Жалпы табыспен таза пайданы болжау. Дәріханалық мекемелерде табысты максимализациялау

«Жалпы табыспен таза пайданы болжау. Дәріханалық мекемелерде табысты максимализациялау»

Мақсаты: студенттерді жалпы табыспен таза пайданы болжау мен дәріханалық мекемелерде табысты максимилизациялау жолдарымен таныстыру.

Дәріс тезистері:
Жалпы табыс дегеніміз – ол сату бағасы мен көтерме сауда бағасының айырмашылығы. Шаруашылық есептегі дәріханалар қоймалардан, фирмалардан көтерме бағасымен сатып алады да бөлшек сауда бағасы бойынша сатады. Ал енді осы екеуінің айырмасы дәріхананың жалпы табысын құрады.
Мысалы: 1 кг новокоиннің бөлшек сауда бағасы 80 тенге болса, көтерме сауда бағасы 8 теңге 50 тиын. Ал осыдан 1 кг новокоиннан түскен жалпы табыс 71 тенге 50 тиын.
80-8,50=71 тенге 50 тиын немесе 8,94%. Жалпы табыстың бұданда басқа көздері бар. кейбір медициналық тауарларға (мед. құралдар, приборлар және жабдықтар, тіс дәрігерінің материалдары, лабораторияллық столдар, рентген пленкалары және т.б.) тек ғана көтерме сауда бағалары бекітілген. Осы тауарлар тұрғындарға, ел мекемелеріне және басқада мекемелерге көрсетілген белгілі үстеме бағамен сатылады. Бұл үстеме бағада жалпы табысқа жатады.
Мысалы: ауруларды күтуге қолданылатын шыныддан жасалынған тауарларға 30% үстеме бекітілген. Көзілдірік футлярының көтерме бағасы 3 тенге. Сондықтан оның сатылу бағасы 3 тенге 90 тиын.
Бұдан басқа тағы бір көзі ол кейбір заттарға (балық майы, киптегі мақта, медициналық термометр) тек ғана сатылу бағасы, яғни бөлшек сауда бағасы көрсетіледі. Осындай тауарлар дәріханаға түскенде сатылу бағасынан белгілі бір скидкамен түседі, ал сабылғанда сол сатылу бағасымен сатылады. Сондықтан осы скидка мөлшері жалпы табыстың үшінші көзі деп есептейміз.
Мысалы: киптік ватаның сатылу бағасына 11,5 % скидка жасап дәріхана қоймадан сабын алды, ал сатқанда сол сатылу бағасымен сатады.
Жалпы табыстың көлеміне әсер ететін фактордың бірі ол дәрілердің, медициналық заттардың көтерме және сату бағаларын өзгеруі. Экономикалық талдау кезінде сабылған заттардың жалпы табысын есептеумен бірге қалдық тауарларында жалпы табысын анықтау керек. Жалпы табыс-айналым шығындарын жауып дәріхананың таза пайдасын құрайды.
Таза пайда дегеніміз – ол жалпы табыс пен шығын айналымдарының айырмасы.
Таза пайда тауар айналым көрсеткіштерімен тығыз байланысты. Егерде тауар айналым сандық көрсеткіш болса, таза пайда сапалық көрсеткіш.
Таза пайда 2 түрге бөлінеді:
операциялық
баланстық
Операциялық пайда дегеніміз – кәдімгі таза пайда яғни жалпы табыс пен шығын айналымдарының айырмасы. Ал енді осы пайдаға жоспарланбаған кірісті қосып одан жоспардан тыс шығындарды алып табыстық баланстық пайданы аламыз.
Рентабельдік дегеніміз – ол таза пайда соммасының жалпы тауар айналым сату бағасындағы проценттік қатынасы.

EMBED

Р – рентабельдік, Т – тауар айналым.
Мысалы: Көтерме сауда бағасы бойынша тауар айналымы 80000. пайда 7200 тенге.

EMBED дәріхана рентабельдігін деңгейі.
Таза пайда экономикалық көрсеткіш ретінде кейбір факторлардың әсерінен өзгеруі мүмкін:
босатылған тауарлар көлемі;
үстеме бағынын деңгейі;
айналым шығын деңгейі;
жоспардан тыс кірістер мен шығындар.
Таза пайданы көрсететін факторлар:
еңбек өнімділігін көтеру;
тауар өнімділігін көтеру;
дәрілердің меншікті салмағын көбейту;
экономия режимі;
басқару тәсілдерін жетілдіру;
еңбек ақы жүйесін жақсарту;
және т.б.
Таза пайданы есептеуге мысал:
Жоспарлайтын жылға дәріханаға бөлшек сауда тауар айналым 80000 теңге жоспар болып бекітілген. Жалпы табыс 24000 теңге орташа деңгейі 30% айналым шығындары 16800 орташа деңгейі 2%.
П=7200 Р=9% (жоғарыға қараңыз).
(24000=16800) таза пайданың тауар айналымы % қатынасы.
Дәріххананың бөлшек сауда тауар айналымы 9000 теңге, ал көтерме сауда тауарп айналым 60000 теңге. Таза пайда 7000 теңге (30-23). Сонда рентабельділік деңгейі – 7,7%.

4. Иллюстрациялы материалдар: слайд түріндегі презентация

5. Әдебиет:

6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
Жалпы табыс дегеніміз не?
Жалпы табыс көлеміне әсер ететін факторлар?
Кіріс – дәріхананың сапалы көрсеткіші?
Кіріске әсер ететін факторлар?

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *