Мал шаруашылығы саласын орналастыру мен мамандандыру

Мал шаруашылығы саласын орналастыру мен мамандандыру

Мал шаруашылығы тікелей өсімдік шаруашылығымен байланысты Жалпы аграрлық саладағы оң өзгерістерге шолу жүргізе отырып, мал шаруашылығындағы оңтайлы бетбұрыстарды атап өтуге болады. Мәселен, 2003-2004 жылдары республика бойынша мал шаруашылығы өнімдерін сатудан рентабельділік деңгейі 6,7 пайызға тең болды, ал бұл 2001-2002 жылдары  тек 1,1 пайызды құраған. Сонымен қатар  2004 жылы 2002 жылмен салыстырғанда ет өндірісінің көлемі 9,6 пайызға, сүт өндірісі 10,9 пайызға өсті. Қазіргі кезде өндірістің барлық салаларында нарықтық құрылымдарды дамыту қажеттілігі туып отыр. Осыған байланысты маңыздылығы мен ерекшелігі зор болып табылатын ет өндірудегі ет өнімдері нарығын дамыту қажет. Қоғамды ет және ет өнімдері нарығымен қамтамасыз ету әрқашан өзекті мәселе болып қала береді. Мал шаруашылығы жүйесінің жекелеген элементтерінің маңызы әртүрлі  табиғи –экономикалық аймақтар үшін және жан-жануардың түр-түрі үшін бірдей емес.Азықты пайдалану әдістері және мал ұстау тәсілдері бойынша мынадай мал шаруашылығы  жүйелерін  бөліктейді:1.Жайылымдық-ұдайы  көшпелі, отарлық-жайылымдық, тұрақты-жайылымдық, екпе-жайылымдық жүйе;2.Қоршаулы-жайылымдық жүйе-малға көбінесе табиғи  азық беріледі, орташа өнімділік құрама жем-азыққа негізделеді, мол өнімділік негізінен егістік немесе жоғары  өнімді табиғи азықпен коректендіру арқылы болмақ.3.Қоршаулы бағу –малды жыл он екі ай қора-қоршауда ұстап күту, қоршаулы-лагерлік жүйе.Мал шаруашылығының жайылымдық жүйесі. Қазақстанның оңтүстік, орталық, батыс облыстарындағы аудандарда кең тараған. Оның сипаты сол, мал жыл он екі ай маусымдық жайылымдарда болады. Жайылымдағы мал өнімділігі шамалы, сондықтан мал басы тығыздығы мен алаң бірлігіне есептегенде алынатын өнім онша үлкен емес. Бұл жүйе бойынша көбінесе қылшық жүнді, қаракөл мен ет-сүт бағытындағы қой шаруашылығы табындағы жылқы шаруашылығы және түйе шаруашылығы дамытылады.
Бұл жүйенің бір түрі отарлық  жайылым болып табылады,  жайылымдар көктемгі-жазғы уақыттарында, олардың ең көп өнімділік көрсеткіш кезінде пайдаланылады, ал басқа уақытта жан-жануар азық қорымен, мал жаппай паналармен қамтамасыз етіледі, малшылар үшін қажетті тұрмыстық жағдайлар көздестіріледі.Екпе –жайылымдық жүйе табиғи немесе шөп және басқа дақылдар егу арқылы жақсартылған азық алқаптарында малды жыл он екі ай  жайылымда ұстауды ең жауапты кезеңдерде өндірістік үрдістерге (бағып-күтуге, азықтандыруға, өсіруге) адамның белсене араласуымен үйлестіріледі. Қыста мал шөппен, сүрлеммен, құнарлы азықпен  қосымша қоректендіріледі. Жас төлдер паналарда ұстанылады және т.б. Қосымша шығындар салыстырмалы түрде аз  жұмсалған жағдайда бұл шаралар мал өнімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.Қоршаулы –жайылымдық немесе жайылымдық –қоршаулы жүйе. Мал шаруашылығының  бұл жүйесі Қазақстанның солтүстік аудандарында таралған. Мал қысқы кезеңде –негізгі жұмыстар механикаландырылған, арнайы жабдықталған орындарда, ал жазғы уақытта –қажетті қосымша жемі бар жайылымдарда ұсталады .Бұл жүйе азық алаңының 100 гектарына есептегенде мал басының жоғарғы тығыздығымен, азықтандыру мен ұстау жағдайларының жақсартылуын  жылдам сезінетін, жоғары өнімді мал тұқымын пайдаланумен, азық алаңының  гектарынан алынатын мал шаруашылық өнімін өндірудің жоғары деңгейімен  және өнім жыл бойына біркелкі алынуымен сипатталады. Қоршаулы –жайылымдық жүйенің жоғары өнімді түрі мал шаруашылығында кеңінен  қолданылады.Қоршаулы жүйе. Бұл –мал шаруашылығының ең өнімді  жүйесі. Бұл жүйе кезінде азықтандыруды қатаң нормалау, жан-жануарды іргелі қысқы қоралар мен жазғы лагерлерде ұстау, ұрықтандыру мен төлдету мерзімдерін реттеу, жыл бойы жоғары  және біркелкі өнім алу жүргізіледі.Осы жүйе  бойынша жан-жануар жылдың көп мерзімінде қораларда болады, тек әлсіздену  мен ауруға ұшырауды болдырмау үшін сыртқа серуенге шығарылады, жылдың он екі айында қоршауда ұстау кезінде қоршаулы-лагерлік деп аталатын жүйе қолданылады, яғни жан-жануар екпе жайылымдары  маңында құрылған лагерлерде жаздай ұсталады. Мал шаруашылығы жүйесінің негізін ұдайы табын толықтыру, яғни табыннан шығып қалу үшін малдарды сол тектес, бірақ көбірек өнімді, өзге мал басы мен жүйелі түрде ауыстырып отыру керек. Ұдайы толықтыру қарапайым болады, мұнда мал басының саны және жасы пен жыныстық топтарының ара-қатынасы өзгермейді, ұдайы өндіріс кеңейтілген түрде болады, мұндай кезде мал саны көбейеді. Ұдайы табын толықтырудың екі түрі де мал мен құстың тұқымдық және өнім бергіш қасиеттерін бір ұрпақтан екінші ұрпаққа жеткізіп, арттыра түсуі кездестіріледі, мұның өзі өнімді молайту мен арзандатуға және оның сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Кәсіпорында ұдайы толықтыру қарапайым және кеңейтілген түрде ұйымдастырудың қайсысы жөн екендігі сатылатын өнім көлемі мен шаруашылықтың ішкі қажеттіліктеріне қарай белгіленеді.Ұдайы табын толықтырудың сипаты мен қарқыны биологиялық және ұйымдастыру-экономикалық факторларға байланысты болады. Биологиялық факторларға:малдың өсімталдығы, жыныстық және шаруашылық кемел жасы, буаздық ұзақтығы, төлдеу маусымдылығы жатады. Ұйымдастыру-экономикалық факторлар: аналық мал басын шаруашылықта пайдалану ұзақтығын, бір жылға төл санын, ұрықтандыру мен төлдеудің күнтізбелік мерзімдерін, іске жарайтын төлдің жасын қамтиды. Мәселен, сиырларды толық бағалы азықтандыру мен жақсы ұстауды ұйымдастыру, бұзаулағаннан кейін оңтайлы мерзімде қолдан ұрықтандыру, жұқпалы аурулардың алдын- алу қысырлықты және бұзаулау аралығындағы кезеңді (13-14 айдан 11-12 айға дейін) қысқартады демек, сиырларды шаруашылыққа пайдалану кезеңдерінде бұзаулардың тууы мен сүт саууды ұлғайтады. Жеделте өсіру кезінде екі жарым жылдың орнына бір жарым жылға өгізшелердің тірідей салмағы 400 килограммға жетеді, ал 1 кг салмақ өсіміне жұмсалған азық шырындары 10-12 кг азық бірлігінен 7,5-8 бірлікке дейін қысқарады. Нәтижесінде ұдайы табын толықтыру қарқыны артады және ұқсас, теңдес азықпен өндіру 1,5 есе көбейеді.
Мал басын көбейту алынатын төл санына, істен шығару мен табын жөндеу мөлшеріне тәуелді. Малдың өнімді түрде пайдалану мерзімі біткеннен кейін оларды оңалту мен бордақылауға, етке сату мен сойысқа жіберу істен шығару деп аталады. Табын жөндеу табындағы малдың табиғи келуін қайтадан толтыру мен кеңейтілген ұдайы толықтыру шараларының жүйесі. Табын жөндеуге тұқым-тегінің өнімді қасиеттері және сыртқы мүсіні бойынша ең жақсы төл таңдап алынады да, олар оңтайлы мерзімде негізгі табынға қосылады.     Ұдайы табын толықтыруға жарамсыз төл табыны жөндеуден тыс саналып бордақылаудан соң сойысқа жіберіледі. Табын құрылымы, табын айналымы. Кез-келген шаруашылық табынында малдардың әртүрлі жастағы және жыныстық топтары болады. Мысалы, ірі қара мал табынында — бұқалар, сиырлар, бойдақ сиырлар, тайыншалар, торпақтар және тағы басқа, шошқа өсіру  шаруашылығында — еркек шошқалар, негізгі мегежіндер, бір жылғы шошқалар, екі айға дейінгі торайлар мен 2 айдан 4 айға дейінгі торайлар, бордақы шошқалар болады.Табындағы малдың жас және жыныстық топтары және ара-қатынасы жалпы мал басына қатысты  түрінде есептелген мөлшері-табын құрылымы деп аталады. Ол кеңейтілген ұдайы толықтыру міндеттеріне сай болуға, яғни табын жөндеуге лайық төлді неғұрлым көбірек алу мен өсіруге және сапалы өнім өндіруді ұлғайтуға жағдай жасауға тиіс.Табын құрылымы саланың бағытына тәуелді. Табын құрылымына ықпал ететін факторларға: іске жарамды, жөндеуден тыс төл басын; шаруашылықтың жоспары бойынша табынның жылдық өсімінің белгіленген пайызын; жан-жануардың өндірістік жарамдылығының мерзімі мен соған байланысты оларды істен шығару пайызын; төлдеу жилігін; төлдің алынуын; төлдеу мерзімдерін жыл бойына бөлуді; алғашқы шағылыстыру сәтіндегі жан-жануарлар жасын жатқызуға болады. Мал шаруашылығында табынның анық нақты және ұйымдастыру құрылымын ажыратады. Табынның анық нақты құрылымы деп малдың жас және жыныстық топтарының нақтылы күнтізбелік мерзімге қалыптасқан қатынасын айтады.Табынның ұйымдастыру құрылымыболашағы мол оңтайлы құрылым. Бұл құрылымды құрастыру кезінде мал шаруашылығының бағыты, малдың тұқым-тегінің тез жетілуі, өнімділігі, жан-жануардың жарамдылық мерзімі, ұдайы толықтыру жоспары, азықтандыру тұрпаты және тағы сондайлар ескеріледі.Табынның ұйымдастыру құрылымы:-әрбір мал басына шаққанда жыл сайын барынша мол өнім алынуы;-мал шаруашылығы өнімін керекті күнтізбелік мерзімде алу жөніндегі бизнес-жоспарды шаруашылықтың жүйелі түрде орындалуын;-мал басын ұдайы кеңейтілген түрде толықтыруды қамтамасыз етуге тиіс.Дұрыс жинақталған табындағы нақты құрылым ұйымдастыру құрылымына дәл келеді. Саланың әртүрлі өндірістік бағыттарына және басқа жағдайларға сәйкес табын құрылымының бірнеше ұтымды тұрпаттары белгілі.Әрбір  түрлі мал табыныңда үнемі өзгерістер болады: мал төлдейді, асыл тұқымды мал және кәдімгі мал сатып алынады, малды етке сату жүргізіледі, жетілген төл үлкен мал топтарына  қосылады. Малдың әртүрлі жастағы және жыныстық топтарындағы мал басының жыл бойына немесе басқа бір уақыт мөлшеріндегі (жарты жылдық, тоқсан, ай сайынғы) қозғалысы табын айналымы деп аталады. Табын айналымын құрастыру кезінде мал мен құсты мынандай топтарға бөледі:-мал шаруашылығында-бұқалар, сиырлар, бойдақ сиырлар, екі жылдан асқан тайыншалар, бір жылдан асқан тайыншалар, торпақтар, өгізшелер және әр жастағы мал, бордақыдағы ересек мал, өгіздер;-шошқа өсіру шаруашылығында-тұқымдық еркек шошқалар, негізгі мегежіндер, тексерістегі ұрғашы шошқалар, 2 айға дейінгі торайлар, жас шошқалар, бордақтағы шоқалар-қой шаруашылығында-қошқарлар, ересек сектер мен еркек тоқтылар, саулықтар, ұрғашы тоқтылар, бір жасқа дейінгі тоқтылар мен сектер, биылғы жылғы қозылар, бордақтағы ересек қойлар;-құс шаруашылығында: тауықтар, оның ішінде-жұмыртқалайтын тауықтар, тәулікті балапан, 60 тәулікке дейінгі балапан, 61 тәуліктен 150 тәулікке дейінгі тауықтар, етті және етті жұмыртқа бағытында сондай-ақ 151 тәуліктен 180 тәулікке дейінгі тауықтар; үйректер бойынша-ересек үйректер, тәулікті балапан, 60 тәулікке дейінгі балапан, 61 тәуліктен 180 тәулікке дейінгі үйректер.Табын айналымын құрастыру алдында осы топтар бойынша мал мен құстың бар болуын; жан-жануардың күн сайын айналымнан шығуының мөлшері мен рет-тәртібін; малдың шағылысуы мен төлдеуінің мерзімдерін және төл алуын, өткізуге, тұқым алуға және тағы басқаларға арналған жекелеген мал топтарының шаруашылықта болуының ұзақтығын; ұдайы табын толықтыру үшін әртүрлі топтардағы төл санын және осы төлді негізгі табынға қосу мерзімін анықтайдыТабын айналымын құрастыру үшін мал төлі жөніндегі есептеулерді күні бұрын жүргізу қажет. Бұл — алынуға тиісті аналық мал санын анықтау және бұған дейінгі кезеңде малдың шағылысуы туралы деректер негізінде болашақ төлдерді айларға бөліп есептеу болмақ.Табын айналымын есептеу әртүрлі шаруашылық кезеңдерге қарай күнтізбелік жыл, тоқсан немесе ай, қоршаулы немесе жайылымдық маусым бойынша жасалады.  Жылдық айналымды бөлу жиілігі мал шаруашылығы саласына тәуелді. Ірі қара мал бойынша жасына қарай болатын негізгі өзгерістерді аңғару үшін тоқсандық табын айналымдары да жеткілікті.Шошқа өсіру шаруашылығында, әдеттегіше, айлық табын айналымдары жасалады, мұның өзі аналықтан айырғанға дейінгі торайлар мен жөндеу немесе бордақылау топтарына көшірілген, 2-4 айдан асқан жас шошқаларды есепке алуға мүмкіндік береді.Табын айналымдары шаруашылық бойынша малдың барлық түрлерінен алынатын ет өнімін анықтайды. Сүт сиырлардың орташа жылдық мал басын жобалық өнімділікке көбейту арқылы алынады.  Жүн өнімі орташа 1 қойдан қырқылған жүнді жыл басындағы қойлардың мал басына көбейту арқылы айқындалады.  Бал мен балауыз өнімі жоба бойынша ара ұяларының санын бір ара ұясынан бал мен балауызға көбейту жолымен анықталады.Мал шаруашылығының жалпы өнімін өндіру көлемі тауарлы өнім жоспарының орындалуын және шаруашылықтың ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге тиіс.Мал шаруашылығынан алынған өнім мөлшері бұл талаптарға қаншалықты сай екенін тексеріп білу үшін өнім балансы жасалады, соның барысында тауарлы өнім айқындалады.Мал шаруашылығы өнімінің бір бөлігі өндірістік мұқтаждарға бөлінеді. Бұл — азықтандыру үлгісінде көрсетілген нормалар бойынша жас төлді ішкізетін сүт, мәселен, бір торғайға 0,2 ц сүт жұмсалуы керек.Тауарлы өнім мал шаруашылығының жалпы өнім мен шаруашылық ішінде пайдаланылатын өнім арасындағы айырмашылық ретінде айқындалады. Тауар өнім ең алдымен бизнес-жоспардың  орындалуын, тұтынушыларға әр түрлі арналар бойынша өнім өткізілуін қамтамасыз етуге тиіс.

Әдебиеттер: (6,12,14).

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *