Көліктік түйіннің ішкі жүйелерінің иерархиялық құрылымы

Көліктік түйіннің ішкі жүйелерінің иерархиялық құрылымы

Дәріс жоспары:
1. Көліктік үрдістің технологиялық тізбегі
2. Иерархияның төменгі баспалдағы
3. Жолаушылар ішкі жүйесінің төменгі деңгейі

Қазіргі заманғы көліктік түйіннің жұмыс режимдерін оқып – біле келе, оның өзара байланысқан ішкі жүйелерінің бағыныштылықтарын орнатуға болады. (2-сурет).
Типтік технологиялық бөлімдерден тұратын, көліктік үрдістің технологиялық тізбегінің анықталған бірлігі түйінді ішкі жүйелерге бөлуде негіз болып қызмет ете алады.
Иерархияның төменгі деңгейін белгілі бір техникалық жабдықталған типтік үрдістер мен басқарудың жергілікті жүйелері құрайды. Жергілікті ағындарды қызмет ету бойынша ішкі жүйенің төменгі деңгейі келесі түрде көрінуі мүмкін: қалыптастыру станциясы – жүк станциясы – жүретін жол – кәсіпорынның түсіру орны; қалыптастыру станциясы – вагоннан түсіру орны – конвейер – бункерлік сиымдылық — кәсіпорынның түсіру орны (3-сурет.) Жергілікті ағындар келген қызмет ету ішкі жүйесінің технологиялық тізбектерінің варианттары 4- суретте көрсетілген. Алыстан келетін жолаушылар ағынына қызмет ететін жолаушылар ішкі жүйесінің төменгі деңгейі: жолаушылар станциясы – вокзалдағы алаң – қалалық жолаушылар көлігі. Қалған барлық төменгі деңгейдегі ішкі жүйелер және жолаушылар ағынына қызмет ету бойынша қалған категориялар көліктік түйінде осыған ұқсас қалыптасады.



2-сурет. Көліктік түйіннің негізгі ішкі жүйелерінің иерархиялық құрылымы:
Гр—жүк; Тр—транзитке қызмет көрсету бойынша; П—жолаушылар; М—жергілікті ағындарға қызмет көрсету бойынша; ДМ—алыс және жергілікті жолаушылар ағынына қызмет көрсету бойынша ішкі жүйе; Пр— сол сияқты, қала сыртындағы; Трс — аралас көлік ішкі жүйесі (бірнеше түрдегі көліктердің қатысуымен): Tpбn— қайта өңдеусіз көлік; Трсп — сол сияқты, қайта өңдеумен; ТР—бір түрлі көлік шеңберінде транзитті жолаушыларға қызмет көрсету бойынша; ПР, О—Келу және жөнелту ішкі жүйелері.

3-сурет. Келген жергілікті ағындарға қызмет көрсету бойынша өзара байланыстың құрылымдық сызбасы.
ПП—қабылдау паркі; ПС—сұрыптау паркі; ПО—жөнелту паркі; ГС—жүк станциясы; n/п – жүретін жол; ФВ – темір жол көлігінен түсіретін орын; ФВП— кәсіпорынның түсіру орны; ГД—жүк ауласы; ОБ—багажды жөнелту.

4-сурет. Келген жергілікті ағындарға қызмет көрсету бойынша өзара байланыстың құрылымдық сызбасы.
РСС—ауданнық сұрыптау станциясы; РП—аудандық парк; РБ—бөліп тұрушы база.
Ранглік корреляцияның статистикалық әдістері көмегімен ТМД-ң экономикалық аудандары бойынша халық саны және көліктік түйіндер арасында жоғары дәрежедегі корреляциялық тәуелділікті айқындалды. Спирмэн корреляциясы коэффициенті келесі формуламен есептеледі:
(1)
Мұнда, п —объектілер саны (экономикалық аудандардың); d — қарастырылатын рангтар айырмасы
Экономикалық аудандағы халықтың жалпы санының үлесі мен оның көліктік түйіндері үлестерінің арасындағы көптеген рангтық сәйкессіздігі (айырма) Балтика жағалауындағы (d=—10) және Орта азиялық (d=+10) аудандарда байқалады. Сондықтан да, егер осы аудандарды қарастырмаса, халықтың жалпы санының үлесі мен оның көліктік түйіндері үлестерінің арасындағы рангтық корреляция коэффициенті әлдеқайда жоғары болып табылады: p1=0,84.
Көліктік түйіндерді орналастыру мен халықты орналастыру арасындағы рангтық корреляцияның жоғары коэффициенті олардың өзара байланысын көрсетеді, ол халық пен көліктік түйіндердің тең шамада орналасуын әлдеқайда жоғары шамада басқарады. Қазіргі уақытта түйіндерді орналастыр мен экономикалық аудандар ауқымы арасында рангтық корреляция байқалмайды (р2 = 0,09), бұл 100 мың. км2 территорияда түйіндер санының ауытқуын (0,4—27,4) дәлелдейді.
Көліктік түйіндерді екі топқа бөлуге болады: 1) шектеулі капиталда және шектеулі құрылыс бағдарламаларында халық шаруашылығы талабын қанағаттандыруға мүмкіндігі бар, қалыптасқан түйіндер; 2) қалыптасу кезеңінде болатын, түйіндер.
Бірінші топтағы түйіндердің дамуы қаланың көлемді және көлемді емес территориялық дамуымен іске асуы мүмкін.
Қаланың көлемді емес территорияда дамуындағы көліктік түйіннің жаңартылуы (реконструкция) іргелі құрылыстың болуымен күрделенеді, себебі тарихи қалыптасқан түйіннің жоспарлау сызбасын бекітеді. Мұндай жағдайда пайда болған «каркасты» максималы түрде қолдану қажет.
Қала территориясының көлемің үлкен болған жағдайда көліктік түйінді жаңарту әлдеқайда күрделі болып табылады. Қайтадан өңделіп жатқан аудандарда көлік құралдарын орналастыру брондалған территория жүйесін құруға әкеліп соғады.
Қаланың көліктік түйіндер бар бөліктерінде түйіндердің негізгі элементтерінің пропорциясының дұрыс болуын қадағалау қажет.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар
1. Иерархияның төменгі баспалдағы қалай қалыптасады?
2. Жолаушылар ішкі жүйесінің төменгі деңгейі қалай қалыптасады?
3. КТ қалай орналасады?

Ұсынылатын әдебиеттер
1. Правдин Н.В., Негрей В.Я. и др. Взаимодействие различных видов транспорта. Минск. «Высшая школа», 1983г
2. Пиньковецкий С.У., Шишков В.И., Взаимодействие автомобильного транспорта с другими видами транспорта

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *