Жалпы ішкі өнім және өзара байланысқан көрсеткіштер жүйесі

Жалпы ішкі өнім және өзара байланысқан
көрсеткіштер жүйесі

Ұлттық өндіріс көлемін өлшеу үшін жалпы ішкі өнім көрсеткіші қолданылады. Ол барлық жылдық өнім құнының сомасын құрайды, сондай — ақ Қазақстандағы шет ел және өзінің өндіріс факторларын қолдану арқылы құралады. Оны жалпы ұлттық өнімнен (ЖҰӨ) ажырата білген жөн. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) жалпы ішкі өнімнен (ЖІӨ) осы елдегі қолданылған ресурстар табысы сомасының шет елдегіден (пайыз, дивиденд, жалақы және т.б.) артық болады.
ЖІӨ=ЖҰӨ- сыртқы экономика операция бойынша сальдо.
ЖІӨ өзіне тікелей сол елде өндірген өнім мен қызмет көрсетуді және бұл елдегі өндіріс факторын қолданғанда ғана енгізеді. Егер жапондықтарға жататын өндіріс факторын АҚШ-та қолданса, онда олардың құны ЖІӨ — ге енгізілмейді.
Бұл жағдай мұндай кезде де ескеріледі: американдық өндіріс факторы басқа елде қолданылса, олардың құны да ЖІӨ- ге енбейді (енгізілмейді). Елдегі барлық фирмалардың қосарланған құн сомасы ЖІӨ-ді құрайды. Жалпы ішкі өнім мемлекеттің барлық аумағында өндірілетін болғандықтан, сондай — ақ ол өзіне тұтыну мен инвестицияны енгізеді.
Қазақстан Республикасында ЖІӨ-нің ағымдағы бағасы 1995 жылы 992,5 млрд. теңге мөлшерінде бағаланды немесе бір тұрғынға 60,2 мың теңгеден тиді. Өзінің экономикасының ауқымы бойынша Қазақстанның ЖІӨ 1990-шы жылы 53-ші орынды алды және ол Греция, Норвегия, Венгрия, Сирия, Марокконың ЖІӨ-мен пара- пар келді. ЖІӨ-ді өндіруде Қазақстан жан басына шаққанда 1990-шы жылы Польша, Аргентина, Колумбия, Тайланд деңгейінде болды, ал АҚШ деңгейімен салыстырғанда -18,7%, бұрынғы Одақпен салыстырғанда-69,3% деңгейіді құрады.

 

9.1 кесте
Жалпы ішкі өнімнің ресурстары және қолданылуы (цифрлар шартты түрде)


Қолданылуы
Ресурстары


Кәсіпорын
Үй шаруашылығы
Басқа агенттер
Барлығы
Кәсіпорын

Үй шаруашылығы
Басқа агенттер
Барлығы

 

Басқа агенттер
Барлығы
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ)
Тұтыну
Жалпы қорлану
Сыртқы сауда
— — — —
— 450 50 500
100 50 50 200
— — 100 100
500 100 — 600
— — — —
— — — —
— — 200 200

Тауар мен қызмет көрсету операциялары

100 500 200 800

500 100 200 800


Ұлттық есеп — шот жүргізу жүйесінің келесі ең маңызды көрсеткіші жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) болып табылады. Ол экономикадағы бір жылғы тауар мен қызмет көрсетудің түпкі өндіріс көлемінің жиынтық нарықтық құнынан тұрады. ЖҰӨ-ге тек қана сондай өнім енеді, кейде өндіріс процесін мәңгі тастап кетіп, жеке және қоғамдық тұтынысқа түседі (енеді) немесе өндіріс саласына инвестициялық тауарлар (машина, ірі жабдықтар және т.б.) ретінде қайтады.
Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) есеп-шотын есептеудің мақсаты мынада:
а) қоғам экономикасының жай-күйін бақылау;
ә) экономикалық циклдың ағымдық фазасын анықтау;
б) мемлекеттік саясатты қалыптастыру. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) БҰҰ-ның методологиясы бойынша статистикалық органдар есептейді және халықаралық салыстырулар үшін қолданылады. ЖҰӨ өзіне мыналарды: негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлардың(с1) амортизациясын (тозуын), материалдық өндіріс саласының таза өнімін (v+m)және сыртқы экономикалық қызмет бойынша табысты (m)- енгізеді:
ЖҰӨ= c1+ (v+ m)+ m
ЖҰӨ- нің көмегімен еліміздің экономикалық даму деңгейі мен пропорциясын шет елдермен тікелей салыстыруға мүмкіндік туды. ТМД елдері мен Қазақстанда ЖҰӨ-ні экономикалық есептеу тәжірибесі 1988-ші жылы енгізбейді., сөйтіп ол қосымша жинақталған көрсеткіштерге (жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және т.б.) қосылды.
Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) жиынтық қоғамдық өнімнен (ЖҚӨ) айырмашылығы сол, ол еңбек заты мен жартылай фабрикаттар құнының қайталанған есеп-шотын ендірмейді. Қайталанған есеп-шоттың енбеуін қосарланған құн көрсеткіші қамтамасыз етеді. Ол дегеніміз кәсіпорынның жалпы табысы және оның шикізат пен материалға кеткен шығындары арасындағы айырмасын көрсетеді.

9.3 кесте

Өндіріс процесінің бес сатылық жағдайындағы қосарланған құнның және сырт киімді өткізуді есептеудің мысалы (долл)
Экономикалық
процестің сатысы
Ара уақыттық баға
немесе түпкі өнім бағасы
Қосарланған құн

 

Есептеу
сомасы

Сомасы
1.Қой шаруашылығы
фермасы
Ара уақыттық өнім-60
60-0
60

60
2.Жүнді алғашқы
өңдеу фабрикасы
Ара уақыттық өнім-100
100-60
40

40
3.Тігін фабрикасы
Ара уақыттық өнім-125
125-100
25

25
4.Сырт киімнің
көтерме саудасы
Ара уақыттық өнім-175
175-125
50

50
5.Сырт киімнің бөлшек саудасы
Түпкі өнім — 250
250-175
75

75

Жалпы құн
(сатылған сомасы)-710
Барлығы -250


Кестеден байқағандай, барлық ара уақыттық өнім мен түпкі өнім құны 710долл. құраса, қайталанған есеп-шот-460долл., ал қосарланған құн-250 долл.
Халықаралық статистикада ЖҰӨ — ді өлшеудің негізінен екі тәсілі қолданылады:
1. Шығын немесе өндіріс бойынша;
2. Табыс немесе түсім бойынша.
Екі тәсілден бірдей болып бағаланады. Есеп — шоттың дәлдігіне қарай соңғысын ерекшелеуге болады.
ЖҰӨ шығындар бойынша осы жылғы тауар мен қызмет көрсетуді сатып алу шығындары көлемі ретінде анықтайды.
ЖҰӨ шығындар бойынша мынаған тең:
GNP= C+ I+ Y+ X

Мұндағы: GNP- жалпы ұлттық табыс,
С- тұтыну шығындары,
G- тауар мен қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу,
I- жалпы инвестициялар,
X- тауар мен қызмет көрсетуді таза экспорттау.
ЖҰӨ табыстар бойынша осы жылғы өндірілген тауардың ақшалай табысы және қызмет көрсетуді ұсыну ретінде анықталады.
ЖҰӨ табыстар бойынша мынаған тең:

Y= W+ R + i+ P

Мұндағы Y- жалпы ұлттық өнім,
W-жалдамалы жұмысшының жалақасы,
P –фирма мен корпорацияның пайдасы,
R-ренталық төлемдер,
i-қарыз капиталына пайыз (%)
ЖҰӨ- ді номиналды және нақты деп айырады. Номиналды ЖҰӨ фактілік немесе ағымдағы бағамен өлшенеді, ал нақты ЖҰӨ көрсеткіші инфляция немесе дефляцияны (номиналды ЖҰӨ инфляция әсерінен тазарады,яғни баға индексін қолдану қажет) есептеумен анықталады.
Номиналды ЖҰӨ
Нақты ЖҰӨ = Баға индексі

Номиналды ЖҰӨ = нақты ЖҰӨ х ЖҰӨ дефляторы.
ЖҰӨ 90-шы жылдардың басында АҚШ-та ағымдағы бағада 5570 млрд. долл.құрады, ал тұрақты бағада (1982ж.) – 4154 млрд.долл. болды Баршаға белгілі жай, егер ЖҰӨ-нің жыл сайынғы нақты өсімі 4%-дан аса, онда экономиканың жағдайын дұрыс деп санауға болады, ал ЖҰӨ- нің нақты өсімі4%-дан аз болса, онда дабыл қағуға болады: бұл кезде өндіріс құлдырап, жұмыссыздық өсіп, экономика тұрақсыздыққа ұшырайды.

ЖҰӨ дефляторы = номиналды ЖҰӨ
нақты ЖҰӨ

ЖҰӨ дефляторының көмегімен өндірістің нақты көлемі баға динамикасында инфляциялық немесе дефляторлық іс-әрекет үрдісі элиминацияланады.
Тауар мен қызмет көрсету орташа баға пайызының өзгеруін — баға индексі дейміз. Индексті белгілеуді бастаған жылды базистік жыл дейміз. Базистік жылда әрбір баға индекс белгіленеді. Әр түрлі тауардың баға индекстері жинақталып тауар санына бөлінеді. Базистік жылдың баға индексі ылғи да 100-ге тең болады.
9.1 сурет

ЖҰӨ негізгі мароэкономикалық көрсеткіштерінің бір- бірімен өзара байланысы
ЖҰӨ

— —
Амортизациялық
шегеру
Сыртқы экономикалық
операциялар сальдосы

= =

Таза табыс
ЖІӨ


Жанама салықтар
=
Ұлттық табыс
Ағымдағы жылғы = ағымдағы жылғы рынок корзинасының бағасы
баға индексі базистік жылғы рынок корзинасының баға х100

ЖҰӨ дефляторының есеп — шотын есептеуде нарық қоржыны тек тұтыну тауарларын ғана емес, сондай — ақ мемлекет сатып алатын инвестициялық тауарлар да қосылады.
Толық жұмыстылық кезіндегі өндірілген ЖҰӨ, яғни фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық жағдайындағы ЖҰӨ- ді әлеуетті деп айтамыз.
Өндіріс көлемін өлшеу үшін таза ұлттық өнім (ТҰӨ) көрсеткіші қолданылады. Әдетте ол жойылып кеткен ірі жабдықтарды ауыстырудан тұтынуға қалған түпкі өнім мен қызмет көрсетудің сомасын көрсетеді.

ТҰӨ = ЖҰӨ — амортизация

Келесі ең манызды көрсеткіштердің бірі — өзіндік табыс. Ол салықты төлегеннен кейінгі өзіндік шығындарға жұмсалатын жалпы табысты көрсетеді. Өзіндік табысты анықтау үшін біз ұлттық табыстан корпорация пайдасы салығын, бөлінбеген пайданы және әлеуметтік сақтандыру жарнасын шегереміз, сосын таза трансферттік төлемдерді қосамыз.
Орныққан табыс деп тұрғындардың билігінде болатын табысты айтамыз.
Оның мөлшері жеке табыстан дара дербес салықты шегеру арқылы анықталады.
ЖҰӨ көрсеткішінде ресми емес және нарықтық емес қызмет түрлері ескерілмейді. Бұған — есірткі, тұрмыстағы шарап жасау, жеке сабақ беру, науқас адамдарға қарау, отбасында бала тәрбиелеу, өз үйінде ас дайындау, гараж бен саяжайды салу және т.б. жатқызамыз.
ЖҰӨ тұрғындардың әл — ауқатының өсуін сипаттайтын дәл макроэкономикалық көрсеткіш болып табылмайды. Тұрғындардың әл — ауқаттылық ұғымына қоршаған ортаның жай — күйі,қылмыстың ауқымы, еркін уақыттың көлемі мен сапасы енгізіледі. ЖҰӨ есеп — шотын есептеуде бұл параметрлер ескерілмейді. Жоғарыдағы аталған факторларды ескеру үшін «таза экономикалық әл — ауқаттылық» (ТЭА) көрсеткіші қолданылады.

 

 


ЖҰӨ

ЖҰӨ-нің
құры-лым-дық
шығындары
NX
шетелден
түскен
таза
түсімдер
Аморти
зация
Жанама
салықтар
Пайыздық және
ренталық табыс

 

G

 

 

 

ЖІӨ
жалпы
ішкі өнімді
анықтау
ТҰО
таза ұлттық
табысты
анықтау
Ұлттық
табысты
анықтау

Пайда

 

I

 

 

 

 


C

 

 

 

 


Өз бетінше
Айналысатын-дардың
табысы

 

 


Жалдамалы
жұмысшыларға
төлем
ҰТ-ға өндіріс
факторының үлесі


9-2 сурет. Ұлттық есеп — шот: қысқаша баяндау.

Бұл көрсеткішті ғылыми айналымға енгізген американ экономистері В. Нордхаус пен Дж. Тобин еді. Ол төмендегідей формуламен анықталады:

ТЭӘ=ЖҰӨ+КЭ+ӨКҚ+Д-Э

Мұндағы ТЭӘ- таза экономикалық әл — ауқаттылық,
ЖҰӨ- жалпы ұлттық өнім,
КЭ- көлеңкелі экономика,
ӨҚК- өз — өзіне қызмет көрсету,
Д- демалыс,
Э- экология.
Жоғарыда көрсетілген макроэкономикалық көрсеткіш-тер бір — бірімен өзара байланысты және қоғамдық өндірістің әртүрлі жақтарын сипаттайды. (сурет9-2 қараңыз).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *