Паразит пен иенің өзара қатынасы

Паразит пен иенің өзара қатынасы

Паразит немесе тоғышар жануардың ұзақ мерзім бойында иесін өлтірмей, оны тіршілік ету ортасы ретіне және қоректік көз ретінде пайдалануы п а р а з и т и з м  деп аталады. Жануарлар әлемінде тоғышарлық тіршілік кең өріс алған. Жануарлар әлемінің дерлік барлық типтерінде тоғышарлықпен тіршілік ететін түрлер кездеседі. Қазіргі кезде ғылымда 65-70 мың түрлі тоғышар жануар белгілі. Тек адамның денесінде 500-дей түрлі тоғышар жәндіктер тіршілік етеді. Тоғышарлық тіршілік әсіресе қарапайымдарда, жалпақ және жұмыр құрттарда, шаяндарда, өрмекшілерде (кене) және жәндіктерде көп кездеседі. Жануарлардың кейбір класы тұтастай тоғышарлардан құралады. Мысалы, қарапайымдар типінен споралылар класы, жалпақ құрттар типінен сорғыш құрттар және таспа құрттар.Тоғышарлық тіршілікті облигат (лат. obligatus— шүбәсіз, міндетті) немесе н а ғ ы з тоғышар және ф а к у л ь т а т и в (лат. facultativ— мүмкін) немесе ы қ т и м а л  тоғышар деп бөледі. Нағыз тоғышарлар тек қана тоғышарлық жолмен тіршілік етеді, олар ие ағзаның денесінен тыс ортада тіршілік ете алмайды. Ықтимал тоғышарлар ие ағзаның денесінде тоғышарлық тіршілік етеді, ал егер қажет болса ие ағзасыз табиғи сыртқы ортада да өмір сүре алады. Тоғышарлардың денесінде тоғышарлықпен тіршілік ететін жануарлар да кездеседі. Олар  ү с т е м   т о ғ ы ш а р л а р  деп аталады.

Ие ағза тоғышарды тек қорекпен ғана емес сонымен қатар тіршілік ететін орынжай, микроклимат, қорғаныш міндетін атқаратындықтан ие ағзаға тоғышар қаншалықты айрылмастай қарым-қытынаспен бейімделсе, соншалықты тоғышардың өсіп өніп, ұрпақ шашуына қолайлы жағдай туады. Тоғышар мен иенің арасында тығыз байланыс жасалуы екі жақты сұрыпталу, басқаша айтқанда, екеуі де бір-бірінің әсерінен қорғануға бейімделу бағытында жүріледі. Тоғышарлар иесін өлімге тез ұшыратпай, оның денесінен өзінің қажеттілігін ұзақ уақыт бойында толық қанымдап пайдаланса бұл тоғышарға тиімді. Сондықтан тоғышардың жыртқыштан айырмашылығы-ол иесін көбінесе өлімге ұшыратпайды, ұзақ уақыт пайдаланып қалжыратады. Ие ағзада да тоғышарға қарсы бейімделулер пайда болатындықтан тоғышар ұзақ уақытпен денесінде болуының нәтижесінде тоғышардың әсеріне сезімталдығы бәсеңдейді. Ие мен паразиттің арасында алғаш шиеленіскен қайшылық түрінде басталған қарым- қатынас эволюциялық даму барысында жұмсарып, кейде тіпті бейтараптыққа, немесе өзара тиімді қатынастың түріне айналады. Эволюция барысында осылайша өзара «райласып» жұмсарған ие мен тоғышар қатынасының мысалы ретінде Африка киіктері мен олардың қанында тоғышарлық тіршілік ететін трипаносома атты қарапайым (Protozoa, Flagellata) жәндікті атауға болады. Трипоносома африкалық киіктерге зиянды әсер көрсетпейді. Ал це-це маса адамды шаққанда масаның сілекейімен жалғасып адамның қанына кірген трипоносома адамды өлімге ұшырататын «ұйқы ауруын» қоздырады. Ғалымдар мұның себебін тарихи ұзақ дәуірлер бойында трипоносома киіктің қанында тіршілік етіп келгендіктен киікпен трипоносоманың арасында антогонистік қайшылық біртіндеп жұмсарып ақырында босаңсыған. Ал трипаносома адамға тоғышарлық ете бастағанына соншама ұзақ дәуір өтпегендіктен ие мен тоғышардың арасында өршіген қайшылық әлі басылмауына байланысты деп шешеді. Бұдан қарағанда тоғышарлардың әсерінен иенің зардап шегіп апатқа ұшырауы әдетте бұл екі ағзаның арасындағы байланыс табиғи сұрыптаудың ұзақ кезеңдерін бірге өткізбеуінің салдарынан олардың қарым- қатынасы әлі тұрақтанбағанына байланысты. 

Тоғышар мен иенің өзара қатынасының нәтижесінде олардың әрқайсысында морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктер  мен биологиялық ерекше сипаттар пайда болады:

Тоғышар ие ағзаның денесінің ішкі (эндопаразит) немесе сыртқы мүшелеріне орналасып (эктопаразит) табиғи сыртқы ортадан ажырайтындықтан  көбінесе олардың дене құрылысында морфологиялық қарапайымдану (регрессия) жүріледі. Мысалы, иенің денесінің ішкі мүшелерінде тіршілік етуіне байланысты эндапаразиттердің сезім мүшелері жойылады. Үнемі бекініп қозғалыссыз болуына байланысты қозғалыс мүшелері, дайын және сұйық жұмсақ заттармен қоректенуіне байланысты ас қорыту жүйесі қарапайымданады немесе түгелдей жойылады. Эктопаразит жәндіктердің қанаты жойылады (М: төсек-орын қандаласы). Балықтың денесіне жабысып тоғышарлық тіршілік ететін ларнеа дейтін ескек аяқты шаянның ересегінің дене пішінінің өзгеруі соншалық оны шаян деп тану мүмкін емес: денесінің бунақтары жойылып құрттарға ұқсас ұзын тұлғадан құралған, басының орнына балықтың денесіне бекінуге арналған көп тармақты өскіндер пайда болған (11-сурет). Оның шаян екенің тек одан туған дернәсілдеріне қарап қана тануға болады. Дернәсілдерінің пішіні мен құрылысы шаяндарға тән сипатынан өзгермеген. 

 

 

11-сурет. Ескекаяқты лернея шаяны: 1 – науплиус дернәсіл; 2 – дамуының кейініреккі кезеңі; 3 – жұмыртқа түтіктері дамыған ересек ұрғашы шаян

Паразиттердің қан айналым, жүйке жүйелерінің құрылымы да қарапайымданып, атқаратын міндеті босаңсиды. Сонымен қатар ие ағзаның денесінің қарсылық әрекеттерінен қорғануға арналған бір шама ерекшеліктер қалыптасады. Ие ағзаның ас қорыту жүйесінде тіршілік ететін тоғышарларда иенің ас қорытатын ферменттерінің әсерінен қорғануға бейімделіп денесінің сырты кутикула, хитин, известленген қауаршақ тірізді берік және қатты жамылғылармен қапталады. Даму барысында бір иеден екінші иеге ауысу арқылы өсіп жетілетін тоғышарлардың жұмыртқа, дернәсілдері бір иеден сыртқы ортаға шыққан соң келесі ие ағзаны іздеп тауып, оның денесіне кіріп жайғасу оңай іске аспайды. Олар осы кезде өте көп шығынға ұшырайды. Жалпы қандай да бір түр немесе популяция жойылып кетпеуі үшін оның өсімі өлімінен артық болуға тиіс. Жоғарыда айтылғандай тоғышарлардың өлімі көп болғандықтан олардың өсімталдыға да өте жоғары. Мысалы, сиыр таспа құрты тәулігіне 900000-1300000 жұмыртқа туып, сиырдың жапасымен бірге сыртқы ортаға шығарады (Карузина, 1967), адам аскаридасы жылына 50 миллионнан астам жұмыртқа табады. Осынша көп жұмыртқалық (аналық) жасушаны өндіріп дамыту үшін тоғышарлар энергияны көп қажеттенеді. Энергияны ие ағзаның дайын ұлпасымен қоректену арқылы қамтамасыз етеді. Сондықтан ие ағзаның денесінде тіршілік ететін тоғышарлар энергияның да қоректік заттың да тапшылығына ұшырамайды. Жиі-жиі туу және бір ретте көп ұрпақ тауып популяцияның өсімталдығын сақтау міндетіне байланысты тоғышарлардың жыныс мүшелері күшті дамиды және көбінесе қос жынысты болады.

Өзінің иесін  міндетті түрде өлтіріп тынатын тоғышарлықтың түрі де кездеседі. Мұндай тоғышарлық әсіресе жұмыртқасы басқа бір жәндіктің жұмыртқасында немесе дернәсілінде тоғышарлық тіршілікпен дамып жетілетін жәндіктерде жиі кездеседі. Мысалы, теленомус, апантелес (12-сурет) афелинус, трихограмма (13-сурет), аммофила (14-сурет), т.б. көптеген жарғаққанатты жәндіктердің тоғышарлық тіршілігінің салдарынан олардың ие ағзалары өлімге ұшырайды. Мұндай тоғышар жәндіктер п а р а з и т о и д т а р деп аталады.

 

 

12-сурет. Теленомус шөп қандаласының жұмыртқасына өзінің жұмыртқасын туып паразиттік тіршілік етеді [Н.В. Бондаренко (1978) бойыша]

 

13-сурет. Трихограмма жұмыртқасын көбелектің жұмыртқасына салып жатқан кезі [Г.М. Длусскии (1969)бойынша]

 

Тоғышар мен ие арасындағы әр түрлі қарым-қатынастың түрлерін салыстырудың нәтижесінде тоғышарлық тіршілік (паразитизм) қалай шыққанына көз жеткізуге болады. Қысқаша қорытып айтқанда: паразитизм алғаш синойкиялық және комменсалдық тіршіліктің түрінен басталады. Одан әрі қарай синойкиялы немесе комменсалды тіршілік етуші екі түрлі ағзаның бірі уақытша эктопаразиттік тіршілікке ауыса бастайды. Уақытша эктопаразиттар бара-бара тұрақты эктопаразиттікке және одан әрі эндопаразиттік тіршілікке ауысуы арқылы нағыз паразиттік тіршілік пайда болғанын байқаймыз.

Тоғышар мен ие ағзаның арасындағы қарым-қатынастың негізінде олардың әрқайсысының популяциясының саны реттеледі.

Жануарлардың түраралық қарым-қатынасының негізгі сипаты мен мазмұны  2-кестеде қарастырылды.

 

2-кесте. Түрлердің өзара әсерлесуі

(Ю. Одумнан, С.И. Колесниковтың (2003) сілтемесі бойынша)

 

Қарым-қатынас

Қатынасуы түрлер

Қарым-қатынастың жалпы сипаты

бірінші

екінші

 

 

 

 

1

Бейтараптық қатынас (нейтрализм)

0

0

Екі түрдің қай-қайсысы бір-біріне әсер етпейді

2

Өзара тура әсерлесу бәсекелестігі

Екі түр бір-біріне тікелей қысым көрсетеді

3

Қажетті табиғи қорлар үшін бәсекелесу

Екі түрдің екеуіне де қажетті қандай бір табиғи қордың немесе қажетті фактордың тапшылығы кезінде екі түрдің жануары бір-біріне жанама түрде қысым көрсетеді

4

Аменсализм

0

Бір түрдің жануары екінші түрдің жануарына қысым көрсетеді, бірақ өзі екінші түрдің тарабынан қолайсыз әсерге ұшырамайды

5

Жатыпішерлік

+

0

Бірге тіршілік еткен екі түрдің (популяцияның) біреуі осы бірлескен тіршіліктен пайда табады екіншісіне бұл бірлестіктің пайдасы да зияны да жоқ

6

Өзара тиімділік (мутуализм)

+

+

Екі түрдің (популяцияның) екеуіне де пайдалы және қажетті бұлжымастай тығыз қарым-қатынастың түрі

7

Қарапайм бірлестік (протокооперация)

+

+

Екі түрдің (популяцияның) жануарларының екеуіне де пайдалы, бірақ айырылмастай тығыз байланысты қарым-қатынас емес

8

Жыртқыштық қарым-қатынас

+

Жыртқыш ағза әдетте жемтік ағзадан үлкен немесе күшті. Жемтік ағзаның өсімталдығы жыртқыштан артық

9

Тоғышарлық қарым-қатынас (паразитизм)

+

Тоғыштар әдетте иеден кіші және өсімтал

 

Ескерту: (0) – айтарлықтай әсер-ықпал жасамайтынын білдіреді; (+)- түрге немесе популяцияға пайдалы ықпал жасайтынын; (-) – түрдің немесе популяцияның тіршілігін бәсеңдететін тиімсіз ықпалды білдіреді.

2-4 нөмірлі қатынасты «кері әсерлі» тиімсіз қатынас;

7-9 нөмірлі қарым-қатынасты «пайдалы әсерлі, тиімді» қатынас;

5-6 нөмірдегілерді алдыңғы екі қатынастың екеуіне де жатқызуға болады.Әдебиеттер: (3,6,8,9,17).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *