ШАҢДЫ ЖОРЫҚ ЕКІ ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ СОҒЫСТЫҢ АҚЫРЫ (1771 ЖЫЛ)

ШАҢДЫ ЖОРЫҚ ЕКІ ЖҮЗ ЖЫЛДЫҚ СОҒЫСТЫҢ АҚЫРЫ (1771 ЖЫЛ)

Нұрқанат Құндыз (Қазақстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Нусупбаева С.А

Екі жүз жылға созылған ойрат-қазақ соғысының нәтижесі қазақ халқының санасында «Шаңды жорық» деген атпен қалды. Осы жорықтағы оқиғалармен байланысты көптеген тарихи аңыздар сақталған.Тіпті «Шаңды жорық» деген күй де бар.Шындығында, бұл шаңдауыт дауылды көкке көтерген жорық емес. Қатыгездігі жағынан қалмақтармен соғыс тарихындағы адам қаны судай ағып, ажал құшқандардың санына жетіп болмайтын ең ақырғы және ауыр шайқас болды.
Еңсегей бойлы ер Есім дәуірінде ойраттардың жеңіліс тапқан бір бөлігі көпшіліктен бөлініп, батысқа қоныс аударады. Негізінен, торғауыт руынан тұратын осы бір жау жүрек ұлыс Ноғай Ордасын талқандап, халқын туған жерінен тықсырды. Өздері Еділдің жағасына орнықты осылайша, ХVІІ ғасыр ортасында Қазақ Ордасының тылында тағы бір қалмақ хандығы құрылды.Уақыт өте келе Еділдегі қалмақ ұлысы Ресейдің бодандығын қабылдады. Бірақ ішкі дербестігін сақтап қалдыжәне Осман империясына қарсы соғыстарға қатысты,барлық уақытта бір жарым ғасыр бойы Қалмақ хандығы айналасындағы түркі халықтарына, тіпті Шығыс Еуропаның мұсылман қауымдастығына қатысты саясат ұстанды. Ол ноғайларды толығымен тарқатып жібереді, башқұрттарды туған елінен шектетті, Дағыстан мен Кабардаға шапқыншылықтар жасады, Қырым ханына Ресейдің жазалаушы отряды қызметін атқарды.Қалмақ хандығының шығыстағы көршісі – Қазақ Ордасымен қарым-қатынасы күрделі еді.Бірақ 1635 жылы Жайық бойында Салқам Жаңгірден ойсырай жеңілгеннен кейін біраз уақыт тынышталып қалған.Алайда ұлыс Дурбун – ойраттың күшеюіне байланысты алыстағы Жоңғариямен байланыс орнатып,ара-тұра бұрынғы қиқары мінезін байқатып қоятын.
Ақыры ХVIII ғ. ортасында Жоңғария толығымен талқандалды. Еділ қалмақтары да сабасына түсті. Бірақ олар жападан-жалғыз қалғандықтан немесе қазақтардың ауыр соққысынан есеңгірегендіктен емес,Ресейдің отарлық қыспағы бұрынғыдан күшейе түскендіктен үнсіздік сақтады.Патшалық үкіметтің бұл бағыттағы жауыз саясатының бетпердесін ашатын бағдарламалық құжаттардың бірінде мындай ұстаным көрсетілген: «Егер қалмақтар бізге қандай да бір қарсылық көрсететін болса,оларға қазақтарды айдап салу қажет, керісінше қазақтар жағымсыз қатынас байқатса,ол жерге қалмақтар мен башқұртарды бағыттаған дұрыс, егер олар бір-бірін осылай қыспаққа алса,біз оларды орыс әскерін қолданбай-ақ бағындырамыз.Қалмақтар,Башқұртар мен қазақтарды тек осылай,өзара қастықта ұстау керек».
Адам шығыны күн санап өсе берді,қалмақ халқының қайғысы да арта түсті.Мыңдаған жас жігіт туған елден алыста, жорықтарда жүрді.Олар Ресейдің барлық соғыстарына қатысты. 1861 ж. хан билігі жойылып,игерілген Еділ жағасына Ресейден жер аударылғандар келіп, анағұрлым жерлерді,жайылымдар мен айдындарын тартып ала бастады. Қазақтардыңмалы мен адамдарын алып кету, тонау,күш көрсету жағдайлары жиілеп кетті. Жергілікті халықты күшпен шоқындыру басталды. Тап осы кезеңде қалмақ халқының санасында шығысқа ата-баба жері Жоңғарияға оралу арманы туды. «Ойраттарды қырып-жойғаннан кейін бабалар жері қаңырап, иесіз қалды» деген сыбыс тарап кетті.Халық көсемдері Убачи мен Верен тайшы руластарына барлық Еділ қалмақтарының Жоңғарияға оралу керектігін айтып, ұлы көшке аттануға үгіттеді. Бұлыңғыр болашаққа үміт артқан қалмақ халқы 1770 ж. күзде ұлы көшке бел буды.Қоныс аудару қаңтар айының басына белгіленді. Алайда белгіленген 5-қаңтар күні қатты аяз болды. Еділдің мұзы жарылып, сызаттардан су шықты. Нәтижесінде 11 198 отбасы өзенен өте алмағандықтан көшке қосыла алмады.Олар мәңгі-бақи Ресейдің аумағында қалды.Ал дер кезінде өзеннен өтіп, барлық мал-жанымен Жоңғарияға бет алғандардың саны 30909 отбасын құрады. Бұл-шамамен 170-180 мың адам.Қалмақ көші қазақ территориясынан өтуге мәжбүр еді. Басқа жол жоқтың қасы.Селдей қозғалған қалмақтар жолында кезіккен бірнеше қазақ ауылын қырып-жойып,аз уақытта Жемнің жағасына дамылдады. Олардың Ырғыз арқылы өтіп,Сарыарқаның бойымен жүріп, Жетісу арқылы Жоңғарияға жетуді көздегені белгілі болды.
Қалмақтардың таяп қалғанын естіген Кіші жүздің ханы Нұралы әскерін шұғыл дайындап,олардың алдынан шықты. Бірінші шайқас Жемнің бойында өтті.Убачи жеңіліске ұшырады. Ол шегініп баражатып Нұралыға жазған бітімге келу туралы хатында орыстардан ата-баба жеріне қашуға мәжбүр екендігін,сондықтан қантөгісті тоқтатуын сұрайтынын айтқан.Нұралы жауап хатында қазақ жерін босатып,кері қайтуды талап етті.Ақтабан шұбырынды заманынан бері арада небәрі елу жыл өтті.Жонғарлардың осы бір жантүршігерлік шапқыншылығын көргендердің көпшілігінің көзі тірі еді. Жонғариямен соғыстың аяқталғанына бір мүшелден астам ғана уақыт өтті. Сондықтан қалмақтармен шайқасуға қазақтарды үгіттеудің қажеті жоқ еді. «Қалмақтар таяп қалды» деген дабыл қағылса болғаны, қазақтар жалма-жан атқа отыратын.
Жылы орындарын тастай көшкен қалмақтар кері қайтуды қаламады. Сондықтан Убачи Нұралы ханның талабын жауапсыз қалдырды. Қалмақ көші Мұғалжарды айналып,қазақтар тығыз қоныстанған аймақтарды мүмкіндігінше айналып өтуге тырысты. Олар алған бағыттарымен жылжи берді.
Қашқындар көктемдегі су тасқыны кезінде қамыстан сал жасап, Торғайдан әзер өтті. Жылқылар мен малдар арып ашыды.Адамдар да қатты қалжырады. Қаралы көштің соңында қалған әлі құрып, жан тапсырған жандардың саны арта түсті. Қазақтар көштің бағытын жиі бақылады. Кейде жауға қапталдан бас салып,мың сандап қырды. Бүтін ауылды алдарына салып, орасан олжаны таратып алатын. Әрине, қалмақ көшін қорғансыз немесе дәрменсіз керуен деп елестету ағаттық болар.Қалмақтар Қырым мен Кавказдағы соғыста әбден шыныққан, жақсы қаруланған әрі соғыс қимылдарын жүргізуге машықтанған еді. 1773 жылы 26 қаңтарда қазақ тұтқынынан қашқан Дерегар деген Еділ қалмағы мынадай мағлұмат қалдырған: «Балқаш көліне жеткенімізде атымыздың аяғы сынып, қазақтардың қолына түстік.Мені сибан керей болысының қазағы Қожаназар Сәттібай иеленді. Жағдайым жаман болды. Қожаназар менен әйелін қызғанып, ұрып-соқты, қорлық көрсетті. Содан соң, еріксіз қашып шығып, орыс бекінісіне келдім. Менде бұрын Ресей азаматы болғанмын» 1773 жылы 26 ақпан.Қазақ тұтқынынан қашқан еділ қалмағы Даразы Шарытовтың айтқандарынан: «1771 жылы мамыр айында Балқаш көліне жеткенімізде, атымыздың аяғы сынып, қазақтардың қолына түстік. Мені керей болысының қазағы Сегізбай алып кетті. Қазақтардан естігенім:Абылай сұлтанға қытайдың ханы елші жіберіп, қолындағы қалмақтарды босатып, қытай жағына беруді сұрапты. Оған Абылай сұлтан: «Менің қолымда біраз Еділ қалмақтары бар екені рас. Олардың көбі кәрі, ауру, бала-шаға, әл-қуатсыз адамдар.Басқаларын қазақтар бөліп-бөліп алып кеткен. Және де бұрынғы кезде қалмақтарға көп жауыздық көрсетіп, қазақтарды қырған, талап-тонаған. Сондықтан,қазақтар бұл қалмақтарды оңайлықпен бермейді» деп жауап беріпті. Маусымның соңында Сарыарқаны қиялап кесіп өтіп, Балқашқа таяды. Осы арадағы Мойынты өзенінің бойында дамылдады.Осы сәтте Абылай хан бастаған қазақтардың үлкен қолы дұшпанды қоршауға алды. Қазақ сарбаздарының жалпы саны 50 мыңды құрады. Үлкен қауіптің төнгенінтүсінген қалмақ билеушілері Абылай ханға арнайы елшілер тобын аттандырады. Олардың сапында қалмақтардың жеті сыйлы елшісі бар. Байырғы салт бойынша қалмақ елшілері хан ордасынан жетпей аттан түсіп, Абылайға жаяу келеді. «Аллажар!» – деді олар ханға. – Сізге Убачи мен Вереннің сәлемін ала келдік. Қазақтармен қалмақтар ежелден туыс халық, бізге ары қарай соғысу – мағынасыз тірлік. Татуласуды ұсынамыз. Сізге ақ үй тігіп, лайықты сый-сыяпат жасаймыз және сіздің боданыңыз боламыз. Біздің басқа барар жеріміз жоқ, бізге көшіп-қонатын жер беріңіз, сосын бүкіл қалмақ халқы сіздің билігіңіздегі бір ұлысыңыз болады. Ежелгі туыстық жоралғыны қалпына келтіруді ұсынамыз. Қалмақ елшілерінің ұсынысын талқылауға Абылай хан әскери кеңес шақырады. Бізге жеткен үзік-созық мәліметтерге қарағанда, жиылғандардың пікірі екіге жарылған. Абылай елшілердің ұсынысын қабылдауды құп көрді. Қолбасшылардың біразы қалмақтармен ымыраға келуді қаламады. Жоңғарлар мен қытайлармен күресте аты аңызға айналған Баян батыр: «Убачи мен Верен орыстарды да, қытайларды да, тақырға отырғызып кеткен, сеніде алдап соғады, хан тақсыр», – деді өз сөзінде. Сыртқы жаулармен күресте шыңдалған,Қазақ ордасын қалпына келтірген парасатты саясаткер Абылай хан Дурбун ойратты талқандағаннан кейін және 1755 жылы көктемде Мәнжүр-Цин әскері Жоңғарияға басып кірген соң, енді ежелгі жауын күшейтуге мүдделі еді. Ол ойрат халқын жер бетінен жойып жіберуге кедергі келтіруге ұмтылды. Абылай Қазақ Ордасы мен құдіретті Қытай империясының арасында ертеңгі күні шығыстағы табиғи қалған қызметін атқаратын тәуелсіз дербес Жоңғар мемлекетін сақтап қалу керек деп санады. 1756 жылы Шығыс Түркістанға екі жүз мыңдық шүршіт әскері басып кіргенде Дабачи қонтайшының жасағында қазақтар да болды. Олар қалмақ билеушісін соңына дейін қолдады. Тұтқынға түскен алаш сарбазы Хазық-Шарынның қалмақтардың арасында туып өскен ұлы ойрат батырына айналды.Шүршіт әскері Жоңғарияны талқандап Қазақстанға баса көктеп кіргенде Абылайдың жауға қарсы шабуылдарын өз жерінен тысқырылған қалмақ жасақтары қатысты яғни кешегі қас дұшпандар ортақ қауіп төнгенде бір-біріне көмек қолын соза білді. Ендігі елдің қашқын қалмақтарымен татуласу оларды қазақ бодандығына қабылдау немесе,тым құрығанда Жоңғарияға өтуіне кедергі жасамау мәселесі туғанда, Абылай ежелгі кекті есіне алмады, байлыққа да қызықпады. Бар болғаны, алаштың мақсат-мүддесі, болашағы туралы толғанды. Убачи әу бастан қулыққа көшкен болу керек немесе үзілістен кейін бітімге келудің мүмкін еместігін білді. Ол оқиғаның алдын орап кетті. 1771 жылы шілдеде болған Мойынтыдағы шайқастан соң Шаңды жорық деп аталатын оқиғалар тізбегінің ең соңғы қорытынды кезеңі өтті. Тұтқиылдан болған түнгі шабуылдан есін жиған қазақтар тағы сапқа тұрды. Енді қалмақтармен соғыс ұзаққа созылған жорықтарға айналды. Қалмақтар Балқашты батыс жақтағы тұщы сулы жағынан айналып өтіп, Іленің бойымен көтеріліп Жоңғарияға жетуді көздеді. Алайда қазақтар оларды суға жақындатпады. Шөлден қаталап әрі үзіксіз шайқастарда жараланған қалмақтар азап өлімінен қырылды. Күн сайын жүздеп, мыңдап тұтқынға түсті. Тек анағұрлым табанды,жақсы қаруланған тобы ғана соңдарынан шаңды із қалтырып Қастек, Қаскелен, Кеген мен Нарынқол арқылы өтіп, әзер дегенде Жоңғарияға жетті. Мойындағы түнгі абыр-сабыр кезінде қалмақтардың үлкен тобы бөлініп, байқатпай сытылып кеткен болып шықты. Танжу тайшы басқарған бұл топ Балқаштың солтүстік жағасымен жылжып отырды. Оларға біраз уақыт ешкім тиіспеді. Көштегілер азда болса әлденіп алды. Алайда қазақтар Аягөз, Лепсі мен Қараталды кесіп өтіп Ілеге жеткен бұл топты көп ұзамай қуып жетті. Аяусыз қырып жоюдың нәтижесінде қалмақтардың оннан бірі ғана қалды. Олар Ілемен жоғары қарай қашып, Қытай шекарасына жетті. Бірақ осыншама қанды сапар шегіп, адам төзгісіз азапқа батқан тірі қалған қалмақтарды аңсап жеткен Жоңғарияда құшақ жая қарсы алған ешкім болмады. Олар құлдыққа жегілді. Цин әкімшілігі соры қалың қалмақтарды жекелеген шағын ауылдарға қоныстандырып бодандарға айналдырды.

Әдебиеттер

1.Жұмаханова Тілеухан, Жұматаева Бақыт.Қазақ хандығы (ІІ бөлім)
2.Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М.Қазақ хандығының тарихының: құрылуы, өрлеуі, құлдырауы.
3. К.М.Байпақов., А.Ж.Барақбаев.Көшпенділердің Ұлы шайқастары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *