Христиандық

Христиандық
1) Христианшылдықтың пайда болып, таралуының қоғамдық-тарихи алғышарттары.
2) Христианшылдық идеясының мазмұны.
3) Христианшылдықтың мемлекеттік дінге айналуы
1-сұрақ: Христианшылдықтың пайда болып, таралуының қоғамдық-тарихи алғышарттары
Христиан діні – әлемдегі ең көп тараған діндердің бірі, қазіргі таңда оның 2 миллиардқа жуық ұстанушылары бар. Христиандық православие, католицизм, протестанттық болып үш негізгі бағытқа жіктеледі. “Христос” сөзі грек тілінен алынған, мессия, құтқарушы деп аударылады. Көне Өсиетте Иисус Христос болашақта Израиль жеріне келіп, ол жердегі халықты қиыншылықтан құтқаратын, әділеттілікті орнататын пайғамбар ретінде сипатталады. Бұл дін біздің дәуіріміз¬дің І ғасырында Помпей шапқыншылы¬ғынан кейін Рим империясының құрамына кірген Палестинада пайда болды.
Христиан діні құлдық тәртіпті айыптап, қарапайым халықтың мүдделерін қорғауға талпынды. Сөйтіп, адамдарға Христос әкелген құдай ақиқтын тану арқылы әрбір адам бостандыққа жете алады деп жариялады. Адам төзгісіз қоғамдық қатынастарға қарсы шығып, әр адамға түсінікті адамгершілік құндылықтарды ұстануға шақырған христиан діні тез арада үлкен идеялық күшке айналды.
Христиан дінін ұстанушылар бұл дінді адамдар ойлап тапқан жоқ, ол адамзатқа құдайдың жіберген діні дейді. Бірақ діни ілімдердің салыстырмалы тарихы христиан дінінің пайда болуына діни, философиялық, этикалық ықпалдардың болғанын айғақтайды.
Христианшылдық иудаизмнің, митраизмнің, көне шығыс діндерінің философиялық көзқарастарының тұжырымдамалық идеяларын игеріп, қайта қарастырды. Осының бәрі жаңа дінді байытып, нығайтты, оны ұлттық-этностық мәдениеттерге қарсы тұруға дәрменді мәдени-интеллектуалдық күшке, бұқаралық қозғалысқа айналдырды. Христианшылдықтың бұрынғы діни-мәдени мұраны игеруі жаңа ілімнің жалпыға танылуына мүмкіндік берді.
Христиан ілімінің қалыптасуына Филон Александрийскийдің (б.д.б. 25-б.д. 50 жж.) неоплатонизмі мен римдік ойшыл Сенеканың этикалық көзқарас¬тары ерекше әсер етті. Филон библиялық дәстүрге аян алуда танылатын және жаратушы сөзі ретінде түсінілетін Логос ұғымы мен эллинистік дәстүрде ғарыш қозғалысын бағыттайтын ішкі заң ретіндегі Логосты біріктірді. Филон Логосты мәнді пайымдауға мүмкіндік беретін Қасиетті сөз ретінде қарастырды. Филонның адамдардың туа біткен күнәһарлығы, мойынсұну, мәннің дүние бастауы ретіндегі ілімдері, Құдайға жақындау құралы – экстаз, жоғарғы Логос және Құдай ұлы болып табылатын логостар (періштелер) туралы идеялары, рухани бастаулардың иерархиялығы туралы түсініктері христиандық көзқарастардың идеялық алғышарттары болып табылады және бұл идеялар мен түсініктер христиандықтың қалыптасуына зор ықпал етті. Христианшылдықтың ізгілікке жету туралы адамгершілік ілімі Луцей Анней Сенека көзқарастарына өте ұқсас. Сенека кез келген адам үшін бастысы құдайылық қажеттілікті түсіну арқылы рухани бостандыққа жету деп санады.
Бастапқы христиандық қауымның құрамы негізінен қоғамның төменгі таптары – құлдар, ерік алғандар, қайыршылар және тағы басқалардан тұрды. Алайда ІІ-ІІІ ғасырлардың соңына қарай қауымдарда сенаторлық және әскери атағы бар адамдардың саны артты.
Император Константин 312 жылы христиан дінінің мемлекеттік дінге айналуына бастау болған Милан шешімін қабылдады. Ал 325 жылы толыққанды билікке қол жеткізген Константин Рим империясының аумағында христиандықтың шектеусіз таралуын және оның басқа діндермен теңдігін қамтамасыз етті.
Христиан ілімі Қасиетті Жазу – Библия мен Қасиетті Аңызға – шіркеу әкейлерінің айтқандарына, соборлардың шешімдеріне негізделеді. Алайда, ерте христиандықта бұл негіздер болған жоқ. Христианшылдық ұзақ уақыт бойы ауызша дәстүрге негізделген уағыздар айту, аңыз-әңгімелер – “игі хабарлар” арқылы таралды.
Алғашқы ғасырларда әртүрлі қауымдарда әртүрлі евангелиялар, жеке адамдардың істері туралы жазбалар пайда болды. Сол уақыттарда белгілі болған жазулар: Петр, Андрей, Варфоломей, Лука, Иоанн евангелиялары, аталған Матвейден келген евангелиялардың әртүрлі нұсқалары еді.
2-сұрақ: Христианшылдық идеясының мазмұны
Христиандық дін — сүйіспеншілік, төзім діні. Христиандық қасиетті үштік — сенім, үміт және сүйіспеншілік бұл діннің мораль мәселелерін қаншалықты жоғары қойғандығын көрсетеді. «Құдай патшалығы өз ішіңде!» деген сөзде терең мағына жатыр. Күнделікті өмірде ақ пен қара қалай аралас жатса, жақсылық пен жамандық, мейірімділік пен зұлымдық та солай біте қайнасып кеткен. Ал христиан дінінің орталық сенімі бойынша апокалипсистен, ақыр заманнан кейін адамдар мидай араласқан бұл күйден арылады. Өйткені жақсы — жақсылық ретінде, жаман — жаманшылық ретінде басын ажыратып, өз жауабын тартады. Сол күйге адамдарды алдын ала даярлау үшін адамзатқа мессия — Иса келді деп есептеледі. Адам-Құдай өзінің қасіретті өмірінің үлгісімен жақындап келе жатқан қиямет-қайымға адамдарды даярлау үшін, яғни олардың рухани жетілуін қамтамасыз ету үшін арнайы осы күнәкар әлемге жіберілген. Құдай адамдардан көрген қиянаттарына қарамастан оларды сүйеді — олар үшін өз жанын пида етеді. Бұл өнегесімен Иса сүйіспеншілік жолы — ауыр жол, бірақ маңызы жағынан оған жетер ештеңе жоқ деген ойды танытады. Егер сүйіспеншілік болмаса, онда қалатыны — жаугершілік. Ал ол дегеніміз — адамзаттың өз басын өзі өлімге тігуімен парапар. Өзің ұнататын жанды, сенің өзіңді кадірлейтін басқаны немесе өзіңе жақын қандасыңды сүю заңды әрі оңай, ал шынайы сүйіспеншілік сенің қарсылас жауыңды немесе дұрыс жолдан тайған пақырды сүйе білуіңнен көрінеді. «Жауыңды сүй!» деп ұрандатқан Иса адамдарға олардың арасында кездесетін қырғиқабақтықты жеңудің бұдан басқа жолы жоқ екендігін айтады.
Христиандық сүйіспеншіліктің сипаттамалары:
1. Төзімді сүйіспеншілік, өйткені басқа адамдарға кызмет етуді көздейді;
2. Үнемі әрекет үстінде көрінетін сүйіспеншілік;
3. Бас пайданы ойламаған сүйіспеншілік, себебі ізгілік, мейірімділік сияқты сүйіспеншілік өз құрметін өз бойында ала жүреді.
Осындай шынайы құрбандық, жанпидалық сүйіспеншіліктің арқасында ғана көпке күші жететін зұлымдықтың қолынан келмейтін нәрсені — жауласқан адамдар арасын жақындастыруды мүмкін етуге болады.
Христиан дінінің өзінен бұрынғы ілімдерге қарағанда халықты тарта білуінің негізін ғалымдар бірнеше ерекшеліктердің тұңғыш рет осы дінде пайда болуымен түсіндіреді. Оның алғашқысы – монотеизм, яғни бір құдайлық. Иудаизмнен басқа діндер христиан діні туғанда көп құдайға табынатын. Ал бір империяға біріккен тұста монотеизм табиғи әрі қажеттілік болатын. Екіншісі – діннің адамгершілік, гуманистік идеяларды басты мұрат етуі. Әрине, белгілі бір дәрежедегі гуманистік, адамгершілік қағидаттары сол кездегі өзге діндерде көрініс беретін, алайда христиан дінінде ол одан тереңдетілген күйде болды. Үшіншісі – өзге діндерге қарағанда христиандарда о дүние қалың бұқара халық үшін, әсіресе, мына дүниеде қиналғандар үшін екінші, нағыз өмірде жақсылықтар беретінін уағыздады. Жұмақ пен Тозақ туралы айтылды. Төртіншісі – христиан діні нәсілдік, ұлттық бөліністерден аулақ, керісінше, осы дінді ұстанған барлық адамды бір-біріне бауыр санады. Бесіншісі – өзгелердей емес, христиандарда діни рәсімдерді атқару арзанға әрі оңайға түсті. Қарапайымдығымен көпшілікті тарта білді. Алтыншысы – христиандар құлдықты сынады, пенде атаулы құдай алдында бірдей деді. Ал бұл сол империялық үстемдік кезінде халықтың көкейіндегі ізгі мұраттарға жауап беретін.
3-сұрақ: Христианшылдықтың мемлекеттік дінге айналуы
Христиан діні — екінші әлемдік дін. Ол I ғасырда Рим империясының шығыс өлкесінде, дәлірек айтсақ, Израильде (Палестинада) б.д.д. 30-100 ж. еврей және басқа үлттардың арасында пайда болды. Алғашқы христиан қауымы «қудаланушы» дін болғандықтан, христиандар христиан дінінен басқа діндердің салтына қатыспады. Олар қоғам өміріне де қатыспады, жалпы мемлекеттік мейрамдар принциптерімен өмір сүрді. Мүның бәріне халықтың жоғары топтары қарсы тұрды..
II ғасырдан бастап қүл иеленуші жүйесінің дағдарысқа үшырауы салдарынан, империяның нашарлануын тоқтата алмаған үстем тап дағдарысқа түсіп, пессимизмге үшырады. Жағдайдың қиындығынан, одан шығудың жолын білмеген ауқатты үстем таптың адамдары христиан қауымына кіре бастады. Сол себептен христиан кауымының қүрамы өзгерді.. Епископ пен пресвитерлер бірте-бірте қауымға басшылық етуді өз қолына алды. Әр түрлі культті өткізу, уағыз айту, күнделік жүмысты басқару осы адамдардың қолында болды. Сонымен Шіркеу иерархиасының жоғарғы топтары қүл иеленуші мемлекетпен жақындасты. II ғ. аяғы кезінде Христиан діні Рим империясының барлық облыстарына таралды. III ғ. басы кезінде 313 жылы Миланда Константин император Христиан дінін ерікті түрде кабылдау жөнінде жариялады. Міне, осы уақыттан бастап Христиан діні ресми түрде үстемдік етуші дінге айналды. Ал, 324 жылы христиандықтар ресми түрде Рим империясының мемлекеттік діні деп жарияланды. 325 жылы оның басшылығымен Никке қаласында 1-ші Бүкіләлемдік христиан шіркеулерінің соборы (съезі) шақырылды. Собор Христиан дінінің негізгі уағыздарына қысқаша түрде қаулы алды. Бүл қаулы Құдайға «сенудің — Никкейлік символы» деп аталды. Сөйтіп, император өкіметі мен христиан шіркеуінің одағы құрылды да, Христиан діні мемлекеттік дінге айналды.
Қайталау үшін сұрақтар:
1) Христианшылдықтың пайда болып, таралуының қоғамдық-тарихи алғышарттары.
2) Христианшылдық идеясының мазмұны.
3) Христианшылдықтың мемлекеттік дінге айналуы

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *