Антропогендік факторлардың жануарлар тіршілігіне әсері.
- Жануарларға антропогендік әсердің мәні.
- Әртүрлі антропогендік әсерлерге жануарлардың жауап реакциялары.
- Мал шаруашылығының әсері
Антропогендік факторлар
Адамның ағзаларға тікелей әсер ететін немесе ағзалардың тіршілік ортасын өзгеруіне әкеліп соғатын әрекеттері.
Оң әсері. Қоршаған ортаны жаңарту: ағаштар, гүлдер, шөптер өсіру; өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың тиімді қолтұқымдарын шығару; табиғи территорияларды (қорықтар, ұлттық парктер, қорықшалар) сақтау.
Кері әсері. Орман-тоғай ағаштарын аяусыз кесу, батпақты жерлерді қарқынды кептіру, өндіріс құрылыстарын салу, табиғи ортаға өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды тастау, табиғи ресурстарды үздіксіз алу (мұнай, көмір, газ т.с.с.); жануарларды жаппай қыру, аңшылық, өсімдіктерді басу, дәрілік өсімдіктерді, саңырау құлақтарды жаппай жинау т.с.с.
Табиғи фактор — өздігінен болатын табиғаттың жер сілкіністері, вулкандар, өрт, экологиялық апаттар, цунамилер, су тасқыны және т.б. Бұл кезде кейбір сирек өсімдіктердің немесе құстардың түрі жойылып кетеді. Себебі олардың тіршілік ететін ортасы, мекені бұзылады, өйткені, әрбір организмдердің ғасырлар бойы бейімделген нақты, тұрақты мекені болады. Ол бұзылған жағдайда тіршілігін жояды, не орын ауыстырады.
Антропогендік фактор –
1.Сирек өсімдіктер мен жануарлардың тіршілік ететін ортасына адамдардың тікелей және жанама әсер етуі.
2.Жануарлардың бұрыннан қалыптасқан табиғи ортасының әр түрлі заттар мен (өндіріс, өнеркәсіп, әскери полигондар) ластануы. Мысалы: Каспий теңізі мұнай өндіру үшін соңғы 10 жылда күрделі, кешенді комплексті өнергкәсіп жұмыс істей бастады. Судың жағасы ғана емес теңіздің табанынан мұнай өндіріле бастады. Нәтижесінде мұнай өнімдері, кейбір ілеспе газдар, күкірт, азот т.б. оксидтер суға аралсып кетті. Ондағы жануарлардың жаппай қырылу, жойылу, улану процесі жүрді.
Сирек немесе құрып бара жатқан органимдердің генетикалық қоры өте аз болады және көбею потенциалы төмен болады және олар өте сезімтал, тіршілік ортасына талғамы күшті, қолға өсіруге, көбейтуге көнбейді.