Байланыстық қызмет көрсетудің өзіндік құны және оны төмендету жолдары. Саладағы баға белгілеу жүйесі.
1. Өзіндік құнның экономикалық мәні.
2. Пайдалану шығындарының жіктелуі.
3. Өзіндік құнды анықтау әдісі, өзіндік құнның калькуляциясы.
4. Өзіндік құнды төмендету жолдары және мәні.
5. Байланыс қызметіндегі баға белгілеу жүйесі.
1. Өзіндік құнның экономикалық мәні.
Өзіндік құн кез келген шаруашылық субъектісінің ең маңызды қызмет көрсеткіші болып табылады. Ол берілген көлемдегі өнімді немесе қызметті жасап шығару үшін кәсіпорынға қанша ақша керек және қанша шығын кететінін көрсетеді. Экономикалық мазмұны бойынша бұл шығын түрі байланыс өндірісі процесі кезінде пайдалынылған еңбек ресурстарының, негізгі қорлардың және айналым қаражатының белгілі бір кезеңдегі бағасын көресететін түрі болып табылады.
Біруақыттық және негізгі шығыннан айырмашылығы бұл шығындар ағындық және пайдалану шығындар деп аталады.
Тарифтерді есептеу үшін қызметтің барлық көлемінің(пайдалану шығындары) өзіндік құнын 100тг. пайданың өзіндік құны және әртүрлі қызмет түрлерінің өзіндік құны деп ажыратады.
Байланыс кәсіпорынының толық өзіндік құнына кіретін шығын құрамын ҚР салықтық кодексімен белгіленеді және байланыс жасауға тікелей байланыссыз ақталмаған шығындар саласы үшін бірдей болып табылады.
Қазіргі уақыттағы күші бар әдістерге сәйкес байланыс ұйымдарының шығындарына келесі бөлімдер кіреді:
Эр.=Зпл.+Осн.+Ао+Мз+Пр. (1)
Барлық экономика салалары үшін бұндай шығындар бөлімі құрамы бірдей болып табылады және ол оған кіретін элементтердің экономикалық біртектілігіне негізделген. Сонымен бірге салалық ерекшеліктер нақты шығын бөлімдерінде де көрінеді: мысалы, қызмет көрсетудің желілік сипаттамасы оператормен есептесу шығындары түрінде, ал почталық байланыста почтаны тасымалдау шығыны түрінде бейнеленеді.
Еңбек ақысын төлеу шығындарына кәсіби шеберлік үшін жұмыс режиміне және еңбек шартына байланысты еңбек ақы мөлшеріне және тарифтік жалақы мөлшеріне сыйлық, үстемақы, осыған қоса жүріп тұратын жұмыс сипатына байланысты үстемақы, түңгі уақытта жұмысы үшін, мамандықты пен қызмет көрсету аймағының ұлғаюын екі нәрсені бірге істеуіне, ауыр және жұмыстың еңбек шартының зиянды болуна байланысты кәсіпорындағы ақы жүйесіне сәйкесті негізгі және қосымша еңбек ақы кіреді.
Әлеуметтік қажетіліктерге төлем қосындысы келісім шарттарға сәйкес міндетті сақтандыру ұйымдарымен жүзеге асады. Бұл екі бөлім өзіндік құн құрылымында салыстырмалы орынның ең көбін алады, шамамен 40-50 %.
Амортизациялық аудару – ағымдағы пайдалану шығындарының құрама бөлігі болып табылады. Олардың шамасы НӨҚ баланстық құнына, тозу деңгейіне, амортизацияны есептеу әдісіне байланысты болып келеді.
Материалық шығынның құрамы жасап шығарылатын өнімнің салалық ерекшелігін көрсетеді, анығырақ айтатын болсақ байланыстың затсыз сипаты, бұл қарастырып отырған шығын тобында шикізат пен материал алуға шығын жұмсалмайды.
Байланыс ұйымдарында материалдық шығындарға мына шығындар жатады:
пайдалану процесі кезінде негізгі қорлардың ағындық құрамы мен басқару, сынақтар жүргізу үшін керекті лабораториялық жабдықтар, құрылғылар, құрал саймандар, материалдар мен запастық бөліктер алу үшін кететіндер;
өндірістік қажеттіліктер отын, су және энергияның барлық түрлерін алу үшін кететін шығындар;
шеттегі ұжымдардың тасымалдық қызметтері үшін төлемдер, жекелеп айтқанда темір жол, әуе жол және тасымалдың басқа түрлері үшін де почта тасымалы үшін кететін шығындар;
сақтандырғыш объектілерді пайдалану мен қамтамасыз ету үшін кететінде. Олардың салыстырмалы салмағы 5-7%.
Өзге шығындар – жоғарыда қарастырылған топтарға кірмейтін жинақты шығындар бөлігі.
Бұған кіретіндер: негізгі қорлардың жөндеуіне кететін шығындар; трафикті өткізу және қосылу қызметін көрсету үшін кететін төлемақы; жалдау ақысы;
коммуналдық қызмет үшін төлем (ұйымның балансындағы өндірістік емес объктілер мен өндірістік жайларды жылу, жарықтандыру, сумен жабдықтау ), жиын мен салық қосындысы (жолдық қор, мүлік салығы және т.б.), қызметті сертификаттау шығыны; қызмет көліктерін жабдықтау үшін кететін шығындар;еңбек қорғау шығыны; кадрларды дайындау және қайта дайындау үшін кететіін шығындар;
аудиторлық, заңдық, ақпараттық , консультативтік және басқа ұқсас қызметтерге ақы төлеу, іссапар шығындары; өкілдік шығындар; кеңсе жабдықтары шығыны, байланыс қызметінің ақысы,есептегіш орталықтар мен банктердің шығыны; ағындық нарық конъюнктурасын зерттеу және шығарылатын қызмет рекламасын жасауға, маркетингке кететін шығын;
ұйыммен және бөлек бөлімшелерінбасқару үшін кететін шығындар;
100тг. табысқа шаққандағы пайданың өзіндік құны.
Саладағы өндіріске кететін шығындардың абсолюттік көрсеткіші толық өзіндік құнның жалпы қосындысымен қатар қатыстық көрсеткішпен есептелінеді, оны 100тг. табысқа шаққандағы пайданың өзіндік құны деп атайды.
Өзіндік құн – жасалынатын қызметтің бірлік есептеуіндегі шығындарды сипаттайтын көрсеткіш болып табылады.
Көпшілік байланыс операторлары өндірістің көпноменклатуралы сипатына ие болғандықтан салада ірілендірілген құн өлшегіші қолданылады, ал түрлі қызметтегі шығын мен пайданы есепке алу тек енді ғана іске асып жатыр.
Осыған қоса 100тг. табысқа шаққандағы пайданың өзіндік құны немесе түсім, ұйымдағы толық ағындық шығындарды пайдалану деңгейін бағалауға және динамикадағы қарастырылып отырған көрсеткішті салыстыру үшін бұл мәліметтерді қолдануға көмектеседі. Бұндай талдау өндірістік ресурстарды қолдану аумағындағы саяси орындылығына қорытынды жасауға мүмкіндік береді және оның оңтайлы басты бағыттарын анықтауға көмектеседі.
С100=Э/До.д.*100 (2)
2. Пайдалану шығындарының жіктелуі.
Пайдалану шығындары белгі қатарлары бойынша жіктеледі.
Экономикалық жағынан шығындарды жанды және заттандырылған еңбек шығындар деп бөледі. Жанды еңбек шығыны – бұл еңбек ақысын төлеуге және әлеуметтік қажеттіліктерге қаржы бөлу шығындары.
Ал қалған шығын бөліктері заттандырылған еңбек ақысымен байланысты. Жанды еңбек ақысы шығынының салыстырмалы салмағы аз және өткен еңбек қорытындыларын қолданумен байланысты шығын бөлігі көп болған сайын, өзіндік құн соншалықты аз болады.
Өзіндік құнға жатқызылатын әдіс бойынша барлық шығындар жанама және тікелей болып бөлінеді.
Тікелей шығындар деп қызмет және өнім жасаумен тура байланысты шығындарды айтады (өндірістік қызметкерлердің еңбек ақысын төлеуге жұмсалатын, негізгі қорлардың амортизациясына, өндірістік қажеттіліктер үшін керекті электроэнергияға кететін шығындар, есептесу, күрделі жөндеуге кететін шығындар).
Жанама шығындар ұйым қызметімен толықтай байланысты. (бұл материалдық шығындардың маңызды бөлігі, олардың көп бөлігін тек есептеу жолымен нақты байланыстың өзіндік құнына айналдыруға болады.Олардың сала және қызмет бойынша таралуын шығындар мен пайдалардың түрлі есепке алу әдісіне сәйкесті жасалынады).
Өндірісі көлеміне қатысты барлық шығындар тұрақты және айнымалы болып бөлінеді.
Тұрақтыға өндірістің көлемі өзгерсе де олардың шамасы өзгермейтін шығындар жатады. Өндіріс өнім шығармаса да олар толығымен төленуі керек (амортизациялық аударылым, ғимаратты және құрылғыларды жалға алу, сақтандыру жарнасы, административті-басқару аппараттарын қамтамасыз ету).
Қызмет көлемі өскенде шығын көлемі де өсетін болса ондай шығындарды айнымалы деп атаймыз. Байланыс ұйымдарында олардың қатарларына мыналарды жатқызады: материалдар мен запастық бөліктер үшін кететін, өндірістік қажетіліктердің электроэнергиясына кететін шығындар, операторлар арасындағы желіаралық өзара әрекеттесу келісімдері бойынша төленетін қаражаттар қосындысы, почтаны тасымалдауға кететін тасымал шығыны.
3. Өзіндік құнды анықтау әдісі, өзіндік құнның калькуляциясы.
Өзіндік құнды анықтау әдісі келесі сатылардан тұрады:
1. Өндіріске шығындардың ауысымын жасап шығару; (әр бөлік немесе оның элементтеріне шығындарды үлестіру. Осы уақытта тікелей есептеу әдісі немесе ірілендірілген өлшегіштер қолданылады)
2. Эр-дың жалпы қосындысын анықтау.
3. Д-ны 100тг табысқа шаққандағы өзіндік құнын есептеу.
4.Алынған нәтижелерді бағалау, жоспарлы және бұрынғымен салыстыру.
Нақты байланыс қызметінің өзіндік құн көрсеткішінің мәні тарифтерді құру негізі болып табылады. Оның деңгейінен тұтынушылық сұраныс, телекоммуникациялық қызмет көрсетудегі тұтынушыларды қанағаттандыру деңгейі, серіктестіктің қаржылық жағдайы және бәсеке қабілеттілік жағдайы тәуелді болады. Сондықтан байланыс қызметінің өзіндік құнын тауарлық номенклатура тілігінде нарықта операторды айқындауға мүмкіндік беретін, бизнестің тиімді жүргіу жағынан қарағанда экономикалық индикатор ретінде қарастыру керек.
Өзіндік құнды бөлек элементтер және шығын бөліктері бойынша есептеу калькуляция деп аталады және өндірісітің жалпы өзіндік құнын құруға әр шығын бөлімнің салымын бағалауға және оператордың қызметін жүзеге асыру үшін қызмет атқарады. Жалпы жағдайда калькуляцияның формуласының түрі мынандай:
Сі=Зі/До.д.*100.
C=(Зпл/Дусл+Осн/Ду+А/Дусл+Зпроч/Дусл)*100 тг. (3)
Өзіндік құнның калькуляциясы негізінде оның құрылымы анықталады және байланыс қызметін өндіруге шығындарды экономдаудың ең маңызды резервтері белгіленеді.
Бөлімдер аты
Шығындар
Құрылымы, %
100тг. өзіндік құны
Зпл
120
40
24
О с.н.
24
8
4,8
Ао
60
20
12
Мз
18
6
3,6
Пр
78
26
15,6
барлығы
300
100
60
Байланыстың барлық түрін ұйымдастыру үшін материалдық шығынның салыстырмалы салмағы өте үлкен болмауы керек, 6-8 % шамасыда (өнеркәсіпте олар өнімнің өндірісі үшін кететін шығынның 3/5 бөлігін құрайды). Бұл жасалынатын қызмет затсыз пішінді болғандықта берілген бөлім құрамында шикізат пен негізгі материалдардың жоқтылығына негізделген.
Ірілендірілген құн өлшегіші негізіндегі байланыс қызметінің өнідірісінің өзіндік құнын анықтағанда есепті кезеңнің өзіндік құны мен алдыңғыны салыстыру арқылы мына формуламен есептейді:
Jc=[(Co-C1)/Co] *100 (4)
Байланыс қызметінің бөлек түрлеріне өзіндік құнды анықтау, тарифтерді жасау үшін қызметінің орындалатын түрлерінің пайдасын және шығынын жеке жеке есепке алу нәтижелерін қолдануға негізделген.
Операторлар әр негізгі қызмет түрлері үшін негізгі, көмекші және бірлескен өндірістік процестер тізімін құрады.
Негізгі өндірістік процестер байланыс жолдары мен қаражатын пайдалануына қызмет көрсету,сонымен қоса трафиктерді өткізу және қосу қызметтеріне (бұлар құрылғыны, сызықты-кабельдік құрылысты, тарату жүйелерін, абоненттік және ұжымдық қол жеткізу қаражаты жүйесін, таксофондарды, ақпаратты-анықтамалық қызмет көрсету жүйелерін және т.б. жөндеу және техникалық қызмет көрсету )тікелей негізделген.
Қызмет көрсетумен байланысты негізгі БП бұл соңғы тұтынушыларға қызметті пайдалануға беру маркетингі мен жылжу бойынша операторлардың қызметі; абоненттермен келісім жасау бойынша жұмыс атқару және желілерге және соған сәйкесті қызметтерге қол жеткізушілігін қамтамасыз ету; қызметтер және басқалары үшін пайдаланушы, операторлармен есептесу.
Қосалқы өндірістік процестер еңбек пен өндірістің ұйымдық-техникалық және санитарлы-гигиеналық жағдайларымен байланысты қызмет сферасын қамтиды. Олар қызметкерлерді жұмыспен қамтамасыз ету, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалану, оргтехника және басқа да айналымнан тыс активтерді пайдаланумен байланысты.
Бірлескен өндірістік процестер байланыс ұйымының, есепке алу, есептік және аудит ұйымының, жалпы маркетинг, жабдықтау, операторлар желісінің дамуын жоспарлау,ақпараттық ресурстарды қорғау, метрологиялық тексерулер мен метрологиялық қамтамасыз етудің жалпы басқармасына жатады.
Шығындардың жалпы қосындысы әрі қарай шығындардың бөлімінің кескіні бойынша өндірістік процестерге бөлінеді, одан кейін калькуляциялау объектісі болып табылатын байланыс қызметтеріне бөлінеді.
4. Өзіндік құнды төмендетудің мәні және жолдары
Өнімдер мен қызметтерді жасау және өткізу процесінде өзіндік құн шамасы ұйымның тек қана шығындарын сипаттамайды, оның қызметі мен жұмыс тиімділігінің соңғы нәтижелеріне де тікелей әсер етеді. Тарифтерді қалыптастырудың негізінде жатқан қызметтердің өзіндік құнын төмендету, тарифтерді азайту үшін алғышарт болып табылады, бұл байланыс қызметтерін тұтынушылардың көпшілігі үшін қол жетімді болады.
Телекоммуникациялық компанияларда өндірістік шығындарды төмендетудің резервтерін іздестіру және пайдалану бойынша тұрақты қызмет жүргізеді. Бұл проблеманың күрделілігі өзіндік құнның динамикасын және деңгейін анықтайтын көптеген факторлармен байланысты. Оларға оператор, өндірушілер тарапынан әсер етудің барлық факторларын жалпы экономикалық, салалық және өндірістілік деп бөлуге болады.
Жалпы экономикалық факторлар тобы олардың нақты ұйым қызметіне тәуелді еместіктен және олардың экономиканың барлық салаларында біркелкі бағытталған өзіндік құнына әсерін қосады. Бұл — ең алдымен әлеуметтік қамтамасыз ету және жалақы төлемін реттеу саласындағы, инфляцияның қарқынына сәйкес негізгі өндірістік құралдарды кезеңдік қайта бағалау, Ао салық саясатының нормасын өзгерту мемлекет саясаты.
Операторлардың өндірістік шығындарына әсер ететін салалық факторлар қатарына ең мәнділері транзиттік қайта қабылдауды азайту тұрғысынан байланыс құралдарын орналастырудың сұлбаларының үнемділігі, пошталық жөнелтілімдерді тасымалдау жолының тиімділігі, байланыс жүйелерімен жасалатын және сертификатталатын құралдарының үнемділігі, жалпы пайдалану байланыс желісінің операторлар арасындағы желі аралық өзара әрекет ету жүйесінің тиімділігі.
Өзіндік құнын төмендетудің ең үлкен резервтері өндірістілік факторлардан тұрады, байланыс ұйымдарында оларға белсенді әсер ету өндіріс пен қызметтерді іске асырудың шығындарының абсолют және салыстырмалы тиімділігін қамтамасыз етеді. Мұнда шығындарды қысқарту өзіндік құнның құрылымда ең үлкен меншікті үлес алатын баптары бойынша іске асырылады. Бұған еңбек төлемі өндіріс процестерін механикаландыру және автоматтандыру, прогрессивті технологияларды енгізу, ескірген жабдықты ауыстыру және жаңарту, басқару мен еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және шығындардың экономиясы жатады. Жұмыс уақытының өндіргіш емес шығындарын және жоғалтуды толықтай жою, кәсіптерді қоса, атқаруды кең пайдалану және қызмет көрсету аймақтарын кеңейту, кадрлардың біліктілігіне сәйкес жұмыс орындары бойынша орналастыру, еңбектің ғылыми негізделген нормаларын енгізу, еңбек процестерін өндірістік операцияларды орындаудың озат тәсілдері және әдістері негізінде оңтайландыру – осының бәрі қызмет көрсету бірлігін жасауда, еңбек шығындарын қысқартуға жағдай жасайды және өзіндік құнның төмендеуіне жол ашады.
Негізгі қорларды пайдалануды жақсартуда байланыс құралдарына ағымдағы қызмет көрсету шығындарын азайту есебінен, материалдар, қосалқы бөлшектер және байланыс құрылымы мен қызмет көрсетілетін жабдықтың көлеміне тәуелді электр энергия мөлшері шығындарын қоса алғанда өзіндік құнды төмендетуді қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда компанияларда өзіндік құнды төмендетудің дербес көздері ретінде материалдық және энергетикалық ресурстарды үнемді жұмсау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуі қажет.
Басқа шығындарды, әсіресе жалпы шаруашылық және әкімшілік басқару шығындар бөлігін қысқарту. Бұл орындалатын функциялардың механикаландырылуы және автоматтандырылуы басқару қызметінің еңбегін, нормаларды енгізу, басқарудың басқа артық буындарын жою негізінде басқару аппаратын арзандату және басқару құрылымын жетілдіру есебінен қол жеткізуі мүмкін. Іссапарлар (командировка), коммуналдық қызметтер төлемі шығындарын үнемдеу.
5. Байланыс қызметіндегі баға белгілеу жүйесі
Баға белгілеу мәселелері кез келген шаруашылық субъектісі үшін маңызды және күрделі болып табылады. Бағаларда экономикалық қатынастардың барлық субъектілерінің мүдделері шоғырланады және тоғысады.
Өнімді, тауарды және қызметтерді өткізу бағалары негізінде іске асырылады, бұл бағалар өз мәнінде экономикалық негізделген шығындардың және оған объктивті қажетті кіріс мөлшерін қосу ақшалай көрінісі болып табылады.
Мұндай келісім кәсіпорындарға ағымдағы шығындарды орнына келтіру, сондай-ақ қызметтерге экономикалық ынталандыру және өндірісті дамыту мен жаңалау үшін қажетті қаражаттар алуға мүмкіндік береді.
Байланыстағы баға белгілеу жүйесі жалпы нарық принциптеріне негізделеді және өндіріс пен қызмет тұтынудың процестерінің ерекшелігін, телекомуникациялардың ағымдағы жағдайын және динамикасын, сондай-ақ жалпы экономикалық және салалық факторлардың кешенін ескереді (1-кесте).
Бағаның салалық жүйесі елеулі әртүрлі болуымен ерекшеленеді және бірқатар белгілері бойынша жіктелуі мүмкін, олардың ең маңыздылары 1-кестеде ұсынылған.
Байланыс қызметтерінің тарифтері – бұл бағалар жүйесі бағалар бойынша ақылы қызметтер абоненттерге және қоғамдық, өндірістік және жеке тұтыну саласында пайдаланушыларға өткізіледі. Бағалардың салалық бұл түрін көбіне осы жіктеу тобындағы басқа екі түрден ерекшелігі соңғы тұтынушылар үшін тарифтер деп атайды.
Қосу қызметі және трафиктерді өткізу бойынша қызметтер бағалары соңғы тұтынушыларға желі қызметтерінің көрсетуге қатысушылармен, жалпы пайдалану электр байланысы желісі операторларыарасындағы есептеулер үшін арналған ішкі бағалар категориясына жатады.
Сондай-ақ, өзара есеп айырысуды жүргізу үшін есептік бағалар (таксалар) ішкі бағалардың басқа түрі болып табылады. Олар агентік шарттар бойынша, сондай-ақ басқа салалардың шаруашылық етуші субъектілерінің қайтарымсыз төлемі үшін орындалған жұмыс пен байланыс операторлары арасындағы есеп айырысулар үшін пошта, телеграф және телефон байланысы қызметтерінің халықаралық есептесулер жүйесінде қолданылады (мысалы, пошта тасымалына қатысушы көлік ұйымдарымен есептесулер үшін).
Баға белгілеу және оның деңгейін либералдау жүйесіне мемлекеттің әсер ету дәрежесі бойынша реттелетін және еркін тарифтер мен бағалар ажыратылады. Мемлекеттік реттеуге қызметтердің жекелеген түрлерінің тарифтер мен бағалары жатады, олардың тізімі арнаулы нормативті актілермен белгіленеді. Мемлекет тәртіптейтін қатарға нақты қызметтерді енгізу үшін негізгі өлшемдер қызметтердің әлеуметтік мәнділігі және сәйкесті тауар нарығының монопозициялау дәрежесі болып табылады. Олардың ерекше әлеуметтік мәнділігін ескере отырып, байланыстың әмбебап қызметтерінің тарифтерін ҚР АИС тағайындайды, АИЕМ тәртіптейді.
Байланыс қызметі рыногының бәсекелестігі жеткілікті дәрежеде дамыған секторларында немесе қызметтер тұтыну деңгейі тарифтер шамасына елеулі әсер етпейтін секторларда, тарифтерді нарықты баға белгілеушілердің әсерінен өндірушілердің өздері белгілейді.
Еркін тарифтер бойынша мысалы, телематикалық қызметтер, дербес радио шақыру және жылжымалы байланыс деректерін тарату қызметтері, яғни негізінен жаңа қызметтер іске асырылады.
Ал жаңа инновациялық қызметтер тарифтеріне қатысты, олардың деңгейі және динамикасы, әсіресе, бәсекелестік деңгейі ерекше орын алатын нарықтық баға түзуші факторларды ескере отырып, операторлар қалыптастырады. Атап айтқанда, бәсекелестікті дамыту — пайдаланушылардың жағдайына, олардың сапа параметрлеріне, қоятын талаптарына, нақты қызмет түрлеріне, жиі сұрауының әртүрлі категорияларына есептелген, көп нұсқалы тарифтік жоспарлар әзірлеуге операторларды итермелейді.
Реттелмейтін қызметтерде тарифтер бәсекелістігінің даму шарасы бойынша тұтастай қызметтердің тұрақты төмендеу үрдісі байқалады.
Байланыстағы баға белгілеу стратегиялары. Байланыс операторларының баға саясаты қоғамдық және жеке тұтынушыларды барынша қанағаттандыру басты миссиясын ескере отырып, байланыстың ең аз шығындарын дәстүрлі және жаңа қызметтерін өндіруді қалыптастыруға болады. Осы екі бірлікті міндетті тиімді шешу тек баға белгілеудің оңтайлы (оптимальный) стратегиясын таңдау шартында ғана мүмкін болады.
Баға белгілеу жүйесіне және басқа факторларға мемлекеттік әсер ету дәрежесі рыноктағы бәсекелестік деңгейі қызметтердің өмірлік айналым кезеңдері тарифтерді тағайындау саласындағы компанияның саясатына тәуелді болады, телекомуникациялық секторда келесі стратегиялар қолданылуы мүмкін:
1. кілегей (сливок) алу стратегиясы — тарифтер бойынша олардың өндірісі шығандарынан елеулі асатын қызметтерді іске асыруды қарастырады. Оны қолдану дәл осы сәтте нақты нарық сегментінде ұқсастары, аналогтары жоқ жаңа қызметтер нарығында пайдалану тиімді. Кілегей алу стратегиясын тауар нарықтарында пайдаланылады, мұнда баға белгілеу жүйесіне мемлекет бақылау жасамайды.
Егер оператор басымдық жағдайда бәсекелестігі жоқ рынокта әрекет етсе, онда ол өзінің монополиялық жоғары бағасын тағайындайды, бұл жағдайда іске монополияға қарсы заңнама қосылады.
2. ішке ену баға стратегиясы – қызмет өндіруші ең аз табыспен немесе өндіруге шыққан шығыннан төмен қызмет тарифтерін белгілейді. Стратегияның мақсаты — өткізудің жаңа рыногына жалпы сұранысқа ие дәстүрлі қызметтермен қатар, жаңа қызметтермен шығу. Мұнда оператор қажет тиімділікті бәсекелестерді ығыстыру және өндіріс ауқымын кеңейту есебінен алады.
3. сараланған (дифференцированный) баға белгілеу стратегиясы, бұл – белгіленген сұраныс сегменттері және нақты абоненттермен қызмет көрсетулерінің тұтыну қарқынына және уақытына байланысты жеңілдіктер қолдану бойынша бір атаулы қызметтерге тарифтер белгілеуді қарастырады.
Бұл стратегияны бірқатар тәртіптелетін қызметтерге мысалы, жергілікті телефон байланысына абоненттердің – жұртшылық және ұйымдар екі тобы бойынша тарифтерді саралауда телекомуникация компаниялары кең пайдаланылады.
Апта күндері және тәулік сағаттары бойынша сараланған тарифтерді қолдану жүктеменің біркелкі еместігін реттеуге және өндіріс қуаттарын біркелкілеуге, пайдалануға жағдай жасайды. Сараланған баға белгілеу стратегиясын жаңа қызметтер көрсететін, мысалы, белгілі желі абоненттерімен және басқалармен демалыс күндері сөйлесулер жүргізу үшін төмендетілген төлем мөлшерлемелері мен тариф жоспарларының нұсқаларын ұсынатын жылжымалы байланыс операторлары ойдағыдай қолданады.
4. психологиялық баға белгілеу стратегиясы нақты қызметтерге жоғары сұраныс тудыратын немесе оларды тұтынуда абоненттерде елеулі қосымша пайда алу сезімін тудыратын психологиялық әсер етудің белгілі бір тәсілдерін пайдалануға негізделген.
Мысалы, 99,9 құндылық баға бірлігі жүз бірлікке тағайындалған бағаға қарағанда, ол тұтынушымен психологиялық жеңіл қабылданады. Психологиялық бағаларға қазіргі технологиялық көмек арқылы ұсынатын инновациялық қызметтерге қойылатын бағаларды жатқызуға болады, бұл жағдайда жоғары баға қызметі жоғарғы сапа көрсеткішіне қызмет етеді.
5. бәсекелесті баға белгілеу стратегиясы. Бұл стратегияны іске асыруда операторлар қызметтерді тарификациялауда бәсекелестер бағаларына бағдар алуы, икемді тарифтік жоспарлар пайдалануға, тарифтер деңгейін өзгертусіз жаңа тұтыну қасиеттерімен қызметтерді толықтыруы, өндіріс шығындарын қысқартуы, сөйтіп тарифтердің төмендеуіне және қосымша клиенттер тартуына жағдайлар жасалуы мүмкін.
Басқа стратегияларға қарағанда бәсекелесті баға белгілеу маркетингтік зерттеулер қажеттігін шарттайды, бұл жағдайда нарық коньюнктурасының жалпы үрдістері, ұсынылған қызметтерге тұтынушылардың қатысы, олардың төлем қабілеттілігі, сұраныстары және ынталары бағаланады.
Әдетте телекомуникациялық қызметтердің номенклатурасын ескере отырып, оңтайлы саясатын, олардың өмірлік айналым бәсекелестік деңгейін, мемлекеттік органдарын және басқа әсерлерін, сөйте отырып, қызметті өткізудің ең үлкен тиімділігін қалыптастыру үшін баға белгілеудің бірнеше стратегиясын пайдаланады.
Реттелетін қызметтік тарифтері, олардың шынайы құнын ескере отырып тағайындалады. Осы әдіске сәйкес тариф есебінің формуласы төмендегі түрде болады:
Цті = ЭОЗ + Пнорм. + НДС, (5)
Мұнда ЭОЗ — қызметтің і түрілі өндірісінде экономикалық негізделген шығындар; Пнорм. – қызметтің і түрілі тарифіне қосылатын нормативтік пайда; НДС – халық үшін тарифтерге енгізілетін қосымша құн салығы (бұл салық ұйымдардан белгіленген тарифтен артық алынады).
Нормативтік пайда экономикалық негізделген шығындар сияқты тәртіптеуші органы бекіткен әдістемесіне сәйкес анықталады.
Осы әдіс негізінде тарифті белгілеу қызмет өндірушілер үшін тиімділеу болып табылады, себебі тарифтер өндіріс шығындарын толық ескереді, ал оған қосылған кіріс инвестицияларды қайтаруды және қызметкерлердің әлеуметтік қозғалуын көтеруге бағытталған бағдарламаларын іске асыру мүмкіндігін кепілдендіреді.
Телекомуникация желілері дамыған елдерде қазіргі уақытта ең көп тараған тарифтерді шектік баға белгілеу әдісі бойынша реттеу болып табылады. Мысалы, бұл – Европа Одағының тіптен барлық елдерінде, сондай-ақ АҚШ-та, Канадада және ТМД бірқатар елдерінде қолданылады. Оны пайдалануда реттеуші орган операторлар үшін белгіленген күнтізбе кезеңіне тарифтерді шектік өзгерту индексін (ИПИТ) белгілейді. Жалпы түрде бұл индекс төмендегі формула бойынша анықталады:
ИПИТ = J инф — ∆Jэф, (6)
Мұнда J инф – салыстырмалы бірліктерде ел экономикасындағы инфляциялық процестерді сипаттайтын көрсеткіш;
∆Jэф – болжалды кезеңде байланыс операторларының қызмет тиімділігінің мүмкін болатын өсімі.
Шетел тәжірибесінде инфляция факторы әртүрлі көрсеткіштермен ескеріледі: тұтыну бағалар индексі, елдегі өнеркәсіп өнімінің баға индексі, тәртіптейтін орган эталонға алған немесе БҰҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық қазыналық қор және т.б. халықаралық ұйымдар ұсынатын инфляциялық көрсеткіштер, басқа елдердегі инфляция индекстері.
Болжанатын кезеңде байланыс операторларының қызметінің мүмкін болатын тиімділігінің өсуін сипаттайтын ИПИТ көрсеткішін есептеу формуласын қосу, бұл — телекомуникация секторындағы экономиканың басқа салаларына қарағанда, тұтастай өндірістік ресурстардың қайтарымы және еңбек өнімділігінің жоғарырақ өсімі үшін объективті жағдайы бар өндіріс саласы немесе күтілетін тиімділіктен тарифтерді төмендету түріндегі артықшылықты алудың толық көлемімен шартталады.
Телекомуникациялық компаниялар үшін тиімділік факторын төмендету мен тарифтердің шектік өзгеру индексінің есебі қажетті табысталуы үшін өндіріс шығындарын қысқартуға ынталандыру болып табылады.
Бәсекелесті рыноктарда келісімді тарифтер пайдалану мүмкін, бұлар сатушылар және сатып алушылар қызметтерінің өзара тиімді құны туралы келісу еркіндігін білдіреді. Бірақ бұл жағдайда да өндірушілер әрқашан өз шығындарын жабуға және пайда алуға ұмтылады, ал тұтынушылар қызметтерді төлей отырып, олардың объектілігін таниды. Яғни, бұл жағдайда келісу тарифтерінің принципі пайдаланылады, бұл шектік шығындар бойынша тарифтерді анықтау негізінде есептеледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Қызметтердің өзіндік құны деген не, салада өзіндік құнның қандай көрсеткіштері есептеледі?
2. Өзіндік құн қызметтеріне шығындардың қандай баптары енгізіледі?
3. 100 тг табысқа шаққандағы өзіндік құнның көрсеткіші қалай анықталады және оның экономикалық мағынасы қандай?
4. Өзіндік құнның калькуляциясы деген не және оны қалай есептейді?
5. Қызметтің соңғы нәтижелеріне өзіндік құнның шамасының әсері қандай?
6. Өзіндік құнның өзгеруіне қандай факторлар әсер етеді?
7. Байланыс қызметінің тарифтері мен бағалары қандай белгілер бойынша жіктеледі?
8. Баға белгілеудің негізгі стратегияларын және олардың мазмұнын атаңдар.