СӨЗ МАҒЫНАЛАРЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ақын Жұлдыз (Қытай)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Тойғанбекова М.Ш.
Тіл – қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер – ана тілі. Ал тілдің басты құралы – сөз. Сөз – өте күрделі құбылыс. Тілдегі сөздер бір-бірінен дыбыстық ерекшелігі мен кұрылым-құрылысы жағынан ғана емес білдіретін мағынасы жағынан да қилы-қилы.
Тілдің байлығы мен даму дәрежесі сөздік құрамдағы сөздердің саны көп болымымен ғана өлшеніп, мөлшерленіп қоймайды, сонымен бірге ондағы сөздердің семантикалық байлығымен де белгіленіп отырады. Дәлірек айтқанда, тілдің өсу жағы сөздік құрамдағы сөздердің санымен де, сапасымен (көп мағыналығымен) де өлшенеді. Сөздің сапа жағынан дамығандығын көрсететін бірден-бір белгі – сөздің көп мағыналылығы. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналығы (полисемия) дейміз.
Сөздің көп мағыналығы негізінде сөздік қордағы сөздерге тән қасиет. Неге десеңіз, бұлар – ұзақ жылдар бойы өмір сүріп, тілде жаңа сөз тың мағыналар жасауға ұйтқы болып келе жатқан байырғы тума сөздер. Соның нәтижесінде сөздік қордағы сөздер сан жағынан да, сапа жағынан да қарыштап дамыған, тұрақтанып әбден қалыптасқан. Сондықтан бұлар көп мағыналы болып кездеседі. Сөздік қордағы сөздер де ең алғашқы пайда болған кезінде бұлар да аз мағыналы болғандығы байқалады. Кейін талай замандар өткен сайын, олар бұрынғы меншікті бір мағынасының үстіне жаңадан бір я бірнеше қосымша туынды мағыналар қосақтаған. Мәселен, тұс деп ең алғашқыда бас деген сөз адамның басын білдірген кейін су басталған жерді судың басы және бір нәрсенің ең жоғарғы жағы мысалы шөптың басы, таудың басы. Сөзге қосылған жаңа мағына басқа жақтан келіп, өз-өзінен жамала қалмайды. Әрбір жаңа мағына әр сөздің білдіретін мағынасының айырықша қасиетінен, түрліше сыр-сипатынан келіп шығады. Сөз өзінің білдіретін затын, құбылысын барлық қасиетімен толық камтып, суреттеп бере алмайды. Егер сөз өзінің білдіретін ұғымын оның барлық ерекшеліктерімен түгел жинақтап, бірден көрсеткен болса, онда сөз ауыспалы мағынада айтылмаған болар еді. Ал сөз ауыспалы мағынада жұмсалмаған болса, онда тілде көп мағыналы сөздердің кездеспеуі де мүмкін. Адам өмір шындығын бірден түгел білмей, уақыт озған сайын біртіндеп тани берген. Заттың бойындағы барлық ерекше белгілерді біліп болғаннан кейін барып ұғым пайда болады. Мәселен, адамның беті, адамдар кездескенде ең алдымен, оның бетіне көз жібереді. Мұнан кейін адамның бетін бейнесін абстракциялап, басқа затпен салыстыра отырып, көптегсн ұқсас заттарды да беттеп атап кетксн. Соның иәтижесінде бұл сөз көп мағыналы сөз болып қалыптасқан. Бет сөзінің қазіргі қазақ тілінде мынадай мағыналары бар. 1. Бір заттың бетіне қарсы тұрған жағы (үстелдің беті). 2. абырой (бет бедел)
Сөздің негізгі мағынасы белгілі бір шындыққа байланысты жалпы тарихи практиканың негізінде жасалады. Сөздің туынды қосымша мағыналары тілдік фактілердің негізінде ойлау қабілетіне сүйеніп қолданудан кейін шығады. Өмірдегі –танылган әрбір ұғым жаңа атаумен атауды керек етеді. Ең алғашқыда бір сөз бір ғана ұғымды, я құбылысты білдіру үшін жұмсалған болса, кейіннен ол әлденеше ұғымды білдіру үшін қолданылады. Бұған, біріншіден, адам баласының өмір заңдылығын терең тануы, білуі, сезінуі әсер еткен болса, екіншіден, оның мағынасы жағынан қорланып дамуына оның алғашқы тура мағынасы негізі болады. Мәселен, адамзат пен жан-жануардың көру мүшесін деп атаймыз. Сонымен қатар иненің көзі, есіктің көзі, терезенің көзі, бұлақтың көзі деп те колданамыз. Түптеп келсек, осылардың семантикалык жағынан байып көбеюіне себеп болған сөздің ең алғашқы номинативті (еркін) мағынасы екендігі даусыз, көп мағыналы сездер сөздік құрамдағы синонимдердің көбеюіне үлкен ықпал етіп отырады
Cөз мағынасының грамматикалық және лексикалық түрлері болады. Грамматикалық мағына сөздің белгілі бір топқа (сөз табына) тән екендігін, басқа сөздермен тіркесу мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін, сондай-ақ оның түрлі өзгеріске түсу қабілетін (жіктелу, есептелу), сөз тіркесімен сөйлем ішінде басқа сөздерге қатынасын айқындайды. Лексикалық мағына да жалпылықты білдіре беруі мүмкін (айталық қуану, күлу, шаттану адамның көңіл күйін білдіреді). Соған қарамастан, лексикалық мағынаның жеке қасиеті болатынын теріске шығаруға болмайды, өйткені келтірілген мысалдағы сөздердің әрқайсысына тән мағыналық айырмашылықтары бар. Лексикалық мағынаның ұқсас жайлары көп, бірақ олардың да тура және ауыспалы мағыналарының болатыны анық (жоғары – төмен, сұлу – келісті, қара (етістік) – қара (сын есім), ыржақтау – мәз болу т.б.).
Сөзде бір лексикалық және бірнеше грамматикалық мағына болады дейміз. Сөздер толық (лексикалық) мағынасы бар негізгі сөздер және лексикалық мағынаны білдіре алмайтын көмекші сөздер болып та бөлінеді: Сабақтан кейін кітап алам десек, сөйлемдегі сабақтан, кітапқа, барам дегендер – толық мағыналы сөздер, өйткені олардың әрқайсысы өздігінен тұрып белгілі бір ұғымды білдіре алады. Ал сөйлемдегі кейін сөзі өздігінен тұрып ешбір ұғым білдіре алмайды, өзінің алдындағы сөзге тіркесіп барып мезгілді, уақытты білдіреді. Сондықтан кейін сөзін көмекші сөз дейміз.
Қазақ лексикологиясының қаз тұрып өмірге келгеніне онша уақыт болған жоқ. Ол даму, зерттелу, жүйелену үстінде. Сол тәрізді лексикалық мағынаның түрлері мен оның даму, қалыптасу зандылыгы жалғыз біздің тілімізде ғана емес, дүние жүзіндегі ең озық жан-жақты дамыған деген тілдердің өзінде де түбегейлі зерттеліп бір жүйеге түскен деп айту әзірге қиын: Бұл ғылым әлі де зерттелу, даму үстінде деп ұғамын.
Әдебиеттер
1. Қазақ тілі. Энциклопедия. – Алматы: Қазақстан даму институты. 1998.–509-б.
2. Қазақ тілі. Энциклопедия. – Алматы. 1998
3. Білімділер сайты
4. Қазақ тілінің лексикологиясы және фразалогиясы. – Алматы. 1989.