ЭЛЕКТРЛІК КҮБІ
Нұржан Айбын,Әл-ФарабиатындағыҚазҰУ;
Рамазанова Айжан(Қазақстан) Алматы облысы Іле ауданы
№12 орта мектептің 10-сынып оқушысы
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Ембергенова К.Р.
Мынау, ғылым-техниканың ұшқан құстай дамыған зымыранды дәуірге байланысты, дамып жатқан жасампаздықтар қаншама, сол себепті қазақтың атадан келе жатқан қарапайым тапқырлығы ғылымның дамуына да байланысты. Тағы бір қырынан, яғни, адам күшінің ток күшіне айналу үстінде қазақтың ұлттық тағамы мен ұлттық ерекшелігіне байланысты.
Бұл ғылыми түрде физикалық жақтан тапқырланып өзгеріске ұшырауда. Біздің бұл кішкентай тапқырлығымыз, ұлт назарынан шығуы мүмкін деп ойлаймыз.
Бұл кішкентай тапқырлықты түсіндіретін болсақ, күбі — дегеніміз қазақ ұлтының құрт пен сары майды айырып алатын аспабы. Ол презенттен, теріден, ағаштан т.б материалдардан жасалады, оны адамдар қазірге дейін қолмен пісіп келе жатыр. Бұл осы тапқырлықта электр күшімен жұмыс істейтін құрылғыға айналмақ. Көне аспапта адам күші мен уақыт көп сарп етіледі, ал бұл аспаптың ерекшелігі, адам күші сарп етілмейді және уақыттан ұтымды, ал уақыты бұрынғы 2 сағаттан қазір 20 минут уақытқа дейін қысқарады, әрі майы толық алынып құрты аппақ болады. Бұл аспаптың құрылысына келетін болсақ, насостың үлкендігіне байланысты іркіт сақтайтын күбінің көлемі шектелмейді.
Электрлі күбінің құрылысына тоқталайық.
Құрылысы:
1-табиғи сүт құятын ыдыс;
2A, 2B-сүтті араластыратын парақшалар;
3-2A, 2B парақшаларды қарама қарсы айналдыратын тісті болт;
4-бөлініп шыққан көк сүт құйылатын ыдыс;
5A, 5B-кілегей және көк сүт ағатын түтікше;
6A, 6B, 6C-моторлар;
7-электр тоғына қосатын тоқ сымы;
7A, 7B, 7C-айырып-қосқыштар;
8A, 8B-ұзартып-қысқартқыш;
9-кілегейді араластыратын парақша;
9A-парақшаны шығарып алатын басқыш; (кнопка)
10-жіп тәріздес жіңішке трос;
11-360 градусқа айналатын болт;
12-табақшалар;
13-май ағатын табақша;
14-дайын май түсетін ыдыс.
Жұмыс істеу барысы:
7-тоқ сымды электр қуатына қосамыз да, 7A-айырып-қосқыш арқылы 6А моторын іске қосып сүтті араластырамыз, кілегей мен көк сүт бөлініп, 5В 5А түтікшелер арқылы екі жаққа ағады. Осы кезде 7В айырып-қосқыш арқылы 6В моторын іске қосылады, 6В моторы 9-парақшаны айналдырып кілегеиді шайқайды. Кілегей шайқалып маиға айнала бастайды. Майға айналгансоң, 6В моторын өшіріп, 9А басқышы арқылы 9-парақшаны құрылғыдан ажыратамыз. 7С айырып-қосқыш арқылы 6С моторын іске қосамыз, содан мотор 8А — больт тәріздес металл бұрғы оңға қарай айналады да, 8В-ұзарып-қысқартқышты сыртқа қарай итеріп шығарады. Майды итеріп шығаратын табақшаны алға қарай жылжытқанда оған бекітілген жіп тәріздес трос әр бұрыштарда орналасқан біліктерді айнала отырып, керіледі. Трос керілген сайын 12-табақша жоғары көтеріліп отырады да майдың сыртқа 13-табақша арқылы 14-ыдысқа ағып шығуына мүмкіндік береді.
Электрлі күбі ерекшеліктері:
1) электр тогын аз мөлшерде қабылдайды;
2) шығынсыз май алуға болады;
3) аз уақытта май ала аламыз;
4) көп күш жұмсауды талап етпейді;
5) материалына да аз жұмсалады;
6) бағасы қол жетімді;
7) шағын, көп орын алмайды;
8) ауылдық жерлерде таптырмас құрылғы;
Қорытындылай келе, қазіргі таңда заман талабына сай тұрмыс-тіршілігімізге қажетті заттардың ерекше көп қажет екенін ескерсек, осы қажеттіліктен туындайтын біздің әрбір идеямыз, жобамыз сәтті жолын тауып орындалып жатса, өндірістен шығып жатса, нұр үстіне нұр болар еді.
Біздің «Электрлі күбі» атты жобамыздың бірден-бір ерекшелігі сонда, электр тогын көп жұмсамаймыз, шығыны аз, пайдасы көп, уақыт жағынан ұтымды, үнемді. Сонымен қатар, материалына да аз жұмсалады, бағасы қол жетімді, шағын, көп орын алмайды және ауылдық жерлерде таптырмас құрылғы болып табылады.