Байланыстың өндірістік қорлары және олардың қолданылуы

Байланыстың өндірістік қорлары және олардың қолданылуы
1.Байланыстың өндірістік қорлары, олардың экономикалық сипаттамасы, құрамы, құрылымы.
2. Негізгі қорларды бағалау әдістері.
3. Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы.
4. Негізгі өндірңстік қорларды қолданудың көрсеткіштік жүйесі.
5. Байланыс кәсіпорнының айналым құралдары, оның құрамы мен құрылымы, айналым құралдарын қолданудың көрсеткіштері.
6. Негізгі қор мен айналым қорларының салыстырма түрлері.

1.Байланыстың өндірістік қорлары, олардың экономикалық сипаттамасы, құрамы, құрылымы.
Өндірістік қызметті іске асыру үшін кез – келген субъектінің экономикалық ресурстары болу керек. Қазіргі экономикалық әдебиетте ресурс негізгі екі формаға бөлінеді: материалды ресурстар (еңбек құралдары, еңбек заты, жер), адам ресурстары (еңбек және кәсіптік қабілеттілігі).
Еңбек құралдары негізгі қор (негізгі құралдар) болып табылады, ал еңбек заттары – байланыстың өндірістік қорларын құрайтын айналым құралдары болып табылады. Еңбек құралдарының еңбек затынан айырмашылығы мынадай: еңбек жабдығы, құрал- сайман- өндірісте ұзақ уақыт пайдаланылады; сонда да оның қалыпты, нақты формасы бұзылмай сақталады; оның құны ақырындап өнімге ауысады.
Байланыстың өндірістік қоры

фонд, қор дегеніміз өнім шығаратын өндіріс мекемелерінің материалдық /заттай/ және ақшалай қоры.
Еңбекшілер өндіріс процесіне түсіп араласу үшін, өндіріс құрал- жабдықтары болуы талап етіледі /машина, құрал – сайман, үй, транспорт, т.б/ және еңбек заты /материалдар, шикізат, т.б./.
Еңбек құрал- сайманы еңбек затынан айырмашылығы, ерекшелігі мынадай: еңбек жабдығы, құрал- сайман- өндірісте ұзақ уақыт пайдаланылады; сонда да оның қалыпты, нақты формасы бұзылмай сақталады; оның құны ақырындап өнімге ауысады.
Еңбек заты әр еңбекте өндіріс циклында түгел пайдаланылады, әр жаңадан өндіріс циклында өзгертіп, жаңалап, ауыстырып отырады.
Оның құны сол өндіріс циклінің барысында жасалған өнімге ауысады, өндіріс қорын жасау жолындағы өнімге айналымның ұзақтығы, мерзімі және істің сипаты, өнімнің құнға айналуы, құнды жасау әдісіне байланысты, еңбек затымен еңбек құралының ісі қолданылады.
Айналым құралы байланыс салаларындағы жалпы өндірістік қордың құнының 94-95% негізгі қорға, ал 5-6 % айналым қорына келеді.
Негізгі қорлар (НҚ) өндіріс процесіне ене отырып, өзінің табиғи – заттық формасын сақтай отырып, қызмет көлемін құруда ұзақ уақыт қолданылып келеді. Өзінің қызмет ету мерзімінде олар тізбектік айналымдар қатарына кіреді және өзінің бағасын амортизация түрінде жаңадан құрылған өнімнің бағасына біртіндеп ауыстырады. Амортизацияланбаған бөлігі негізгі қорда қалады.
Негізгі қорлардың ауысуы қызмет ету мерзімінің өтуімен және керекті құралдардың жаңаруымен жүзеге асырылады.
Айналым құралдары (АҚ) әр еңбектің өндіріс циклында түгел пайдаланылады, өндіріс циклын өзгертіп, жаңалап, ауыстырып отырады.
Негізгі өндіпістік қорлар және айналым құралдары кәсіпорынның уставтық фондын құрайды, ал акционерлік қоғамдарда олар өзінің акционерлік капиталының бағасын көрсетеді. Ол кірістің негізгі көзі болып табылады деп айтуға да болады.
Байланыс саласында негізгі қорлар 92 – 97 % құрайды, тек соның 7 – 8 % ғана айналым құралдарын құрайды. Бұл саланың спецификасымен шартталған, мұндағы еңбек заты бұл – заттық емес сипаты бар ақпарат, ал қызмет ету барысында шаруашылық өнімдерін шығару кезінде орын алатын шикізаттар мен материалдарды қолданбайды.
Негізгі өндірістік қорлар (НӨҚ) келесілерге бөлінеді (Кесте 1):
Өндірісті негізгі қорлар мәліметтерді тарату бойынша өндіріс процестеріне қатысады немесе осы процестердің іске асуы үшін керекті материалды жағдайларды қамтамасыз етеді.
Сипаттама, бағалау байланыстағы негізгі қор құрылысы
Негізгі қор өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді. Еңбек құралы өндірістік негізгі қорына енуі үшін ол хабарлар беру процесіне тікелей қатысуы қажет / станциялық құрал- жабдық, желілік сайман, атенно-мачты құралдыары, механикаландыру құрал- жабдықтары, транспорт т.б. /немесе осы істі жүргізуге тиісті процеске заттармен қаматамасыз ету жағдайын жасайды /өндіріс үйі/. Өндіріс емес негзгі қорға өндірістік емес объектіден – тұрғын үй, балаларға арналған мекемелер үйі, заттары, оқу үйі, клуб, коммуналдық шаруашылықтар/ жатады.
Қазақстанда 1988 жылы бавйланыс саласында жалпы өндіріс қорының 96,3% негізгі өндіріс қорына жатады.
Байланыс саласының негізгі қоры негізгі және негізгі емес іс әрекеттеріне, қызметтерге бөлінеді. Негізгі қордың ққұрамындағы істер барлық өндірістік қорды өзіне қосып есептейді, ол әрине өндіріс өнімін шығаруға байланысты. Ал негізгі емес қор, фонды ісіне өндірісьік емес орындардың негізгі фондысы қосылады, сол сияқты негізгі өндіріске байланысты, қатысты жоқ өндіріс мекемелерінің құрылыс ұйымдары, қосымша шаруашылық, жабдықтау ұйымдары, т.б.
Қазақстан бойынша негізгі қызметтік негізгі фонды 91% негізгі емес қызмет 9% құрайды.
Еңбек құралы негізгі фонды болып есептелуі, үшін, ол іске қосылып, баланс есебіне енуі қажет. Егер зат, құрал 100 сомнан кем бағалы болса, еңбеккке пайдалану мерзімі есептелмейді және жылға толмаған құрал да негізгі фондыға жатпайды.
Негізгі қор жоспарланады және ақшшалай да, нақтылы /натуральный/ формалары да есепке алынады. Нақты формада есептеу /жыл сайын паспортизация, иинветаризациядан өткізу/ дегеніміз негізгі фондының техникалық құрамы, күш қуаты, қалыпты жағдайы /тозу дәрежесі/.
Негізгі қордың жалпы көлемін, оның құрылысын анықтау үшін негізгі қордың бағасын амортизация құны, әрі өндіру қабілеттілігі шығару керек. Негізгі қорды ақшаға шағу әдісімен қарастырғанда оның бастапқы толық бағасын, құнын бастапқы тозу /износ/ қалпын алғашқы дәредеге жеткізуге жұмсалған құнмен, алып тастап есептеумен ажырата алады.
Негізгі қордың бастапқы толық нарқы, құны дегеніміз — өндірістік құрылысқа кеткен шығындар қорытындысы, оны құрылыс орнына жеткізу шығыны /транспортировка/, монтажду, пайдалану дәрежесіне жеткізу, т.б.
Бұнда жабдықтау құны, құрылыс заттары, монтаждау қызметі әр жылы әр дәуірде, әр түрлі болып келу ерекшеліктері есепке алынбайды, бір қалыпты емес. Солай бола тұрса да ұқсас объектілер, құралдар әр түрлі бағаланады.
Негізгі қордың толық қайта қалпына келтіру нарқы, құны – барлық шығындардың жинағына тең, яғни жаңадан құрылыс салу немесе негізгі фондыны алу, ие болу.
Негізгі фондыны тозу дәрежесінен қалпына келтіру нарқы, құны пайдалану мерзімінің бастапқы кезімен салыстырғанда іске қосу аралығындағы шығын жиынтығы.
Мекеме балансында алынған негізгі фонды құнын баланс құны деп атайды. Баланс арқылы негізгі қордың толық және қалдық құндарын анықтауға болады.
Толық құнды негізгі қордың балансы
Ккr = Кн.г + Квв – Квыб. /3.1/
Кнг, Ккг – жыл басы және жыл аяғында негізгі қордың толық құны, /н.г., к.г/
Квв, Квыб – жаңа іске қосылған негізгі қоры және ескі /ескірген тозған, моральды қасиеті ескірген, т.б./, жойылған.
Тозу ескіруін алып тастап есептегендегі негізгі баланс қоры:
К′кг = К′н.г + К′вв + Ск.р – А -К′выб /3.2/

К′кг, К′н.г – тозуды алып тастағандағы жыл басы және жыл аяғындағы негізгі қоры;
Ск.р – жыл бойы капиталдық /ремонтқа/ жөндеуге шығын негізгі қоры;
А – жыл бойынша амортизациялық есеп айыру;
К′выб – негізгі қорының қалдық құнға бағалағанда қатардан шығуы.
Байланыс мекемелерінде негізгі өндірістік қордың жылдық орташа құны К мына формуламен анықталады:
EMBED /3.3/
Кнг, Кн.сл.г – есепті жылының басы және жалғасындағы негізгі қордың құны;
К1.02, К1,03, К1,12 – есепті жылдық бастапқы айының басындағы негізгі қор құны.

Негізгі қордың бөлшегінің өндіріс процесіндегі белсенділімен байқалады, белгіленеді /хабар жеткізудегі жұмыс машина- жабдықтары, жеткізгіш пен антенна құрылысы, почтамен жеткізуге пайдаланылатын жол қатынас құралдары т.б/.
Негізгі қордың енжарлық бөлігі өндірістік процесс және дамыту жолында жасалған ыңғайлы жағдайлар және еңбек гигиенасы, клиентттерге ұнамды жағдайлар қызметтер атқаруға арналған

 


Өндірісті және қызмет көрсетуді құру кезінде орындалатын функцияларға байланысты барлық экономика саласына қажетті бірыңғай негізгі өндірістік қорлардың сипаттық түрлері белгіленген. НӨҚ – ң әрбір саласына оның технико – технологиялық негізін қалыптастыратын еңбектің өзіндік құралдарын қосады.
Негізгі құралдардың әр түрлі топтарының бағасы оның жалпы бағасына қатынасы — НӨҚ – ң сипаттық немесе технологиялық құрылымын анықтайды. Байланыс саласының НӨҚ – ң құрылымында жұмыс машиналары, құрылғылар, 80 % — тен асатын беріліс құрылғылары бар. Динамикасында 0,2 – 0,4 % — тік жылдық өсімінің тұрақты тенденциясы бақыланады. Ол НҚ – ң сипаттық құрылымында оң ығысуын сипаттайды, оның құрамында жұмыс машиналары, құрылғылар көп болған сайын, операторларда қызмет көлемінің өсу мүмкіндігі бар, яғни кірістер мен пайда өседі.
НӨҚ – ң бағалау әдістері табиғи (натуральные) және ақшалай (стоимостные) болып бөлінеді.
НӨҚ – ң табиғи бағалау әдістері еңбек құралдарының техникалық құрамын, кәсіпорынның өндірістік қуатын, НӨҚ – ң деңгейлерін анықтағанда қолданылады. Табиғи формада НҚ – ды бағалау кезінде мыналар белгіленеді: құрылғының саны, оның өнімділігі, қуаты, өндірістік ауданның өлшемі және т.б. мөлшерлік шамалар.
Натуралды көрсеткіштердің негізінде НҚ – ң кірісі мен шығысының жоспарлануы жүзеге асырылады, құрылғының балансы құрылады, оған қызмет көрсету үшін керекті штат есептелінеді. Соған байланысты кәсіпорында инвентаризация мен паспортизация өткізіледі, бұл кезде НҚ – ң жеке түрлері және олардың әрқайсысының мөлшерлік сипаттамасы есептелінеді.
Натуралды көрсеткіш көрнекі және нақты болып табылады, бірақ еңбек құралдарының түрлерін және кәсіпорын немесе сала бойынша НҚ – ң жалпы бағасын анықтамайды.
НҚ – ң жалпы бағасын, оның динамикасы мен құрылымын, қайта өндірісінің жоспарлануын, тозу деңгейін анықтау үшін НҚ – ң ақшалай бағалау әдісі қолданылады.
НҚ – ды бағалау – бұл олардың ақшалай анықталуы. НҚ – ды бағалаудың негізгі түрлері мыналар болып табылады: бастапқы, қайта қалпына келтіру және қалдықтық көрсеткіштер.
Бастапқы көрсеткіш (баланстық) (Фп) – затты алуға, жеткізуге және монтаждауға кеткен шығынның іс жүзіндегі суммасы.
Осы көрсеткіш бойынша НӨҚ есепке алынады, олардың амортизациясы анықталады.
Қайта қалпына келтіру көрсеткіші (Фв) – қазіргі кездегі НӨҚ – ды қайта өндіруге кеткен шығын.
Қайта қалпына келтіру көрсеткішінің бастапқы көрсеткішке тәуелді ауытқу шамасы НТП – ға, инфляция деңгейіне және т.б. байланысты.
Қалдықтық көрсеткіш — бастапқы немесе қайта қалпына келтіру көрсеткішінің және тозу суммасының арасындағы айырмашылық, яғни, өндірілетін өнімге әлі ауыспаған негізгі құралдардың көрсеткіші.
Қалдықтық көрсеткіш заттың сапалық жағдайын, жарамдылық коэффициентін және физикалық тозуын анықтау үшін керек.
Ликвидациялық көрсеткіш – тозған немесе өндірістен алынған НҚ – ң көрсеткіші.
НҚ-ң ортажылдық көрсеткіші жылдың басындағы НҚ – ң кірісі мен шығысын есептегендегі көрсеткішпен анықталады. Яғни, мына формула бойынша:
Фс.г. = Фн.г. + (Фв.в.*n)/12 – (Фвыб.*m)/12 (1)
мұндағы, Фс.г. – НӨҚ – ң ортажылдық көрсеткіші, теңге;
Фн.г. – жыл басындағы НҚ- ң көрсеткіші, теңге;
Фв.в., Фвыб. – НӨҚ – ң кіріс және шығыс көрсеткіштері, теңге;
n,m — кірген және шыққан кездегі жылдың соңына дейін функцияланатын НӨҚ – ң толық айлар саны, ай.


Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы.
Өндіріс процесінде немесе уақыттың өтуіне байланысты негізгі қор тозады, жарамсыздыққа келеді, сондықтан өндірістік сипаты, құны төмендейді, жоғалады.
Физикалық /қара күштік/ және моральдық тозуды айыра білу керек.
Физикалық тозу – техника пайдалану қасиетінде конструкторлық элементтердің мықтылығы пайдалану процесінде /негізгі қор/ жояды, азайтады, сөйтіп өнімді талапқа сай сапада шығара алмайды, кейбір орындалуға тиісті функцияны істей алмайды.

 

 


Негізгі фондының тозу мөлшері пайдалану процесіндегі пайдалану дәрежесіне де байланысты /интенсивтік, тәулік іс салмағ /негізгі қорды даярлау сапасы, қандай материалдан, монтаждау сапасы, конструкторлық жеткіліктілігі, / өндіріс процесіне сыртқы жағдайдың әсерінен сақтау мүмкіндігі /коррозия, тайғақтығы, дымқыл, ерекше құрғақтық, шіру, т.б./, жабдық, құрал-сайман, құрылысты сапалы күте білу, профилактика, жөндеу, персоналдың техникалық, мамандық білім дәрежесі.
Қаралай /физический/ тозу біркелкі болмайды. Машинаның әр бөлшегі әр мезгілде іске қосылады, машинаны алғаш пайдалану кезі мен соңғы кезі тез өзгереді, ал орта мерзімде бірқалыпты, жай тозады. Машинаның іскерлік қалпын сақтау үшін пайдалану мерзімі ішінде тозған бөлшекті, детальды әр уақыт ауыстырып жаңалап отыру қажет. өндіріс көлемінде бұндай үнемі бөлшектерді жаңалау капиталдық жөндеу деп аталады. Ал негізгі фондының ескірген, тозған қалпына келтіру капиталдық құрылыс жолымен орындалады.
Қаралай /физический/ тозу дәрежесін Иф былай анықтайды.
Иф = Ск.р./Кв ·100, /3.4/
Ск.р – капиталдық жөндеудің смета бойынша құны;
Кв – жабдықты қалпына келтіру құны.
Моральдық тозу физикалық тозудан бұрын басталалды.
Негізгі қор физический жарамды жағдайда да моральдық тозу басталады, ол экономикалық тиімділікті төмендетеді, техникалық жетілдіру, заман, өмір талабына сай үнемді және жетілдірілген машиналар шығуда.
Моральлдық тозудың екі формасы бар, өндірісте еңбек құралының арзандауы мен өндірістің құнының кемуіне байланысты, еңбек құралына /оптовый/ көтерме құнның өнуінен. Сондықтан құралды өмір талабына сай жаңа құралмен тезарада алмастыру қажет, пайдалану құны бәрі – бір өзгермейді.
Құрал жабдықтың моральды тозуының жалпы көлемін анықтайтын:
Им = [(Кп — Кв)/Кп]· 100, /3.5/
Им – моральный тозу дәрежесі;
Кп –алғашқы, бастапқы құны;
Кв – қалпына келтіру құны.
Жабдықтың /физический, моральный/ жалпы тозуы:
Ио = 1-(1-Им)(1-Иф) /3.6/
Негізгі қордың тозуы күн және процент бойынша көрстеліеді, шығарылады. Негізгі өндіріс қорының жыл аяғындағы көрінісі төзу, жарамсыздық қорытындылары тозу коэффициентін анықтайды. Негізгі қордың тозу дәрежесін объектінің /бейненің/ сыртқы техникалық байқалуы арқылы да анықтауға болады.
Пайдалану мерзіміне байланысты негізгі қордың жалпы тозуы /конструктивті элементтер, жұмыс көлемі/:
Ио = Тф/Тн · 100 /3.7/
Тф – объект /бейненің/ берілген қызмет мерзімі;
Тн – объектінің нақтылы /нормативті/ қызмет мерзімі. Мерзім бойынша қызмет ету арқылы тозуды анықтау тек объектіні пайдалану дұрыс қалыптасқан жағдайда ғана анықталады. Ал ұзақ уақыт бойы бойынша есептеледі.
Егер байланыс құралының нақтылы қызмет нормативке жақын болса, ал қалдық мерзімі То нормативті мерзім мен нақтылыдан /фактический/ жоғары болса, онда тозу тең:
Ио = Тф/Тф+То /3.8/
Егер морально ескріген құрал –сайман, жабдық өнім сапасының көрсеткіші бойынша шығынға, электроқуаты, материалдар, амортизация, экономикалық жағынан тиімді болмаса онда оны мерзімінен бұрын пайдаланудан алынып тасталалды.
Негізгі қордың тозу шығыны орнына келтіру үшін, жабу үшін мекеме амортизациялық есеп айыру /отчисление/ және жөнлдеу жұмысына өзіндік құнды құрайтын жүргізеді.
Негізгі өндіріс қорлары (НӨҚ) байланыстың қызмет көрсету процесіне енгеннен кейін тозады және өзінің техникалық сипаттамаларын жоғалтады. Бұл құбылыс тозу деп аталады. Оның экономикалық мәні — еңбек жабдықтарының өзіндік тұтыну құны мен бағасының жоғалуынан тұрады. Негізгі өндіріс қорлары екі түрге бөлінеді:
физикалық тозу
моральді тозу
Физикалық тозу құрылғының істен шығуы, іске пайдалану кезінде сипаттамасының өзгеруі немесе қоршаған ортаның әсер етуі сияқты факторлармен байланысты. Тозудың бұл түрін материалды деп атайды. Өйткені оның заттай сипаты еңбек жабдығының белгілі бір сипаттамаларының өзгеруі болып келеді. Мысалы, құрылғыны көп қолданғаннан кейін оның түйіспелері мен қозғалыстағы бөліктері тозады, сапалығы мен мықтылығы төмендейді. Сыртқы ортаның (жоғары ылғалдық, қышқылдардың болуы) әсерінен металды бөліктер коррозияға ұшырайды, сөйтіп олардың қорғаныс қабықшалары бұзылады. Нәтижесінде негізгі жабдықтар түгелімен немесе олардың бөліктері белгілі бір функцияларды жүзеге асыру және сапалы қызмет көрсету қабілетінен айырылады.
Негізгі қорлардың көптеген түрлері физикалық тозуға әртүрлі жылдамдықпен ұшырайды. Мекемелер баяу, ал жұмыс машиналары және көлік жабдықтары тез ұшырайды. Осыны ескере отырып, арнайы нормативті актілермен негізгі өндіріс қорларының белгілі бір түрлерін қолданудың пайдалы мерзімі бекітілді. Ресей Федерациясы бойынша қолданудың пайдалы мерзіміне байланысты барлық өндіріс қорлары 10 топқа бөлінеді (8.3 кесте). Әр топта мерзім уақыттық интервал түрінде құрылады. Мысалы, бір жылдан екінші жылға дейін, үш жылдан бес жылға дейін, жиырма жылдан жиырма бес жылға дейін және т.б. Операторлар бекітілген интервалдарға сүйеніп, негізгі қорлардың қолданылу пайдалы мерзімін анықтайды.
Негізгі өндіріс қорларының материалды тозуын анықтайтын негізгі факторлар:
қолдану қарқындылығы және жұмыс ұзақтығы;
негізгі қорлардың сапасы;
қоршаған ортаның әсері және құрылғыларды зиянды әсерден қорғау;
техникалық қызмет көрсетудің сапасы және периодтылығы.
Жалпы жағдайда негізгі қорлардың физикалық тозуы өзінің қызмет ету мерзімі кезінде бірқалыпсыз өтеді. Жұмысқа пайдаланудың бастапқы периодынды тозу жылдамдығы жоғары, өйткені жаңа құрылғыны өндіру, монтаждау, байланыс объектілерін құру кезінде жіберілген кемшіліктері шығады. Содан кейін қолданудың пайдалы мерзімінің үлкен бір бөлігінде немесе периодында физикалық тозу орташа қадаммен өседі.. Негізгі қорлар толық физикалық қабілетсіздікке келгенде, тозу қадамы күрт өсіп кетеді.
Физикалық тозудың даму қадамының бәсеңдеуі- байланыс саласының мәнді функцияларының бірі. Яғни, тозудың бәсеңдеуі құрылғының уақыты және қуаты бойынша рационалды қолданылуы, қызмет көрсету тәсілдерінің өңделуі, уақытында сапалы жөндеу жүргізу, өндіріс орындарында жақсы климаттық жағдайлар (температура, ылғал) тудыру және сыртқы зиянды факторлардан қорғаудың нәтижесінде болады. Осының барлығы ұжымның материалды-техникалық базасына оң әсер етеді, өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Физикалық тозу (Иф) қызмет ету (Тсл) мерзімі кезіндегі амортизациялық шығындардың (А) қосындысына тең немесе бұл мәннің НӨҚ-ның балансты бағалануына қатынасымен 100%-ға көбейтілуі. Яғни,

Иф =∑ Аt және Иф =(∑ Аt / Фб)*100

Ғылыми-техникалық прогресстің шарттарына сәйкес, негізгі қорлар физикалық тозумен қатар моральды тозуға ұшырауы мүмкін. Бұл тозу құрылғының физикалық ескіруімен байланысты емес.
Моральді немесе экономикалық тозу дегеніміз еңбек жабдықтарының тұтыну бағасы және ғылыми-техникалық прогресстің әсерімен пайда болған бағалар құнының жоғалуы.
Моральді тозудың негізгі екі формасы бар. Біріншісі негізгі қорлардың өңдірілуіне кеткен экономикалық шығындардың қысқартылуымен түсіндіріледі. Моральды тозудың бірінші формасында негізгі қорлардың құны төмендейді, бірақ олардың тұтыну бағасы сақталып қалады.
Моральді тозудың екінші формасы нарықта байланыс құрылғыларының, станцияларының жаңартылған, жоғары өнімді және үнемді түрлерінің пайда болуы нәтижесінде негізгі қорлардың бағасының тұтыну құнының төмендеуіне әкеліп соғуымен түсіндіріледі.
Мысалы, координатты автоматты телефон станциялары (АТС) пайда болуы декадты-қадамды станциялардың моральді ескіруіне әкелді. Ал өз кезегінде электронды коммутациялық құрылғылардың пайда болуы координатты АТС-терді моральді тоздырды. Алайда, координатты АТС-тер әлі толығымен істен шыққан жоқ. Моральді ескірген, тозған құрылғылардың көмегімен жасалған қызметтің сапасы төмен болғандықтан өз тұтынушыларын жоғалтады. Сымсыз байланыс аумағында NMT-450 стандарты GSM стандартына қарағанда ескірген. Сондықтан нарық экономикасы шарттарына сәйкес байланыс операторларының жұмыстары табысты болу үшін, моральді тозған құрылғыны ауыстыру керек.
Тұрақты экономика шартына сай моральдік тозу бастапқы және қайта қалыптасқан негізгі өндірістік қордың бағасына байланысты анықталады:

Им=Фп – Фв немесе Им=(Фп – Фв)100/Фп.
Қайта қалыптасу бағасы инфляцияның жоғарғы темпінде бастапқыға қарағанда үлкен болуы мүмкін, яғни негізгі қорлардың материалдық немесе экономикалық құрамына ғана емес, сонымен қатар баға факторларына да байланысты болып келеді. Сондықтан, моральдік тозудың жеткілікті дәрежедегі тұрақтылығы не эксперттік жолмен, не қызмет көрсету мерзімдерінің негіздеріне сәйкес және орнатылған мерзімнің пайдалы НӨҚ қолдану арқылы анықталады. Бұл тәсіл құрылғылардың жеке түрлерінің моральдік тозу шамасын бағалау үшін жеңіл қолданылуы мүмкін. Егер де ұйымның негізгі амалдарының жиынтығының барлығына колдану қажет болса, онда қызмет көрсету мерзімдерінің көрсеткіштерімен бекітілген және тиімді пайдалану мерзімдері әр жас ерекшелік топтарында орта есеппен анықталады.
Жалпы тозу негізгі өндіріс қорларының физикалық және моральдік тозуы бойынша есептеледі:

Ио=100 – (100 – Иф)(100 – Им).

Тозу мәселесін қарастыра отырып, бір нәрсеге көңіл бөлу керек, пайдаланылса да, әлде өндіріс процесінде пайданылмаса да (қоймада және т.б. жерлерде), барлық НӨҚ физикалықта да, сонымен қатар моральдікте де көңереді. Жұмыс жасамайтын негізгі қорлар жаңа өнім шығармай және қызмет көрсетпейтіндіктен, тозу соңғы жағдайда кері әсерін тигізеді, яғни тозудың орнын толтырмайтын операторлардың тікелей шығыны болып табылады.
Техникалық жаңа жаңдандыру, байланыс құрылғыларын жаңалау және де қазіргі заманға сай цифрлық құрылғылар негізіндегі желіні кеңейту, соңғы жылдары төмендеп кеткен негізгі өндіріс қорларының тармақтарындағы тозудың төмендеуінің тұрақтылығына алып келеді, мысалы, электроэнергетикада, транспортта және өндірісте. Қоғамды ақпараттандыру шартында телекоммуникация жүйесіне қойылатын талаптардың жоғарлауын ескере отырып, НӨҚ жасаралық және сапалық құрамының жақсаруына бағытталған және құрылғыларының тозу шамасын азаюына арналған, байланыс саласында тізбектелген политика жүргізіледі.
Еңбектің жаңа амалдарын енгізу нәтижесінде, жаңа құрылыс, қайта құру және техникалық қайта жабдықтаудың есебінен тозудың дәрежесінің төмендеуі негізгі өндіріс қорларының жаңаруына ықпалын тигізеді. Негізгі қорлардың жаңаруын сипаттау үшін келесі көрсеткіштер қолданылады:
жаңару коэффициенті, НӨҚ – ның жыл бойы енгізілген бағаның жыл аяғындағы мәнінің қатынасы, яғни:

Коб=Фвв / Фк.г.;

шығыс коэффициенті, негізгі қорлардың жыл бойғы шығыс бағасының жыл басындағы баға қатынасы тең:

Квыб=Фвыб / Фн.г.;

Байланыс саласында жаңару коэффициентінің нақты мәні соңғы жылдары тұрақты өсуде және жылыны 10-12%-ын құрайды, бұл өндірістегі қарағанда жоғары. Негізгі өндірістік байланыс қорларының орташа жылдық шығыс коэффициенті 2%-ды құрайды, ал бұл жеткіліксіз болып табылады.
Амортизация
Негізгі өндіріс қорларының тозуын өтейтін экономикалық амалы амортизация болып табылады. Амортизация — НӨҚ бағысының жаңадан пайда болған өнім немесе қызметтің тозуының бағасын біртіндеп орнын басуын көрсетеді. Амортизацияның сандық мәні және оның ақшалай көрсеткіші болып, негізгі өндіріс қорларының толық қайта құрылуына арналған амортизациялық өтеулер болады. Амортизациялық өтеулерді экономикалық тұрғыдан алсақ, еңбек амалдарындағы ақшаның заттануы, бір өндіріс айналымында шығындалатын өнім мен қызметтің эквивалеті.
Амортизация –негізгі қор құнын ақырындап өндірілетін өнімге өткізу, түсіру. Ондағы мақсат ақшалдай қор жасау, ол негізгі қор жалғасына жатады. Ол амортизационный деп аталады. Оның қайнар көзі негізгі қор құнына қатынасы бар іс процесіндегі амортизацияның есеп айыру /отчисление/ нормасы. Норманы құрастыру жолында техникалық прогресс есепке алынады /моральный износ/. Норма белгілі мерзімде негізгі қорды пайдаланғанда /Ти/ амортизациялық /отчисление/ есеп айырудың көмегімен амортизациялық /расчтеная/ есеп айыру қорытындысы шығатындай болуы керек. Са.
СА=Кв-Кл /3.9/
Кв – негізгі қор құны қалыптастырарлық;
Кл – қалдық құн /құрту, жоюға байланысты шығындарды есептей отырып/.
А – амортизациялық жылдық қорытынды:
EMBED /3.10/
Ні – толық қалпына келтіру амортизация нормасы /реновация/ негізі қордың i – түрі;
Кі – негізгі қор құнының орта жылдығы бойынша.
Амортизациялық есеп айыру мекеменің негізгі қорын толық қалпына келтіруіне арналған қор. Амортизацияланған негізгі қордан амортизация ұсталмай, алынбай әрі қарай пайдалан беріледі. Негізгі қордың жеке бөліктерін қалпына келтіру үшін капитальный, орташа, күнделікті- жөндеулер жасаладыд, ол үшін жөндеу қоры құрылады.
Тиімді пайдалану мерзімдерінің кестесі бойынша, көрсететін НӨҚ-ның әрбір түріне сәйкес келетін амортизация нормасы (Наі) және негізгі өндірістік қорлардың нақты түрінің (Фі) бағасынан операторлар амортизациялық өтеулерді шығарады.

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 2 – Амортизация топтарын қоса алғандағы байланыстың негізгі қорларының классификациясы.
Амортизациялық топтар
Тиімді пайдалану мерзімдері
Байланыстың негізгі қорлар түрлерінің мысалы (амортизация объектілері)
1
2
3
Бірінші
Бір жылдан екі жылға дейін
Телекоммуникациялық құрылғылар мен линиялы-кабельдік жұмыс үшін байланыс жолдарын пайдалануға арналған арнайы жабдықтар мен құралдар.
Екінші
Екі жылдан үш жылға дейін
Кабель орнатушы
Үшінші
Үш жыддан бес жылға дейін
Таксофондық және радиотелефондық аппараттарын қоса алғандағы, телефон аппараттары мен арнайы құрылғылары



Оныншы
Отыз жылдан аса
Темірбетонды және металл каркасты ғимарат.

Іс жүзіндегі салық заңдылықтарына сәйкес басқарушы субъектілер байланыс операторларымен бірге амортизациялаудың екі түрлі әдісінің бірін қолданады: сызықты немесе сызықсыз. Сызықтық әдіс – пайдалануға берілген мерзімге тәуелсіз ғимараттардың, құрылысының және таратушы құрылғылардың амортизациялық есептеулерді анықтауда қолданады. Жоғарғы негізгі өндірістік қорларға қарағанда ұжымдар жоғарыда айтылған екі әдістің біреуін қолдана алады.


Hai = (1/Tпол. исп.)*100

Мұндағы Hai – і-інші түрдегі амортизациялау алғашқы бағасының пайыздық қатынасының амортизациялау нормасы. Тпол.исп. – осы амортизациялау объектісін тиімді қолдану айға шаққандағы мерзімі.
Сызықсыз әдісті қолдану кезінде амортизациялау санағының мынандай есептеу формуласы қолданылады.

Наі = (2/Tпол. исп)*100

Амортизациялау есептеуінің сызықсыз әдісін қолданады. Негізгі қаржылардың қолдық бағасы есепке алынады, ал амортизациялық төлемдермен есептеу мынадай жолмен жүреді; осы айдан келесі айға бұл кезде амортизациялау объектісінің қолдық бағасы оның алғашқы (қалыпқа келтіру) бағасының 20%-на жетеді және осы қалдық баға амортизациялық төлемдер мақсатында базалық бағасы болып тіркеледі.
Содан кейін жалпы қаржының осы объект бойынша бөлінетін бір айлық амортизация саласы осы объектіні тиімді пайдалану мерзімі біткенге дейінгі айлар санына бөлу арқылы анықталады.
Өзінің экономикалық маңызы бойынша амортизациялық төлемдер нормасы жаңа өнім бағасына айналып, ай сайын қайтарылып отыратын негізгі қаржының бір бөлігінің салыстырмалы көрсеткіші болып табылады. Негізгі қорлардың жаңарып отыру қарқыны жөнінен амортизация нормасының абсолюттік көлемі өте жоғары маңызға ие. Егер амортизация нормасы төмен деңгейге белгіленсе, онда операторға негізгі өндірістік қор үшін қаржы жинауға ұзақ уақыт қажет болады, бұл дегенін ғылыми-техникалық прогрестің қарқынын баяулатады. Ал жоғары норма жағдайында ұжымдардың қоғамдық еңбек шығындары жоғарылап, жасалатын қызметтердің өзіндік құны артады. Бұл дегенің байланыс қызметтердің тарифтері өзгеріссіз болса, өндірістің рентабельдігі мен түсетін пайдасының төмендеуіне себеп болады, ал бағаны өсіру – қызметтерді пайдалану деңгейінің қысқаруына әкелуі мүмкін. Сондықтан, амортизациялық нормаларды белгілеу кезінде ғылыми-техникалық прогресстің өсу талаптарын қанағаттандыратын, телекоммуникациялық компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру және қолданушылардың төмен бағалы негізгі қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ететін парасатты – жеңіл жолдарды табу қажет.
Амортизациялық төлемдердің есептеу формуласының жалпы түрі мынадай:
А=∑ФіНаі/100

Мұнда: Фі – і-ші түрдегі негізгі өндірістік қорлардың бағасы.
Жоғарыда айтылғандай, сызықтық әдіс кезінде амортизацияға төлеу алғашқы негізгі қорларды соңғы 2 қайта бағалау аралығында қолданысқа енгізілген объектілер үшін және қалпына келтіру (соңғы қайта бағалау кезінде іске қосылған объектілер үшін) бағасы есепке алынады, ал сызықсыз әдіс қолданылса, онда амортизация объектілерінің қалдық бағасы есепке алынады.
Еңбек құралдарының кейбір түрлерін пайдалану шарттарын көрсететін спецификалық факторларды есепке алу мақсатында амортизацияға төлеу тәртібі әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, егер негізгі қорлар агрессиялық орта жағдайында қолданылса, жұмыстың жоғары сменалығында болса немесе қаржылық аренда келісім-шарты (лизингтік келісім-шарт) болып табылатын болса, онда ұжым амортизациялық нормаларға арнайы нормативті – заң шығарушы актілер белгілеген көлемнен аспайтын жоғары коэффициенттерді қолдануына құқылы.
Амортизациялық төлемдер тек белгіленген мақсатта қолданылуы тиіс, яғни ғылыми-техникалық және өндірістің дамуына, қайта өндіріс пен байланыс ұжымдары негізгі қорларының жетілдірілуіне. Бұл өндірістің материалды-техникалық базасының жақсаруына қамтамасыз етеді, көрсетілетін қызметтердің санын көбейту мен олардың сапасын жоғарылату себеп болады.


4. Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштік жүйесі
Байланыстың негізгі қорын пайдалана білу, жетілдіру — әр мекеменің маңызды міндеті. Негізгі қордың мекеме экономикасына әсер етуін жоспарлайды, бағалау үшін көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады. Олар шынайы табиғи және құндық көрсеткіштерден құралады. Құндық көрсеткіштер экономиканың барлық саласына ортақ болып табылады, ал табиғи көрсеткіштер НҚ – ң технологиялық құрамының ерекшелігін есептейді.
Табиғи технико – экономикалық көрсеткіштер үшке бөлінеді:
құрылғылар мен каналдарды қолдану;
құрылғылардың жұмыс істеуі;
байланысқа енгізілген өндірістік қуатты меңгеру.
Табиғи технико – экономикалық көрсеткіштер негізгі қордың негізгі құралды пайдалану уақыты, өндірістік, күшті пайдаланылуын байқатады. Төмендегіше:
1/ экстенсивті пайдаланудың коэффициенті:
Кэ — /уақыт бойынша/
/3.11/
Кэ1= Тф/Тр, Кэ2 =Тф/Тк, Кэ3 =Тр/Тк,
Тф – негізгі қордың нағыз жұмыс уақыты;
Тр – кесте бойынша /расписание/ жұмыс уақыты;
Тк – календарлық уақыт;
Кэ1 –тоқтап қалу уақытына әсерді көрсетеді, жоспарлы өзгерістер, жабдықтың /оборудования/ жұмыс кестесін;
Кэ2 –егер тоқтап қалу зақымдану уақытына байланысты болса, онда жөндеу қызметі коэффииценті керек /КИД/;
Кэ3 – жабдықтың /оборудование/ пайдалы іспен шұғылданбаған, бірақ босқа тұрған уақытының бөлікшесін көрсетеді /жалғауға кеткен уақыт/.
2/ негізгі қорды интенсивті пайдалану Ки көрсеткіші /өткізгіштік қабілеті/:
Ки = Пф/Пв, /3.12/
Пф – орындалған жұмыс көлемі /өнімі/;
Пв — мүмкіндік жұмыс көлемі норма бойынша.
3/ интегральді пайдалану коэффициенті негізгі фондыны пайдалануға жалпы сипаттама береді:
/3.13/
Кинт =Кэ ·Ки
4/ жабдықтың /оборудование/ қызметке, іске қосылуы Мн жабдықтың бетпе бет іс әрекетінің көрсеткіші Мg: Кз= Мg/Ми.
Негізгі қордың пайдаланудағы құндық көрстекіші негізгі қорды мекемелерде, ССРО, республика байланыс салаларында пайдалану үшін жинақтау бағасына есептелелді.
Негізгі құндық көрсеткіш негізгі қорды пайдалану дәрежесі мен фондоотдача көрсеткіші ретінде қолданылады:
EMBED /3.14/
Q – жыл ішіндегі ақшалай алынған өнім көлемі;
EMBED — негізгі қордың баланс құны.
Кфо көрсеткіші негізгі фондының өнімді 1 сомға бағалағандағы Сем сипаттайды.
Керісінше фондоотдачи көлемі –фондоемкость көрсеткіші:
/3.15/
EMBED
негізгі қор сомға баланып алынған көрсеткіш.
Негізгі қорды пайдалану абсолюттік коэффицент тиімділігінің пайда көлемін сипаттайды, ол негізгі қорға 1 сомына келуі бойынша:
/3.16/
EMBED
П – мекеме кірісі.
Мекеме жұмысшыларына еңбек құралымен қамтамасыз ету дәрежесін сипаттау үшін фондовооруженность /құралдану фондысы/ көрсеткіш пайдаланылады:
/3.17/
EMBED
EMBED — жұмысшы қызметкерлердің негізгі істегі орта тізім саны.
Ең төмен фондовооруженность почта байланысында, телеграфистерде 2 есе көп, байланыс телефонында 5-6 есе көп телеграфистерге қарағанда, ең көбі радиобайланысы мен радиотаратуда.
Құндық көрсеткіштер салалар, мемелкет, барлық халықшаруашылығы бойынша негізгі қорды салыстыруды пайдалануға болады.

Құрылғылар мен каналдарды қолдану көрсеткіштері жеке түрдегі байланыс құрылғылары үшін ортақ болып табылады. Оларға мыналар жатады:
экстенсивті пайдалану коэффициенті;
интенсивті пайдалану коэффициенті;
интегралды пайдалану коэффициенті.

Мысал:
Таратқыш 24 сағаттың ішінде 18 сағат жұмыс істеді, 650мың көлемдегі сөздің 400мыңы жіберілді.
0,75 – экст.
0,61 – интенс.
0,46 – интегр.

Құндық көрсеткіштер
НӨҚ – ды қолданудың тиімді көрсеткіші бұл — НӨҚ –ды қолдану көрсеткіші немесе қорқайтарылым (фондоотдача) болып табылады. Қорқайтарылым негізгі капиталдан қанша өнім алынғанын көрсетеді.
Екінші көрсеткіш — қорсыйымдылығы (фондоемкость), НӨҚ – ң ортажылдық көрсеткішінің (Фк) өндірілген өнімнің көрсеткішіне (Досн.) қатынасымен есептелінеді. Қорсыйымдылық байланыстың кірістер бірлігі (1 теңге) алынған кезде НӨҚ – ң қандай көрсеткіші кеткенін көрсетеді.
Мекеме жұмысшыларын еңбек құралымен қамтамасыз ету дәрежесін сипаттау үшін құралдану қоры (фондовооруженность) көрсеткіші пайдаланылады.

5. Байланыс кәсіпорнының айналым құралдары, оның құрамы мен құрылымы, айналым құралдарын қолданудың көрсеткіштері.
Бұл айналым ереже бойынша 1 өндірістік ициклда орындалады, яғни сол уақыт аралығында НҚ толықтай шығындалады және өзінің көрсеткішін жаңадан өндірілген өнімге немесе қызмет көрсетуге ауыстырады. Айналым құралдары үнемі қозғалыста болады.
Байланыс кәсіпорынының айналым құралдары біртекті емес және өзінің құрамына айналым өндірістік қорларын және айналым қорларын енгізеді.
Кәсіпорынның өндірістік айналым қорлары қызмет көрсетумен тікелей тікелей байланысты және өзінің құрамына көмекші материалдардың қорларын, сол уақыттағы қызмет көрсету және құрылғыларды жөндеу үшін қор бөлшектерін, жанармай, құрал жабдықтар және шаруашылық инвентары, негізгі емес қызметте байланыста бұл топқа мыналар кіреді: шикізат, негізгі материалдар, аяқталмаған өнім, болашақ периодтар шығыны және т.б.
Айналым өндірістік өндірістік қорлар өндіріске өзінің табиғи күйінде түседі және қызмет көрсету кезінде толығымен қоланылады.
Айналым құралдарының екінші бөлімі – айналым қорлары. Айналым қорлары дегеніміз есептеуіш шоттардағы және кассадағы өндірістің ақша құралдары, құнды қағаздарға енгізу, дебиторлық қарыз. Бұл дайын өнімнің ненгізгі емес қызметтен қорға салынған өндіріс құралдары, яғни складтағы формалық киім және т.б.
Ақша құралдары және құнды қағаздар – айналым құралдарының ликвидті бөлімі.
Айналым құралдарының бөлек элементтерінің қатынасы жалпы құны бойынша айналым құралдарының құрылымы деп аталады. Байланыс саласында өндірістік айналым қорлары 30%( өндірісте 70%-ке дейін ) келеді, ал айналым қорларына 70%-ке дейін келеді.
Салалық кесінділерде айырмашылықтар бар, олар көптеген факторларға байланысты: техникалық жабдықтауға, еңбек ұйымына, өзара есептеуде , абоненттермен есептесу тәсіліне және т.б.
Осылай өзініңм экономикалық табиғатында айналым құралдары – бұл өндірістің айналым қорларына салынған ақша құралдары және айналым қорлары. Айналым құралдарының негізгі қызметі өндірісті үздіксіздігін және бірқалыптылығын қамтамасыз ету.
Айналым құралдарын формалаудың көздері.
Нарықтық экономика шарттарында формалаудың және айналым құралдарының көздері болып меншіктік және қарыздық құралдар болып табылады.
Меншіктік айналым құралдары жетіспегенде өндіріс банктегі аз мерзімді несиелер түріндегі қарыздармен, несиелік қарыздармен және де қарыздардың басқа да түрлерімен қолданылады.
Өндірістің тиімді қызметінің ең бір маңызды шарттарының бірі өндірісте айналым құралдарының керекті мөлшерінің минималды болуы.
Айналым құралдарын нормалау.
Әр түрлі айналым құралдарына деген қажеттілік оларды нормалауда негізделген, сонымен қатар нормаланғанға негізгі байланыс саласында бүкіл айналым құралдары жатады, ал негізгі емеске — аяқталмаған өндіріс және өндіріс қорындағы дайын өнім.
Айналым құралдарын нормалауды негізделген нормаларды орнату және оларды шығындаудың нормативтері ретінде түсіндіруге болады.
Айналым құралдарының нормалары – бұл айналым құралдарының әр түріне деген кәсіпорынның минималды қажеттілігі. Мысалы, қордағы бөлшектердің нормалары құрылғының балансты бағасының процентімен анықталады, материалдардаң және жағармайдың нормалары олардыңм кәсіпорын қорындағы күндерімен анықталады, жұмыс киім нормалары теңгемен, яғни кәсіпорындағы бір жұмысшы үшін деп анықталады.
Айналым құралдарының нормативтері ақша түрінде кәсіпорынның оныңм әр түріне деген қажеттілігін сипаттайды. Жалпы нормативтер айналым құралдарының і-ші түрі ретіндегі норманың туындысы (Hoc i) және осы нормаға байланысты көрсеткіш (Ki) ретінде анықталады.
яғни, Hi=HociKi (7)
Кәсіпорынның айналым құралдарындағы жалпы қажеттілігі айналым құралдарының нормативтерінің барлық түрлерінің суммасымен көрсетіледі.
Hобщ= QUOTE (8)
НҚ кәсіпорында тиімді пайдалану көрсеткіштері.
Айналым құралдарының мөлшері өнім мөлшеріне және айналым ұзақтығына байланысты. Құралдар айналымды неғұрлым тезірек жасаса, соғұрлым өндірістің сол мөлшерде аз болуы талап етіледі. Сондықтан айналым құралдарын пайдалану тиімділігі олардың қимылының жылдамдығымен (бұрмалаушылықпен) сипатталады.
Бұрмалаушылық көрсеткіштеріне келесілер жатады:
— Бұрмалаушылық коэффициенті;
— Бір бұрмалаушылықтың ұзақтығы;
— АҚ айналымға енгізу коэффициенті.
Бұрмалаушылық коэффициенті:
Коб=До.д./Ос об/период (9)
Нег3з3нде б9л коэффициент қарастырылып отырған уақыт периодындағы айналым құралдарының айналым санын анықтайды.
Бір бұрмалаушылықтың ұзақтығы уақыт аралығын күн бойынша көрсетеді, яғни сол уақыт аралығында авансталған айналым құралдары кәсіпорынға қызмет көрсету бағасының бөлшегі ретінде қайтып оралады.
Кд=ОсЧд/До.д. (10)
Мұндағы, Ос — қарастырылып отырған периодтағы айналым құралдарының орташа бағасы(жыл, квартал), Чд – периодтағы күндер саны (бір жыл есебінде 360 күн деп алынады, кварталға – 90 күн), До.д – сол периодтағы негізгі қызметтен түскен кіріс соммасы.
АҚ айналымға енгізу коэффициенті , яғни оның өлшемі бұрмалаушылық коэффициентіне кері, айналым құралдарының қызмет көрсетуге кеткен соммасын сипаттайды.
Кзаг=1/Коб=Ос/До.д. (11)
Бұрмалаушылықты тездету тиімділігі ақша құралдарын босатумен сипатталады, яғни пайдалануды жақсарту үшін байланыста қолдануды азайтумен. Босату өлшемі мына формуламен анықталады:
∆Ос= (До.д/Чд)(Кд1-Кд2), егер Кд1>Кд2 болса (12)
Мұндағы Кд1 және Кд2 – салыстырмалы периодтағы бір айналым ұзақтығы немесе бір периодтағы жоспарлық немесе есептік мәліметтер.
Айналым құралдарын қолдануды жақсартудың негізгі бағыттары мыналар: кәсіпорынға байланыс құралдарына қызмет көрсету немесе эксплуатациялау кезінде материалды және энергетикалық ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз ететін прогрессивті техниканы немесе технолггияны енгізу; материалды техникалық қамсыздандыру жүйесін жеткізушімен тікелей ұзақ келісімдер арқылы жақсарту , жеткізу комплекстілігі, материалдардың және қорлағы бөлшектердің сапалылығын жақсарту; айналым құралдарының және экономикалық стимуляцияның нормаларын жақсарту, олардың сақталуын және қолданылуын жақсарту; тауар және материалды құндылықтардың артықшылықтарын жаңашыл етіпи реализпциялау; материалдардың барлық түрлерін, қордағы бөлшектерді, жанармайды электроэнергияны үнемдеу, құрылғыларды пайдалану мерзімін ұзарту.
6. Негізгі қор мен айналым қорларының салыстырма түрлері.
Жоғарыда айтылғандай, негізгі қорлар мен айналым қорларының мағынасы мен түрлері қарастырылды. Ендігі қарастыратынымыз негізгі қорлар мен айналым қорларының ерекше белгілері (Кесте 2).

Кесте 2 – Негізгі қор мен айналмалы қорды салыстыру
Ерекше белгілері
Өндірістік қорлар

Негізгі қорлар
Айналмалы қорлар
Құрамы бойынша
Қызмет істеу мерзімі бір жылдан артық еңбек құралдары
Қызмет істеу мерзімі бір жылдан кем еңбек заттары мен құралдары
Өндіру процесіне қатысу ұзақтылығы мен жұмыс істеу сипаттамасы бойынша
Бірнеше айналымдар бойы өнім шығаруда толық көлемде қатысады
Әр айналымдарда (өндірістік циклдерде) толығымен пайдаланылады
Натуралды нышанды өзгерту сипаттамасы бойынша
Өзінің натуралды нышанын сақтайды. Өндіріліп жатқан өнімнің құрамына кірмейді
Өзінің натуралды нышанын өзгертеді. Жаңа өнімнің құрамына заттай кіреді.
Құнды тасымалдау әдісі бойынша
Өзінің құнын жаңа өнімге бөлшектеп тасымалдайды – тозу мөлшері бойынша
Бір өндірістік цикл ішінде өндіріліп жатқан өнімге өзінің құнын тасымалдайды
Айналымға салу әдісі бойынша
Өзінің айналу (қызмет істеу мезгілі) уақыты ішінде бірнеше тізбекті айналымдарға қатысады. Айналу процесінде құнның тасымалданған (пайдаланылған) бөлігі (амортизация) біртіндеп амортизациялық қор түрінде жинала береді, тасымалданбаған бөлігі (қалдық құн) пайдалану ортасындағы негізгі қорлардың құрамында қалады.
Олардың айналу периоды бір айналымның периодына сәйкес келеді
Қайта өндірудің периодтылығы мен жаңарту әдісі бойынша
Бірнеше айналымдардан немесе қызмет істеу мезгілінің өтуінен тозуына байланысты пайдаланудан шығарғаннан кейін жаңартылады
Әр айналымнан кейін натуралды нышанда жаңартылып отырылады

Байланыстың негізгі қорлары – саланың өндірістік қорының басым бөлігі, үздіксіз қайталанатын еңбек процесінде (бірнеше айналымдарда) толық көлемде көп рет қатысатын, құндық нышанда көрсетілген еңбек құралы, бұл кезде өзінің натуралды нышанын сақтайды және өнімнің тозу мөлшеріне байланысты құнды біртіндеп өндіріліп жатқан өнімге тасымалдайды. Осының салдарынан негізгі қорлардың авансталған құны толық айналымды құрайтын (қызмет істеу мезгілінің бітуіне байланысты) бірнеше айналымдардан кейін толық қайтарылынады.
Мысалы, қалааралық телефондық байланыстың тарату жүйелері, телеграфтық арна құратын және басқа аппаратуралар әр өндірістік циклден кейін өндіру процесінен алынып тасталынбайды, өзінің натуралды нышанын сақтап, 20-25 жыл бойы өзінің өндірістік функцияларын орындап келеді. Сонда не өзгереді? Өндіріліп жатқан байланыс өнімінің құнына тасымалданатын, біртіндеп тозуына байланысты олар құнның бөлшегін жоғалтады.

Бақылау сұрақтары:
1.Байланыс кәсіпорнындағы НӨҚ құрамы және құрылысы?
2.НӨҚ тозуы дегеніміз не және ескірудің қандай түлерін білесіз?
3.НӨҚ амортизациясы дегеніміз не, амортизацияны есептеудің қандай тәсілдері бар?
4.НӨҚ пайдаланудың тиімділігінің қандай түрлері бар?
5.Байланыс кәсіпорнында айналым құралдарының құрамы және құрылысы қандай?
6.Айналым қорларын қолданудың тиімділігінің қандай көрсеткіштерін білесіз?
7.Негізгі өндірістік қорлардың айналым құралдарынан айырмашылығы неде?



Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *