ТІЛДЕГІ ДЫБЫСТЫҚ СИМВОЛИЗМ ҚҰБЫЛЫСЫ

ТІЛДЕГІ ДЫБЫСТЫҚ СИМВОЛИЗМ ҚҰБЫЛЫСЫ

Кадирсизова Гулим Курмангазыевна (Қазақстан)
Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

Зерттеу мақсаты: Дыбыстық символизмді аударма барысында эмоциялық көркемдеу, сөйлемнің мәнерлі түрде жеткізуінде қолдануға машықтану.
Жұмыстың жаңашылдығы: зерттеу материалдарымен негізделген, яғни қазіргі ағылшын тіліндің сөздіктерімен көркем әдебиетінің мәтінінен алынған, сонымен қатар ағылшын дыбыстық еліктеуішінің қазақ және орыс тіліндегі негіздерімен сәйкестендіруінде.
Тілдің экспрессивті-эмоционалды лексикасына жататын құбылыстардың бірі –дыбыстық еліктеу немесе дыбыстық символизм.
Дыбыстық символизм (фонетикалық символизм) орыс звукосимволизм – кейбір сөйлеу дыбыстары мен қандайда бір түсініктердің арасында тікелей сәйкестік болады деген болжамнан туған. Сөздің әртүрлі қозғалысты, қимылды, жарық-сәуле құбылыстарын, формалар мен көлемді, адам мен жануарлардың физиологиялық, эмоциялық күйін т.б. білдіруі жиі кездеседі. Мысалы, жарқ-жұрқ, жарқылдау, мияулау, гүрсілдеу, мөңіреу, қалт-құлт, аһлау, уһлеу т.б. Дыбыстық символизмгe мағынасында символикалық байланыс сезілетін сөздермен қатар, қазіргі кезде ондай байланысы әлсіреген сөздер де жатады.
Қазіргі тілдерде дыбыстық символизм субъективті (адам психикасында сақталатын дыбыс пен мағына байланысы) және объективті (тілдегі сөздерде сақталатын дыбыс пен мағына байланысы) болып екі түрге бөлінеді. Дыбыс пен мағынаның байланысы жайындағы мәселемен көптеген ғалымдар әр кезенде айналысқан (Платон, Ж.Ж.Руссо, М.В.Ломоносов т.б.), 18-19-ғасырлар дыбыстық символизмді зерттеу, негізінен, тілдің шығуына байланысты дыбысқа еліктеу, одағай теориялары түрінде жүргізілді (Л.В.Лейбниц, В.Гумбольдт т.б.).
Дыбыстық символизм зерттеудегі жаңалықтар бізге дыбыстық еліктеуішке фонетикалық тұрғыда жаңаша қарауға мүмкіндік береді.
Екі түрлі тілдер тобына жататын, туыс емес қазақ және ағылшын тілдерінде қоршаған ортадағы, адам және басқа да жан-жануарлардың дыбыстары мен қандайда бір жанды-жансыз заттың немесе құбылыстың күй-сипатын білдіретін сөздер осы тілдердің өздеріне тән тілдік заңдылықтарына сай екі түрлі сөз табы болып табылады. Ағылшын тілінде одағай сөз табының бір тобы ретінде қарастырылса, қазақ тілінде бұл дербес сөз табы еліктеуіш сөздер деп аталады.
Төменде ағылшын, қазақ және орыс тілдеріндегі дыбыстық еліктеуіштердің салыстырмалы мысалдары берілген:
dog Bow-wow Аф-аф Гав-гав
Cow Moo-moo Мө-ө Му-у
1) The dry leaves rustle in the wind.
Сухие листья шелестят на ветру.
Қураған жапырақтар желде сыбдырлайды.
Дыбыстық символизм негізінде ауызекі сөйлеу тілінен гөрі көркем әдебиеттерде кеңінен қолданылады; оның екі түрлі себебі бар деп айтуға болады.
Біріншіден, ауызекі тілде cry, shout, sing, call сияқты сөздерді қолдану әрі жеңіл, әрі ыңғайлы.
Екіншіден, адамдардың барлығы осынау ерекше сөздер тобын біле бермейді, сондықтан сөйлеушіні түсінбей қалу қорқынышы басым болады. Алайда екі тіл, екі мәдениет арасындағы дәнекер, аудармашының сөз болып отырған ерекше құбылысты терең біліп, аударма барысында дәл жеткізуі аса маңызды.

Әдебиеттер

1. Гальперин И.Р. Стилистика английского языка. Учебник. Изд. 2-е, испр. и доп., 1977. – 332 с.
2. Sapir E. A study in phonetic symbolism; Journal of Experimental Psyhology, 12(1929): -Б. 225-239.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *