«Есепке алу-ақпараттық жүйе»
2. Мақсаты: Әртүрлі меншіктегі дәріханалардың тауар операцияларын есепке алу жұмыстарының негізгі принциптері жөнінде студенттердің жүйелі білімдерін қалыптастыру операцияларына қатысты құжаттарын дайындауда тәжірибелік дағдыларға үйрету.
3. Дәріс тезистері:
Шаруашылық есепке алу дегеніміз – ол шаруашылықтағы болып жатқан процесстредің (жағдайдың) сандық көрсеткіштері мен сапалық қасиеттерін дер кезінде есепке алып отыру.
Есепке алудың негізгі мақсаты мен маңызы ол алға қойған міндеттемелер мен жоспарлардың уақытылы және дұрыс орындалуын бақылау.
Шаруашылық есепке алу – дегеніміз ол шаруашылықтағы болып жатқан процесстердің уақытылы болуын және соны дұрыс басқару үшін сол процесстердің (жағдайдың) сандық көрсеткіштері мен сапалық қасиеттерін дер кезінде алып отыру.
Есепке алудың негізгі мақсаты – ол алға қойған міндеттемелер мен жоспарлардың уақытылы орындалуын бақылау.
Дәріханалық мекемелерде есепке алудың – негізгі міндеттері: 1) мемлекеттік бюджетпен есептеу, еңбек ақы фондысы, табыс және рентабельдік еңбек өнімділігі, тауар – айналым көлемдерінің және т.б. жоспарланған (міндетке алынған) тапсырмалардың орындалуын бақылау; 2) айналымдағы және негізгі фондтардың дұрыс қолдануын және өз меншігіндегі заттардың (дұрыс сақталуын) қолды болып кетпеуін бақылау; 3) соңғы экономикалық және т.б. жетістіктерді іс жүзіне енгізіліп ішкі резервтерді қолдану (моболизировать); 4) еңбекті қорғау ережелерін сақтауды бақылау; 5) жоғарғы мекемелерді толық және сапалы ақпараттармен оперативті түрде қамтамасыз етіп уақытылы есеп беріп отыру; 6) кейбір мед тауарлардың тұрғындарға керектілігін есепке алып отыру.
Есепке алуға қойылатын талаптар:
1. Жоспарланған және есепке алынған көрсеткіштредің туралылығы (сопостовимость);
2. Уақытылы есепке алынуы және дер кезінде есеп берілуі.
3. Толықтылығы, дәлелділігі және туралылығы.
4. Түсініктілігі және анықтылығы.
5. Экономдылығы және тезділігі.
Есепке алудың өлшемдері мен түрлері.
Әрбір объектілерді есепке алған кезде олардың сандық көрсеткіштерін көрсету үшін біз есепке алудың төмендегідей өлшемдерін қолданамыз. Олар – натуральды, ақшалай және еңбек өлшемдері.
Статистикалық, оперативтік және бухгалтерлік
Құжаттар, олардың классификациясы (оправдательный) ақиқаттайтын ақтайтын есепке алу құжаттары – ол кез-келген болған операцияны анықтайтын (подтверждение) құжаттар (тауарлардың түскен кезі, айлық берген уақыты, тозығы жеткен тауарларды есептен шығарған кездерде және т.б.) Бұл құжаттардың зор құқық мәні бар, сондақтан олар дұрыс жазылып біртектес формаларда толтырылуы керек.
Құжаттардың заңдылық күші болуы үшін олардың міндетті түрде төмендегі көрсетілген реквизиттер (белгілер) болу керек: 1) құжаттың аты (формасы), формалық коды; 2) жазған күннің датасы; 3) шаруашылық оперецияның мағынасы; 4) шарушылық операцияның өлшемдері (натур. Колич. Стоим. вир); 5) шаруашылық операцияны жасаған қызметкердің қолы.
Бұл құжаттарды карандашпен толтыруға болмайды бос жерлерін сызып қойған дұрыс. Дәріхана басшысының бұйрығымен құжаттарға қол қоятын қызметкерлер белгіленеді.
Тауарлы-материалды заттарды қабылдауды есепке алу
Дәріханаға тауарлар дәріханалық қоймадан базадан, және т.б. фирмалардан алынған. Дәрі-дәрмек алу үшін дәріханалар қойманың бөлімдеріне сұрау-талап қағаздарын бір айға немесе кварталға жазады.
Ал улы, наркотикалық дәрілерге және этил спиртіне бір мезгілдік сұрау-талап қағазы жазылады.
Қоймаға түскен сұрау-талап қағаздарын реттеп оларға 4-5 данадан счет-фактура жазылады.
4. Иллюстрациялы материалдар: слайд түріндегі презентация
5. Әдебиет:
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
1. Шаруашылық есепке алу дегеніміз не?
2. Дәріханалық мекемелерде есепке алудың негізгі міндеттері?
3. Есепке алуға қойылатын талаптар?