Байланыс кірістері және оларды анықтау әдістері, пайданы және байланыс операторларының тиімділігін есептеу.
Байланыс кәсіпорынларының кірісін есептеу;
Пайда көрсеткішін және оны пайдалануын есептеу;
Тиімділік көрсеткіштерін анықтау;
Кірістің өсу қорлары және байланыс операторларының тиімділігі;
Салық жүйексі және оның байланыста қолданылуы;
Байланыс кәсіпорындарының кірісін есептеу. Орташа кірістік таксалар түсінігі.
Байланыс саласының негізгі міндеті тұтынушыларға телекоммуникациялық қызмет көрсету болғандықтан, негізгі көрсеткіші, операторлардың жалпы нәтижелерін сипаттаушы болып, тұтынушыларға орнатылған баға бойынша алынған, байланыс қызметінің кірісі болып
табылады.
Байланыс саласының кірістерінің жалпы мөлшері әрбір оператордың кірісінен құралады және де түрлеріне сәйкес іске қосылған тарифтермен көрсетіліп жатқан қызметтің көлеміне тура тәуелділікте болады.
Өндірістің әртүрлі сипатын және тарифтердің көптігін санағанда байланыс қызметінің нақты түріне байланысты кірісті анықтадың әртүрлі әдістемелік жолдары бар.
Бұл ерекшеліктер жасалынантын ақырғы эффектінің түріне байланысты:
бірліктік хабарлау түрінде және техникалық қондырғыларына қолдануға жеткізу түріндегі қызметтер;
қызметтің жекелігіне тәуелді бағаны анықтаушы факторлармен;
реттелетін немесе реттелмейтін қызметтерге баға орнатарда баға белгілеу әдістерімен;
Бқл келтірілген факторлар байланыс қызметтерінің кірістеріне анықтаудағы қажеттілікті алдын ала анықтайды, әсіресе, таксаның орташа кірістерін жобалауда және болжауда
Орташа кірісті такса дегеніміз бір үлкендеу қызметті жеткізгені үшін алатын қызметтің орташа бағасы немесе орташа кірісі.