«Ақша қаражаттарын және есеп айыру операцияларын есептеу»
2. Мақсаты: Студенттерді ақша қаражаттарын және есеп айыру операцияларын есептеумен таныстыру.
3. Дәріс тезистері:
Дәріхана мекемелері ҚР кассалық операцияларды жүргізу тәртібін шаруашылық есеп талабына сай нақты ақша операциялары жүргізіледі. Осы кассалық операцияларды жүргізу тәртібі бойынша әр кәсіпорында өзінің кассасы болу керек және белгіленген формада кассалық кітапты жүргізу керек. Дәріханалар тұрғындармен есеп айырысу үшін бақылау-кассалық машиналарын қолданады. Кассадағы ақша кәсіпорын және банкпен кесілген лимит негізінде кассада сақталады.
Ақша қаражатының есебі келесі міндеттерді атқарады:
— күн сайын дәріхана кассасындағы ақшаның қозғалысын бақылау;
— кассадағы ақша қаражатының лимитін жүргізу;
— құжаттарда тура және дер кезінде кассалық және банктік операцияларды көрсету;
— ақша қаражатының шығындану тәртібін, сақталунын және дұрыс қолдануын бақылау;
— кассалық, сметалық және қаржылық тәртіптерді қадағалау;
— ақша қаражатының және есептеулерінің тізімге енгізуін жүргізу;
— дер кезінде несиелердің өтуін бақылау.
Ақша қаражат-есебін дамыту айналым заттарының айналымын жеделдетеді және шаруашылық есептің нығайюына жол ашады.
Кассир кассалық кітапты жүргізеді және кассалық есеп беруді құрайды.
Кассир өзінің лауазымдық қызметін орындау үшін жүргізетін жұмыстарының келесі тәртібі мен түрін білу керек:
— біріншілік кассалық және банктік құжаттамаларды;
— сатып алушылармен есептесу тәртібін;
— ақша қаражаттарын және бағалы қағаздарын қабылдау, сақтау және жіберу тәртібін;
— кассалық кітаптың жүргізуін;
— кассалық есеп беруді құрауды;
— бақылау-кассалық аппаратта, шотта жұмыс істеу тәртібін;
— кассалық аппараттың құрылымын;
— саудадағы тауарлардың ассортиментін және оның бөлшек сауда бағасын;
— мемлекеттік ақша белгілерін;
— өрт және техника қауіпсіздігінің тәртібін және т.б.
Кассир өзіне берілген жұмысты басқа тұлғаға тапсыруға құқы жоқ. Егер уақытша кассирді ауыстыру керек болса, онда ол кассирдің қызметін мекеме меңгерушісінің жазба бұйрығы бойынша белгіленген қызметкерге аударады. Ақша қаражаттарының құжаттарына қол қоюға құқығы бар бухгалтер мен басқа есептік қызметкерлер кассир қызметін атқаруға болмайды.
Кассирдің сатып алушылармен есептесуі келесі реттілікпен жүргізіледі:
— кассалық аппараттың клавиатурасында әр тауардың бағасын тіркейді де, сатылған тауардың барлық бағасын соммалайды және соңғы нәтижені сатып алушыға хабарлайды;
— сатып алушыдан алынған ақшаны анық сатып алушыға хабарлап, сатып алушының көзіне көрінетіндей етіп бөлек жерге қояды;
— сатылған тауарддан алынған ақшаны кассалық аппаратта белгілеп, артық ақшаның қайыру соммасын анықтайды;
— кассалық аппаратта чекті басады;
— қайыратын артық ақша суммасын сатып алушыға хабарлап, оны чекпен бірге сатып алушыға қайтарады;
— есептесудің барлық сатып алушының операциялары біткен соң, алынған ақшаны аппараттың ақша қорабына салады.
4. Иллюстрациялы материалдар: слайд түріндегі презентация
5. Әдебиет:
6. Қорытынды сұрақтары (кері байланыс):
1. Ақша қаражаты есебінің атқаратын міндеттері қандай?
2. Дәріханада кассалық операциялармен кім айналысады және оның атқаратын қызметі?