Христиандық ілім мен культ
1) Христиан шіркеулерінің бөлінуі.
2) Христиан дінінің ағымдары (православие, католицизм, протестантизм).
3) Қазіргі замандағы христиан діні
1-сұрақ: Христиан шіркеулерінің бөлінуі
Христиан дінінің бөлінуі. Христиан шіркеуі алғашқы уақыттан бастап біртүтас дін болған емес. Кең байтақ Рим империясының халықтары өздерінің түрып жатқан әлеуметтік, әдет-ғүрып жағынан әр түрлі болғандықтан, Христиан діні де сол жергілікті өмірге бейімделініп тара-лады. Рим мемлекетінің нәтижесінде алғашқы кезде төрт дербес шіркеулер пайда болады. Олар Константинопль, Александрия, Антиохий, Иерусалим шіркеулері, іле шала Антиохий шіркеуінен Кипр, кейіннен Грузин православы шіркеуі бөлініп шықты.
Ең үлкен бөліну 1054 жылы шығыс және батыс христиан шіркеулері болып, ыдырап аяқталды. Шығыс бөлігі Православиялық, ал батыс бөлігі Католик болып дербес шіркеу болып шықты.
Православие-христианшылдықтың Шығыс немесе Византиялық бөлігі, қазіргі кезде бір-біріне тәуелсіз автокефальды 15 православие шіркеуі бар: Константинопль (Туркия), Александрия (Египет), Антиохия (Сирия, Ливан), Иерусалим, Орыс, Грузия, Сербия, Румен, Болгар, Кипр, Эллада (Греция), Албан, Поляк, Чехославак жэне Американдық, тағы басқа үш автономдық шіркеулер бар (синай, фиин жэне жапондық). Әр-бір дербес шіркеулердің шекарасын сол дербестік берген автокефальды шіркеу анықтайды.
Әкімдік жағынан православия шіркеулері: экзархат (автономия), епархия (өлке), викариант (облыс), благочин (район) жэне приход (жер-гілікті, кішкентай) шіркеуі болып бөлінеді. Барлық православия шір-кеулерінің канондары, діни догмалары мен ғибадаттары бірдей. Правос¬лавие шіркеуінің ілімі Никкей соборында (325) және Константинопльде (381) әлемдік соборлардағы шешімді бұлжытпай орындайды.
Русьтегі христиан діні. Х ғ. аяғында 988 ж. Владимир князінің бұйрығы бойынша Христиан діні мемлекеттік дін деп жариаланды. Христиан діні, Біріншіден, өкіметтің маңызын жоғары көтерді және мемлекеттің жеке бөліктерінің арасындағы байланысты нығайтып бір орталықты мемлекеттік халге жеткізді. Екіншіден, Христиан дінін қабылдау Батыс Европа елдерімен қарым-қатынасты жеңілдетті. Үшіншіден, Христиан діні орыс қоғамының мәдениетін көтеруге себепкер болды, орыстар Ви¬зантия ғылымымен және өнерімен танысты. Византия ол кездегі Европаның ең мәдениетті елі еді. Ақырында, Христиан діні халықтарға (Библияны оқу үшін) сауат ашуға жрдемі тиді.
1037 жылы Владимирдің баласы князь Ярослав Мудрый Киевте митрополитті шіркеу басқармасын қүрды. Митрополит епархияға бөлінді, оның басында епископтар түрды. 1325 жылы митрополит Петр мит¬рополия кафедрасын Мәскеуге ауыстырды. XIV-XVI ғғ. Русьте көптеген монастырьлар салынды. 1448 жылы бірінші орыс митрополиті Ион Кон-стантинопльдің патриархатының рүқсатынсыз Мәскеу митрополиті бо¬лып сайланды. Ал 1589 жылы Федор Иоаннович патшасының қолдауымен бірінші патриарх митрополит Иова сайланды. Осыған байла¬нысты Орыс Православия шіркеуі дербес автокефалды болып жариялан¬ды.
Орыс православие шіркеуі бүгінгі таңдағы үлкен екі мәселені шешті. Бірінші, Русьтің шокындырылғанына 1000 жылы толуына арналып, 1988 жылы маусымның 6-сында Троице Сергеев Лаврында ашылған орыс православие шіркеуінің жергілікті соборы көп көңіл бөліп, міндеттер қойылды. Жергілікті собордың барлық қатысушылары бірауыздан шіркеу өміріне өзгеріс енгізу қажеттігін мақүлдады. Екінші жағдай, 2000 жылы тамыз айының 13-16 күндері Орыс Православие шіркеуіне Архиерей юби-лейлік салтанат соборы өтті. Бүл соборда «Негізгі әлеуметтік Орыс пра¬вославие шіркеуінің концепциясы» деген қаулы қабылданды. Бұндай қаулы бұрын-соңды болмаған әлеуметтік ресми шіркеу қүжаты болып есептеледі. Бүл қүжатта шіркеу қызметкерлері қазіргі кездегі әлеуметтік мәселелерге өте кең көңіл бөлген. Бүл мәселелер әрбір салада — экономикалық, саяси, мемлекет шіркеулік, моральдық, денсаулық, ғылыми, мәдениет, білім алу жэне т.б. мәселелер бар. Бүл қүжаттық бағдарлама шіркеу канонымен салыстырылады.
Орыс Православиясы Қазақстанда исламнан соң екінші орын алады. Бүл дін Қазақстан жеріне ХҮІІІ ғасырдан, Қазақстан Ресейге қосылғаннан бастап тарайды. 1876 жылы Верный қаласында (қазіргі Алматы) Түркістандық епархиясының кафедрі қүрылды. 1945 жылы Алматылық-Қазақстандық Епархия қүрылды. 1991 жылы осы епархия үш епархияға бөлінді. 1999 жылы епархиялық басқару Алматыдан Астанаға ауысты. 1995 жылғы 1 қаңтардағы санақ бойынша қазіргі Қазақстан жерінде 212 приход, 8 монастрь жүмыс істейді.
Католик дінінің шығуы. Католик шіркеуі және Католик ілімі ертедегі Христиан дінінен бөлініп шыкты. IV г. Рим империясы Батыс жә¬не ІІІығыс империя болып бөлінген кезде, Батыс Рим империясыньщ христиан шіркеуі батыстық немесе Рим-католик шіркеуі болып аталды. Католик немесе «Католикос» деген ұғым грек тілінде «әлемдік», «барлық» деген мағына береді.
Он бір ғасыр бойы VIII ғ. — 1870 жылы Рим шіркеуі Италияның мемлекетіне қосылғанша Папалық жеке мемлекет болып түрды. Бірақ та 1929 жылы Папа Пий XI және Италия мемлекетінің басшысы Муссолиимен келісе отырып, Рим қаласына 44 гектар жер беріп, Католик шіркеуін дербес шіркеу ретінде жеке мемле¬кет болуына жәрдем берді. Содан бастап Ватикан мемлекеттік қала ретінде барлық католиктердің осы күнге дейін орталығы болып есептелінді.
Католик шіркеуі бір орталыққа бағындырылған. Оның орталығы және Рим Папасының резиденциясы — Ватикан. Ол Рим қаласының ортасында қала-мемлекет (ауданы 44 гектар, шекарасының үзындығы 2600 метр, халқы 1 мың адам), өз гербі, гимні, жалауы, поштасы, радиосы, телеграфы, баспасөзі т.б. сондай-ақ, шағын гвардиясы мен жандармериясы бар. Қысқаша айтқанда, қала ішіндегі мемлекет. Мемлекет басшысы — Папа. Оның дипломатиялық корпусы 100-ден астам мемлекеттермен қатынас жасайды. Күнделікті өмірде мемлекеттің жүмысын орындайтындар Ватиканның Ку¬риясы (әкімшіліктер). Рим куриясы барлық саяси, экономикалық және діни жүмыстарын орындайды. Католик шіркеуінде жалпы Христиан дініндегі диакон, пресвиттер, епископ дәрежелерінен басқа тағы да жаңа кардинал, митрополит, патриарх, примас шендері енгізілген. Кардиналдар сословиесі барлық эпископтардан жоғары қойылады. Бұл атақ XI ғ. бекітілген, олар Папаны сайлауға және Папа болып сайлануға болады. Рим Папасы кардинал жиналысымен сайланады. Ол атақ өмір бойы беріледі. Қазіргі кезге дейін тарихта 265 Папаның аттары бар. 1523 жылдан 1978 жылға дейін Папаның тағына тек Италяндыктар сайланды. 1978 жылы бірінші рет бүл атақты Поляк кардиналы король Войтыл Папа атағына сайланды.
II Ватикан соборының шешімдерін іш жүзінде алға дамытқан Папа Иоанн Павел II шынында «үлы» Папа болып атағы қалды. Себебі жоғарыда көрсетілген Собордың шешімдерін іш жүзінде алға дамытқан Папа болды. О Қазіргі 265-ші Папа, неміс кардиналы Иозер Ратцингер, оған Бенедикт XVI деген ат қойды.
Қазақстан жерінде 80 католик қауымы, 2 монастырь жүмыс істейді. 1991 жылы Ватиканның шешімі бойынша Қарағанды қаласында Орта Азия мен Қазакстан жерінің Апостолдық басқару әкімі орналасты. 1994 жылдан бастап Ватикан мемлекетімен Қазақстан дипломатты қатынасы басталды. 2001 жылы қыркүйек айының 22-25 күндері аралығында Рим папасы Иоани Павел П-нің біздің елге ерекше сапармен келіп кетуі католик шіркеуінің Қазақстанға деген жақсы ниетін көрсетед.
Протестантизм шығуы XVI ғ. Батыс Европада капиталистік қатынастар тууына байланысты феодалдық қүрылысқа қарсы, католик шіркеуі мен папашылыққа қарсы күрес формасында әлеуметтік саяси Реформация деп аталған қозғалыс туды. Ең бір үлкен реформаторлық козғалысты бастаған профессор Мартин Лютер (1483-1546) Виттенберг университетінің мұғалімі, дінбасшысы. Ол 1517 жылы 31 қазан айында Виттенберг университетінің кақпасына өзінің 95 тезисін іліп, индульгенция сатуына қарсы шықты. Лютердің әрбір адамы Христосқа деген сенімін өзі реттеу арқылы ешқандай дін кызметкерлерінсіз-ақ Қүдаймен байланысады, Қүдай алдында барлық адам тең деуі протентантизмнің негізгі догмасына айналады. Лютер католиктік иерархияға қарсы шықты. Оның жалпы бағдарламасында дін басшыларының сайланып қойылуы, шіркеудің Рим Папасына тәуелділігін жою, діни ғүрыптарын жеңілдетуі, феодалдық шіркеулік жер иеліктерді жою, Римге ақша жібермеу, шіркеудің әдет-ғүрыптарын қысқарту, шіркеуді мемлекетке бағындыру т.б. талаптар қойылды.
Лютердің көзқарасы бойынша, әрбір христиан өз бетімен Библияны оқу керек екендігін, Библиядан өзге шындық жоқ екендігін дәлелдеді. Алғашқы күнә адамзатты күнәһар етіп қоймай, оның табиғатын бұзды. Сол себепті адамның енді қайырымдылық жасау қолынан келмейді. Ол өзіне-өзі жәрдем бере алмайды. «Қүтқарушылық» тек Қүдайдан келеді, ол үшін адамдар тек Қүдайға қүлшылық жасауы қажет. Ал басқа жолдармен діни іс-әрекет, аскетикалық, салт, шіркеуге бару барлығы дүрыс емес. Қайырымдылық, жақсылық тек Қүдайды сүюден пайда болады, евангелідегі Христосты сүюден шығад. Оның соңы Лютерандық шіркеуінің пайда болуына алып келді. Лютерандардың сенімі мен догматикасының көзі ретінде Таурат, сондай-ақ М.Лютер еңбектері, әсіресе, оның «Қысқаша катехезис» еңбегі танылады. Лютерандық шіркеу иерархиясын және қүлшылық ету күпиясын теріске шығарады. Қүдай мен адамның тікелей байланыстығын мойындайды.
Дүние жүзінде бір-біріне дербес 250 лютерандық діни одақ бар.
Қазақстан жеріне лютерандар ХҮІІІ ғасырда ақ патшаның саясаты арқасында Ресей мен Қазақстанға кіре бастады. 1941 жылы немістердің депортациясына байланысты Қазақстан жеріне көптеп енді. Лютеран қауымы 1958 жылы Ақмола қаласында, 1963 жылы Алматы қаласына тіркелді. 1993 жылы Алматыда олардың «учередительный Синоды» (съезі) өтті. Осының арқасында 1998 жылы Алматыда «Приход» синоды ашылды. Республикамызда неміс үлттарының азаюына байланысты, 1993 жылдың 1 қаңтарында республикада 152 қауымдастық болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында олардың 29-ы ғана қалды.
XVI ғ. бірінші ширегінде Кальвинизм деп аталатын протестан ағымы пайда болды. Бұл ағымның негізін салушы — шаруа отбасынан шыққан Швейяария реформаторы Ивингли Ультрих (1484-1551). Ивингли өлгеннен кейін оның ілімін Жак Кельвин (1500-1564) үгіттеп дәйектеді.
Лютеран шіркеуіне қарағанда кальвенизмде түрақты символдық сенім жоқ, Библия тек жалғыз діни ілім. Екінші бір беделді сенім ілімі Кальвиннің шығармасы «Наставления в христианской вере» (1536-1559). Бүл кітапта Кальвин Лютердің идеяларын бір жүйеге келтіріп және бас¬ка да реформаторлардың еңбектерін көрсете білді. Реформаторлар барлык, діни атрибутиканы (икон, свеч, крес) алып тастады. Крещениемен және причащениені діни символикалық әдет деп қарастырады. Діни уағыздың екі түрін қалдырды, намаз оқу мен діни өлең айту. Кальвенизмнің діни ұғымында фаталдық көзқарас басым, оның мәні мынада: дүние жаралғанға дейін Құдай біреулерді жарылқады, біреулерді қарғады, кейбіреулері жұмаққа, екінші біреулерді тамұқка жазды, міне, осы мәңгілік жазмыш «үкім» тіпті де өзгермеді.
2-сұрақ: Христиан дінінің ағымдары (православие, католицизм, протестантизм)
Православие – құдайды дұрыс мадақтау дегенді білдіреді. Шіркеулердің бөлінуі нәтижесінде ХІ ғасырда бөлініп шыққан христиандықтың бір бағыты болып табылады. Православиенің сенім негізін Қасиетті жазу мен Қасиетті хикая құрайды. Православиенің негізгі қағидаттары сенім белгісінің 12 тармағында берілген. Православие сенімінің маңызды белгілері құдай бірлігінің догмасы (Құдай Әке, Құдай Бала және Құдай Қасиетті Рух), Иисус Христостың құдай кейпіне өтуі, күнәсін жууы, қайта тірілуі және көкке көтеріліп кетуі болып табылады.
Православиеге егжей-тегжейлі белгіленген тәртіп тән, әрекет негізін жеті қасиетті құпия дәстүрді құрайды: шоқындыру, тазару (евхаристия), тәубеге келу (ғибадат), миромен майлап шоқындыру, зәйтүн майымен шоқындыру (шіркеуде), неке, дін ұстану. Православиеде басты құдайға құлшылық ету литургия болса, басты мереке – Пасха. Дін басылары аққа (үйленген приход священниктері) және қараға (монахтар, некесіздік сөзін беретіндер) бөлінеді.
Православие тарихи-өңірлік тұрғыда Балқан түбегіндегі грек, болгар, серб, черногорлықтар, македондықтар, румындар мен албандардың бір бөлігінде, ал Шығыс Еуропада шығысславяндық халықтардан өзге грузиндер, гагауздар, абхаздар мен осетиндер, молдовандар арасында, Ресей Федерациясында орыстармен қатар чуваштар, удмурттар, комилықтар мен карельдер, сахалар, ноғайбақтар ішінде тараған.
Католицизм (гректің Кatholikos – жалпы, бүкіләлемдік деген мағынаны білдіреді) – бұл христиандықтың батыс бұтағы және Батыс және Шығыс Еуропада (Франция, Бельгия, Италия, Португалия, Польша, Чехия, Венгрия), Оңтүстік және Солтүстік Америка елдерінің көпшілігінде тараған. Азия мен Африкада католиктер бар, бірақ католицизмнің әсері мұнда онша емес.
Католицизм діни ағымының негізін «Кредо» – жалпы христиандық сенім белгісі қалайды, онда 12 догмат пен 7 құпия бар. Католицизм діни ілімінің негізін Қасиетті жазу ғана емес, Қасиетті хикая да құрайды, ол 21 собор қаулысын түзеді, сондай-ақ Рим Папасының ресми құжаттары құрайды. Католик дінінің православиеден ерек¬шелігінің бірі ондағы жұмақ пен тозақ арасындағы тазартқыштың (чистилище) болуы. Католик дінін ұстанатын дінбасылар барлық деңгейде некеге тұрмауға, отбасын құрмауға ант (целибат) береді. Христиандардың бұл тар-мағының православиеден тағы бір айырмашылығы –филиокве, яғни мұнда киелі рух тек Құдай-Әкеден ғана емес, Құдай-Ұлдан (Иисустан) да жіберіледі деген догмада. Бұл теңестіру “филиокве” (“және Ұлдан”) деген терминдік атауға ие болды.
Протестантизм – (лат. Рrotestants – қарсы келуші, келіспейтін деген мағына) христиандықтағы үшінші бағыт, Протестантизм католицизммен күресте оның маңызды түсініктері мен болжамдарын қабылдамау негізінде құрылды.
Маңызды протестанттық догмат ретінде әрбір пенде арадағы ешбір делдалсыз жеке сенім негізінде құтқаруға ие болумен және мәңгі өмірде тазаруға бағытталған бұл жол дін қызметкерлерін қарапайым қауымнан бөлуді алып тастады. Протестанттық ағымның немесе дін жолындағы төңкерістің көсемі Эрфуттағы Аугустин орденінің священнигі Мартин Лютер болды.
Протестанттар өздері бөлінген католиктердің жұмақ пен тозақтан басқа тазартқышын дінінен алып тастайды. Олар үшін құдай алдында дінге өзін бағыштаған дінбасы да, шын құлшылығын жасаған өзге пенде де бірдей. Бастысы – адамдар сенімінің қасиеттілігі және Інжілдің ештеңемен тең келмес құдіреттілігі.
Олар өз ішінде лютерандықтар, баптистер, адвентистер, пресвитериандықтар, методистер, англикандар, цвинглианттар, кальвинистер, квакерлер, евангелие христиандары, анабаптистер және басқалар деп бөлінеді.
3-сұрақ: Қазіргі замандағы христиан діні
Христиан ілімінің немесе догмаларының кұрылуына тікелей Филон Александрийский (Иудейский) философиясының көзкарасы үлкен жәрдем берді. Ол иудей догмасын грек философиясымен (Платон, Стоицизм, Пифагор) қосты. Оның негізгі философиялык категориясы «логос» деген ұғымнан кұрастырылды. Логос (ақыл-ой) -жоғары идея және де ол жоғарғы Періште (касиетті pyx), иудей заңы мен табиғат заңы бірдей адамзатка үлкен мағынасы бар. Филон Александрийскийдің айтуынша әрбір адам, ақыл-есі барлар, ақыл-ес денемен байланысты, жаксы мен жаман осы екі жакты қинайды. Адамдардың максаты логостың заңымен және Қүдайга ұксап экстаз арқылы бірігу керек. Миссия барлык адамзатты күнәдан құтқарушы. Бертін келе Иисус Христос адам сияқты болғанымен де, ол адам емес, Құдайдың өзі, ол дүниеге келеді де, кайтадан ғайып болады, енді тек адам ойында, көңілінде ғана сакталады деді. Сонымен Филон Христиан діни философиясынын қүрастырылуына үлкен үлес қосты. Ол туралы Ф.Энгельс Христиан дінініц атасы деп аталады.
Екінші бір Христиан философиясынын шығуына үлкен үлес косқан Рим стоиктері, әсіресе, Сенеканың (б.д.д. 4 ж. — б.д.д. 65 ж.) ілімі үлкен орын алды. Стоиктердің пікірінше, дүниенің екі бастамасы бар: енжарлық және белсенділік. Енжар нәрсеге материя жатады да, ол өздігінен дами алмайды. Стоиктер логосты белсенді бастама, рух, Қүдай деп түсіндіреді. Адамның ақыл-ойы Құдайдан, ол әлемге күш беруші оттегі деп таниды. Сенеканың Қүдайы табиғатқа да ұксап кетеді. Осы жерде стоиктер, әсіресе, Сенеканың ілімі Христиан дінінің этикасының құрылуына ыкпал етеді. Сондыктан болар Сенеканы классиктер Христиан дінінің ағасы десек те болады деп көрсетті.
Православиеның діни-философиясының алғашқы кезде қалыптасуына Византия философиясы үлкен әсерін тигізді. Византия философиясының өзі гректердің әкей шіркеулерінен (Отцы церкви): Прокопий Газыдан (465-525), Леонтий Византийский (475-543), Иоанн Дамаскин (675-753), патриарх Фотий (820-891) және т.б. өкілдердің шығармаларынан күрастырылды. Олар Христиан дініне Аристотель логикасын қолдана отырып, Христиан философиясын күрастыруға ұмтылды. Әсіресе, Иоанн Дамаскиннің негізгі еңбегінде «Источник знаний» білімнің кайнар көзі қандай да бір білім болмасын, оның бастамасы «откровениеден» (аян беруден) алынады деді. Оның аркасында Христиан дінінің ілімі бірінші рет бір жүйеге келтірілді, дербес христиандык догмасын калыптастырды десек те болады. Дамаскиннің айтуынша, философияның көздеген максаты — даналыкка ұмтылу, ал даналыктың ең биік жолы Құдайда — деді. Сонымен, ол философияны богословтық ілімінің кызметкері етуге тырысты. Оның айтуынша, философия аркылы адамзат қоршап түрған рухани және материалды әлемді таниды және де енжарлық норманы, христиандык ошак, коғамдык өмірді тануға болады. Оның догмалық жүйесі діни ғибадаттың заңдарында камтылды. Ол бірінші болып иконды, кресті, әр түрлі «киелі» діни атрибуттарға үлкен діни мән беріп, оларды корғады. Кейінгі ғасырлардан бастап Византиялық философияда мистикалық және иррационалдык бағыттар басым бола бастады. Олардың өкілдері: Григорий Паламы (1296-1359), Николай Ковасилы (1320-1371) жэне т.б., Құдай болмысын тану жэне кызмет етуді мистикалык, аскетикалык, трансцендентальдік жолдармен болады деп түсіндірді.
Григорий Паламының (психостардың идеологі) айтуынша, Құдайдың кайырымдылығына жету үшін әр түрлі өсиет сөздер айтудың орнына табиғатты пайымдап карау арқылы шомылу, экстаздык шокыну, «еркектікті» өлтіру, бұлар кейіннен Православие догмасының доктринасы болды.
ХІҮ-ХҮ ғасырларда «әкейлер мен окытушылар» (отцов и учителей) шіркеудің негізгі еңбектері орыс тіліне аударылды. Олардың тек діни емес логикадан, диалектикадан жазылған еңбектері, әсіресе, Григорий Паламанын шығармасы «Каппадокийцев» және Психатов туралы. Тағы да басқа богословтардың Григорий Нисскийдің (335-394), оның жолдасы Григорий Назианскийдің (330-390) Руссиеде шектік екі философиялык ағым күрастырды. мистикалық пайымдау ағымы: оның өкілі: Сергий Родонежский (1314-1396) және Нил Сорский (1433-1508), оларга қарсы тұрушы ағым рационалды-схоластикалық. Онын өкілдері: Иосиф Волоцкий (1439-1515), Зиновий Отенский (1568). Бүлардың көзкарастары үлкен орын алмаса да, олардың еңбектері бекер кеткен жок. Әр кезде әр түрлі формада алдыңғы көзкарастар болып отырды.
Академиялық философия. ХҮШ-ХІХ ғасырларда православие философиясы калыптасты, оны академиялық философия деп атады. Себебі ол философияның өкілдері – Мәскеудің рухани академиялық философия кафедрасының профессорлары Ф.А.Голубинский (1797-1854), Кудрявцев Платонович (1828-1891), В.И.Несмелов (1863-1920), Петербург рухани академиясыныц профессоры М.И.Каринский (1840-1917), Киев рухани академиясыныц профессоры П.Д.Юркевич (1827-1874), С.С.Гоготский (1813-1859). Олардың алға койған мақсаты православие философиясы аркасында христиандык әлемдік көзқарас бойынша Күдайдың болмысын тану болды. Философия болатын болса, ол негізгі Христиан өмірінің негізгі принциптерін түсіндіреді. Ондай негізгі принциптердің бастамасы: Христиан дінінің акылдылығы мен пайдалылығын көрсету. Міне, осы екі ұғымдык түсінудің маңызында православиені философиялық тұрғыда түсіну деп біледі. Олардың айтуынша, философияның негізгі мақсаты болып есептелетін діннің әлемдік сезінушілік көзқарасы. Діни көзқарас ақиқат деп карастыру тек идеалдық білімге немесе Құдай туралы жоғары білімге арка сүйенгенде ғана танылады. Эмпирикалык білім шектелген, карапайым, ал рационалды білім жеткіліксіз. Идеалдык білім ол — Құдай жолындағы акикаттылык, қайырымдылық, сұлулык- оған тек сенім аркылы жетуге болады. Құдай- бізді коршап түрған әлемнің негізі, оны жасаушы және козғаушы күші. Сондықтан ақиқат деп адамды коршаған дүниенің Құдай идеясымен косылғанда ғана айта аламыз.
Метафизикалық баршаның біртұтастығы (всеединства) орыс православия шіркеуінің ХІХ-ХХ ғасырлардағы философиялык көзқарасының дамуы тікелей атақты философ-богословтардың өкілдерімен тығыз байланысты. Олар: В.С.Соловьев (1853-1900), П.А.Флоренский (1883-1937), С.Н.Трубецкий (1862-1905), С.Л.Франк (1877-1950), Л.П.Карсавин (1882-1952) және т.б. Осылардың ішінен ең бір бөліп қарастырылатын философ-мистик, богослав және акын В.С.Соловьевты айтамыз.
В.С.Соловьев академик философтардың көзқарастарын дамыта отырып, өзіндік ағымды құрастырды десек те болады. Оның атын «баршаның біртұтастығы» метафизикалык философия тұрғысынан карастырды. Ол көптеген діни философиялық шығармалар қалдырды. Оның діни-философиялык көзқарасының негізгі категориялары «баршаның біртұтастығы», «София», «жаратушы мен жаратылушының бірлігі», «үштік Құдай» деген ұғымдар аркылы карастырылады. Оның философиясы Батые Европа және Шығыс ойшылдардың синтезі десек те болады.
В.С.Соловьевтің жалғастырушы атақты дін қызметкері П.А. Флоренскийді атап өтуге болады. П.А.Флоренский өзінің көзқарасын көптеген шығармаларда жазып көрсетті. Олардың ішінде «Столп и утверждение истины» деген шығармасы Соловьевтің мистикалык көзқарасын қолдайды, әсіресе, біртұтастык, Софии туралы және де кейбір православиялық догмаларын жаңарту: үштік бірлігі, аскетизм туралы және иконды сыйлау туралы. П.А.Флоренскийдің көзқарасы бойынша ақиқат дегеніміз — жоғарғы, құдіретті рационалдық бірлік. Оны барлық «тірі реалистерге» ұқсап логика заңымен қабылдай алмаймыз. Ақикатты біз тек интуиция арқылы ғана ашамыз. Тек дін әсерленушілікте — қозғалу процесінде — жоғарыдан төменге, тұтастыктан шексіз көпшілікке жүруде ғана ақиқатка жетеміз.
Орыстың діни-философиясына үлкен із қалдырған атақты ғалым С.Н.Булгаков (1871-1944). Ол шығармаларында («Два града» жэне «Свет невечерний» т.б.) өзінің негізгі діни философиясы арқылы Соловьевтің «біртұтастық» идеясын әрі карай дамытты. Оның негізгі идеясы барлық көзқарасты дінге бағындыру және сонымен бірге таза діннің сорақылықтарынан арылу үшін ғылымды, философияны және дінді «синтездеуге» тырысты.
Оның айтуынша, әлем жоқтан жаралды. Жасалу актысы — болмыс емес болмысқа айналуы (укон мэонға) немесе абсолюттің екіге бөлінуі. Жоқ зат (құбылыс) өзекті болмысқа айналады, Құдайдың құдіретті сөзімен аспандағы денелер, өсімдіктер, жануарлар жасалады.
Келесі бір метафизикалык мәселе — софия әлемі туралы ілім. София туралы ілім Булгаков философиялық және богословиялық жаратушы және жаратқандардың арақатынастығы туралы шешіліп жатады.
Католик дінінің философиясы.
Католицизм философиясы Христиан дінінің батыстың ағымы болып бөлінгеннен соң шығады. «Католиктер» деген ұғы 150 ж. Христиан дінінің басқа ағымдарына қарсы тұрушы ағым ретінде пайда болды. Ал, олардың философиясы әулие Августи Аврелий Блаженның (354-430) ілімімен тығыз байланысты. Әулие Августиннің өзі католик философиясына дейін манихейстердің, скептиктердің жэне неоплатониктердің мектептерінен өтіп келді. Сол себептен католицизм философиясы да тамырымен ерте ғасырдағы философиялық, діни теологиялық ілімдерден шыққан десек те болады. Ең бірінші, үлкен дәуір уағын Әулие Августың католицизм философиясына жаткызамыз. Олардың қайнар көзі Платоннан алынады. Екінші бір даму кезеңіне Әулие Фома Аквинскийдің дәуірін айтуға болады. Олардың қайнар көзі Аристотельден алынады.
Әулие Августиннің діни философиялык негізі: «күні бұрын болжау (тағдыр)», әрбір адамның тағдырын Құдай күні бұрын болжап біреуге шаттық өмір, екіншілерге қарғыс өмір шешіп кояды. Құдай -жоғарғы болмыс. Құдай дүниені жоқтан кажеттілікке байланысты емес, өз еркімен жаратты. Адамзаттың тарихы екі қарама-қарсы патшадан тұрады: Құдайға карсы, жер бетіндегі қызыкқа әуесқойлар (светский мир) және Құдайлық патша. Құдайлык патша аспанда емес, жер бетіндегі «әділетті» патшаларды айтады (теократиялык мемлекет). Құдай әлемді жаратқанда материалды формада жаратты, сонан кейін әрбір материалдык формалар жеке-жеке дамыды. Адамның жанын Құдай жаратқан. Жан мәңгі емес. Адам туған кезде Құдай оның жанын жоқтан қайтадан жаратады. Августиннің айтуынша, адамның ақыл есі дербес ойлар шығарады. Оның негізі — Құдай. Сол себептен Құдайдың болмысын (үғымды) адамның ойынан шығарып түсінуге болады, сондықтан идея объектіден шықпайды, ол — субъектінің жемісі. Оның онтологиялық ілімінен және Құдай туралы, абсолюттік болмыс ретінде қостыруларынан неоплатонизм құрастырылды.
Алғашқы иррационалдык жэне мистикалык дәнінен кейін католицизм философиясының жаңа ағымдық бастамасы шығады. Оны неотомизм немесе рационалдық дәстүрлік Аристотель мен орта ғасырдағы схолостикалық, атакты өкілі Фома Аквинскиймен (1225- 1274) байланыстырамыз.
Фома Аквинский Аристотель ілімін теологиялық тұрғыда түсіндірді, соның арқасында аристотелизмді Христиан дініне сай ықшамдау нәтижесінде «томизмдік» ілім пайда болды. Оның негізгі шығармалары: «Мәжүсилерге қарсы сумма», «Теология суммасы» және баска. Оның негізгі философиялык ілімі: сенім мен сананың үйлесімділігі. Оның айтуынша, ақыл Құдайдың болмысын саналы түрде дәлелдеп, сенімнің акиқаттығына қарсы пікірді қабылдамайды, барлық өмір сүретін заттар Құдайдың құдіреті бойынша қалыптасады.
Католицизм философиясы қазіргі кезде екі ағымнан тұрады: неотомизм және неосхолостицизм.
Неотомизм. Неотомизм — Фома Аквинскийдің іліміне негізделген католик шіркеуінің ресми философиялык кағидасы.. Неотомизм ресми түрде католик шіркеуінің философиясы (1879) деп жариялағаннан бастап, оның ішінен төрт ағым пайда болды: 1) дәстүрлі-философияның гнесология немесе тану процесімен шұғылданушылық және католик тарихының догматтарының мәселелері; 2) Лувенский-томистік-метафизиканы жеке ғалымдармен біріктіру мәселесі; 3) трансценденталды-феноменология мәселесі; 4) экзистенциалды-томистік ілімнің аристотельдік идеяларын тазарту және «Өмір сүру» категориясын дамыту көтерілуі аркылы ғана орындалады. Қазіргі неотомизм өзінің бейімдеушілік (модернизаторлык) табиғатымен католик шіркеуінін мақсатына сәйкес өзінің доктриндерін жүргізеді. Олар казіргі кезде көптеген философиялық ағымдармен ортақ тіл табысуда: экзистенциализм, феноменология, позитивизмдік ағымдары бар.
Неоавгустианство. Католицизм философиясында неотомизм ағымымен қатар Неоавгустинианство арнаулы орын алады. Бұл ағым неосхолостицизм ағымына жатады. Болса да, Неоавгустинианство Аврелия Августиннің көптеген доктриндарынан бой тартып, XX ғ. өзіндік теологиялык ілімге айналды.
Тейярдизм. Католицизм философиясының негізгі жаңа ағымына Тейярдизмді жатқызамыз. Бүл ағымның басында П.Тейяр де Шарден (1881-1955) тұрады. Ол атақты палентолог, археолог, биолог болса да діни-философиялық мәселе оның негізгі ілімдік көзқарасы болды. Ол әлем туралы және адам туралы ортодоксалды томистік көзқарасқа қарсы болды. 60-шы жылдары оның модернистік көзқарастары көптеген діни ағымдарға әсерін тигізді.
Тейярдың философиялык категориясы «эволюционизм», осы ұғым бойынша өзінің негізгі философиялык принциптерін дамытты. Оның айтуынша, әлем үздіксіз карапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға дамып, өзгеріп отырады. Сан салаға өзгеріп отыру процесінде жан пайда болған сапалық өзгерісті секіртпелі деп айтуға болады. Әрбір секіртпелік өзгеруді этап деп көрсетсек, алдыңғы этап соңғы этапты жоққа (отрицание) шығару алқасына, соңғы этап эволюциялық жоққа шығару дейміз. Эволюция белгілі бір нүктеден басталады, оны «Альфа нүктесі» деп айтамыз. Әлемнің ең бір қиын қыстау нүктелік дамуы келесі этаптан тұрады: неорганикалық табиғат (өмірдің шығу алды), органикалық материя (өмір), рухани әлем (ақыл, ноосфера) және Құдай (Омега нүктесі). Тейяр үшінші этаптық дамуға үлкен көңіл бөледі. Бұл этап адамның шығу және дамуынан тұрады. Сондықтан адам эволюцияның биологиясы, бірақ өткен этаптармен тығыз байланысты. Бұл этап осы әлемде айрықша орын алады, себебі осы деңгейде әлемнің дамуы ең шыңына жетеді, рух, ақыл, ой пайда болады.
Протестанттық философия және теология.
Протестантизм — Христиан дінінің реформация (ХҮІ) кезеңінде пайда болған үшінші түрі. Оның негізінде типологиялық айырмашылығы (православиядан, католицизмнен) игілік адамға шіркеу арқылы емес, тікелей Құдайдан беріледі, «арылуға» адамның жеке басының сенімі мен жаратушының шапағаты арқасында ғана қол жеткізеді. Осы догматикалык көзқарас протестан философиясының және теологиясының негізі болып қалыптасты.
Протестант философиясының және теологиясының ортодоксиясыңың негізін шығарған адамдар М.Лютер (1483-1546) мен Ж.Кальвин (1509-1564) және т.б. М.Лютер адам мен Құдай арасындағы делдал ретіндегі шіркеу рөлін теріске шығарды. «Адамды құтқару», — деді Лютер: «Қайырымдылық істерді», құпиялықты, әдет-ғұрыпты орындауға байланысты емес, оның сенімінің шынайылылығына байланысты. Дүниеде екі түрлі әлем бар: «Құдай патшалығы» және «Кәдімгі өмір тіршілік патшалығы», біріншіде адамдарды ақтап, арылуға болатындығы, екіншіден, күнәлік шығады, бірақ та оған қарсы іс-әрекеттер жасауға, тәртіптілік ендіруге болады.
ХІХ-ХХ ғасырлардың басында протестан дінінің Либералды теология деген философиялық ағымы дамыды. Олардың атақты өкілдері лютеран теолог И.Землер (1721-1791), философ-теологтар Ф.Шлейермахер (1768-1831), Ф.Баур (1792-1860), Д.Штраус (1808-1874) және т.б. болды.
И.Землердің айтуынша, тарихтың сұрауларын зерттеуде теология ілімі керек емес. Таураттағы жазылған ғажайып туралы аңыз әңгімелер бұрмаланған шындык оқиғалар, догмалық түрде теориялық деңгейге көтеру. Таурат ерте дәуірдің әдеби ескерткіші. И.Землер теизмге деисттік түсінік беріп, Құдайды бірінші қозғаушы күш ретінде, философиялық абсолютке теңеп, күнделікті өмірге ешқандай әсерінің жоқтығын және дінді ақылмен теңестіруге талпынды.
Ф.Шлейермахердің философиясы, дін дегеніміз адамға айрықша берілген сфера, ол адамның субъектісімен байланысты. Ол сфера-болмыстың ішкі шығармашылық күші, ол барлык заттарда бар, оның негізі деді. Теологияның субъективтік жағын жоғары көтергендіктен XIX ғасырда Либералдық теологияның әлеуметтік жағдайы күшейе түсті. Екінші жағынан, теологияға философияның әсері күшейгендіктен, мынадай принциптері дамыды: субъектінің автономиясы, ақыл бостандығы, жеке инициатива. Міне, осы факторлар «либералды теология» деген ұғымдық ағымды пайда қылды.
Қайталау үшін сұрақтар:
1) Христиан шіркеулерінің бөлінуі.
2) Христиан дінінің ағымдары (православие, католицизм, протестантизм).
3) Қазіргі замандағы христиан діні