«Дәріханалық ұйымдардың бухгалтерлік есеп беруі»
2. Мақсаты: Студентерді дәріханалық ұйымдардың бухгалтерлік есеп беруімен таныстыру
3. Дәріс тезистері:
Шаруашылық есеп дегеніміз ол дәріхананың меншігіндегі барлық негізгі айналымдағы заттардың тиымды пайдалануын бақылап, шаруашылық процестердің сандық, сапалық көрсеткіштерін көрсете отырып басқару.
Шаруашылық есептің негізгі міндеттері:
жоспардың орындалуын бақылай отырып кездескен қателіктерді жою үшін және алдағы уақыттағы жоспарларда қателіктер жібермеу үшін;
өзінің меншігіндегі заттардың сақталуын және олардың дұрыс пайдалануын бақылау;
еңбектің еңбек ақылын дұрыс болуын және тәртіптіңжақсы болып еңбек өнімділігінің көтерілуін бақылау;
өзін-өзі қаражаттандыру өзін-өзі өтеу және шығындарды азайту арқасында мекеменің рентабелдігін көтеру.
Шаруашылық есептің үш түрі бар, олар: статистикалық, оперативтік және бухгалтерлік есептер.
Статистикалық есеп дегеніміз халық шаруашылығындағы әлеуметтік- экономикалық процестерді сапалық ерекшеліктерімен әртүрлі сандық өзгерістерін жалпы сан ретінде есепке алу.
Дәріханалық мекемелерде статистикалық есеп рецептураны есепке алу ол туралы беру кезінде, тауарларды топтары бойынша босату есебінің таблицасын толтырған кезде, штаттың құрамы мен саны жайындағы мәлімет берген кезде және айлық фондысы өзгерген уақыттарды қолданылады.
Статистиканың есеп жоспарға керекті мәліметтерді жинап оларды талдау жасауға өте қолайлы есеп.
Оперативтік есеп дегеніміз ол шаруашылық операциялардың тура болып жатқан (процесында) уақытында есепке алу. Ол оперативтік жоспар жасау кезінде тез арада керекті көрсеткіштерді алу үшін өте қажет. Мысалы: тіркелген рецептердің бір күндік немесе 10 күндіктегі саны.
Бухгалтериялық есеп дегеніміз ол қаражат шаруашылық операцияларының басталуынан бастап олардың тіркелуін және керекті құжаттарға толтырылуын қадағалап ақшалай түрде есептеп отыру.
Дәріханадағы бухгалтериялық есепке алынатындар: барлық шаруашылық заттар және осы шаруашылық заттарды формировать ететін шаруашылық процестер.
Егер өлшемдері шаруашылық есептің үш түріндеде қолданылады. Олар: натуралдық еңбек және ақшалай өлшемдер.
Натуралдық өлшем немесе сандық өлшем объектінің саны туралы сипаттама береді: салмағы, штук, көлемі жөнінде. Дәріханада натуралдық өлшем көп рецептердің улы және наркотикалық дәрілердің таралардың сандарын алғанда қолданады.
Еңбек өлшемі натуральдық өлшеммен бірге өнімділігін анықтау үшін айлықты есептеу үшін және норманы орындауды бақылау үшін керек.
Ақшалай өлшем универсальды әсіресе бухгалтериялық есепте басты өлшем.
Шаруашылық есептің негізі ол дұрыс үлгілі толтырылған құжаттар. Құжаттар бірнеше топтарға бөлінеді: по назначению, по объему, по способу использования, по месту составления и обрат.
Первичный құжаттар заңды болуы үшін міндетті түрде төмендегі реквизиттері болуы керек:
Құжаттың аты (формы), қою формы.
Толтырылған күні.
Шаруашылық операцияның мазмұны.
шаруашылық операцияның өлшемдері (натуральдық, сандық ақшалай).
Шаруашылық операцияны жасайтын қызметкерлердің аты жөні, қолдарының қонылуы және расшифровкасы.
Керекті кезде осыларға қосымша: құжаттың номері, мекеменің адресі және т.б. реквизиттер.
Шаруашылық дәріханаларда шаруашылық есептің үш түрі бар:
ортлық, децентрализациялық және аралас жергілікті мекемелерге орталық мекемелердің кейбір басқару міндеті тапсыру жүйесі.
Есеп беру дегеніміз — ол есепке алу көрсеткіштерін жинақтап қортындылап мекеменің белгілі уақыт аралығындағы жоспар орындауын, қаражат жағдайын және жалпы шаруашылықтың қалай болып жатқанын сипаттау.
4. Иллюстрациялы материалдар: слайд түріндегі презентация
5. Әдебиет:
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
Шаруашылықтың негізгі міндеттері қандай?
Құжаттар неше топқа бөлінеді?