Байланыс саласындағы басқару және жоспарлау негіздері

Байланыс саласындағы басқару және жоспарлау негіздері

1. Басқарудың мағынасы мен маңызы
2. Басқару тәсілдер мен қағидасы
3. Байланыс саласындағы басқаруды ұйымдастыру
4. Байланыс кәсіпорыны және классификациясы
5. Өндірісті басқарудағы жоспарлаудың мағынасы және рөлі
6. Бизнес-жоспар

1. Басқарудың мағынасы мен маңызы

Басқару деген, бұл өндірістің өнімділігін жоғарлату мен жалпы үнемдеу үшін, өндірістегі коллективке, жеке-дара жұмысшыға арнайы бағытталған үздіксіз әсер етуші шара, ал сол арқылы материалды затты еңбек элементіне әсер етуі.
Басқару мақсаты: бәсекелестік, тай-таластажеңіп шығу (аман қалу), ең жоғары пайда алу, белгілі нарыққа шығу.
Басқарудың негізінде жүйелі (системный) әдісі жатыр, ол үш күрделі құрылымды қарастырады: басқарушы субъект, басқарылатын объект және сыртқа орта. Басқарушы субъект ол жеке басшы, әйтпесе топталған басшылар болуы мүмкін. Басқарылатын объект, әйтпесе, басқарылатын жүйе ол жеке жұмысшы, топтасқан адамдар және фирманың жалпы қызметкерлері болу мүмкін. Ұйымның сыртқы ортасына не жатады:
Поставщики – бәсекелестер, сатып алушы- клиенттер, бизнес партнерлер,мемлекет және оның құрылымы, мәдениет, мораль – адамгершілік, әдет, экономикалық факторлар, саясат факторлары, халықаралық айнала.
Басқару процесі – бұл жалпы барлық басқару – жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау үшін жасалынған циклді қайталанып отыратын процесс, соның ішінде тізбектеліп қайталанып байланысып жатқан элементтерді атап өтуге болады.
Жоспарлау дегеніміз, мақсатты анықтап, осы мақсатқа жетудің жолдар мен мүмкіншіліктері.
Ұйымдастыру – бұл құрылымды құру, ынталандыру бұл ішкі теьіреністі іске асыру.
Бақылау – бұл алынған нәтижені қойылған мақсатпен салыстырып өлшеу. Бақылауға не жатады – атқару қызметінің нәтижесін байқау, зерттеу, талдау.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *