СӘУІРДЕГІ ӘСКЕРИ ТӨҢКЕРІС – АУҒАНСТАНҚАСІРЕТІНІҢ БАСТАМАСЫ

СӘУІРДЕГІ ӘСКЕРИ ТӨҢКЕРІС – АУҒАНСТАНҚАСІРЕТІНІҢ БАСТАМАСЫ

Амир Шаһи Мохаммад Сияр (Ауғанстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Наралиева Р.Т.

1978 жылы Ауғанстанда сәуір айында төңкеріс болып, оның арты аяқталмас соғысқа айналды. Бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес, оған сырт мемлекеттердің қатысуымен де ұзаққа созылды. 1979 жылы кеңес әскерлерінің шектеулі контингенті Ауғанстанға кіріп, 10 жылға жуық соғыс жүргізді. Сәуір төңкерісі қарсаңында экономикалық даму жағдайы жөнінен 1977 жылы Ауғанстан 129 дамушы мемлекеттердің арасында 108-ші орынды иеленді[1]. Елдің ауыл шаруашылығы феодалдық және оған дейінгі көптеген ескілік сарқыншақтарына әбден шырмалған еді. Халықтың 90%-ы ауылдық жерде өмір сүрді, ондағы билік феодалдардың, тайпа көсемдері мен молдалардың қолында болды. 13 миллионнан астам адам отырықшылық күй кешсе, ал 3 миллион ауғандықтар көшпелі немесе жартылай көшпелі тұрмыс құрды. Халықтың едәуір бөлігі сауатсызеді.Елде саяси партиялардың қызметіне тыйым салынды. 1977 жылы мемлекеттік аппараттан көптеген адамдар қуылды.1978 жылы сәуірде Ауғанстанда, кейін сәуір революциясы деп аталған төнкеріс болды. Билік басына ауған коммунистері – Ауғанстанның халық-демократиялық партиясы келді. Өкіметті жазушы Нұр Мұхамед Тараки басқарды. Бірақ бірнеше айлардан кейін партия билеушілері арасында күрес басталады. 1979 жылы тамызда партияның екі көсемдері Тараки және Амин арасында күрес басталады. 16 қыркүйекте Таракиді орнынан түсіріп, партиядан шығарып, түрмеге жабады. 1979 жылғы мамыр айының аяғында 22 провинция соғыс жағдайына көшті. Сәуірдегі әскери төңкерістен кейін АХДП басшыларының арасында, алғашқы жылдарда сақталған бақталастықтар қайта пайда болды. Бұл жағдай сонау 1967 жылы көктемде АХДП-ның екі топқа: Н.М.Тараки басшылығындағы “Халық” және Б.Кармаль басшылығындағы “Парчам” топтарының жікке айырылуын қайта еске түсірді. Төң¬ке¬рістен жеті ай өткеннен кейін, 27 қара¬ша¬да “парчам” тобының тоғыз адамы партия¬дан шығарылып, халық жауы деп жарияланды. Күннен-күнге адамдардың көпшілігі жаңа өкіметке деген сенімін жоғалтты. Осыдан барып, ел ішінде бүлікшілер легі көбейді. Бірлескен кейбір сыртқы елдер тарапынан Ауғанстанның ішкі ісіне араласушылық етек алды[2].Осындай ахуалдың аясында 1978 жылдың көктемінен – 1979 жылдың күзіне дейінгі уақытта ауғандық басшылар арасында қарама-қайшылықтар күшейді. Н.М.Тараки мен Х.Амин арасында билік үшін күрес басталды. Ауғанстандағы және оның айнал¬ас¬ын¬дағы шиеліністі жағдайлардың өршуіне байланысты ауғандық жетекшілер тарапынан АДР-ға өз әскерлерімен көмек беру жөнінде Кеңес Одағына өтініштер түсе бастады. Ауғандық үкімет басшылары өз елінің ішіндегі жағдайды Кеңес Одағын тікелей қатыстыра отырып шешуге тырыс¬ты. “Ауғандық үштік” Ю.В.Андропов, А.А.Громыко және Д.Ф.Устинов жиналды. Сөйтіп, АДР басшысы Н.Тараки жасырын түрде жедел Кеңес Одағының астанасы Мәскеуге шақырылды. Х.Амин де өз билігін нығайту мақсатында Ауғанстанда кеңес әскерлерінің болуын өте қатты қалады. Амин сол кезде кеңестік билік өз түбіне жететінін білмеді. Көп кешікпей Тараки Аминнің бұйрығы бойынша буындырылып өлтірілді, ресми түрде жүрек талмасынан қайтыс болды деп хабарланды.. Бұл жағдайлар Мәскеудің наразылығын тудырды. Партия ортасында жаппай тазалау мен жазалау да наразылықты тудырды. Амин Ауғанстанға кеңес әскерлерін революциялық өкіметті нығайту үшін сұрады. 1979 жылы 12 желтоқсанда кеңес басшылары оның сұрауын қанағаттандырады. Бірақ Амин өкімет басынан кету керек болды . Кеңес әскерлері Ауғанстанға енгізілді. Амин президент сарайына шабуыл кезінде граната жарылысынан қаза тапты. Батыс елдері Ауғанстанға кеңес әскерлерінің кіруі наразылық білдірді. «Қырғи-қабақ соғысы» жаңа күшпен жанданды. 1980 жылы 14 қантарда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Ауғанстаннан «шетел әскерлерінің» шығарылуын талап етті. Бұл  келісімді қолдап 104 мемлекет дауыс берді. Осы кезде Ауғанстанда қарулы қарсыласу басталды. Оларға қарсы Аминнің жақтастары, революциялық өкіметтің қарсыластары күресті. Кеңес Одағы, рсеми түрде, Ауғанстанда ешқандай азаматтық соғыс жоқ, деді. Тек ауған елінде бандиттер жүргенсіздік жасап жүр деп мәлімдеді. Оларды «душмандар – дұшпандар» деп атады. Құпия түрде Пәкістан арқылы Америка Құрама Штаттар оларды қарумен және ақшамен көмекпен қамтамасыз етті. Осындай қолдаудың арқасында көтерілісшілер Ауғанстанның көптеген бөлігіне бақылау орнатты[3]. Әртарапта тарқап жүрген көтерілісшілерді «жихад –қасиетті ислам соғысы» деген ұран біріктірді. Көтерілісшілер өздерін «маджахеттер», яғни сенімдерінің күресшілері деп атады.
Ауғанстандағы соғыс 10 жылға созылды. Соғыс барысында миллионға жуық ауғандар қайтыс болды. Кеңес әскері ресми деректер бойынша 14 453 адамынан айырылды. 1987 жылы маусымда бейбітшілікті орнатуда алғашқы қадамдар жасалынды. Жаңа Кабул өкіметі повстансаларға «ұлттық уақытша бітім» жасауды ұсынды. 1989 жылы сәуірде Кеңес Одағы Женева қаласында Ауғанстаннан әскерін әкету келісіміне қол қойды. 15 мамырдан әскер елден шығарыла бастайды. 9 айдан кейін, 1989 жылы 15 ақпанда Ауғанстаннан кеңестің ақырғы солдаты кетті. Осы күн Кеңес Одағы үшін Ауған соғысының аяқталуын білдірді[4]. Кеңестік сарапшы¬лар¬дың бағалауы бойынша, КСРО басшылары ,қорыта келе, қандай революцияны қорғауға жиналғанын білмейтін, оған қоса өздері соңына дейін шеше де алмаған қиын қадамға тап болды. Тек 1979 жылдың 10 қазаны күні Н.М.Таракидің қазасы туралы хабар ресми түрде таратылған кейін бетбұрыстық қадам басталды. Екі күн бұрын Х.Аминнің бұйрығы бойынша, Н.М.Таракидің буындырылып өлтірілген еді қарамай, бірақ ресми түрде оны жүрек талмасынан қайтыс болды деп жариялады. Мемлекеттік төңкеріс жасалынып, Х.Амин өкімет басына келген соң, елде қатаң бағыт алған оқиғалар орын ала бастады. Ол, ең алдымен, өзіне қарсы сөз айтқан немесе сәл де болса қарсылық көрсеткен, өзінің пікірімен келіспе¬гендерді құрта бастады. Сондықтан Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің (МҚК) арнайы қызметкерлерінің қатысуымен жаңадан үкімет басына келген Ауғанстан басшысы Х.Аминнің көзін жойып, оның орнына Бабрак Кармальды қою; бұл мақсатты орындау үшін Ауғанстан территориясына әскердің кейбір құрамаларын жіберу мәселесі қаралды. Бұл уақытта “мұсылмандық” баталь¬онды дайындалды. Барлығы 100-ге жуық бірлестіктер ұрысқа бағытталды. Әскерлерді жасақтау үшін резервтен 50 мыңнан аса офицерлер, сержанттар мен солдаттар шақырылды. 24 желтоқсан күні КСРО-да бірінші жазбаша құжат пайда болды. Оған КСРО Қорғаныс министрі Д.Ф.Устинов пен Бас штаб бастығы Н.В.Огарковтың қолы қойылды. Құжатта қабылданып жатқан шешімнің қысқаша түсініктемесінде “Орталық Шығыстағы әскери-саяси жағдайға байланысты Ауғанстан үкіметінің соңғы өтініші дұрыс деп танылды. Кеңес әскерлерінің кейбір бөлімдерін енгізу, оларды елдің оңтүстігіне орналастыру, Ауғанстан Демократиялық Республи¬касына, достық ниеттегі Ауғанстан халқына интернационалдық көмек көр¬сету мақсатында, сонымен қатар, кейбір мемлекеттер тарапынан антиауғандық акцияларды жоя отырып, оларға қайырымды жағдай жасау үшін шешім қабылданды”, – деп көрсетілді[5]. 1979 жылғы 25 желтоқсанда Мәскеу уақыты бойынша сағат 15.00-де КСРО Қорғаныс министрінің берген бұйры¬ғымен Ауғанстанға кеңес әскерлерін енгізу басталды. Командирлер: “Бұл қысқа мерзімдік акция, тапсырманы орындаймыз да кетеміз”,– деп ойлады. Ал бірақ “акция” тоғыз жылдан астам уақытқа созылды. Оған 22 мың қазақстандық қатысты. КСРО әскері әкетілгенімен, Ауғанстанда әлі соғысаяқталған жоқ қырық жылғы қырғын ауған халқына орны толмас қайғы-қасірет әкелді, экономикасының, мәдениетінің дамуына кері әсерін тигізіп отыр. Біз, ауған халқы еліміздің тыныштығын қалаймыз. Бейбіт өмір сүріп, Қазақстан секілді гүлденген ел болсақ деп армандаймыз. Ең бастысы жер бетіне бейбітшілік орнасын, барлық елде соғыс болмасын!

Әдебиеттер

1. Уикипедия – ашық энциклопедия.
2. Болат Сайлан, тар. ғыл.канд., ауған соғысының ардагері. Ауғанстан: сәуір төңкерісі бастаған соғыс//abai.kz.ақпараттық порталы
3. Ауғанстандағы соғыс//Ресурс – ақпараттық портал. 4.Снесарев А.Е. Афганские уроки // Российский военный сборник. — М.: ВУ, 2003. – С. 54-61;
5.Қожанов К.Б. ӘОЖ 94(47+420).082./083 Ресей ЖӘНЕ ұлыбритания геосаясатындағыАуғанстан (ХІХ ғасырдың соңы-XX ғасырдың басы)//Электронный научный журнал

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *