ҚҰНДЫЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ

ҚҰНДЫЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ

Сарвари Мохаммад Юнус (Ауғанстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Амирканов М.Б.

Әр елдің өзінің ғасырлар бойғы тарихы, әдебиеті, мәдениеті бар, соның ішінде Ауғанстанның саяси-әлеуметтік, тарихи қалыптасуы ерекше. Осыған орай, біз ауған студенттері туған отанымыздың тарихымен сіздер хабардар болсын деп Құндыз қаласының тарихы мен мәдениеті жайлы мақаланы жазудамын.
Ауғанстан халқы 20-дан астам әртүрлі этникалық топтардан құралған. Ұлт ретінде қалыптасу процесі XVII -XVIII ғасырларда аяқталды.
Этногенезі толық анықталмаған, негізінен, үнді, тәжік, түркі халықтарының араласуы барысында қалыптасқан. Елдің батыс және солтүстік-батыс уәлаяттарында тәжіктер (25%), солтүстігінде – өзбектер (6%) мен түрікмендер, орталық бөлігінде хазарлар (19%), Герат, Гор уәлаяттарында, Чаар аймақтарда тұрады, қалған этникалық топтардың (нуристандықтар, белуджелер, қырғыздар, қазақтар, қарақалпақтар, т.б.) әрқайсысының саны 100 мың адамнан аспайды. Ауғанстанның 10% -дай ғана қалаларында орналасқан.
Ауғанстан ислам мемлекеті – Оңтүстік Батыс Азиядағы мемлекет. Аумағы 652,2 мың км. Халқы – 32 млн. адам. Астанасы – Кабул. Ауғанстан жері 29 уәлаятқа және 2 округке бөлінеді. Мемлекеттік тілі – пушту және дари тілдері. Ислам дінін ұстанады (негізінен суниттер).
Ал Құндыз қаласына келіп тоқталар болсақ, Құндыз қаласы Ауғанстанның солтүстік шығысында орналасқан тарихи провинция. Ертеде «Аспаха Хогдиж» деп аталған. Құндыз қаласы өте маңызды географиялық жерде орналасқан.
Кұндыз ерте заманда Хорасанның астанасы болған. Қазіргі уақытта бұл қалада әуежай екі үлкен өзен және бір үлкен теңізпорты бар. Құндыз бен Тәжікстан арасын Аму өзені бөліп жатыр. Құндызда бір миллионға жуық халық өмір сүреді. Құндыз қаласының жер көлімі 7668 шақырым болады.
Құндыз сөзі «өзбектерде» (күн), «парсыларда» ескі қала деген мағына береді. Құндыз қаласы Ауғанстанның астанасы Кабул қаласынан 337 шақырым жерде орналасқан. Ауа райы жазда өте ыстық, қыста салқын. Құндыз қаласында алты аудан бар. Олар: Ханабад, Имам Сахыб, Дашти Арси, Қалезал, Гардара, Али Абад.
Кұндыз қаласында көп ұлт өкілдері тұрады. Мысалы паштон, тәжік, хазар, өзбек, түркімен, қазақ, балюш, пашай, араб тағы басқа. Олар Құндызды кішкентай Ауғанстан деп атайды. Құндыз қаласында көп ақын-жазушылар өмір сүрген.
Олар: Абдул Халиқ Шадан, Сабыр Юсифи, Ахмаддилла тағы басқа. Құндыз қаласында тарихи маңызы көп жерлер бар. Мысалы, Бала Хисар, Имам Сахыб, Хазрат Султан, тағы басқалар. Құндызда орналасқан «Бала Хисар» өте көне қала болып табылады. Парсы патшасы Маночахыр осы қалада өмір сүрген. Құндыз қаласында «Имам Сахыбтың» кесенесі тұрғызылған. Түркі тарихында оның ежелгі есімі Архан. Жер көлімі 1 шақырым шаршы метр. Қазіргі уақытта Құндызда 310 мың оқушы мектепте оқиды. Оның ішінде 118 мың қыздар. Бұл оқушылар 470 мектепте білім алуда. Құндыз қаласында үлкен университет жұмыс жасайды. Оны «Құндыз университеті» деп атайды. Бұл университетте 8 факультет бар. 3700 студент білім алады.
Жалпы, Ауғанстан — аграрлы ел. Елде экономиканың негізі – суармалы егіншілік пен мал шаруашылығы. Жалалабад каналы мен Сарда су қоймасы бар. Қой шаруашылығы жақсы дамыған. Сонымен қатар миллиондаған ешкі мен ірі қара, түйе мен жылқы өсіріледі. Бау-бақша өнімдері, бидай, жүгері, күріш, мақта, қант қызылшасы сияқты дақылдар өндіріледі.

Әдебиеттер

1. «Жер — біздің ортақ үйіміз» атты студенттердің ХХVIII халықаралық ғылыми конференциясы. Алматы, 2013.
2. «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия/ Бас редактор Ә.Нысанбаев. Алматы «Қазақ энциклопедиясы» 1998.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *