Байланыс қызметі және оны жоспарлау

Байланыс қызметі және оны жоспарлау
Байланыс қызметінің экономикалық сипаттамасы
Байланыс қызметінің номенклатурасы мен классификациясы
Қызмет өлшеуіштер
Қызметті жоспарлау
Байланыс қызметі нарығының сипаттамасы
1. Байланыс қызметінің экономикалық сипаттамасы
Байланыс қызметі – бұл пошта, телеграф, телефон, радио және телевидение сияқты әр түрлі хабарламаларды тарату мен жеткізу, түрлендіру, қабылдау істерін жүзеге асыратын мекеменің ақырғы қорытынды өнімі.
Тұтынушылық эффектінің характеріне байланысты байланыс қызметі екі түрлі формада беріледі:
Бірлік хабарламаларды тарату формасында, мысалы, телеграмма, телефондық сөйлесулер және т.б. немесе мұның шартты түрдегі атуы — алмасу түрінде .
Тұтынушыларға ұзақ қолдану мерзіміне берілетін немесе ақпаратты тарату мен қабылдау үшін техникалық құрылғыларды жалға беретін байланыс құралдары түрінде ( абоненттік желілер, таксофондар, радиоаймақтар, абоненттік телеграф және т.б.)
Өзінің тұтынушылық қасиетіне байланысты техникалық құралдарды беру немесе жалға беру формасының түрі ыңғайлырақ және тұтынушыға максималды жақын болып келеді. Техникалық құралдарды қолдану қызметінің формасының мүмкіншіліктері алмасу формасымен салыстырғанда көп артығырақ болып келеді. Сондықтан да бүкіл әлем бойынша, сонымен қатар отандық телекоммуникациялық қызмет нарығында да алмасу формасының бөлігі төмендеп, техникалық құралдарды беру формасының меншікті салмағы өсуде.
Байланыс қызметінің экономикалық сипаттамасы және ерекшеліктері саланың спецификасымен анықталады. Соның ішіне жалпы салаға немесе бір мекеменің өндірістік процесінің шеңберінде экономикаға және байланыс операторларының ұйымдастыру жұмыстарына жасалынатын өнімнің заттық емес сипаттамасы мен өндіру мен тұтыну қызметтерінің уақыт бойынша сәйкес келіп қалуы айырықша үлкен әсерін тигізеді.
Осы көрсеткіштердің негізінде қажетті өндірушілік ресурстар есептелінеді – жұмысшылар саны, негізгі қорлар мен айналым құралдарының шамасы, бұл өз кезегінде компанияның алатын кірістерінің көлеміне, пайдасы мен рентабельділігіне тікелей әсер етеді.
Қала аралық және халықаралық қызмет көрсету процесіне бірнеше мекемелер қатысады. Мұндағы әрбір мекеме тек бір ғана сатыға қатысады – шығыстық, кірістік немесе транзиттік.
Әрбір мекеменің жұмыс көлемін сол мекемеде түрлендірілген ( шығыс, кіріс немесе транзиттік) хабарламалар санымен бағалауға болады. Әдеттегідей, бұл тұтынушыларға берілетін қызмет санынан асып кетеді. (қызмет саны шығыс хабарламаларының санымен анықталады) .
Байланыс сатыларының тізбегінде, яғни жергілікті телефонды байланыс, сымы жүргізілу ( радиофикация) радиотаратылу мен телевидениядағы өндірістік процесінде тек бір ғана мекеме қатысады да өз қызметін арғы тұтынушыға дейін жеткізеді.
Іскерлік және өзіндік өміріне байланысты, байланыс мекемелері бірқалыпсыз ауырлықта жұмыс істейді.
Ауырлық — белгілі бір уақыт аралығындағы байланыс мекемесіне келіп түскен хабарламалар саны.
Алмасу – сол уақыт периодындағы таратылған хабарламалар. Әдетте, ауырлық әрқашан алмасудан көп болады.
Мекемелердегі бірқалыпсыздық сипаттамасын көрсету үшін аурлықтық концентрация ( сағатты- тәуліктік) коэффиценті есептелінеді. Бұл тек алмасу формасындағы қызметтер үшін.
EMBED
EMBED — ЧНН – дегі жүктеменің концентрация коэффиценті.
EMBED — ЧНН-дегі тәуліктік жүктеме
EMBED — тәулік бойындағы ауырлық .

 


2. Байланыс қызметінің номенклатурасы мен классификациясы
Байланыс қызметінің номенклатурасы деп – белгіленген тариф бойынша төленетін және тұтынушыға берілетін байланыс қызметі түрлерінің тізімі. Ол тұрақты емес және жаңа қызметтерің пайда болуы мен техникалық прогресстің дамуымен бірге түрін өзгертеді.
Мұндай номенклатура әр оператормен алынған лицензияға сәйкес формаланады және оның позициясы ақылы қызметпен сәйкес келеді. Байланыс мекемелері тұтынушыларға – тұрғындар мен іскерлік секторларға 200 –ден астам әр түрлі қызмет түрін ұсынады.
Байланыс қызметі олардың өндіру мен тұтыну процесстерінің ерекшеліктеріне байланысты бірнеше белгі бойынша классификацияланады.
Мысалы, тұтынушылық қасиеттеріне байланысты
Негізгі және қосымша. Негізгі қызметтер ақпарат тарату процесінің ақырғы мақсатын көрсетеді, ал қосымша қызметтер негізгі қызметке оларды қолдану кезінде ыңғайлы және тиімді қылатын кейбір жаңа тұтынушылық қасиеттер береді.
Таратылатын ақпараттың түріне байланысты байланыс қызметі 4 топқа бөлінеді: мәтінді тарату (телеграмма, электронды пошта ), дауыстар ( телефонық байланыс), бейнелер (телевидение, Интернет) және мультимедия қызметі (мәліметтерді біріктіру, дауыстар мен бейнелер).
Ақпарат алмасу әдісі бойынша байланыс қызметі біржақты (радиотарату және телевидение) немесе екіжақты ( телефония және видеотелефонды байланыс , мәліметтер тарату және Интернет, видео конференциялар) мінез көрсетеді.
Жіберулердің таратылу жылдамдығына байланысты қызметтер қарапайым ( кәдімгі жай) және шұғыл (щұғыл телеграммалар, зона ішілік және қала аралық телефондық сөйлесулер), сонымен қатар, электр байланыс желісінде ақпарат тарату жылдамдығына байланысты – төменгі жылдамдықты (телефонды байланыс, төменгі жолақты Интернет, 3G – үшінші ұрпағының жылжымалы байланысы) мен жоғары жылдамдықты (кең жолақты Интернет, 3G – үшінші ұрпағының жылжымалы байланысы).
Қолданушылардың территориялық бөлінуіне байланысты барлық қызметтер ішкі және халықаралық болып бөлінеді.
Қызметтердің қолданылуы жасалынатын эффект пен оларды өндіру сатыларымен анықталады. Ақырғы қолданушыларға көрсетілетін қызмет , абонент пен қолданушы арасындағы ақпарат таратудың (хабарламаларды) өндірістік процесінің барлық сатыларын қамтиды (шығыс, кіріс және транзиттік) . Олар аяқталынған болып табылады. Қосылу мен трафикті тарату қызметтері мекемедегі операторлардың қажеттіліктерін қанағаттандыру.
Инновациялық қызметтер – бұл нарыққа шығарылуға дайын және тұтыншылық көлемінің қарқынды өсу сатысында тұрған қызметтер.
Бағалануға байланысты, барлық қызметтер тұтынушыларға реализацияланатын түзетілетін және түзетілмейтін тариф және тегін болып бөлінеді.

3. Қызметтерді өлшегіштер
Байланыс қызметтерінің көлемін сипаттау үшін өлшеудің табиғи және бағалы әдістері қоланылады. Табиғи өлшеуіш қызметтің физикалық қажеттілігін сипаттайтын көрсеткіштерді қолдануға негізделген. Бұған, мысал үшін хат, телеграма, сөйлесу трафигінің таратылған уақыты, фиксималды хабарламалардың беттерінің, трансляциялық радио аймақтардың және т.б. саны жатады. Дыбыстық, видеоақпарат және мәліметтерді, сонымен қатар Интернет желісімен таратылған ақпараттарды біріктіретін мультимедияның қызметтерінің қатынасында өлшеудің табиғи бірліктері негізінде Мегабайт ( Мбайт) ақпараттары орнатылған . Барлық қызметтер түрінің натуралды өлшеуіштері сәйкесінше номенклатуралармен және ақылы қызметтердің прейскуранттарымен көрсетілген.
Қызмет көлемінің табиғи көрсеткіштері инвестициялық бағдарламалардың және операторлардың стратегиялық дамуының негізінде жатыр. Қызметтің табиғи көрсеткіштерін ескере отырып байланыс объектілері мен мемлекеттің байланыс желілерін құру жобалары жүзеге асады.
Байланыс қызметінің номенклатурасы өте кең, ал табиғи өлшеуіштің бір агрерирленген көрсеткіштің әр түрлі тұтынушылық бағаларын есептей алатын мүмкіншілігі жоқ. Осы мақсатпен бағалық ( ақшалы) өлшеуіш қолданылады. Оның универсалдылығы мынада: ол әр түрлі байланыс қызметтерінің жиынын бір ғана өлшеуіште, яғни ақшалы өлшеуішпен көрсете алатындығында.
Қызметтердің жалпы көлемінің бағалық өлшемі ретінде ақылы қызмет пен орташаланған тарифтердің ( орташа пайда таксасы) табиғи көрсеткіштерімен анықталатын байланыс қызметінен алынған пайда көрсеткіші алынды. Экономика саласында бағалық өлшеуіштің қолданылу аумағы өте кең . Оның негізінде байланыс ұйымдарының, акционерлік қоғамдардың, аймақаралық компаниялардың және т.б. жалпы қызмет көлемі анықталады.
Ол қаржылық жоспарлау көлеміндегі пайда бөлімін дайындайтын негізгі іргетас болып табылады және еңбек өнімділігі, өзіндік құн, форлық беріліс, пайда сияқты – маңызды экономикалық көрсеткіштерді есептеу үшін қолданылады.
Байланыс ұйымдастырудың филиалдық және құрылымдық мекемелерінде ішкі өнімділікті жоспарлау үшін , нормаланған тапсырмаларды дайындау үшін , жеке цехтардың, аймақтардың және т.б. жұмыс қорытындысын бағалау үшін — шартты табиғи өлшеуіш қолданылады. Оның негізінде байланыс қызметінің халықаралық және қала аралық телефондық сөйлесулерді, телефондық аппараттардың жеке және коллективті қолданысын құруға өзінің физикалық мазмұны бойынша жақын, бірақ шығындары бірей емес , тұтынушылық бағалары әр түрлі табиғи көрсеткіштерін өлшеуге болады.

4. Қызметті жоспарлау

Алмасу формасы түріндегі жоспарланған жылдың ақылы қызметтерінің шамасын анықтайтын негіз болып – олардың байланыс қызметінің сұранысын анықтайтын ішкі және сыртқы факторлардың жоспарланған өзгеру темпі мен шамасының мәндерін айтамыз.
Орташа жылдық өзгеру темпін орнықтыру үшін алдынғы жылдардың алмасу динамикасы анализденеді.
Егер алдынғы ( 2- 3 жыл) жылдардың нақты бір түрінің динамикасының анализі процесі барысында қарқынды өсу тенденциясы немесе қызмет көрсету көлемінің төмендегені белгіленсе, онда жоспарлық жылда оның шамасы трендтің экстраполяциясының негізіне анықталуы мүмкін
( геометриялық орта формуласы бойынша ) .
К=k21*k32

 

Жоспарлы жылдағы қызмет көрсетудің көлемінің өзгерісін анықтау барысында мекемелердің желілері мен байланыс пункттерінің өсуі, қызмет көрсетудің сапасының жақсаруы мен қол жетерлілігі, тарифтердің өсуі мен тұтынушылардың орташа пайдасының өсуінің нәтижесінде байланыс қызметіне сұраныстың өзгеруі мүмкіншілігін ескеру қажет.
Жоғарыда айтылып кеткен факторлардың алмасу формасы түріндегі ақылы қызметтердің көлеміне әсері әр байланыс мекемелерінің түріне байланысты өзінің сандық бағасы бар коэффицент арқылы есептелінеді.
Қала аралық телефон байланысының қызмет көрсету көлемі келесі факторлармен анықталады:
( К сапа) – сапалақ коэффиценттің көмегімен қызметтің сапасын жақсарту;
( К к.ж.) — байланысқа қол жеткізуді өсіру;

( К пайда) – тұтынушылардың орташа жанды пайдасын өсіру;

( К тариф) – қызмет көрсету тарифтерінің өзгеруі.

Онда жоспарлы жылға арналған қызмет көрсету көлемі әсер етуші факторларды есептеген кезде мынадай болады:

Тұтынушыларға техникалық құрылғылары беру түріндегі қызмет көрсетудің көлемін анықтау методикасы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері мен тұтыну характеріне байланысты 2 топқа бөлуге болады:

Берілетін арналардың санымен немесе желіге қол жеткізетін абоненттік құрылғылар мен ( телефондар, раиоаймақ, абоненттік құрылғылар) санымен өлшенетін қызметтер.
Радиобайланыстың, радиотарату және телевидениенің жұмыс құралдарының арналы-уақыт санымен өрнектелген қызметтер.

Қызмет көрсету көлемінің жобасын құрастыру кезінде есептеулер орташа жылдық есеппен жүреді және мекеменің жыл соңында қол жеткізетін абсолют шамасы есептелінеді.
Сондықтан бастапқыда жоспарлы жылдың басындағы ( N1.1) техникалық құралдардың санын анықтайды , ал сосын сол жоспар бойынша жоспарлы жылдың орташа жылдық өсімі анықталады.
Табиғи түрдегі қызмет көлемінің орташа жылдық шамасы уақытты ескере отырып анықталады. ( N1,N2,N3,N4) –техникалық құралдардың әр кварталдағы берілісін, қолдана отырып орташа жылдық өсімді табайық:

Мұндағы 3,5;2,5;1,5;0,5 – сандық коэфиценттер.
Техникалық құрылғылары беру түріндегі жалпы қызмет көлемі:

Байланыс қызметі нарығының сипаттамасы.

Байланыс қызметінің нарығы – бұл қызмет өндірушілері ( компаниялар- операторлар) мен тұтынушылар ( физикалық және заңды тұлғалар) өзара алып-сату қатынасында болатын экономикалқ кеңістік.
Нарықтағы сұраныстың баланста болуы нарықтық өз бетінше түзету мен мемлекеттің түзетулері мехпнизімі бойынша жүзеге асады.

Телекоммуникациялық қызметтерді өндірушілер ( сатушылар) байланыс желісінің түрлері мен қызмет көрсету аймағына байланысты дифференцияланады.
Сала нарығындағы әр түрлі ұсыныстарды фиксирленген телефондық байланыс, жылжымалы байланыс, ақпарат тарату желілеріндегі, теле және радио желілеріндегі операторлар қарастырады.
Қызмет көрсетілетін аймақтың пікірі бойынша, жергілікті байланыс, зона ішілік және магистралдық операторлар ерекше көзге түседі. Бұл операторларға берілетін лицензияда көрініс табады.
Байланыс пен информатиканың конвергенциясы экономика саласында инфокоммуникациялық сектордың пайда болуына әкеп соқтырды. Және соның негізінде қызмет нарығына ақпарат провайдерлерін (АП) әкелді.
( АП –ның электронды коммерция, анықтамалық қызмет көрсету, консультация сияқты түрлері бар)
Соның ішінде ерекше орынды жергіліктіден магистралдыға трафик алмасатын және шет елдік желілерге шығысы бар Интернет желісінің провайдерлері алады.

Ақпарат провайдерлері ақпараттың қожайыны мен оның тұтынушылары арасын байланыстыратын құрал болып саналады. Ол үшін олар байланыс операторларының техникалық құралдарын қолданады.
Байланыс өз кезегінде контент пен қызмет өндірушілердің әсерлесуінен тұратын күрделі иерархиялық құрылымды көрсетеді. Олар әр түрлі географиялық және тұтынушылық сегменттерге қызмет көрсетеді. Сондықтан олар желі аралық әсерлесуді жүзеге асыруы керек. Заңға сәйкес, лицензиясы бар әрбір оператор жалпы қолданыстағы желіге кіруіне болады. Осы құқыны өздеріне алу үшін операторлар қосылу нүктесін, яғни, желілердің техникалық қосылуын қамтамасыз ететін техникалық құрылғыларды ұйымдастыру керек. Яғни тұтынушыға қызмет көрсететін операторлардың өздері де қосылу қызметі мен трафиктің өтімін тұтынушы болып саналады.
Берілген телекоммуникациялық нарықтың потенциялды сыйымдылығы аса үлкен.
Инфокоммуникациялық секторда басқару және жөндеу, нарықтың жағдайы мен динамикасын мемлекет анықтайды. Оның ролін бірнеше аспектіде қарастыру керек.
Бір жағынан, мемлекеттік органдар инфокоммуникациялық қызметтердің тұтынушысы және сұраныс субъектісі болып табылады. Екінші жағынан, мемлекет көптеген маңызды байланыс объектілерінің қожайыны немесе акциялардың контрольді пакетінің иесі ( мысалы, АО «Казпочта», « Космостық байланыс»).
Қазақстан нарығының әр түрлі қызметтен алынатын пайдасының құрылымын күрделірек қарастырайық.

Фиксирленген байланыс нарығы
Сектор жергілікті, қала аралық, халықаралық тағы да операторлар желісі мен ұялы желілері арасындағы қоңырауларды байланыстыру сияқты қызметтермен көрсетілген. Фиксирленген байланыстың қызмет бөлігі Интернет, ақпарат тарату және сымсыз байланыс сияқты жоғары технологиялық қызметтерге жол бере келе төмендеуде.
Қазақстандағы фиксирленген байланыстың негізгі ұсынушысы болып табылатын «Казахтелеком» 2004-2005 жылдары мемлекеттің қысымымен халықаралық байланысқа тарифтерін төмендетті. Бұл төмендеу көрсеткіші СНГ-мен салыстырғанда 23% ал алыс шет елдермен саластырғанда 33% пайызды құрады.
2007 жылы тарифті төмендету тенденциясы жалғаса берді. Солай, жыл басында «Казахтелекомның» жақын шет елдерге халықаралық телефон байланысы қызметінің бағасы 50 %- ға арзандады.
Дегенімен, фиксирленген байланыстың нарығының өсімі басқа сегменттерге қарағанда ең төмендердің бірі болды және ол 13 % құрады.
Фиксирленген телефондардың санының өсуі сонымен қатар тұтынушыларың сұранысы да шектелген: 2007 жылы жергілікті байланыс нарығының көлемі 3,05 млн. фиксирленген телефонмен бағаланған болса, нарықтың сыйымдылығы ( яғни телефондардың максимал саны) 4,7 млн. фиксирленген телефонмен бағаланады. ( 1 және 2 суреттер)

Олай болса, күтілетін телефон желілерінің максималды мүмкін өсімі 1,65 млн. фиксирленген телефонды құрайды. Қазақстандағы фиксирленген байланыстың негізгі операторы — «Казахтелеком», және 2007 жылы фиксирленген байланыс нарығында оның үлесі 96% құрады.

Ұялы байланыс нарығы

Ұялы байланыс секторы ҚР телекоммуникация нарығындағы ең өсуші сегмент болып табылады.
2005 жылдың ортасының өзінде ұялы байланыс абоненттерінің саны фиксирленген байланыс абоненттердің санынан асып түсті.
Ал 2006 жылдың соңында ұялы байланыс фиксирленген байланыстан тек сан жағынан ғана емес (3 есе артық), сонымен қатар, ішкі кірісі бойынша да озып кетті. 2007 жылы кіру деңгейі 60 %, ал ұялы оператрлардың жалпы абоненттік базасында 9 млн адам болды.
Пайда құрылымында 2007 жылдың қызметі бойынша ұялы байланыстың үлесі 52,2 % болды ( 2006 жылмен салыстырғанда 45,8 % — ға өсті)
Қазіргі уақытта нарықта сегіз сауда маркасы бар, ұялы байланыстың төрт операторы жұмыс істейді:
ТОО « GSM Казахстан» — 4 млн шамада (GSM стандартында K’cell және Activ брендтері, негізгі акционерлері — Fintur холдинг (51%) және өз үлесін сатуды жоспарлап отырған «Казахтелеком» (49%) .
ТОО « КаР-Тел» (GSM стандартында 4,5 млн абоненті бар : Beeline «ВымпелКом» компаниясынан шыққан)
АО «Алтел» Қазақстандағы ең бірінші ұялы байланыс операторы ( CDMA стандартында жұмыс істейді: Dalacom және Pathword акциясының 100% да « Казахтелекомға» тиесілі.
ТОО « Мобайл Телеком Сервис» (GSM стандартында жұмыс істейді: NEO, CDMA стандартында: «Жаршы») . – екеуіне 0,5 млн. « Мобайл Телеком Сервис» және «Алтел» «Казахтелекомнан» шыққан.

Ұялы байланыс абоненттерінің максималды саны 12,5 млн., немесе барша Қазақстан халқының 82 % құрайды.
Бүгінде Алматыдағы ұялы телефондар нарығы сауда фирмаларына жылына 100 млн доллардан кем емес таза пайда әкелуде.

Интернет нарығы және мәлімет тарату
Аталмыш нарық кабельді телевидение мен ұялы байланыспен қатар ҚР-ның телекоммуникация нарығының қарқынды өсіп келе жатқан ең үздік үштігіне кіреді. Интернет пен мәлімет таратудың меншікті салмағының аз болуына қарамастан ( нарықтың 10%), бұлар ең перспективалы нарық болатыны сөзсіз.
2006 жылы «Казахтелеком» бүкіл әлемдік ғаламторға бағаны екі есе төмендетті, адымен 26,1% , сосын 25%. Бірақ тарифті 51,1% төмендету оның сектордағы өсуін үлкейткен жоқ. Кейбір деректерге сүйенсек, Қазақстан интернет қолданушыларының саны бойынша ТМД елдері ішінен тек Түркменстан мен Тәджікстанды ғана озып, артынан санағанда 3 орынға ие екен.
Казнеттің басқа да ауқымды зерттеулері әлі жүргізілмеді. Интернетке қосылулардың деңгейін көрсететін де дәл сандық мәліметтр жоқ.
Көп жағдайларда ол 4%-5% өлшенеді. АИС-ның зерттеулеріне байланысты 2007 жылдың соңына қарай Қазақстандағы интернет қолданушылар санының 800 мың адамға жеткені белгілі болды.
Нарықтың басқа да сегменттеріндегідей ең мәртебелі орынды « Казахелеком» алып отыр. Оның позициясы «Нурсат» операторын бақылауға алғалы бері одан әрі күшейді. «Казахтелекомнан» басқа байланыс нарығында тағы да 200 интернет-сервис провайерлері жұмыс істейді, олардың ішіндегі ең ірілері – « Арна», Netel Communications, 2Day Telecom. Бірақ ішкі арналарының аумағы мен сыйымдылығы бойынша олардың барлығы да «Казахтелекомға» жетпейді. Қазір «Казахтелекомның» нарығының 80% — интернет, және соңғы 5-6 жыл ішінде оның айтарлықтай екі еселенгенін айта кету керек.


4 Космостық байланыс

2006 жылдың 15 желтоқсанында ең алғашқы 2006 жылдың 18 маусымында ұшырылған қазақстандық KazSat спутнигінің ресми тұсау кесері болды. Қазіргі таңда спутниктің жүктілігі оның толық сыйымылығының 40 % құрап отыр. Бүгінде KazSatтың көмегімен елімізде жеті ірі байланыс операторлары жұмыс істейді, оларың ішінде «Астел», «Кателко», «Нұрсат», «Тудей телеком» және т.б.
2020 жылға таман орбитаға KazSat сияқты тағы да 5 спутник шығару жоспарлануда.
2007 жылы «байланыс» саласында ең көп пайда әкеліп отырған мекемелер Алматы мен Астана қалаларында тіркелген ( 64%). Қазақстанның басқа аймақтары «байланыс» саласының барлық пайдасының 36% құрады.
Жалпы байланыс саласынындағы мекемелерден алынған пайданы телекоммуникациядан, «байланыс» саласынан алынған пайда 97% және пошталық байланыстан түскен пайда 3% деп жіктеуге болады.
Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы конкуренттік жағдай.
Қазақстанның телекоммуникация нарығында 281 мекеме бар, және барлық телекоммуникация нарығының 97% — 12 негізгі операторларан құралған пайыз мөлшері. Ең ірі компаниялар ретінде «Казахтелеком» ( жалпы нарық көлемінің 48% ) және « GSM Казахстан» ( жалпы нарық көлемінің 28%).

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *