі бейне сияқты барлық сипатты белгілері және бөліктері арқылы көрінгенде ғана толық танылады. Тарихи әдебиеттерді оқу оқушыларды осындай сипаты белгілермен қамтамасыз стеді.
Көркем әлебиетті сабақта қолдану оқушылардың тарихи түсініктерінің құрамды бөлігі болып табылатын өткен кезең туралы тарихи білімдерін нақтыландыра түседі. Сонымен бірге көркем әдебиет оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, зейінін аударуға көмектеседі. Мұғалім шығарма үзіндісін таңдағанда дәуір тынысын, тарихи жағдайды немесе портреттік бейнені қалпына келтіру міндетін басшылыққа алады.
Көркем әдебиетті шартты түрде үлкен екі топқа белуге болады. Ол оқып-үйренетін кезенің әдеби дерегі және тарихи беллетристика. Тарихи білім көздері авторы жазылған оқиғаның тікелей қатысушысы немесе куәгері болған шығарма. Олар өткен күнді тануға комектесетін дәуірдің өзіндік құжаттарын құрайды. Ондай дереккөздерінің бәрі бірдей оқушыларға түсінікті бола бермейді, сондықтан да сабақта олардың мұғалім таңдап алған үзінділері пайдаланылады. Әдеби ескерткішттердің қатарына Күлтегін, Тоныкөк жырларын, Жүсіп Батасағұнның «Құтадғу білік» еңбегін, С. Сейфуллинің Тар жол тайғақ кешу» романын, М. Шоқайдың «Кеңестер билігіндегі Түркістан» еңбектерін атауға болады.
Тарихи беллетристикаға зерттелген кезең туралы ксйінгі деуір жазушыларының жазған шығармаларын қосамыз. Тарихи беллетристика тарихи шындықты қалпына келтіруде түпнұсқа дереккөздері, ғылыми зерттеулер мен монографиялардың қорытындыларына негізделеді. Тарихи білімдермен қаруланған автор еткен күнді тарихи шығарма түрінде жаңғыртады.
Тарихи беллетристика қатарында мынадай еңбектерді атаймыз. I. Есенберлиннің «Алған Орда», «Көшпснділері», Б. Жандарбековтің «Сақтары», М. Мағауиннің «Аласапыраны», Д. Досжанның «Жібек жолы» шығармалары. Осындай еңбектердің қатарында В. С. Пикульдің сериялы тарихи романдарын атауға болады.
Көркем шығармалармен жұмыс істеу әдістері
Мұғалім жазда тақырыптық жоспар жасау кезінде-ақ мектеп кітапханасының қоры негізінде сыныптан тыс оқу үшін курс бойынша көркем әдебиет шығармаларының жасайды. Таңдау кезінде кітаптың ғылыми, тарихи құндылығы мен көркемдік деңгейі басты өлшем болып табылады. Сонымен бірге кітаптың оқушы жасына сай келуі, оқуға жеңілдігі және тәрбиелік маңызы да ескерілуі тиіс.
Мұғалім оқушыларды ұсынылған көркем әдебиеітін тізімімен таныстырып, кейбіріне қысқаша түсінік береді. Сосын барып тізімді тарих кабинетіне іліп қоюға болады.
Мұғалімнің сабакта көркем әдеби шығарманы қолдануының тәсілаері көп. Мұғалім көркем әдебиеттен үзінді жасайды немесе жеке өзінің кітабы болса, шетіне белгі соғады. 5-6 сынып оқушылары үшін сюжеттік және картиналық, тарихи тұлғаға сипаттама беретін үзінділер тандалып, оқиғаларды шиеленістіру және тұлғаландыру мақсатында қолданылады. Шығарманың игеруге қиындығы және көлемінің молдығы кедергі болған жағдайда мұғалім одан үзінділер алып, өз әңгімесінде пайдалуы мүмкін.
Көркем шығарманың мәтінін сабақта қолдануға дайындағанда қандай қысқартулар жасау, қалай байланыстыру қажеттігі үнемі ойда болуы тиіс.
Көркем шығарманың үзіндісін оқу немесе әңгімелеу тым ұзаққа созылып кетсе, ол оқушыларды негізгі идеядан ауытқытады. Сондықтан үзінділер барынша қысқа болтаны жөн.
Оқушыларға әдебиет пәні сабағынан белгілі кітаптарды қолданудың да маңызы зор. Мысалы, Шоқанның Қашқарияға сапарын әңгімелеуде мұғалім С. Мұқановтың «Аққан жұлдыз» диалогиясынан үзінділер келтіруі сабақты кызықты ете түседі. Сол сиякты «Ежелгі Үндістан» тақырыбында Р. Киплингтың «Маугли» повесіндегі табиғат көріністерін қолдануға болады.
Мұғалім сабақ үстінде көркем кітапты дәйексөз келтіруге немесе жеке үзінділерін әңгімелеп беруге пайдаланады (әдеби безендіру ретінде). Кітап сюжетіне тоқталмас бұрын мұғалім кітап авторын таныстырып, қажет болған жағдайда кітаптың қысқаша мазмұнын баяндайды. Содан соңғы кезекте оқушыларга сұраулар мен тапсырмалар беріп, әңгіме жүргізеді. Одан әрі қарай көркем шығарма үзіндісін қайталау және оқушылар білімін тексеру жүйесіне өтеді.
Көркем сөз ескерткіштсрінің қатарында аңыз, ертегі, шешендік сөздер, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақтар сияқты ауыз әдебиеті жанрларын да атауға болады. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді», «Абысын тәту болса, ас көп, ағайын тату болса, ат көп» деген мақалдардың ынтымаққа шақырған идеясын оқушылар аңғара білуі керек.
Оқушылардың тарих сабағында кітаптарды қолдануының да тәсілдері көп. Ол ең алдымен кітап үзінділерін тарихи білім көзі ретінде пайдаланудан туындайды.
Сабақ үстінде оқушылардың кітап үзінділерін пайдалануына қойылатын талап, мәтінді дауыс ырғағын реттеп, көркем оқи алу, оқығанда асықпай, дауыстап (бірақ бақырмай) оқу керек. Дауыс қуаты сыныптың көлемімен үйлесксні жөн. Оқу барысында бірыңғай ырғақта емес, дыбыс жиілігін өзгертіп, үзіліспен, әрбір тыныс белгісіне мән беріп оқу керек. Әрине, үзілістер қисынды бөлшектеу және тындаушылардың материалды игеруі үшін жасалатындығы әрдайым естен шықпауы тиіс.
Оқушылар тарихи шығарманы тарих ғылымы позициясы тұрғысынан талдайды; пікір жазады, кітап мәтінімен дербес жұмыс жүргізеді, мысалдар тандап, андатпа құрастырады. Аңдатпада мыналар ескерілуі тиіс:
1) Шығармада көрініс тапқан дәуір, құбылыс;
2) Шығармадағы ең маңызды және жарқын оқиға;
3) Тарихи және типтік кейіпкерлер, олардың арасындағы қарама-қайшылықтар;
4) Автордың суреттеген оқиғаға және кейіпкерлерге көзқарасы;
5) Кітап туралы жеке өз пікірің? Сенің ойыңша кітаптың басты көркемдік құндылығы неде?
6) Оқырман шығармадан не біледі?
Сол сияқты кітаппен жұмыс істеуге арналған арнайы жаднамалардың бірі мынадай:
1) Кітап өзіңнің жеке меншігің болса, онда оны қолыңа карандаш алып оқы. Қызықты немесе күмәнданған тұсқа ұқыпты түрде белгі сал;
2) Жылдам, бірақ ыждаһатпен оқы;
3) Кітапты оқып болып, оның негізгі идеясы, онда жазылған оқиғалар, деректер туралы ойла.
Оқыған кітаптың маңызы, артықшылығы мен кемшілігі туралы жазбаша белгі жаса.
Оқушылар барлық кезге бірдей көсемсөздік және көркем әдебиетке сын көзімен қарай бермейді. Соңдықтан сабақ барысында I. Есенберлиннің «Қаһар» романы мен Е. Бекмахановтың монографиясындағы Кенесары Қасымұлы бейнесін салыстыру сияқты тәсілдерді де қолданудың манызы зор.
Оқушыларға сезімдік-адамгершілік ықпал жасау
Адамгершілік тәрбие. Оқушыларға адамгершілік тербие беруде көркем шығарманың маңызы зор. Тарихи тұлғалардың түрлі қылығын таныған оқушылар өзін оның орнына қойып, кейіпкердің ахуалын бастан кешкендей болады. Сондай сүйікті кейіпкердің бірі — Ежелғі Римдегі құлдар көтерілісінің көсемі гладиатор Спартак. P. Джованьолидің «Спартак» романынан үзінді келтіре отырып, оның ерлікке, қайсарлыққа, сонымен бірге биік адашершілік мұраттарға толы тұлғасы арқылы окушыларды» нәзік сезімдерін оятып, тербие міндеттсрін іске асыруға болады.
Тәрбиелеу және оқыту мақсаттарын іске асыру үшін қайталау сабақтарында көркем-тарихи кітаптарды кеңінен қолдану тиімді. Мысалы, отандық тарихтағы отаршылдыкқа қарсы үлт-азаттық күрес тақырыбын қайталағанда мынадай бетлетристикалық еңбектерді қолдануға болады:
1) Жоңғар басқыншыларына қарсы күрес (Қ. Жұмаділов. «Дарабоз»);
2) Патшалық Ресей отаршылдығына қарсы күрес (I. Есенберлин. «Қаһар»);
3) Қоқаңдықтарға қарсы күрсс (3. Шүкіров. «Жанқожа»).
Мәтінді жаттап алудың тәртібі оқушылар жақсы меңгеруі тиіс. Есте сақтаудың негізі — ойлау болғандықтан, алдымен мәтінді толығымен, кейін азатжолдар бойынша оқып, негізгі мәнін түсініп алу керек. Талдау санадағы түсініктер мен бейнелерді қалпына келтіруте көмектеседі. Мағыналық байланыстарды нығайту үшін тұтас мәтінді бірнеше беліктерге боліп, жатталатын негізгі ұғымдарға баса мән бері, оларды бір – бірімен байланыстыру, салыстыру керек.Түсінікті нәрсе тез әрі жеңіл есте сақталады.