Көліктік түйінін жүйелері
Дәріс жоспары:
1. КТ жүйелерінің негізгі ұғымдары мен анықтамалары
2. КТ ішкі жүйелері
3. КТ элементтері
Көліктік түйіндер келесі ерекшеліктерімен сипатталады: халық шаруашылығына жүктерді жеткізудегі және жолаушыларды тасымалдаудағы талаптарды қамтамасыз ететін барлық түрдегі көліктердің бір мақсатта қызмет етуі; қызметтердің және болып жатқан үрдістердің күрделілігі (әртүрлі көліктердің өзара әрекеттесу үрдістері, жүктерді сұрыптау, тиеу-түсіру, жолаушыларға қызмет көрсету және т.б.); қызметтері жалпы мақсатқа бағынышты ішкі жүйелерге бөлу мүмкіндіктері; түйіннің жекелеме ішкі жүйелері және қызмет ету сапасының критерилері байланыстарының иерархиялық құрылымы; өзара байланысты және өзара әрекеттесетін ішкі жүйелер мен элементтердің үлкен саны (мысалы, өзара байланыс: көлік түйіні — қоршаған орта; ішкі жүйелер деңгейіндегі өзара әрекеттер: теміржол көлігі – автомобиль, теміржол көлігі – көлге арналған көлік, өзенге арналған көлік — көлге арналған көлік; элементтер деңгейіндегі өзара әрекеттесу: магистральдар арасында, станция парктері және басқа элементтермен); техникалық құрылғыларды интенсивті қолдануды, тасымалды аз шығынмен қамтамасыз ететін басқару жүйесінің бар болуымен; жүйелер ретінде көліктік түйіннің үлкен өлшемімен. Көліктік түйін жүйе ретінде – екі немесе бірнеше магистралды көлік түрлерінің тоғысуы орындарында көліктік үрдістердің және тәсілдердің қалыптасып дамуы үшін олардың жиынтығы. Осыдан, көліктік түйін ұғымы тасымал үрдісін (жолаушыларды және жүктерді тасымалдау), техникалық құрылғылар (станциялар, порттар, магистральдар, складтар т.б.) бақылау және басқару тәсілдерін қамтиды.
Көліктік түйін жүйесі — бірқатар элементтердің жиынтығын көрсететін және бүкіл түйін қызметінің біртұтас мақсатына бағынудан ерекшеленетін жүйенің бөлігі (мысалы, ішкі жүйесі).
Көліктік түйін элементі – ары қарай бөлшектенуге жатпайтын объект (мысалы, сұрыптау станциясының паркі).
1 сурет. Көліктік түйінді басқарудың сызбасы.
Көліктік түйін 5 енулер және 7 шығулармен сипатталады. Олар поездар, автомобильдер, жүктер және жолаушылар ағыны болып табылады. Көліктік түйін қиыншылықтарда да қызмет етеді 6 (техникалық құрылғылардың істен шығуы және т.б.), компенсациялар үшін басқарушы әрекеттер қолданылады 4, олар әлдеқайда жоғары деңгейдегі жүйелерден келетін 1 ақпараттар негізінде өңделеді, және кері байланыс каналы бойынша 8 алынатын, түйін ақпаратынан өңделеді. Сонымен қатар басқа жүйелермен ақпарат алмасу жүреді. Кері байланыс каналдары бойынша әртүрлі көлік түрлерінің өзара әрекеттесуі шарттары өзгерген жағдайда (3) түйінді үрдістерді басқару іске асады.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. КТ ішкі жүйесі деген не?
2. КТ элементі деген не?
3. Кері байланыс каналы деген не?
Ұсынылатын әдебиеттер
1. Правдин Н.В., Негрей В.Я. и др. Взаимодействие различных видов транспорта. Минск. «Высшая школа», 1983г
2. Пиньковецкий С.У., Шишков В.И., Взаимодействие автомобильного транспорта с другими видами транспорта