Қоғамдық-саяси дамудың перспективалары және рухани жаңғыру.
Қазақстан Республикасы тəуелсіздік алғаннан кейін елде көппартиялық жүйе қалыптасты. Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (1990 ж. 26 мамыр), Қазақстанның социалистік партиясы (1991 ж. 7 қыркүйек), Қазақстан халық конгресі партиясы (1991 ж. 5 қазан), Қазақстанның республикалық («Азат») партиясы (1991 ж. 4 қыркүйек, 1999 ж. 29 мамырда «Алаш» ұлттық партиясы болып өзгерді), Қазақстан коммунистік партиясы (1991 ж. қазан), Қазақстан халық бірлігі партиясы (1993 ж. 6 ақпан), Қазақстан халықтық-кооперативтер партиясы (1994 ж. 15 желтоқсан), Қазақстан дəуірлеу партиясы (1995 ж. 27 қаңтар), Қазақстанның демократиялық партиясы (1995 ж. 1 шілде), Республикалық еңбек саяси партиясы (1995 ж. 18 қыркүйек), т.б. құрылды. Көппартиялықты құқықтық жағынан реттеу Қазақстан Республикасы Конституциясының 5-бабында, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» (31.5.1996) жəне «Саяси партиялар туралы» (2.7.1996) Заңдарында қамтамасыз етілді. Қазақстанның көппартиялық жүйе дамуының келесі кезеңінде Қазақстанның азаматтық партиясы (1998 ж. 17 қараша), Қазақстан республикалық халықтық партиясы (1998 ж. 17 желтоқсан), Қазақстанның аграрлық партиясы (1999 ж. 6 қаңтар), Республикалық «Отан» партиясы (1999 ж. 19 қаңтар), «Азамат» демократиялық партиясы (1999 ж. 27 наурыз), Қазақстан əйелдерінің демократиялық партиясы (1999 ж. 21 маусым), Қазақстан патриоттарының партиясы (2000 ж. 1 шілде) құрылды. 2002 жылдың 2- жартысында Қазақстанның бірлескен демократиялық, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының құрылтай съездері болып өтті. 2002 ж. 15 шілдеде қабылданған «Саяси партиялар туралы» жаңа заңда саяси партиялардың құқықтық негіздері, олардың құқықтары мен міндеттері, қызметінің кепілдіктері белгіленді, саяси партиялардың мемлекеттік органдармен жəне басқа ұйымдармен қатынастары реттелді. Көппартиялық институтының пайда болуы елде азаматтық қоғам орнатудың маңызды белгілерінің бірі. Бұл қоғамның саяси жүйесінің тиімділігін, елде демократияның орныққанын, саяси құқықтардың қамтамасыз етілгенін дəлелдейді. 2002 ж. елімізде 16 партия тіркелді. «Саяси партиялар туралы» Заңға 2002 ж. өзгертулер енгізілуіне байланысты, 2003 ж. Қазақстанның азаматтық партиясы, Қазақстанның аграрлық партиясы, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы, Қазақстан коммунистік партиясы, Рес-публикалық «Отан» саяси партиясы, Қазақстан патриоттарының партиясы, Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясы қайта тіркеуден өтті. Қазақстандағы саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер əлеуметтік əділдік, демократиялық құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам, ұлтаралық жəне азаматтық келісім орнатуға жəрдемдесіп, Қазақстанның тұрақты дамуына, өзекті қоғамдық мəселелердің шешілуіне үлесін қосып келеді. Саяси партиялардың көпшілігі Республика президентінің алған бағытын, оның жүргізіп отырған саясатын жақтайтындар болып саналады. Қазақстанның тəуелсіздікке қол жетуімен қазақ халқының рухани өмірінде жаңа мəдени процестер кеңінен өріс алды. Халыққа білім беру, ғылым мен мəдениет өз дамуының даңғыл жолына шықты. Олар бұрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі партиялық идеология мен саяси қағидалардың қыспағынан құтылды. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтарына қарамастан Қазақстанда білім жүйесінде көптеген оң өзгерістер орын алды. Соңғы жылда-ры оқу мазмұны өзгерді, білім стандарттары жасалды, оқытудың жаңа əдістемесі енгізілді. Бірыңғай орта мектептермен қатар гимназиялар, лицейлер, жеке жəне авторлық мектептер ашылып, жұмыс істей бастады. Көптеген жаңа оқулықтар шығарылды. Мектептерде бұрын КСРО тарихы оқытылып келсе, енді қазақ халқының өз тарихы терең талданып оқытылатын болды. 2012 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын Қазақстан халқына арнады. Өзінің Жолдауында Елбасы өткен 15 жыл бойынша республика дамуының негізгі нәтижелерін талдады, қазіргі заманның басты үрдістері мен түйіндерін белгілеп, «Қазақстан – 2030» Стратегиясындағы көптеген тапсырмалар сәтті орындалды, енді елдің алдында жаңа тапсырма орын алып тұр – ол «Қазақстан – 2050» Стратегиясының іске асу негізіндегі дүниежүзінің дамыған 30 мемлекет қатарына кіру». Бұрынғы совет кеңістігіндегі стратегиялық жоспардың бірінші тәжірибесі мен қазақстандық қоғамның өміріндегі межелік оқиғасы ретінде «Қазақстан – 2030» Стратегиясы болды, ол бүгінгі таңда заманауи даму үлгілерін Қазақстан жолының өзгешелігінің терең түсінігімен байланыстырған интеллектуалдық өнімнің үлгісі болды. «Қазақстан – 2050» Жаңа Стратегиясы – ол бір жағынан «Қазақстан – 2030» Стратегиясы шеңберінде өткізілген реформалар курстарының жалғасуы болып табылса, екінші жағынан – бәсекелестіктің жаңа межелеріне арналған Қазақстан дамуының басты бағыттары анықталған дербес құжат болып табылады. Бұл құжатта ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды экономикалық, саясаттық және әлеуметтік дамудың жаңа деңгейіне әкелетін жеті стратегиялық басымдылықты анықтады. Дамудың Жаңа Стратегиясы еліміздің озық партиясы «Нұр Отанның» жаңа саяси бағытын жүзеге асырудағы маңызды тетіктердің біріне айналды. Партияны төрағалық ететін Көшбасшы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Нұр Отан – Нұрлы болашақ жолында» жаңа саяси доктринасын әзірледі – бұл негізгі қағидаттары, құндылықтары және ұзақ мерзімді болашаққа арналған қызметтің негізгі басымдылықтары нақты көрсетілген құжат болып табылады. Құжат 2013 жылы 18 қазан күні Астана қаласында «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XV құрылтайында баяндалды. 2014 жылдың 17 қаңтарында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Қазақстан Халқына арналған Жолдауымен сөз сөйледі. Ол «Қазақстан – 2050» ауқымды Стратегиясының нәтижелерін концептуалды талдауға арналған еді. Елбасы мемлекетіміздегі негізгі салаларды үдемелі дамыту қағидаттарын тұжырымдады. Жолдауда Президент жүзеге асып жатқан реформалар мен әлеуметтік-саяси жобалар арқасында еліміздің саяси беделі нығайып жатқанын атап өтті. «Қазақстан – 2050» Стратегиясын жүзеге асырудағы көрсетілген барлық тапсырмаларды Елбасы рухани саланың жандандыру қажеттілігімен нығайтады. 22 жыл бойғы егеменді дамудағы Қазақстандық жол тәжірибесі негізінде барлық қазақстандықтарды біріктіретін және ел болашағаның негізін қалайтын басты құндылықтар құрылды. Ең алдымен, Мемлекет басшысы еліміздің даму мақсатын анықтауда ұлттық бірдейлік негізін «Мәңгілік Ел» атты кең мағыналы түсінік түрінде (беделді, ұлы Қазақстан және оның халқы) енгізеді. Еліміздің Бірінші Президенті Н.Ә. Назарбаевтың пікірі бойынша Мәңгілік Елдің басты мемлекетті қалыптастыратын құндылықтар ретінде Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астана, ұлттық бірлік, қоғамымыздағы бейбітшілік пен келісім, зайырлы қоғам мен биік руханият, индустрияландыру мен инновация негізіндегі экономикалық өсім, Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы, тарих, мәдениет және тіл тұтастығы, дүниежүзілік және аймақтық мәселелерді шешуде еліміздің жаһандық қатысуы мен ұлттық қауіпсіздігі болып табылады. Осы құндылықтардың арқасында жаңа Қазақстанның халқы ылғи да жеңіп, ұлы жетістіктерді көбейте отырып,елін нығайта түсті. Бұл құндылықтар Қазақстанның халқын біріктірген және жаңа жетістіктерге ынталандыратын Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізінен құралады. 1999 жылы iс жүзiнде барлық өңiрлерде «Yкіметтік емес ұйымдар ақпарат орталықтары» ашылды, олардың басты мiндетi өңiрлiк үкiметтiк емес ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау, оларға консультативтiк көмек, ақпараттық жəне əдiстемелiк қолдау көрсету болды. 2000 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң («Epкін де еңселi əрi қауiпсiз қоғамға» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың түрлi топтарының мүдделерiн iске асырудағы рөлi күннен күнге артып келе жатқан үкiметтiк емес ұйымдарды дамыту үшiн жағдайлар жасау жөнiнде Үкiметке алғашқы тапсырмалар берiлдi. 2000 жылы мемлекеттiк билiк органдарымен (бұдан əрi — билiк) өзара iс-қимыл тетiктерiн жасау үшiн күш-жiгерiн шоғырландыратын Қазақстанның Үкiметтiк емес ұйымдарының (YEҰ) конфедерациясы құрылды. 2000 жылғы желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы əлеуметтiк əрiптестiк туралы» Қазақстан Республикасының Заңы атқарушы билiк органдарының өкiлдерi, жұмыс берушiлер мен жұмыскерлердiң бiрлестiктерi арасындағы мүдделердiң келiсiлуiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк саясат дəрежесiне көтердi. 2002 жылғы шiлдеде қабылданған жəне күшiне енген «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы елдiң партиялық жүйесiндегi одан арғы сапалық құрылымдық өзгерiстерге алып келдi. 2001 жылы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2002жылы Үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдау тұжырымдамасы қабылданды. 2003 жылы ел Үкiметi Үкiметтiк емес ұйымдарды мемлекеттiк қолдаудың 2003–2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекiттi, соған сəйкес облыстық (қалалық) бағдарламалар əзiрлендi. Сол жылдың өзiнде-ақ Əлемдiк жəне дəстүрлi дiндер лидерлерiнiң бiрiншi съезi өткiзiліп, оған көптеген көрнектi дiн қайраткерлерi, əр түрлi конфессиялардың өкiлдерi қатысты, «Бейбiтшілік пен келiсiмге» Декларациясы қабылданып, Бейбiтшiлiк пен тұрақтылық форумы құрылды. 2003 жылы Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ə.Назарбаевтың қатысуымен бiрiншi Азаматтық форум өткiзiлдi. Ол үкiметтiк емес сектордың саяси танылуын белгiледi жəне азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттiк органдардың өзара iс-қимылының жүйелi тетiктерi қалыптасуының бастауы болды. 2005 жылы екiншi Азаматтық форум өткiзiлдi, ол елдiң қоғамдық өмiрiне қатысуға бизнес-қауымдастықтардың тартылуына ықпал еттi. Орталық жəне жергiлiктi деңгейлерде «билiк—қоғам» серiктестiгiнiң ұзақ мерзiмдi тұрақты тетiктерiн жəне түрлi үндесу алаңқайларын құру жөнiндегi жұмыс белсендi жүргiзiле бастады. Қорытындысында, 2005 жылғы сəуiрде «Мемлекеттiк əлеуметтiк тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, ол билiк органдары мен YEҰ-ның өзара қатынастарының қағидалық жаңа жүйесiнiң құрылуына мүмкiндiк бердi. 2003–2005 жылдары бiрiн-бiрi алмастыра отырып, азаматтық қоғамды одан əрi Демократияландыру жəне дамыту жөнiнде ұсыныстар тұжырымдау жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн кеңес пен Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Демократия мен азаматтық қоғам мəселелерi жөнiндегi ұлттық комиссия жұмыс iстедi. Екi құрылымның да жұмысы мемлекет пен азаматтық қоғам институттары арасында Қазақстанның саяси дамуының аса маңызды мəселелерi жөнiндегi жалпыұлттық үндесудi тереңдету жəне саяси жүйенi жетiлдiру мен елде демократиялық қайтақұруды жүргiзуге бағытталған шараларды бiрлесiп тұжырымдау үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк бердi. 2006 жылғы наурызда Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын əзiрлеу жəне нақтылау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия құрылды, оның жұмысына саяси партиялар мен қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi қатысады. Барлық деңгейдегi əкiмдердiң халық алдында есеп беруiнiң шеңберiнде елде əкiмдерге қоғамдық сенiм комитеттерi (ƏҚСК) сияқты азаматтық бақылау нысаны дами бастағанын атап өтуге болады. Əкiмдерге қоғамдық сенiм комитеттерiнің жұмысының тəжiрибесi мемлекеттiк органдардың қызметiн азаматтық қоғам институттары бақылауының ықтимал өнiмдi модельдiк тетiгi ретiнде зерделеудi талап етедi. Сөйтiп, өткен жылдары елде азаматтық қоғам институттары — саяси партиялар, коммерциялық емес (үкiметтiк емес) ұйымдар, кəсiподақтар, ұлттық-мəдени бiрлестiктер, мемлекеттiк емес бұқаралық ақпарат құралдарының жəне тұтастай алғанда мемлекеттiк емес секторды бiлдiретiн басқа да институттар қалыптасып, қазiргi уақытта мейiлiнше тез дами бастады. Бүгiнгi күнi Қазақстанда 12 саяси партия, түрлi бағыттағы 5820 YЕҰ, 3340 қоғамдық қор, 1072 заңды тұлғалар қауымдастығы, 471 ұлттық-мəдени бiрлестiк, 40-тан астам конфессиялар мен деноминацияларды бiлдiретiн 3340 дiни бiрлестiк, түрлi меншiк нысанындағы 6646 бұқаралық ақпарат құралдары ресми тiркелiп, жұмыс iстеуде. Осы жəне басқа да азаматтық қоғам институттары елдi одан əрi демократияландырудың маңызды ресурсына айналды.
Азаматтық қоғам — табиғи жəне жеке құқықты құқықтық реттеудің кеңістігі, объектісі, аймағы.
Құқықтық мемлекетте позитивті жəне көпшілік құқығының басымдылығы танылады. Бұндай бөліністің шарттылығын да ескерген жөн. Азаматтық қоғам позитивті құқықты, мемлекетпен қабылданған заңдарды елемеуі мүмкін емес, өйткені заң шығару органдарына өздерінің өкілдерін жібереді, олар жеке құқық заңдарын да қабылдайды. Азаматтық қоғам жəне құқықтық мемлекеттің өзара қатынасы белгілі бір дəрежеде көпшілік құқығы нормаларымен реттеледі. Олардың көмегімен мемлекет азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, азаматтық қоғамның көптеген институттарын қорғауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституциясының 18-бабының 3-пункті бойынша азаматтар мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктерден, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарынан еркін ақпарат алуға құқықты. Осы салаға қатысты басқа да қалыптық-құқықтық актілерде сөз бостандығы және ақпараттану құқықтары туралы айтылған. Азаматтар өздерінің ой-пікірлерін еркін баяндауға да құқықты. Бүгінгі демократиялық қоғамдардың негізгі шарттарының бірі еркін БАҚ-тың болуында. БАҚ-тың еркіндіктерімен қатар мемлекеттің әлеуметтік, саяси және экономикалық өмірін дамытудағы жауапкершіліктері де демократиялық елдерде алдынғы қатардағы маңызды мәселенің бірі болып табылады. Бізде демократиялық мемлекеттерде «төртінші күш» деп аталатын бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) төңірегіндегі дау басылар емес. Әлемнің ең демократиялы, ең еркін саналатын елдерінің өзінде БАҚ сөз бостандығының жетіспейтіні және журналистердің проблемалары туралы ақпараттарды таратып жатады. Мұның негізінде жалаң кәсіби себептерден гөрі БАҚ-ты билейтін саяси, қаржы және экономикалық күштердің өз мақсаттарын толықтай орындай алмауы тұрса керек. Өйткені, қылмыскерлердің кесірінен тек журналистер ғана емес, көптеген қарапайым азаматтар да жапа шегуде. Ал, олардың қолында газет яки телевидение болмағандықтан, шулатып қоғамдық пікір тудыра алмайды. Сол себепті, БАҚ уәкілдеріне жасалған қылмыстық әрекеттерді, егер саяси астары немесе журналистің кәсіби функциясына қатысы болмаса, әдеттегі қылмыстармен бірдей қараған жөн. Сірә, мемлекет азаматтарын кәсіби ерекшеліктері бойынша емес, азамат болғандықтары үшін қорғайды. Елімізде сөз бостандығы және БАҚ саласында кейбір өзекті проблемалардың бар екені рас. Бірақ, бұл заңдарымыздың шикілігінен яки еркіндікті шектеуінен емес, көбінесе журналистер уә атқарушы билік уәкілдерінің заң нормалары мен кәсіби ережелерді жөнді орындамауынан, өз құқықтары мен бостандықтарын жете білмеуінен туындауда. АҚШ, Германия (ГФР), Швеция, Швейцария, Түркия және Қазақстан елдерінің «БАҚ», «Бұқараны мәліметтендіру», «Ақпарат еркіндігі», «Баспасөз еркіндігі туралы Акт», «Баспасөз Заңы» сияқты заңдарын салыстырғанда 1999 жылы қабылданған «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы ҚР Заңының» халықараық талаптарға сәйкес екені аңғарылады. Қайта, аталмыш елдердің заңдарында бізден өзгеше шектеулер мен жазалау шараларының (қаржылай санкциялар мен бас бостандығынан айыру) бар екенін байқауға болады.
2002 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында Адам қүқықтары жөніндегі уәкіл қызметін белгілеу туралы» Жарлықты қабылдау арқылы Қазақстан Республикасында Адам қүқықтары жөніндегі уәкіл институты қүрылды. Заңға сәйкес, Омбудсменді ҚР Президенті ҚР Парламенті комитеттерімен кеңескеннен кейін тағайындайды. Бұл Омбудсменнің Қазақстандағы саяси-қоғамдық деңгейінің жоғарылығын көрсетеді. Өйткені, Омбудсмен болуға үміткерлердің кандидатурасын талқылауға және тағайындауға әрі Президент, әрі Парламент мүшелері қатысып отырады. Омбудсменнің жүмыс істеу мерзімі заңнамада бекітілгендей — 5 жыл. Адам қүқықтарын қорғап-қолдауда Омбудсмен көптеген өкілеттіктерге ие. Бүл жерде ҚР азаматтары ғана емес, сондай-ақ ҚР-да түрып жатқан шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар жайында сөз болып отыр. Өзінің іс-әрекеті аясында Омбудсмен қүқылы: Кез келген адамның қүқықтарын мемлекеттің лауазымды түлғалары бүзған жағдайда, тергеу бастауға; Қылмыс бойынша арыз келіп түссе де, түспесе де Омбудсмен тергеу бастауға қүқылы. Осылайша, Омбудсмен өз еркімен тергеуді бастауына болады. Адам қүқықтарының бүзылуы бойынша басталған тергеудің жан-жақты жүргізілуін қамтамасыз ету үшін іс-шара қабылдауға. Омбудсмен институты мемлекет пен қоғамда әрекетті қүқық қорғау механизмі ретінде қажетті берік орынды иеленгендігі туралы түжырым жасауға мүмкіндік береді. Қазақстанда мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, 2003 жылдың желтоқсан айынан бастап өлім жазасының орындалуына мораторий жарияланғаны белгілі. 2003 жылдың қарашасында Қазақстан президенті республиканың «Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пакт» пен «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге» қосылуы туралы жарлыққа қол қойды. Қазақстан өзінің қосылатынын жариялап отырған бұл екі пактіге қосымша тағы екі құжат бар. Олардың біріншісі – «Азаматтық және саяси құқықтар туралы пактіге қатысты факультативті хаттама», ал екіншісі «Өлім жазасын жою бағытталған, азаматтық және саяси құқытар туралы халықаралық пактіге қатысты екінші факультативті хаттама» деп аталады. Бұл хаттамалар жаңағы пактілермен бірге адам құқықтарына байланысты құқықтық қатынасты реттейді.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан
экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында».
Бұл Жолдауда экономикалық және әлеуметтік дамудың жаңа критерийлері баяндалған. Кластерлерді құру мен дамытудың бірінші кезектегі маңызы бар: мұнай-газ саласы, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызмет, металлургия, құрылыс, туризм. Мемлекеттің дамуындағы білім берудің ерекше орны көрсетілген. Республиканың жоғары оқу орындары әлемдік стандарттар деңгейіне сәйкес білім беруге тиіс, ал жетекші жоғары оқу орындарының дипломдары айырбасталатын болуға міндетті. Оқуға мемлекеттік гранттар үлесінің айтарлықтай артқаны туралы жарияланды (50% — ға дейін). Болашақта 12 жылдық орта мектепке көшу туралы мәселе қойылды. Жаңғырту, халықтың әл-ауқатын арттыру жолында экономиканы дамытудың негізгі міндеттері айқындалды, бұл елдің саяси беделін де қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 2005
жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында а т а п кө р с е т ке н і н д е й: Бү к і л д ү н и е ж ү з і л і к банктің жіктемесі бойынша қазіргі уақытта Қазақстан кірісі орта деңгейдегі елдердің тобына кіреді. Егер өмір сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстыратын болсақ, онда соңғы 10 жылда (1995-2005 жж.) қазақстандықтардың орташа ақшалай кірісі 5 есе; ал орта айлық жалақысы 6 есеге жуық; ең төменгі табыс мөлшері 25 есе; зейнетақылардың орташа айлық мөлшері 4,6 есе; жеке тұлғалардың банктердегі депозиттері мен бір кісінің жасайтын салымының көлемі тиісінше 35 жəне 37 есе өскенін көреміз. Экономикамыздың қарқынды өсуі мемлекеттік шығыстардың əлеуметтік бағдарлануын едəуір кеңейтуге мүмкіндік берді, мұның өзі экономикамыздың айтарлықтай бекемдік деңгейіне жеткенін айғақтайды. Тұтастай алғанда, 1997 жылдан 2007 жылдың аяғына дейінгі кезеңде еңбекақының ең төменгі мөлшері 4,5 еседен астамға өсті, орташа айлық номиналды еңбекақы 8,5 мың теңгеден 50 мың 800 теңгеге дейін — 6 есеге жуық артты. Барлық соңғы жылдар бойында орташа еңбекақы деңгейі жөнінен Қазақстан ТМД-да көшбасшы елдердің бірі болып табылады. 2002 жылдан бастап реформалау жүзеге асырылып, бюджет саласы қызметкерлерінің еңбекақысын өсіру үрдісі қалыптасып келеді. Оның деңгейін жүйелі арттырудың арқасында 2007 жылы бюджетшілердің еңбекақысы 2,5 еседен астамға артты. Мемлекеттік əлеуметтік жəрдемақының орташа көлемі 1998 жылдан бері 3 есеге жуық өсті. Бүгінде 630 мыңдай адам мемлекеттік əлеуметтік жəрдемақы алады. Жалпы алғанда, ел экономикасы 2001 жылдан бастап жылына орта есеппен 10 пайызға өсіп отырды. Бұл өте үлкен де жедел өсу болып саналады.
Алғашқы жылдардағы кездескен көптеген қиыншылықтар мен қайшылықтарға қарамастан экономиканы дамытуда, əлеуметтік мəселелерді шешуде біршама жұмыстар атқарылды жəне елеулі табыстарға қол жетті. Соның нəтижесінде біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің арасында өзінің əлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан алдыңғы қатарға шығып отыр. Қазақстан бүгін əлемнің ең серпінді дамып келе жатқан елдерінің бірі саналады. Еліміз əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына ену жөніндегі міндеттерді шешуде айтарлықтай ілгері жылжыды. Біздің мемлекет тəуелсіздіктің он алты жылында экономикалық, əлеуметтік қуатты реформаларды жедел де тиімді іске қосып, қай салада да ТМД елдері
ішінде көшбасшы атанды. Бүгінгі таңда біздің еліміз өзінің алдына әлеуметтік жаңғыру, үдемелі инновациялық индустрияландыру және өзара тиімді экономикалық ықпалдастық бойынша жаңа ауқымды міндеттер қоюда. Тәуелсіздіктің 20-жылындағы жеткен жетістіктерді орнықтыра отырып, Қазақстан XXI ғасырдың үшінші онжылдығында әлемнің дамыған елдерінің қатарына қосылуды көздеп отыр. Бұл ретте, жастарға аға буын бастаған эстафетаны жалғастыру, ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру, ХХІ ғасырда Қазақстанның өркендеуі мен әлемге танылуын қамтамасыз ету жауапкершілігі жүктеледі. Мұндай міндет елжанды, білімді, кәсіби, жаны мен тәні сау, рухы асқақ, бәсекеге қабілетті, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілігі биік жастардың ғана қолынан келеді. Осыған байланысты, мемлекеттің басты міндеті мемлекеттік жастар саясатын қазіргі өмірге бейімдеу, жастарды Қазақстанның бәсекеге қабілетті аса маңызды әлеуеті ретінде қалыптастыруға бағытталуы болып табылады. Жаңартылған мемлекеттік жастар саясаты ел жастарын табысты әлеуметтенуге, олардың тиімді дамуына жағдайлар мен мүмкіндіктер жасауға бағытталған мемлекеттік басымдықтар мен шаралар жүйесі ретінде Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, оның бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз етуге, ұлттық қауіпсіздік пен халықарлық беделінің нығаюына көмектесуі қажет. Тәуелсіздіктің 20 жылында мемлекеттік жастар саясаты қалыптасудың
негізгі кезеңінен өтті.
1994 жылы Қазақстан Бала құқықтары туралы конвенцияны ратификациялады. 1999 жылдың 28 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімімен Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы бекітіліп, осы саладағы негізгі басымдықтар айқындалды. Оның шеңберінде жастарға арналған әлеуметтік қызметтер желісі құрылды, ювеналды әділетті қалыптастырудың негіздері қаланды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 ақпандағы «Қазақстан жастары» атты бағдарламасында еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласында жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету, қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру үдерістеріне кеңінен тарту үшін жағдайлар жасау көзделді. Жастар саясатының 2003-2004 жылдарға арналған салалық бағдарламасы аясында жастардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдау бойынша шаралар қарастырылып, экономикалық ой-сананы қалыптастыру және республика өңірлерінде жұмыс жасау тетіктері айқындалды. «Жастар саясатының 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы» жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, олардың әлеуметтенуі үшін жағдай жасауға, еңбек және жұмыспен қамту саласында жастар ұйымдарының қызмет етуіне бағытталды. 2006-2008 жылдары патриоттық тәрбие беру жүйесін дамыту мен қазақстандық патриотизмді нығайтуға бағытталған Қазақстан Республикасының азаматтарын патриоттық рухта тәрбиелеудің мемлекеттік бағдарламасы іске асырылды. 2010 жылдан бастап, жастар саясаты 2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Жалпы, болашақ қазақстандық ұрпақтың қалыптасуы мен олардың жан-жақты дамуы үшін әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға жастарға арналған арнайы бағдарламалар ғана емес, қазіргі кезде елімізде іске асырылып жатқан кең ауқымды білім, денсаулық сақтау, тіл, үдемелі-индустриалық даму мемлекеттік бағдарламалары; «100 мектеп, 100 аурухана», «Балапан», «Еңбекпен қамту-2020», «Бизнестің жол картасы — 2020», «Қолжетімді баспана — 2020» сияқты салалық бағдарламалар да бағытталған. Жастар ұйымдары мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда маңызды рөлге ие. Соңғы онжылдықта олардың саны елімізде жеті еседен артық көбейді. Жастарды «Қазақстан жастарының конгресі», «Нұр Отан» ХДП жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты» сияқты бұқаралық ұйымдарға шоғырландыру үдерісі жалғасуда. 2005 жылы студент жастардың «Қазақстан студенттерінің альянсы» бейресми бірлестігі құрылды. Ол бүгінгі таңда студент жастардың өзекті мәселелерін шешуге белсене араласып отыр. «Қазақстанның жастар парламенті» жұмыс істейді. Ал, республиканың он алты өңірінде жастар мәслихаттары қызмет етеді. 2011 жылы басым бағыттары патриоттық тәрбие ісі болып табылатын «Жас қыран» және «Жас ұлан» атты балалар мен жасөспірімдердің жаңа ұйымдары құрылды. Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Жастар саясаты жөніндегі кеңес құрылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2012 жылы еліміздің барлық аумақтарында бөлімшелері бар Жастар ісі жөніндегі комитет құрылды. Қазақстанда бірқатар жастар бағдарламалары мен бастамалары іске асырылуда: «Жастар тәжірибиесі», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға!», «Жастардың кадрлық резерві», «Мемлекеттік қызмет мектебі», «Жастар – Отанға!». Бұл бастамалар жағымды қоғамдық сипатқа ие болуда.
Дін және қоғам — бір-бірінен ажыратылмайды феномендері. Қазақстандағы этносаралық және дінаралық достық қарым-қатынастар көптеген елдер үшін үлгі болып табылады: республикада дінаралық қақтығыстар болған жоқ. Конституциясына Ретінде Қазақстан өзін зайырлы мемлекет ретінде орнықтырады. «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген. Егер олар заңнамаға қайшы келмесе, мемлекет діни бірлестіктердің қызметіне араласпайды. Қазақстан БҰҰ мүшесі ретінде 1995 жылғы 16 қарашада ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 28-сессиясында бекітілген және қол қойылған төзімділік қағидаттары туралы Декларацияны қолдайды, сондықтан елдің конфессиялық саясатында діни төзімділік пен әлемнің қағидаттары негізгі орын алады. Қазақстан-конфессиялық көзқарас тұрғысынан басым
бірақ мұсылман. БҰҰ мәліметтері бойынша, 1996 жылы әлемдегі мұсылмандар саны 1,5 млрд адамға жетті. 55 мұсылман елдері Ислам Конференциясы Ұйымының мүшелері болып табылады. 1990 жылы Қазақстанда тәуелсіз мекеме — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) құрылды. 2000 жылы ҚМДБ съезінде төраға болып ғалым-филолог, профессор Әбсаттар Дербісәлі сайланды. Басым көпшілігі қазақстандық мұсылман сүнниттер құрайды, және тек шағын бөлігі дінге сенушілердің шииттік бағыт ұстанады.
Қазақстандағы екінші дін православие христиандығы болып табылады, ол негізінен орыс, украиндар, белорустар және басқа да бірқатар этностар ұстанады. Қазақстанда діндер мен діни бірлестіктердің толерантты қатар өмір сүруі орын алуда.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 140 этникалық және 40 конфессиялық топ өкілдері татулық пен түсіністікте өмір сүруде. Діннің қоғамдағы маңызы артқанын жіті сезіне отырып, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республика елордасы – Астана қаласында әлемдік және дәстүрлі діндер форумын өткізу бастамасын көтерді. Мемлекет басшысының пайымдауынша, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары арасындағы сенім мен өзара түсіністікке негізделген диалог осы саладағы халықаралық ынтымақтастық үшін кең мүмкіндіктерге жол ашады және заманымыздың күш көрсету, экстремизм, терроризм сияқты келеңсіз құбылыстарын еңсеруге ықпал ететін болады.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының I съезі 2003 жылы 23-24 қыркүйекте Астанада өтті. Оның жұмысына ислам, христиандық, иудаизм, синтоизм, индуизм және буддизмнің мейлінше беделді өкілдері қатысты.
Съездің қатысушылары құрамының көрнекілігі мен жоғары деңгейі конфессияаралық форум өткізу жөніндегі Қазақстан бастамасының жүзеге асуының даусыз табысына айналды. Діндер диалогы І Съездің тұжырымдамалық идеясы және дау-дамайды шешу тәсілі ретінде дінаралық және ұлтаралық қарым-қатынастардағы күш көрсету мен террор әдістеріне қарсы қойылды. Съезге қатысушылар арасында бүгінгі әлемдегі діннің рөлі және кез келген діннің негізгі моральдық құндылықтарының жалпыадамзаттық сипаты жөнінде ашық пікірлесу өтті.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезі 2006 жылы 12-13 қыркүйекте Астанада өткізілді. Съезд арнайы форум өткізу үшін салынған жаңа «Бейбітшілік және келісім сарайы» ғимаратында өтті. Форум «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» атты жалпы тақырып аясында «Діни наным-сенім бостандығы және өзге дінді ұстанушыларды құрметтеу» және «Діни көшбасшылардың халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі» деген екі негізгі бағыт бойынша өткізілді. Екінші форум жұмысына 29 делегация қатысты.
Еуропа, Азия, Таяу Шығыс және Американың 35 елінен 77 делегация қатысқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының III съезі 2009 жылы 1-2 шілдеде Астана қаласында өтті. Оның басты тақырыбына кез келген мәселенің оң шешілуіндегі рухани көшбасшылар рөлін олардың өзара құрмет пен ынтымақтастыққа негізделген толерантты әлемді қамтамасыз етуге қосқан үлесі аясында арттыру жайы арқау болды. Сонымен қатар, Съездің өткізілуіндегі жаңалық бейбітшілікті қамтамасыз етумен, қазіргі әлемдегі келісім және үнқатысумен байланысты өткір мәселелерді талқылау жөніндегі секция отырыстарын ұйымдастыру болды. III Съезде секция отырыстары үшін мынадай тақырыптар таңдап алынды:
1) Моральдық және рухани құндылықтар;
2) Әділеттілік, бейбітшілік және қауіпсіздік;
3) Қоршаған орта және үйлесім;
4) Диалог және әріптестік;
5) Дағдарыстар кезеңінде аса қажет ынтымақтастық.
Үшінші форумның қорытындысы бойынша қатысушылар жұртшылықты шынайы дінаралық диалог орнату үшін діни көшбасшылар мен ұйымдардың күш-жігерін қолдауға және арттыруға, діндер мен өркениеттердің өзара түсіністік пен құрметті жақсартуға бағыталған үнқатысуын қолдауға ықпал етуге шақырған бірлескен декларация қабылдады.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының IV съезі 2012 жылғы 30-31 мамырда Астанада өтті. IV Съездің басты тақырыбы «Бейбітшілік пен келісім адамзат таңдауы ретінде» деп аталды. Форумға әлемнің 40 елінен 85 делегация қатысты.
IV Съезд аясында Діни көшбасшылар кеңесінің бірінші отырысы болып өтті. Діни көшбасшылар кеңесінің мақсаты – жұмысы мәдениеттер диалогына және экономикалық өзара ықпалдастыққа бағытталған өзге де форумдар мен халықаралық ұйымдармен диалог және ынтымақтастықты қамтамасыз етудің басымдықтары мен тетіктерін айқындау болып табылады.
Форум төрт секция отырысы бойынша өтті: 1) «Орнықты дамуға қол жеткізудегі діни көшбасшылардың рөлі». 2) «Дін және мультикультурализм». 3) «Дін және әйелдер: рухани құндылықтар мен заманауи талаптар». 4) «Дін және жастар».
Съезд жұмысының қорытындысы бойынша Қатысушылардың үндеуі қабылданды. Бұл құжаттан биік рухани мән-мағынаға толы үн байқалып тұрды. Діни көшбасшылар бүкіл адамзатты ғаламшарымыздың болашағы үшін өзара ықпалдастыққа, келісім мен бейбітшілікке, әділеттілік пен жасампаздыққа ұмтылуға шақырды.
Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз. Көп этносты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған. Қазақстан жаһандық конфессияаралық үнқатысу орталығы
болып саналады деп көрсетеді. Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі міндеттері:
1. Азаматтардың діни сенім бостандығына құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз ету және діни бірлестіктермен өзара әрекеттестік орнату.
2. Қазақстандық қоғамда конфессияаралық келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету, конфессияаралық диалогты ұйымдастыру және қолдау.
3. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл, дін саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Көрсетілген міндеттер орталық мемлекеттік органдармен қатар жергілікті атқарушы органдар саясаты ретінде жүзеге асырылады.
.