А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты
ӘОЖ 811.512.122’276 Қолжазба құқығында
Есенбай Анар Заманбеккызы
Сыр өңірі жазушыларының тіліндегі жергілікті қолданыстар
Мамандығы 10.02.02 – қазақ тілі
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы
Ғылыми жетекшісі –
филология ғылымдарының докторы,
профессор О.Нақысбеков
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2008
Жұмыс Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi А.Байтұрсынұлы атындағы Тiл бiлiмi институтында орындалды.
Ғылыми жетекшiсi: филология ғылымдарыны» докторы, профессор О.Нақысбеков
Ресми оппоненттер: филология ғылымдарыны» докторы, профессор Б.Шалабаев
филология ғылымдарының кандидаты А.Хабиева
Жетекшi ұйым: Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
Диссертация 2007 жылы “7” қараша сағат 16.00-де
ҚР БжҒМ А.Байтұрсынұлы атындағы Тiл бiлiмi институты жанындағы 10.02.06 – түркi тiлдерi және 10.02.02 – қазақ тiлi мамандықтары бойынша филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесiн алу үшiн диссертация қорғайтын Д 53.38.01 диссертациялық кеңестiң мәжiлiсiнде қорғалады (050010, Алматы қаласы, Құрманғазы көшесi, 29).
Диссертациямен ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң Орталық кiтапханасында танысуға болады (050010, Алматы қаласы, Шевченко көшесi, 28).
Автореферат 2007 жылы “7” қазанда таратылды.
Диссертациялық кеңестiң
ғалым хатшысы, филология
ғылымдарының докторы, профессор Ж.А.Манкеева
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тіл – мәдениеттің қайнар көзі. Өйткені ол мәдениеттің құрастырушы бір бөлігі, сонымен қатар, тіл мәдениетті танытудағы негізгі құрал, себебі біз ол арқылы мәдениетті меңгереміз. Тіл мәдениеттің жалпы сипатын танытады. Негізгі ақпаратты сақтайды, жинақтайды, таратады. Осыған байланысты тіл әрбір этникалық қоғамдастықта этностың мәдени ерекшелігін танытатын фактор ретінде, мәдениеттің тіл арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетуін қамтамасыз етеді. Осылайша, ұлтты бір тұтастырып, бүтіндігін сақтайды. Мәдениет арқылы тілімізде этномәдени ақпараттар қалыптасады. Олар рухани мәдениет және материалдық мәдениет формасында таралады. Қандай да болмасын заттың атауы оны тек атап қана қоймай, сонымен бірге оны танытады. Лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан алғанда, тіл тек қарым-қатынас және танымдық қызмет атқаратын құрал ғана емес, сондай-ақ ұғым – тіл – мәдениет жиынтығынан құралатын, тұтас дүние жөніндегі мол мағлұмат беретін ұлттық мәдени код, қор, мәдени ақпарат көзі ретінде танылады. Адамға рухани, интеллектуалдық әлеуметтік мүмкіндіктерден туындайтын аса мол алуан түрлі ақпарат тілдік арналар арқылы беріледі. Санадағы бұл ақпараттар концепт немесе ұғым арқылы түйінделеді. Ұғым белгілі бір объектінің ең мәнді белгілерін көрсететін сананың нәтижесі болса, концепт объектінің ең мәнді белгілерімен қатар, мәнді емес белгілерін де қамтиды екен.
Тіл мен мәдениет екі түрлі семиотикалық жүйеде танылғанымен, бір бірін толықтыратын, өзара тығыз байланысты тұтас жүйе. Мәдениет – қоғамдық фактор, оның мәдени тұғырға көтерілуіне әлеуметтік фактордың ықпалы зор. Өйткені бір этностың мәдениеті екінші этносқа оның тілдік таңбалары арқылы баяндалады. Демек, кез келген ұлттық тілдің сырын шынайы тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның түпті тамыры сол тілде сөйлеуші этностың сан ғасырлық жүріп өткен тарихымен, күнделікті өмірде орныққан мәдениетімен, ой танымымен тікелей байланысты. Көркем мәтін – ұлттық бітім-болмысты, ұлттық психологияны, ұлттың дүниетанымы мен оның өмір сүру тәжірибесін, ұлттық салт-дәстүр мен наным-сенімін таныстыратын біртұтас дүние. Көркем мәтін — ұлттық мәдениеттің тілдік көрінісі, айнасы. Сондықтан әрбір көркем шығарманың бойынан сол ұлт туралы материалдық та рухани да мәдениет негізін тануға болады.
Көркем шығармалар арқылы, автордың танымдық аясы мен ақиқат дүниені бейнелеу қабілетіне қарай жазушы баяндап отырған ортаның мәдениетін, тұрмыс-тіршілігін, танымдық ерекшелігін анықтауға болады. Әрбір көркем шығарма – бұл ұрпақтан-ұрпаққа қалатын мұрағат. Сондықтан жазушы тіліндегі әрбір тілдік бірлік сол заманның мәдениетін, өмірлік болмысынан шынайы ақпарат беретін тарихи мұра десек те болады. Демек, кез келген ұлттық тілдің сырын шынайы тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның түпті тамыры сол тілде сөйлеуші этностың сан ғасырлық жүріп өткен тарихымен, күнделікті өмірде орныққан мәдениетімен, ой танымымен тікелей байланысты. Автордың ішкі көркемдік дүниесі мен оны тудыру шеберлігін мәтін арқылы тани аламыз. Көркем мәтін автор ойын объективтендіріп, оның шығармашылық көзқарасыын таныту үшін, адам туралы, айнала қоршаған әлем туралы білімі мен түсінігін бейнелеп жеткізу үшін және автор танымындағы әлемді басқаға сол қалпында дәл жеткізу үшін жұмсалады. Көркем шығарма тілін зерттеу арқылы сөздік қорымыздағы сан алуан тілдік бірліктердің стильдік, мағыналық, функционалдық қызметтерін, олардың заттық мәдени мағынасын, ұлтты таныту қасиеттерін, этимологиялық қалыптасу тарихын анықтауға болатыны белгілі. Осыған байланысты көркем әдебиеттердегі диалектілік лексемалардың қолданылу себебін анықтап, оның ішінде әдеби тіл қатарына енуге бейім тұрған жеке атаулық (номинативтік) мағынаға ие болып, қазіргі заман талабына, яғни өзге тілден енген сөздерді қазақшалау шарттарына сәйкес келетін диалектизмдерді айшықтап, ажыратып көрсету жұмыстың өзектілігін танытады.
Қазақ тіл білімінде жергілікті тіл ерекшеліктерін талдауда антропоцентристік бағыттағы зерттеулер жанданып келеді. Бұл орайда М.Атабаеваның, Ж.Мұхамбетовтың еңбектерін атауға болады. М.Атабаеваның еңбегі қазақ тіліне ортақ этнодиалектизмдерге арналса, Ж.Мұхамбетов кандидаттық диссертациясында Батыс Қазақстан аймағындағы тұрғындар тіліндегі этнодиалектизмдерді талдауды мақсат еткен. Жұмысымызда Оңтүстік өңірден шыққан жазушылардың қолданыстарындағы жергілікті тіл ерекшеліктері этнолингвистикалық тұрғыдан қарастырылды. Осы уақытқа дейін Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі тұрғындардың тіліндегі лексикалық, грамматикалық, фонетикалық ерекшеліктер сөз болғанымен, көркем шығармадағы уәжді-уәжсіз қолданылу ерекшеліктері арнайы сөз болып, материалдық мәдениет атауларының ұлттық-мәдени ерекшеліктері этнолингвистикалық сипатта, тіл мен мәдениет сабақтастығында қарастырылмаған болатын. Тақырыптың өзектілігін осы тұрғыдан да сипаттауға болады деп ойлаймыз.
Зерттеудің нысаны. Қазақстанның оңтүстік өңірінен шыққан жазушылардың шығармаларындағы жергілікті тіл ерекшеліктерінің танымдық мәні, этнолингвистикалық табиғатын ашу зерттеу нысанына жатады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жергілікті тіл ерекшеліктерінің жұмсалуының қазіргі қазақ көркем әдебиеті тіліндегі көрінісін, өріс алу бағытын анықтау. Ол үшін мына міндеттерді жүзеге асыру көзделді:
— жазушылардың жергілікті тіл ерекшеліктерін уәжді-уәжсіз қолдануын анықтау,
— диалектизмдердің эмоциялы-экспрессивті әсерін анықтау;
— диалектизмдерді қолданудағы жазушының стильдік мақсатын айқындау;
— жазушылар тіліндегі әдеби нормамен жарыспалылықты, қажетсіз дублеттер тудыратын тұлғаларды көрсету;
— көркем шығармалардағы диалектизмдерге талдау жасай отырып, Оңтүстік Қазақстан өңірінде қалыптасқан материалдық мәдениет атауларының ұлттық-мәдени ерекшеліктерін сипаттау.
Зерттеу жұмысының дереккөздері. Зерттеу жұмысының дереккөздеріне: «Қазақ тілінің аймақтық сөздігі», «Қазақ әдеби тілінің сөздігі», «Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігі», «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», Ә.Қайдардың «Халық даналығы», Р.Сыздық «Сөз құдыреті», «Сөздер сөйлейді», «Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі», Ж.Бабалықұлының, Х.Арғынбаев, С.Мұқанов, С.Қасиманов т.б. еңбектері алынды.
Зерттеудің әдістанымдық негіздері. Зерттеу жұмысына жалпы тіл білімі мен отанық тіл білімі бойынша лингвостилистика, диалектология, мәтін лингвистикасына және лингвомәдениеттану саласына байланысты жазылған В.А.Маслова, В.Виноградов, Н.Гальперин, Б.Уорф пен Э.Сепир, В.Ф.Гумбольдт, А.Байтұрсынұлы, Ә.Қайдар, Р.Сыздық, Е.Жанпейісов, Ш.Сарыбаев, О.Нақысбеков, А.Бектұров, Б.Шалабай, Ж.Манкеева, М.Серғалиев, Н.Уәли, Г. Смағұлова, Г.Әзімжанова, А.Ислам т.б. ғалымдардың зерттеу қағидалары теориялық-әдістанымдық тұрғыдан басшылыққа алынып, ғылыми негіз болды.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Диссертациялық жұмыстың мақсат-міндеттеріне сәйкес талдау, жинақтау, индукция, дедукция, сипаттау, саралау, семантикалық-стилистикалық талдау, тақырыптық-смағыналық топтастыру, этнолингвистикалық талдау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Жұмыста Оңтүстік өңіріне тән жергілікті тіл ерекшеліктерінің этномәдениетпен сабақтастығы этнолингвистикалық аспектіде алғаш рет арнайы зерттеліп, төмендегідей нақты нәтижелер қорытындыланды:
— жергілікті тіл ерекшеліктерінің этнолингвистикалық сипатын анықтайтын уәждік белгілер анықталды;
— Қ.Әбдіқабыров, Ж.Арыстанбаев, Т.Әлімқұлов т.с.с. жазушылардың диалектизмдерді қолданудағы стильдік мақсаттары көрсетілді;
— жазушылардың жергілікті тіл ерекшеліктерін уәжді-уәжсіз қолдану сипаты анықталды;
— қазақ әдеби тілі лексикасын толықтырып, әр алуан қажеттіліктерін өтеуге жарайтын диалектизмдер мен кәсіби сөздер қатары анықталды;
— жазушылар тіліндегі жарыспалылық, қажетсіз дублеттер тудыратын тұлғалар көрсетілді;
— қазақ әдеби тілі лексикасын толықтырып, әр алуан қажеттіліктерін өтеуге жарайтын диалектизмдер мен кәсіби сөздер қатары айқындалды.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
— Жазушылар жергілікті ерекшеліктерді кейіпкерлердің сөз машығын таныту үшін стильдік мақсатта қолданған;
— Жазушы қолданыстарындағы стильдік мақсат көздеген тілдік бірліктер ғана қазақ әдеби тілінің лексикасын толықтырып, қажеттіліктерін өтеуге жарайды;
— Арнайы стильдік мақсат көздемей, көркем мәтінде авторлық баяндауда қоланылған сөздер әдеби тіліміздің дамуына кері әсерін тигізіп, жарыспалылық пен қажетсіз дублеттер тудырады;
— Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері – ұлт болмысы мен мәдениетін сипаттайын этномазмұнды ақпарат көздерінің бірі.
— жергілікті тілдік ерекшелік ретіндегі материалдық және рухани мәдениет бірліктер халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүріне қатысты белгілі бір аймаққа тән тілдік бейнені жасауға негіз болатын коннотациялық сипаттағы тілдік бірліктер.
Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Қазіргі қазақ тіліндегі антропоцентристік бағытқа сәйкес халқымыздың дүниетанымы, өзіндік болмысы тіл арқылы беріліп, сол арқылы ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалып отырады. Осы тұрғыдан алғанда, көркем шығармалардағы жергілікті тіл ерекшеліктерінің этнолингвистикалық тұрғыдан талдау тіл мен мәдениет арасындағы сабақтастықтың мәнін ашуда ерекше маңызды. Сол себепті зерттеу барысында қол жеткізілген тұжырымдар қазақ тіл біліміндегі антропоцентристік бағыттағы этнолингвистика, лингвомәдениеттану салаларының қалыптасуына теориялық жағынан үлес қоса алады. Сондай-ақ жергілікті тіл ерекшеліктерінің қолданылу сипаты, уәжді-уәжсіз қолданылу ерекшеліктері туралы пайымдаулар тілдік норма, тіл бірліктерінің кодификациялану сипатын анықтауға, диалектология, лексикология, стилистика, әдеби тіл, тіл тарихы т.с.с.с салалар бойынша зерттеулерді жаңа бағытта жетілдіре түсуге көмектеседі.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтиелері жоғары оқу орындарының филология факультеттеріне арналған «Қазақ тілінің диалектологиясы», «Қазіргі қазақ тілінің стилистикасы», «Қазақ тілінің лексикологиясы», «Көркем мәтінге лингвистикалық талдау», «Тіл мәдениеті», «Әдеби тілдің тарихы» сияқты пәндерді оқытуда, арнаулы курстар мен арнаулы семинарлар жүргізуде, сөздіктер құрастыруда пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының жариялануы мен мақұлдануы. Зерттеу жұмысының негізгі мазмұны мен нәтижелері «Жаhандану жағдайында Қазақстан экономикасын жаңарту мәселелері» атты халықаралық конференцияда (Алматы, 2006), «Қазақстан және Ресей: ынтымақтастық жолы, мәдени байланыс, ғылым мен білім беру интеграциясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Көкшетау, 2006), «Қазіргі әлем: дамуды белгілейтін стратегиялар» атты халықаралық конференцияда (Алматы, 2007), «Технология, мәдениет және тіл кеңістігіндегі адамның ролі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы, 2007), «Қазақстанның рухани дамуы және жаңа саясат» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы, 2007) баяндалып, республикалық басылымдарда 9 мақала жарияланды.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Диссертацияның «Көркем мәтіндегі жергілікті ерекшеліктерді этнолингвистикалық бағытта зерттеудің теориялық негіздері» атты бірінші тарауында этнолингвистикалық бағытта теориялық алғышарттары анықталып, талдауға негіз болатын критерийлер көрсетілді.
Этнолингвистиканың негізгі мақсаты – халықтың бүгінгі қалпын, қазіргі тіліндегі ерекшеліктерді емес, өткен өміріндегі тәжірибелерінен туған ұлттық болмысты, халықтық тіршіліктен туған мәдени ұғымдарды зерттеу. Сондықтан да ұлттық сөздік қорды, яғни көне төл тілімізді жаңғыртуда, көне этнографизмдерді жинақтап, толықтыруда бұл саланың маңызы зор. Академик Ә.Қайдардың зерттеулері бойынша этнолингвистика саласы былай танылады: «Этнолингвистика, егер оның түп-тамырына тереңірек үңілсек, этнография мен лингвистиканың жай қосындысы емес, бір шаңырақ астында әрқайсысы өз бетінше тон пішіп, өзінің жырын жырлайтын шартты түрде ғана қосарланған дүние емес. Бұл ғылым саласының бір кереметтігі де, бүгінгі таңдағы ғылыми-практикалық маңызы да – оның монолиттік тұтастығында, бір-біріне етене жақын, тіпті бірінсіз бірін түсінуге болмайтын объект екендігінде. Ол объект – этнос және оның тілі. Өйткені тілсіз этнос, этноссыз тіл өмір сүру мүмкін емес… Этнос пен оның тілін этнолингвистика тұрғысынан қарастыру деген сөз оның сонау балаң кезінен есейгенге дейінгі барлық болмысы мен өмір-тіршілігін, дүние танымы мен мәдени, рухани байлығын ана тілінде сақталған фактілер мен деректер негізінде зерттеп білу және оларды бұгінгі таңның игілігіне асыру болып табылады. Өйткені, кез келген этностың тілінде оның басып өткен бүкіл ұзақ өмірінің өрнегі жатыр» [1].
Осы анықтаманы негізге алсақ, ұлттық төл тілін оның тарихымен, өмір тәжірибесімен, салт-дәстүрімен, таным-түсінігінен туындаған ырым-жырымдарымен, наным-сенімімен, аңыздарымен сабақтастыра зерттей этнолингвистиканың міндеттеріне қатысты деп ұғынылады.
Қазақ тіл білімінде этнолингвистикалық зерттеулер нәтижесінде біршама көне сөздердің ұмытылған мағыналары жаңғыртылып, ұмыт болған төл тілдеріміз қайтадан сөздік қорымыздың қатарына еніп жатыр. Этнолингвистиканың негізгі мақсаты да – төл сөзіміздің қатарын молайту, оларды жаңғырту, қолданымдық аясын кеңейту. М.С.Атабаева: «Этнолингвистикалық зерттеу – тіл байлығының этнос болмысының мәдени, рухани дүниесін бейнелейтін мағлұматы бар сөздерін талдап зерделеп түсіндіру деген сөз, осы күні көпшілік түсіне бермейтін сөздердің арғы қабатында олардың пайда болуы, этнос тұрмыс-тіршілігіне қатысты ақпарат жатыр Этнос болмысы – оның ғасырлар бойы қалыптастырған материалдық және рухани мәдениеті арқылы танылады, оны жеткізуші тілдік деректер», — деп көрсетеді [2].
Бұл бағытта Р.Шойбековтың, Ә.Ахметовтың, Ж.Манкееваның, Р.Б.Иманалиеваның, А.Ж.Мұқатаеваның, С.Сәтенованың, А.Жылқыбаеваның, Қ.Ароновтың, Б.Уызбаеваның, Қ.Ғабитханұлының, М.Мұсабаеваның, М.Атабаеваның еңбектерінде жан-жақты сөз болады.
Қоғам дамып өркендеген сайын тіл де өзгеріске түседі. Бұл – заңды құбылыс. Тілдің өзгеріске түсуіне әртүрлі факторлар әсер етеді. Соның ішінде жергілікті тұрғындардың өзара қарым-қатынас жасау барысында туындаған тіл ерекшеліктері сөздік қордың шеңберін кеңейтеді. Қазіргі таңда тіл білімінде диалектілер мен говорларды азайтып, әдеби тілді тұрақтандыру жолдары қолға алынып, тек әдеби тілді қалыптастыру негізге алынып отыр. Бірақ диалект сөздерді азайту мүмкін емес. Себебі, диалектілердің өзі ана тілінде сақталған, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан төл тілдердің қатарына жатады. Әрине мұндай төл тіл халық ауыз әдебиеттерінде де, көркем шығармаларда да сақталған, яғни жазба әдебиет арқылы қазақ тілінің мұрасы болып қалады. Жергілікті тіл ерекшеліктерін азайтқаннан гөрі оны сұрыптап, талдап, әдеби тіл қатарына қосатын кез келді. Сондықтан диалектілік ерекшеліктерді жүйелі түрде жан-жақты зерттеудің тіл тарихы үшін маңызы зор. Сонымен қатар диалектілер арқылы қазақ халқының, жалпы сол тілде сөйлейтін халықтың этникалық болмысын, мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігіндегі өзіндік ерекшелігін, көршілес халықтармен этникалық байланысын ашуға болады. Тіл – мәдениетті танытушы құрал ғана емес, тілдің бойында оның (мәдениеттің) арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап тұратын ұлы күш ретінде анықталады. Ұлттық мәдениеттің тірегі тілде. Қазақ халқының этностық, ұлттық мәдениеті, негізінен тілде көрініс тапқан. Осы орайда тіл – ұлттық болмысымен қалыптасқан төл мәдениетіміз сақталған негізгі көздердің бірі [3, 6б].
Тіл білімінің қайсыбір дәуірінде зерттеу нысаны болып келе жатса да күні бүгінге дейін өзектілігін жоймаған тақырыптардың бірі – тілдің ақиқат дүниені таныту және таңбалау мәселесі. Белгілі бір нәрсені білдіру, хабарлау қызметін атқарып тұрған материалдық көрсеткіш, яғни таңба – таңбалаушы, ал оны білдіріп тұрған мағына – танытушы. Таныту тікелей ой арқылы жүзеге асады. Адамның ойлауы тіл формасы түрінде көрініс табатын болғандықтан, адамның өзін қоршаған дүниені тану процесі тілде қалай көрінеді деген мәселені ғылымда алдыңғы мәселелер қатарына қояды. Осыған байланысты ғалым Г.Әзімжанова былай дейді: «Көркем әдебиет – тілді байытып, толықтырып, дамытып отыратын негізгі арналардың бірі. Көркем проза мәтінінің сапа, қасиеттерін одан әрі ұштап, жетілдіруде және оны мақсатты бағытталған арнада жүргізуде жазушы шеберлігінің сырын сараптап, талдап, түсіндірудің мәні зор. Көркем туындының құрылымы өте күрделі, ол көптеген компоненттерден тұрады. Көркем дүниені туғызудағы негізгі құрал тіл болғандықтан, ондағы образдар жүйесі мен оқиға тіл арқылы көрініс табады. Көркем проза мәтінінің прагматикалық әлеуетін зерттегенде прагматикалық мазмұны бар компоненттерді, ең кіші прагматикалақ мағынасы бар бөлшектердің қызметін қарастырып, олардың жалпы семантикалық-прагматикалық құрылымға кіруі анықталады. Прагматикалық тұрғыдан келгенде көркем проза мәтінін зерттеу процесінде адам факторын ескермеуге болмайды» [4].
Бір этностың мәдениеті екінші этносқа оның тілі арқылы танылады. Ал тілдік таңбалар – рухани және материалдық мәдениетті сипаттаушы таңбалар жиынтығы. Тілдегі бірліктер халықтың дүниетанымы, болмысы, рухани мәдениеті, сол халықтың тіршілігінен, өмір сүрген ортасынан, менталитетінен, психологиясы мен әлеуметтік-саяси көзқарасынан мағлұмат беретін ұлттық құбылыс болып табылады. Тілдік таңба – мәдениеттің феномені, ұлт мәдениетінің көрінісі ретінде ғылымда әлі де зерттелмей келеді. Тіл — рухани күш, демек тілдік таңбалар, яғни таңбалаушы, таңбаланушы және объект арқылы адам кез келген құбылысты қабылдап, оған баға беріп, өз көзқарасы мен ойын білдіре алады [5, 24].
Тіл – мәдениеттің қайнар көзі, мәдениеттің құрастырушы бөлігі, сонымен қатар тіл мәдениетті танытудағы негізгі құрал, себебі біз сол арқылы мәдениетті меңгереміз. Тіл мәдениеттің жалпы сипатын танытады. Негізгі ақпаратты сақтайды, жинақтайды, таратады. Осыған сай тіл әрбір этникалық қоғамдастықта этностың мәдени ерекшелігін танытатын фактор ретінде, мәдениеттің тіл арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетуін қамтамасыз етеді. Осылайша, ұлтты бір тұтастырып, бүтіндігін сақтайды. Мәдениет арқылы тілімізде этномәдени ақпараттар қалыптасады. Олар рухани мәдениет және материалдық мәдениет формасында таралады. Қандай да болмасын заттың атауы оны тек атап қана қоймай, сонымен бірге оны танытады. Ал тану белгілі бір халықтың тарихи даму жағдайы аясында іске асатын болғандықтан, ол тілдік ұжым өмір сүретін нақты жағдайларға байланысты әртүрлі болады. Ат қоюда өмір шындығы мен тұрмыс-тіршілігі, тәжірибесі, салт-дәстүрі, наным-сенімі, әртүрлі заттар түрінде тілде сөзбен аталып бейнеленеді. Осының негізінде ол затты танып, біліп, оны басқалардан ажыратып танығаннан кейін барып ат қояды. Мұндай ажырату белгілері ұжымдық ортада әртүрлі болуы мұмкін. Ұлттық атаулардың жасалуының бір жолы – ұқсату. Ол күнделікті өмірде, тұрмыс тәжірибесінде қалыптасады. Себебі адамдардың табиғаттағы ақиқат дүниені бақылап салыстыруы, оны өз іс-әрекетімен салыстыруы, әр түрлі дүниелердің ұқсас жақтарын салыстыруы негізінде санада бейнелер пайда болады. Сол бейнелер келе-келе белгілі бір ақиқат дүниенің атауына айналады.
Көркем мәтін – ұлттық бітім-болмысты, ұлттық психологияны, ұлттың дүниетанымы мен оның өмір сүру тәжірибесін, ұлттық салт-дәстүр мен наным-сенімін таныстыратын біртұтас дүние. Көркем мәтін — ұлттық мәдениеттің тілдік көрінісі, айнасы. Сондықтан әрбір көркем шығарманың бойынан сол ұлт туралы материалдық та рухани да мәдениет негізін тануға болады. Тіл білімінің лингвомәдениетану ¬бағытында тіл адамның танымындағы мәдени константалар (тұрақты құндылықтар) арқылы ұғынылады, түсіндіріледі. Сол мәдени ақпараттар негізінде тілдің қызметін зерттеп айқындау жүзеге асады. Лингвомәдениеттану бағытының негізгі мақсаты – алдыңғы ұрпақтың ғасырлар бойы жинақтаған рухани және материалдық мәдениетінің жетістіктері мен тәжірибелерін, ұлы өркениетіне қатысты ақиқат белгілерін таңбалайтын тұрақты тілдік бірліктерді зерттеу. Тілді лингвомәдени бағытта қарастыру үшін өзімізге танымал тарихи (диахронды) және сипаттамалы (синхронды) зерттеу әдістері қатар қолданылады. Сонымен қатар этнография, тарих, мәдениет, салт-дәстүр, өнер, астрономия, т.б ғылымдармен тығыз байланыста зерттеледі. Лингвоелтанымдық бағыттың негізгі мақсаты — мәдени константаларды екі немесе үш тілде өзара салыстыра отырып, ұлттық нышандарын айқындайтын, сол елдің болмыс-бітімін, халықтың мінез-құлқы мен тұрмыстық ерекшеліктерін ажыратып көрсететін тілдік ұғымдар мен белгілерді зерттеу. Бұл бағытта қарастырылатын объектілер белгілі бір елдің немесе ұлттың өзіне тән белгілерін, басқа ұлтта жоқ өзіндік нышандарын көрсете алатын тілдік бірліктер болуы керек. Мысалы, қазақ тілінде белгілі бір ұғымды ауыс мағынада түсіндіру үшін өздері күнделікті көріп жүрген, болмысы әбден танылған ұғымдарды қолданады.
Лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан алғанда, тіл қарым-қатынас және танымдық қызмет атқаратын құрал ғана емес, сондай-ақ ұғым – тіл – мәдениет жиынтығынан құралатын, тұтас дүние жөніндегі мол мағлұмат беретін ұлттық мәдени код, қор, мәдени ақпарат көзі ретінде танылады. Адамға рухани, интеллектуалдық әлеуметтік мүмкіндіктерден туындайтын маса мол алуан түрлі ақпарат тілдік арналар арқылы беріледі. Санадағы бұл ақпараттар концепт немесе ұғым арқылы түйінделеді. Ұғым белгілі бір объектінің ең мәнді белгілерін көрсететін сананың нәтижесі болса, концепт объектінің ең мәнді белгілерімен қатар, мәнді емес белгілерін де қамтиды екен.
Тіл мен мәдениет екі түрлі семиотикалық жүйеде танылғанымен, бір бірін толықтыратын, өзара тығыз байланысты тұтас жүйе. Мәдениет – қоғамдық фактор, оның мәдени тұғырға көтерілуіне әлеуметтік фактордың ықпалы зор. Өйткені бір этностың мәдениеті екінші этносқа оның тілдік таңбалары арқылы баяндалады. Демек, кез келген ұлттық тілдің сырын шынайы тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның түпті тамыры сол тілде сөйлеуші этностың сан ғасырлық жүріп өткен тарихымен, күнделікті өмірде орныққан мәдениетімен, ой танымымен тікелей байланысты. Мәдениет пен тілдің бастау бір бірімен тұспа — тұс келеді. Яғни, тіл – адами нақтылықты адамзаттың тіршілігі өтіп жатқан әлем ретінде жасайды. Ал адамзаттың тіршілігі – мәдениеттің әлемі екені белгілі. Әрине тіл физикалық нақтылықты қалыптастырады дей алмаймыз, өткені ол әлемнің бейнесін жасау барысында осы нақтылықты әлеуметке жеткізуші ғана. Дегенмен тілдің көмегінсіз болмысты толықтай тани аламыз немесе тіл қатынас пен ойлаудың кейбір мәселелерін шешудің қосымша құралы деп есептеу де қате болар еді. Шын мәнінде, нақтылы әлем бейсаналы түрде тілдік нормалар негізінде жасалады. Адамның қандай да бір құбылысты әрқалай көруі, естуі, қабылдауы тілдік нормалардың өз көрінісінің формасына сай болуымен байланысты.
Тіл – мәдениеттің өмір сүру формасы болса, мәдениет — оның ішкі мәні. Осы тұрғыдан алғанда тіл мен мәдениетті бір-бірінен бөліп қарауға болмайтын тұтас бір дүние деуге болады. Тіл мен мәдениеттің байланысы, тілдің мәдениетті сақтау, сипаттау, жарыққа шығару қасиеттерін анықтайтын арнайы ғылым керек, ол — өзіндік зерттеу нысаны бар, зерттеу әдістері мен қағидалары бар лингвомәдениеттану саласы. Тіл — тек мәдениетті танытушы құрал ғана емес, тілдің бойында оның (мәдениетінің) арқауын құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап тұратын ұлы күш. Лингвомәдениеттану негізінде ұлтқа тән мәдени-танымдық жүйенің қалыптасуын анықтауға болады. Ол бұндай зерттеулерге тілдің кумулятивтік қызметі негіз болады. Ал дүниенің тілдік бейнесіндегі ұлттық сипатты айқындаушы лингвомәдени көрсеткіштерді тіл, мәдениет, өркениет ұғымдарының өзара байланысы тұрғысында қарау қажет.
Әр халықтың басынан кешкен тарихы, бүкіл рухани, мәдени байлығы, болмысы, дүниетанымы, өмір тіршілігіне, күнделікті тұрмысына қажет бұйымдары, әдет-ғұрпы, салт-санасы, талғамы, т.б. сол тілде таңбасы емес, дүниенің тікелей бейнесі емес, оның біздің санамызда тілдік шығармашылық процесс нәтижесінде туған бейнесі, яғни «дүниенің тілдік бейнесі». Осыған байланысты профессор А.Салқынбай: «Әлем бейнесінің бүкіл көрінісі мен қоғамдық сана қалыптастырған ұғымдарын бейнелейтін тіл – адамзат танымының феномені. Тіл – тек қарым-қатынас құралы ғана емес, адамзат дүниетанымы мен сананы қалыптастырып, дамытуға қызмет ететін күрделі құрылым. Тіл ұлттық мәдениеттің құрамды бөлігінің бірі болып қана қоймайды, бүкіл мәдениет пен танымның негізі саналады. Мәдениет тіл арқылы жүйеленіп, қалыптасып дамиды. Тілдің қоғамдағы рөлі қарым-қатынас жасау сипатымен ғана шектелмейді, адам ойының, санасының жетілуі мен дамуына да ықпал етеді» [6], — дейді. Демек, қандай да болмасын, заттың атауы оны тек атап қана қоймай, сонымен бірге оны танытады. Ал тану, немесе анықтау белгілі бір халықтың тарихи даму жағдайы аясында іске асатындықтан, ол тілдік ұжым өмір сүретін нақты жағдайларға байланысты әртүрлі болады. Әртүрлі ұжым бір затты өзінің күнделікті тәжірибесінде кездесіп қолданылатын жағынан танып, оны өзіне таныс құбылыстармен байланыстыратыны белгілі. Яғни, ат қоюда өмір шындығы мен тұрмыс-тіршілігі, тәжірибесі салт-дәстүрі, наным-сенімі әртүрлі заттар түрінде тілде сөзбен аталып бейнеленеді. Осының негізінде ол затты танып, біліп, оны басқалардан ажыратып танығаннан кейін барып ат қояды. Мұндай ажыратқыш белгілер сөйлеуші ұжымдық ортада әртүрлі болуы мүмкін. Тіл білімінде ол белгілер уәждер деп аталады. Ұлттық атаулардың жасалуының бір жолы, ұғымды берудің көркемдік амалы – ұқсату. Ол күнделікті өмірде, тұрмыстық тәжірибеде қалыптасады. Себебі адамдардың табиғаттағы әртүрлі құбылыстарды бақылап салыстыруы, оны өз іс-әрекетімен, тәжірибесімен салыстыруы, ассоциациялық бецнелер түрінде әртүрлі нәрселердің ұқсас жақтарын табу, солардың негізінде танымын кеңейту осы қасиетке негізделеді.
«Қазақ тілі диалектілік лексикасының жалпытүркілік және төл, кірме лексикалық қабаты» деп аталатын тараушада Оңтүстік Қазақстан өңірінің жергілікті тіл ерекшеліктеріне негіз болған лексикалық қабаттар, олардың көркем шығармадағы қолданылу сипаты туралы сөз болады.
Тіл этноспен бірге жаралып, бірге өмір сүреді десек, оның бастапқы белгісі өсу, даму, қарым-қатынас көріністері осы күні жергілікті тіл ерекшелігі, яғни диалект деп танылып жүрген сөздердің мағынасында сақталған. Сондықтан диалект сөздерді тек этимологиялық, семантикалық, семасиологиялық, тарихи тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ экстралингвистикалық мақсатта да қарастырып, мәдениетпен, халықтық этнографиямен жақындастыра зерттеу қажеттігі туды.
Диалектілік жүйенің пайда болуына тағы бір себеп – көрші елдің тілдік әсері, яғни ареалды қарым-қатынастың ықпалы. Оқшауланған сөйленіс өзінің негізгі диалектілік сөйленіс тобы көлемінен соншалықты алыстап кептегенімен оған өзін қоршаған өзге туыс, туыстық қатысы жоқ тілдер айқын әсер етеді. Бұл жөнінде диалектолог-ғалымдар Ш.Сарыбаев, О.Нақысбеков былайша түсіндіреді: «Қарақалпақ жеріндегі қазақтар қарақалпақ, өзбек, түрікмен халықтарымен аралас тұрады, сондықтан олардың тілінде аталған тілдердің әсері байқалады. Осы сияқты Өзбекстан, Түрікменстан, Қытай, Монғол, Ресей қазақтарының тілі де үлкен әсерге ұшыраған, дегенмен оқшауланған сөйленістер де лексиканың негізін жалпыхалықтық лексикадан алады, сондықтан диалектілік лекситка шығу арнасына қарай: дәстүрлі диалектілік құбылыстар, дәстүрсіз диалектілік ерекшеліктер болып бөлінеді» [7, 16].
Қазақ тілінің жалпыхалықтық лексикасында кірме сөздер төрт халықтың: араб, парсы, монғол, орыс тілінен енген болып есептеледі. Оның ішінде араб, парсы тілдерінен сөз ауысуы басқа да түркі тілдеріндегідей қазақтың біртұтас болып қалыптасуынан бұрынырақ басталғаны айтылады. Қазақ тілі диалектілік лексикасы шығу төркіні жағынан тайпалық, рулық элементтенді сақтайтын өзіндік төл лексикасын жасағаны айнала қоршаған ортамен алыс-беріс қарым-қатынас жасау нәтижесінде қажетті сөздерді қабылдағаны жайлы жеке сөйленіс (говор) немесе жалпы диалектілік лексика мәселелеріне қатысты зерттеулер де сөз болып жүр. Қарақалпақ қазақтары тілінің ерекшеліктері туралы еңбегінде Н.Жүнісов араб, иран тілдері сөздерінің қазақтардан гөрі аборигендер тілінде көбірек кездесетіні қазақтарға сол арқылы ауысқаны жайлы айта келіп, әдеби тілде қолданылмайтындықтан оларды диалектілік құбылыс деп танитындығын айтады [8, 114]. Бұл сөйленістегі араб-парсы тілінен енген сөздер күнделікті өмірге қажетті зат атаулары көлемі жағынан иран тілдерінен ауысқан сөздер басым кездеседі.
«Жергілікті ерекшеліктердің туынды қабаты» деп аталатын тарауда сөзжасам тәсілдері арқылы пайда болған жаңа қолданыстар туралы сөз болады. Диалектілік лексика ұлттық тілдің бір тармағы болғандықтан, оның басқа тармақтары сияқты көлемдік жағынан да мағыналық жағынан да дамуға азды-көпті өзгертуге тиіс. Бұл оның ұлттық әдеби тілмен қатар күнделікті қарым-қатынас құралы қызметінің нәтижесі. Жалпы әлемдегі нақты қоғамдағы өзгерістен диалектілік лексика тыс қала алмайды, жаңадан пайда болған ұғымдарды атау қажеттігі қоғам иесінің, тіл иесінің бәріне ортақ, тек кей жағдайда тіл иелері жаңа ұғымның жалпыхалықтың әдеби атауымен қатар жергілікті атауын жасап екеуін қатар қолдануы мүмкін. немесе тіл иесі этнос үшін жаңа ұғым атауының аймақтың сипаты болуы жат емес. Бұл соңғысы бөтен тілдік ортада шекаралас, аралас аралық сөйленіс жағдайында кездесуі де тілдердің өмір сүру жағдайында болып тұратын ерекшелік. Жоқ нәрсені іздеп табуға білмейтін затты танып білуге деген талап адам баласына тән қасиет. Сол арқылы өзінің тұрмыс тіршілігін өзгертеді, қарым-қатынасқа түседі. Мұндай жағдайда белгілі затты, құбылысты пайдалану, қолдану білу, керегіне жарату, қыр-сырын ашу зәрулігі келіп туады. Өмірдегі жаңа зат пен құбылыстарды атау мұқтаждығын туғызады. Жаңа сөз жасауға деген қажеттілік келіп шығады. Бұл ғылымда көрнекті ғалымдардың атымен келген сөзжасам заңдылықтары, сөзжасам тәсілдері сияқты ұғымдарды тіл ғылымының саласын қалыптастырады. Қарым-қатынас құралы тіл, тіл қаруы сөз, ал сөзжасам өзіндік қыр-сыры мол тіл ғылымының саласы. Диалектілік лексикада тілге тән заңдылықтар сөзжасам заңдылықтары арқылы әр кезеңде толығып жетіліп байып отырады. Оның құрамынан әр дәуірде пайда болған сөздерді көру қиын емес.
Диалектілік лексиканың да үлкен қабатын туынды сөздер синтетикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер құрайды. Сөйленістерге сөзжасам жүйесі ортақ болғанмен, әр тәсіл арқылы жасалған сөздердің мағынасында ерекшелік бар. Ол туынды сөзді жасайтын жұрнақ та негіз де әдеби тілген тән бола тұра диалектілік мағына жасай алатыны күрделі сөз сыңарларының тек әдеби варианттардан құралып, диалектілік мағына білдіре алатынынан немес сыңарларының біреуі диалектілік біреуі әдеби сөз болып келуінен диалектілік мағына жасалатынынан аңғарылады. Мұндай жағдайлар диалектілік сөзжасамның өзіне тән күрделі табиғатынан хабар береді. Осыған қарағанда Ғ.Қалиев мынадай тұжырым жасайды: «Диалектолог үшін маңыздысы әдеби тіл мен сөйленістердегі бірдей құбылыстар ғана емес, әдеби сипаты жоқ диалектілік туындылар, олардың сөзжасам жүйесіндегі өзара қарым-қатынастары мен қалыптасқан ерекшеліктерін ашып көрсету деп тұжырымдайды. Яғни диалектілік сөзді жасаушы материалдық элементтер негіз бен сөз тудырушы тұлға. Бірыңғай әдеби элементтерден де құралады немесе олардың біреуі жалпыхалықтық екіншісі диалектілік болып келеді. Келесі жағдайда сөзжасамдық элементтер: негіз де сөз тудырушы тұлға да диалектілік болуы мүмкін.
Диалектілік туынды сөз табиғатын терең зерттеген Ғ.Қалиев аталған ерекшеліктеріне қарай синтетикалық тәсіл арқылы жасалған диалектілік туындылардың әдеби тіл мен сөйленістердің сөзжасам деңгейіндегі жүйелік қарым қатынастары негізінде төрт түрлі сөзжасамдық үлгісін көрсетеді:
1) әдеби негіз + әдеби қосымша – диалектілік туынды;
2) диалектілік негі + әдеби қосымша – диалектілік туынды;
3) әдеби негіз + диалектілік қосымша – диалектілік туынды;
4) диалектілік негіз + диалектілік қосымша – диалектілік туынды.
Ғ.Қалиев диалектілік лексикадағы осы үлгіде жасалған туындылар қазіргі тіл құбылыстарымен тек тарихи тұрғыда байланысады деп тұжырымдайды [9]. Бұл пікір диалектілік саналатын негіздің де қосымшаның да түп негізгі тарихтың терең қойнауына тартатынын, олардың семантикасын қазіргі күйінде қабылдауға тура келетінін білдіреді. Ал олардың семантикасына бойлау үшін күрделі этимологиялық талдау материалы қажеттігі анық.
«Диалектілік тұрақты тіркестер – рухани мәдениет көрсеткіші» деп аталатын тараушада жергілікті қолданыстағы фразеологиялық тіркестердің өзіндік ерекшелігі, пайда болу жолдары туралы сөз болады. Диалектілік тұрақты тіркестер пайда болып жасалуы жағынан алғанда тілдің тарихымен өзектес сондықтан диалектілік фразеологизмдерді жинау, зерттеу сипаттау диалектілік лексиканың құрамы мен көлемі мәселесін ғана шешпейді. Біріншіден, диалектілік тұрақты тіркестер тіл тарихына қатысты шешімі табылмай жүрген сұрақтардың жауабын табуға септігін тигізе алатын сенімді дереккөз. Олардың бойында дыбыстық-грамматикалық құрылыстың кейбір көне элементтері тұнып қалған. Екіншіден, диалектілік фразеологизмдер бойынан диалектіге тән сөзжасам және түрлену жүйесі айқын көрінеді. Үшіншіден, диалектілік тұрақты тіркестер әдеби тілдің фразеологиялық құрамын байытуға азды-көпті үлес қосады. Төртіншіден, фразеологиялық тіркестер семантикасы ауқымды, терең. Олардың мазмұнында этностың рухани мәдениетінің айшықты мағлұматтары жинақталған. Диалектілік тұрақты тіркестер жеке зерттеу нысаны болып Қ.Қалыбаеваның еңбегінде көрініс тапқан [10]. Қытай қазақтары тілінің жергілікті ерекшеліктеріндегі тұрақты тіркестер жайлы С.Мұстафаұлының зерттеулері [11] диалектілік тұрақты тіркестердің арнайы зерттеу нысаны бола алатын көлемде және мазмұнда екенін дәлелдеді. Ғ.Қалиев диалектілік тұрақты тіркестерді біртұтас лексикалық мағынаның көрсеткіші болып табылатындықтан сөйленістердің лексикасындағы негізгі типтердің бірі ретінде қаралуы тиіс деп айымдайды. Лексикалық типтердің басқа түрлері сияқты оның қалыптасып жетілуі де сөзжасам процесімен тікелей байланысты. Тұрақты сөз тіркестері тарихи жай тіркестерден туатындықтан аналитикалық тәсілмен сөзжасамның сөйленістердегі объектісі болып табылады.
Фразеологиялық тіркестердің күрделі табиғаты оларды тектес бірліктермен сөз, еркін тіркестермен салыстырғанда байқалады [12, 13]. Мұндай салыстырулар сөз, еркін сөз тіркесі фразеологиялық тіркестердің әрқайсысын жеке зерделегенде жүріп отырады. Себебі бұлардың бәрінің негізгі тірек компоненті сөз. Фразеологиялық тіркестер сөйлеуде жеке сөз орнынан қолданылады. Егер күрделі сөз болса, құрылымы жағынан сөз тіркестерімен сөйлемдерге сәйкес келеді. Диалектілік тұрақты тіркес белгілі аймақтың тұрмыс-тіршілігіне, салт-дәстүр, географиялық жағдайына рухани дүниесіне байланысты пайда болған. Құрамы жағынан тұрақты бейнелі образды түрде жұмсалатын дайын тілдік бірлік диалектілік тұрақты тіркестердің әдеби тілдегі тұрақты тіркестерге қарағанда оларды құрайтын сыңарлардың шығу тегіне қарай ерекшеліктері бар.
«Көркем шығармалардағы эмоционалды-экспрессивті лексика» деп аталатын тараушада жазушылардың қолданысындағы жергілікті тіл ерекшеліктерінің бағалауыштық мәні туралы сөз болады. Коннотация табиғаты, нақты айтқанда, экспрессивтік-эмоционалдық және бағалауыштық микрокомпоненттер негізінде сипатталады. Белгілі бір сөздің денотаттық мағынасын денотаттық семалар танытса, коннотаттық компонент мағынасы коннотаттық семалар негізінде жүзеге асады. Денотаттық семалар объективтік шындық дүниесіндегі заттар мен құбылыстардың бейнесін ассоциациялайтын, тілдік тұрғыдан көрініс тапқан денотаттардың бейнесін танытатын семалар болып танылса, коннотаттық семалар лексемасы өзара ортақ болып келетін денотаттық семалардан туындай келе, белгіленген затқа деген жаңа көзқарасты өзге қатынасты білдіретін сема ретінде көрініс табады.
Ал лексика-семантика тұрғысынан алғанда белгілі бір көркем мәтін ішіндегі коннотаттық компонент мағынасына тең келетін сөздер мен сөз тіркестерінің ұтымды қолданылуы да астарлы ойдың өрбіп, ұласуына себепші бола алатынын аңғартады. Әрбір коннотаттық мағынада қолданылған сөздің денотаттық негізі болуы заңды. Мысалы Қ.Әбдіқадыров шығармасындағы Әйел оның одағай айтылған сөзіне күлді деген сөйлеміндегі одағай айтылған сөз тіркесіндегі одағай коннотаттық мағына реңкінде беріліп тұр. Сондай-ақ мына сөйлем бойында да бейнелеуіштік, экспрессивті-эмоционалды таныту мақсатында қолдану негізі арқылы коннотаттық мағына туындағаны байқалады. Мысалы: Жұрт көлік шаршады деп қосын доғарып жатқанда, қарнын кебеже теңдегендей қылып өгіздің егіс қорғанға кіргенін көреді. Мұндағы қарнын кебеже теңдегендей деген диалектілік коннотацияның әсірелеп бейнелеу мәнін беріп тұрғаны мәтін бойынан байқалып тұр.
Диалектизмдер — ауызекі сөйлеу стиліне тән тілдік құбылыстар. Ауызекі сөйлеу, яғни коммуникативті акті арқылы жеке тұлғаның санасында жатталып, жұмсалымдық, қолданымдық деңгейі жиі болғандықтан жеке тұлғаның индивидуальді сөздік қорына сіңген диалектілер сол жердің тұрғындары үшін ғана ортақ, жалпылық сипатқа ие болады. Басқа аймақ жүрсе де жеке тұлға белгілі бір затты не құбылысты өз санасында жатталған, өз сөздік қорындағы атауларымен танытады. Ауызекі сөйлеу әрекетінде солай атауға әбден машықтанған әрбір адам әдеби тілдегі негізгі атауымен атаудан гөрі, өз тіліндегі вариантымен атауды әрқашан тиімді, лайықты деп санайды. Бұл заңды құбылыс. Адамзат үшін ақиқат дүние біреу болса, оны түсіну, тану, сол дүниенің біртұтас бейнесін санада қалыптастыру әрекеттері әр адамзатта, әр ұлтта әр деңгейде сан алуан интерпретацияда беріледі. Сондықтан тіл иесінің ой-өрісіне, концептуалдық әлеміне байланысты дүниенің танымдық бөлшектері тілде өзінше көрініс табады, өзінше бейнелеп суреттейді, ал тіл иесі танымдық ойын өз тілінде сақталған дүние бейнесіне сәйкес танытуға тырысады. Сол себепті диалектілер арасында да көпмағыналылық, омонимдік, синонимдік ерекшеліктер жиі кездеседі. Диалектілік омонимдер әдеби тілдегі омонимдер секілді лексикалық құрамы жағынан әр түрлі болады. Кейбір диалектілік омонимдердің баспақты мағынасы, қолданылу қызметіне қарай әдеби тілдегі мағынасына жақын келеді. Мысалы, ашар диалектісі батыс говорында кілт мағынасында қолданылады. Есіктің ашарын жоғалтып алып, үйге кіре алмай отырмыз. Бұндағы ашар сөзі кілттің қызметінен туындаған, яғни ашу әрекетінің сол өңір адамдарының танымында бірінші болып ұғынылып, оның кілт номинациясын гөрі, заттың қызметіне қарай атағанды ыңғайлы санауы деп түсініледі. Ал қарақалпақ говорында ашар сөзі винт бұрайтын құрал ретінде қолданылады. Бұл іске пышақ жарамайды, мәшиненің ашарын пайдалану керек. Бұл жерде де әдеби тілдегі кілт сөзінің екінші варианттағы омонимі сәйкес келеді. Соған қатысты кілттің ашудан гөрі, бұрау қызметіне қарай, яғни әрекеттік, қолданымдық қызметіне қарай танып, қалай танылса, солай атау сол өңір халқына тиімді болып тұр. Келтірілген диалектілік омонимдер мысалдары заттың (ақиқат дүниенің) қызметі мен әрекетіне қарай аталуы басым көрініс тапқаны, сол тұрғыдан омонимдес сөздер болып тұрғаны байқалады.
Осы секілді аша сөзінің де кең қолданысқа ие болып, диалектілік омонимдер мен көпмағыналы диалектілердің қатарын толықтыратынына талдау жасап көрелік.
Аша сөзі Қазақстанның шығыс өңіріндегі Семей, Талдықорған говорында айыр (құрал) мағынасында қолданылады. Шығыс Қазақстан говорында аяқ мағынасында қолданылады. Қарақалпақ говорында аша сөзі арықтың екіге бөлінетін, айырығы мағынасында қолданылады, сол сияқты осы өңірдің Шет говорында баған деген сөзді білдіреді. Қазақстанның солтүстік өңірінде тіреу мағынасында қолданылады. Ал Қызылорда говорында арық түрі ретінде қолданылады. Батыс Қазақстанда Аша сөзі екі таудың жігі, арасы ұғымын білдіреді.
Бұл жерде аша сөзінің көпмағыналы қолданысы да, омонимдік қолданысы да бар. Мәселен, аша сөзінің айыр құрал ретінде қолданылуы мен баған ретінде қолданылуы және арық ретінде қолданылуы, сонымен қатар аяқ ретінде қолданылуы бір біріне диалектілік омоним сөздер болып келеді. Дегенмен де олардың бастапқы санадағы танымдық көрінісі бір тұтас заттың екіге айырылуы бейнесінен туындайды. Осы бейне бірнеше ақиқат дүниенің номинативті атауына пайдаланылып, қолданыс тапқан. Бұндай диалектілік омоним құбылыстарын жартылай омонимдер атауға болатын секілді. Себебі, бастапқы ұғымы күңгірт болса да анықтау болатын, мағынасы алысқа кетпеген құбылыстар байқалады. Ал аша диалектісінің арықтың екі айырылуы мен таудың екі арасын танытатын мағынада қолданылуы диалектілік көпмағыналылықты білдіреді. Себебі, айыру, айырықты білдіру, яғни екі затты ажырату мағынасынан алыс кетпегенін байқатады.
Енді ашамай диалектизмін талдап көрсек. Ашамай Қазақстанның солтүстік өңірінде (Қостанай, Щучинск) «аш өңді» деген сыни мағынаны танытады және көп жағдайда малға қатысты айтылады. Сатуға әкелген сиыры ашамай мал екен. Ал шығыс өңірлерінде (Семей, Шұбартау) ашамай деп жауыр түйеге арнап жасалған ер сияқты ағаш бұйымы аталады. Бұл жердегі ашамайдың қолданымдық сипаты да, мағыналық жігі де бір бірінен алшақ, мүлде ұқсатуға келмейді, екі дүниені танытатын номинативтік атау дәрежесінде болғандықтан, оларды толық омонимдер деп атауға болады.
Диалектілік синонимдердің қатарын дублет сөздер мен сөздердің вариантты қолданысы толықтырып отырады. Дегенмен, дублет сөздер мен сөздердің вариантты қолданысы әдеби тілді айқындауда біраз кері ықпалын тигізетін жағдайлар кездеседі. Мәселен, түгелдеу/түгендеу, жалғыз/жаңғыз сияқты сөздердің қатар қолданылуы жиі кездеседі. Бұл ерекшелік ауызша тілге аса қатты кедергісін тигізе қоймас, бірақ жазба тілде белгілі бір нормаға бағынатын сөзді таңдап жазу заңдылығы бар.
Жалпы диалектілік синоминдер төл тіліміздің сөздік қорын кеңейтуге едәуір үлесін қосатыны анық. Тіпті кейде заттың атауы болуға сұранып тұратын диалектизмдердің әдеби тіл қатарына еніп бара жатқанын да байқауға болады. Әдеби тілімізде кесе деп аталып жүрген тұрмыстық бұйымның аяқ, пияла, сапалша деген диалектілік синонимдері кезедеседі. Кесені аяқ деп Жезқазған өңірі атайды, пияла деп Қазақстанның оңтүстік өңірлері (Жамбыл, Сайрам, Шымкент, Шу, Мойынты, Жуалы) атайды, ал сапалша сөзі Түлкібас өңірінде кездесетін кесе атауының говоры болып саналады.
Диалектологтардың зерттеулерінде синонимдер екі сыңарлы, үш сыңарлы, төрт сыңарлы, бес, алты, жеті, сегіз сыңарлы синонимдік қатарлардан құралатыны айтылады. Мәселен, екі сыңарлы синонимдік қатарға қолқап – биялай, таға – нағашы сөздерін келтіреді. Үш сыңарлы синонимдер қатарына серне – деңгене – жора диалектілерін жатқызады. Төрт сыңарлы синонимдер қатарына бәкі – бекі – мұштар – шаппа сөздерін келтіреді. Бес сыңарлы синонимдік қатарға ырғақ – шотеке – сүңгуір – шотаяқ – жұтпа (маядан шөп суырып алатын басы имек құрал). Алты сыңардан құралған синонимдер иінағаш – суағаш – мойынағаш — әпкіш – күйенте – құрамыс. Жеті сыңарлы синонимдер қатары сіріңке – кәуірт – кеуірт – оттық – спешке – шпешке – шырпы. Сегіз және одан көп сыңарлы қатарлар: күнбағар – күләйлән – пісет – айбағар – шемішке – шекілдеуік – шемекі – күнбағыс.
Диалектілік синонимдер қатары осылайша сегіз қатардан шектеліп қалуы мүмкін емес, оның қатары бұдан да кеңейіп, молаюы әбден мүмкін. Себебі, тіл өзгермелі құбылыс, қоғам дамыған сайын, тілдің қолданымдық аясы да кеңейіп, сөздік құрам жаңа сөздермен, жаңа қолданыстағы тілдермен толысып отырады. Осы тұрғыдан келгенде диалектілік лексикологияны тереңінен зерттеу қажет. Құрылымдық тіл білімі тұрғысынан ғана емес, тілге адамның тікелей қатысы тұрғысынан, яғни антропоцентристік бағыт тұрғысынан қарастыру әдісі бүгінгі күнде диалектілердің ішкі сырын, атаулық мән-мағынасын кеңінен ашып көрсететін тиімді қолданыс болатыны дау тудырмайды.
Диалектілік лексикологияда диалектілік мағына, диалектілік омонимдер, диалектілік синонимдер, диалектілік полисемиялар, диалектілік кірме сөздер қарастырылады.
«Қазақ тіліндегі жергілікті тіл ерекшеліктерінің көркем әдебиеттегі қолданысы» деп аталатын екінші тарауда Сыр өңірінен шыққан сөз зергерлерінің шығармаларындағы нақты лексикалық ерекшеліктер, семантикалық ерекшеліктер, этнографиялық ерекшеліктер, фразеологиялық ерекшеліктер талданады.
«Көркем шығармалардағы нақты лексикалық ерекшеліктер» атты тараушада әдеби тілде баламасы, синонимі бар сөздер талдауға негіз болады. Әдеби тіл мен диалектілік лексиканың арасына біржола шекара қою қиын, қоғам дамуына, тілдің ішкі дамуына сай көнеру, мағына кеңеюі, жаңа сөздердің пайда болуы сияқты өзгеріс диалектілік лексика мен әдеби тіл арасында үзбей жүріп отырады. Сондай-ақ әр кезеңде өмір сүретін ұлттық тілдердің жалпыхалықтық әдеби тілімен қатар жалпыхалықтық мәні жоқ, жергілікті, аймақтық сипаттағы сөздері әдеби тілмен қатар жүріп дамып отыратыны заңды құбылыс. «Көркем әдебиет тілінде диалектизмдерді пайдалануды сөз еткенде біз екі нәрсені шатастырмауымыз керек. Диалектизмдерді автордың өз баяндауларында пайдалану мәселесі бар да, кейіпкерлердің тілінде беру жағы бар. Кейде жазушы сипаттап отырған кейіпкерін өзіне тән ерекшеліктерімен толық көрсету мақсатында диалектизмдерді әдейі қолданады. Бұл – жазушының кейіпкерді неғұрлым нанымды, жан-жақты көрсетуіне мүмкіндік береді… Ал жергілікті сөздерді автордың өз баяндауларында қолданудағы мақсаты — әдеби тілде баламасы жоқ диалектизмдермен тілімізді байыту» [13,44].
Академик Р.Сыздық қазақ көркем әдебиетінің проза саласындағы лексикалық нормаларды танып-білуде, бүгінгі таңда мынадай сәттерге (объектілерге) назар аудару қажеттігін айтады:
1) диалектизмдердің (жергілікті элементтердің) жұмсалуы, яғни орыс тіл білімінде диалектизация деп аталатын құбылыстың қазіргі қазақ көркем әдебиеті тіліндегі көрінісі, күй-қалпы, өріс алу бағыты;
2) жалпыхалықтық тілге тән бейнелі (образды) сөздерді жұмсау тәсілі, фразеологизмдердің сөгілуі;
3) қарапайым, көне, сирек кездесетін сөздердің жұмсалуы;
4) синонимдерді таңдау, идеографиялық және стильдік синонимдердің қолданысы;
5) лексикалық жаңа қолданыстардың орын алуы (қажетсіз тұста жаңадан сөз жасау немесе қажеті бар жерде ұсынылған жаңа қолданыстың сәтті-сәтсіз болуы);
6) штамп сөздер мен тіркестерді қолдану, сөздердің тіркесу аясын кеңіту арқылы сөз мағыналарын жаңғырту;
7) лексикалық варианттардың қолданысы, яғни морфологиялық, орфографиялық, семантикалық, генезистік т.б. жарыспалы элементтердің дұрыс-бұрыс жұмсалуы;
8) белгілі бір сөз тудырушы элементтердің және синтаксистік тәсілдердің көркем әдебиет тілінде активтенуі;
9) көркем әдеби тіл арқылы лексиканың стильдік жіктерге (поэтизм, қарапайым сөздер, канцеляризм т.т.) ажыратыла түсуі [14, 228 б.].
Көркем мәтінде диалектизмдердің қолданылу ерекшеліктерін айта келіп, ғалым Ш.Сарыбаев көркем әдебиетте жергілікті тіл ерекшеліктерін мүлде пайдаланбау керек деген көзқарасқа келіспей, көркем шығармада әдеби тілде баламасы бар диалектизмдерді кеңінен қолданғаннан гөрі, бұрын соңды естіле бермейтін, әдеби тілде баламасы жоқ кейбір тіл ерекшеліктерін қолданған дұрыс деп санайды. Олай дейтін себебі, жергілікті тіл ерекшеліктерінің әдеби тілді байытатын жерлері де, шұбарландыратын жерлері де бар. Осы тұрғыдан алғанда ғалым көркем әдебиетте диалектизмдерді пайдалану мәселесін былай түсіндіреді: «Диалектизмдерді автордың өз баяндауларында пайдалану мәселесі бар да, диалектизмдерді кейіпкердің тілінде пайдалану мәселесі бар. Екеуінің әр біреуіне тән өзіндік ерекшеліктері, мақсаттары басқа. Жергілікті сөздерді автордың өз баяндауларында қолданудағы негізгі мақсаты — әдеби тілде баламасы жоқ диалектілермен әдеби тілімізді байыту» [15, 462б].
Көркем әдеби стилінде кейбір диалектизмдер әдеби тілдік баламасы бола тұрса да қолданылады. Бұл – таза стильдік мақсатпен байланысты мәселе. Кейде бір сөйлемде бір сөзді екі рет немесе одан да көп қайталап қолдануға тура келеді. Егер ондай әдеби сөздің жергілікті халық тілінде диалектілік сыңары бар болса да оны жазушылар көркем әдебиет стилінде қолданады.
Диалектизмдердің көркем әдебиет стиліндегі қолданылуы екі түрлі: бірі – авторлық ремаркада, екіншісі – диалогта. Авторлық ремаркада, кейіпкер тіліндегімен салыстырғанда, диалектизм аз қолданылады. Ақын, жазушылардың қай-қайсысының да шығармасынан диалектілік ерекшеліктер кездеспей отырмайды. Өйткені, әр адам, әсіресе әрбір сөз шебері – таза әдеби тілдің ғана емес, сонымен қатар белгілі дәрежеде, белгілі бір аймаққа тән диалектіні де сақтаушы. Жазушы диалектизмдерді өзінің авторлық баяндауында әдейі қолдануы да мүмкін. Мұның көркем әдебиет стиліне еш оғаштығы жоқ [16,48].
Қ.Әбдіқадіровтің шығармаларында әдеби тілге ауысуға бейім тұрған диалектизмдер көптеп кездесетіні байқалды. Мысалы:
Оның табиғи нұры пардазбен (қолдан жасаған, қосымша ажар) он есе арта түсті. Қарындасы қолынан пардаз берген кәнизәгінін, сұлулығына мақтанғандай («Мың бір түн», 89 — бет)
«Басыңа қонған бақ құсың қайырлы болсын, балам! Түсімде ат мініп, ақ сұңқар ұстап жүруші едім, осыған көрінген екен» деп, біраз сүйінгендік сөз айтты. Оның үй-іші де әкімдер мақалласында (кварталында) болды («Мың бір түн», 132 — бет)
Сол үшін мені шарапқанадан шығармай отыр («Мың бір түн», 284 — бет)
Әкім сардарларын (әскери бастықтар) шақырып алып, сарайда жатқан адамдардың бәрін айдап келуге бұйрық берді.Айдап келген адамдарды таң атқанша зынданға қамап, таң атқан соң сардардың біреуіне бұйырыпты («Мың бір түн», 290- бет)
Мен Мысырдың бағалау базарында тұрсам, бұл кісі бағалау базарда осы алтынды қалтаға салып базардан шықты («Мың бір түн», 291- бет)
Сарапшы үйіне барып, қалтаны сандығының үстіне қойып, өзі дәрет алғалы далаға шығады. Қызметші қызы құмғанға су құйып, қожасының артынан кетеді («Мың бір түн», 295- бет)
һамбалға (жүк көтеруші) алған астарын көтертіп, қала жанындағы тауға қарай жүре берді. Қаланың шетіндегі баққа келгенде, һамбалдың көзін байлады («Мың бір түн», 309 — бет)
Қарағым-ау, бұл жігіттердің бәрі де қалың елден саралап жиған патшаның келешектегі әскербасылары ғой («Мың бір түн», 335- бет)
— «Көп ауырған емші болады, көп қаңғырған жолшы болады» деген («Мың бір түн», 376-бет)
— Ал астың сарбазы (әскері) түгел екен, енді сардары (командирі) қайда?..— деді («Мың бір түн», 284 — бет)
Онда кәбаб (шашлык) пісіріп сататын жер бар екен («Мың бір түн», 426- бет)
Мұнда да кәбаб жеді.
Сөйтіп, сол саудагер жастар, Ғалиді шапарқа үйретіп алды да, күнде шарапханаға апаратын болды («Мың бір түн», 426 — бет)
Сүт менің жеңсік асым еді, оның иісі мұрныма келген соң өзімді ұстап тұра алмай, сүтті де, шарапты да іштім («Мың бір түн», 484- бет)
Келтірілген мысалдардағы әскербасы, сарбаз, сардар, кауап, сарапшы сияқты сөздер қазіргі тілімізде жаңадан қолданысқа еніп, тұрақтанып келе жатқан сөздер екені белгілі. Алайда Қ.Әбдіқадыровтың аударуымен жарық көрген 1960-жылдары бұл атаулардың орысша нұсқалары қолданылған белгілі. Сол себепті жазушы өз тарапынан осы атауларды ұсынбағанмен, тіліміздегі сөздерді жаңғырта отырып, көбінесе жақша ішінде мағынасын нақтылап, түсіндіріп отырған. Сол арқылы осы сөздердің баламасының тілімізде берік орын алып, орнығуына, қалыптануына (кодификациялануына) жол ашқан деуге болады. Тіл этноспен бірге жаралып, бірге өмір сүреді десек, оның бастапқы белгісі өсу, даму, қарым-қатынас көріністері осы күні жергілікті тіл ерекшелігі, яғни диалект деп танылып жүрген сөздердің мағынасында сақталған. Сондықтан диалект сөздерді тек этимологиялық, семантикалық, семасиологиялық, тарихи тұрғыдан ғана емес, сондай-ақ экстралингвистикалық мақсатта да қарастырып, мәдениетпен, халықтық этнографиямен жақындастыра зерттеу қажеттігі туды. Ғалым Ш.Сарыбаев көркем әдебиеттердегі кейбір диалектизмдердің орынсыз қолданылуынан болатын кемшіліктерді атап көрсетеді: «Кейбір жазушылардың әдеби тілімізде қалыптасқан сөздердің орнына жалпыхалықтық сипат алмаған, тосаң естілетін сөздерді өз баяндауларында жиі қолдануын біз құптай алмаймыз» дей келе, «Ақ Жайық» романындағы жар (қабырға), шаттауық (жаңғақ), қалай-солай (қалай болса солай), мадықтау (мадақтау) сөздерінің мәтінге көркемдік сипат бере алмайтынын көрсетеді. Сонымен қатар көпшілікке мүлде түсініксіз диалектизмдердің де көркем әдебиеттерде берілмеуін ескере отырып, осындай қолданыстардың Ғ.Сланов пен Ә.Нұрпейісов шығармаларында кездесетінін дәйектеп көрсетеді: жуырқан (көрпе), жары (жартысы), келе-жағында [17].
«Көркем шығармалардағы семантикалық ерекшеліктер» атты тараушада Сыр өңірі тұрғындарының тіліндегі жалпыхалықтық қолданыстан бөлек мағынасы бар сөздер талданады.
Көркем мәтінде қолданылатын диалект сөздердің мән-мағынасын ашып, қолданымдық аясын зерттеп, стильдік қызметін анықтау жұмысы орынсыз қолданылған жергілікті тіл ерекшеліктері мен әдеби тіл қатарына енуге бейім тұрған диалектизмдерді айқындауға мүмкіндік береді. Ақын-жазушылардың тілі арқылы сөздік қорымыздың қатарын кеңейтеміз. Олардың индивидуальді-авторлық сөз тудыру негізінде қалыптасқан атауыштық сөздер мен ұмытылып бара жатқан көне этнографизмдерді жаңғыртуы арқылы және де кейбір естілмей жүрген заттық мәдени диалектизмдері қайта дүниеге әкелуі арқылы сөздік қордың шеңбері ұлғая түседі. Осыған байланысты Г.Әзімжанова: «Жазушы көркем шығарманы жазу барысында халық тілінің бейнелеу құралдарын пайдалана отырып, ұлттық тілдің жасырын жатқан байлықтары мен мүмкіндіктерін ашады. Олар өз шеберліктері арқылы тіл дамуының ішкі заңдылықтарына сәйкес келетін, жалпы қолданысқа еніп, ұлттық тіл қорының төрінен орын алатын тілдік асыл құндылықтар жасайды. … Қаламгер халықтың тіл байлығын пайдалана отырып, әдеби тіл нормаларын ескеріп, тілдік құралдарды көркем дүние жасау үшін шебер пайдалану нәтижесінде көркем дүние туындайды. Жазушы тілінің суреттеу шеберлігі, көркемдік әдістері көркем мәтін арқылы ашылып, эмоциялық бояуы айқындалады. Прагматикада барлық назар адамға (субъектіге) бағытталады», – дейді [4, 228 б.].
Жергілікті тіл ерекшеліктері, яғни диалектизмдер тіліміздің сөздік құрамында елеулі орын алатын тілдік жүйе бірліктері екені белгілі. Сондықтан ауызекі сөйлеу тілінде қалыптасып, кейін қолданымдық аясы кеңейіп, жалпыадамзаттық сипатқа ие болып, номинативті атау ретінде сөздік қорға енетін диалектизмдер туралы «Екіұшты қолданылатын ондай сөздер қажетсіз, олардан құтылу керек» деген кесіп айтатын пікірден аулақ болуымыз керек. Ол үшін жергілікті тіл ерекшеліктерінің тілдік жүйедегі қызметі мен ауызекі сөйлеу актілеріндегі қазақтың ұлттық бітім-болмысына тән көріну өзгешеліктерін ескере отырып, көркем мәтіндегі қолданылу қағидаларын тереңінен қарастыра отырып, жалпы тіл біліміндегі орны мен сипатын, жұмсалымдық аясын, стильдік қызметін нақты дәйектеп көрсету қажет. Осыған байланысты көркем шығармаларда диалектілердің қолданысын сөз еткен ғалым Ғ.Қалиев: «Диалектологиялық фактыларды білудің көркем шығармаларды жете түсінуі үшін де, жазушылар үшін де мәні зор. Кейде жазушы өз шығармасында диалектизмдерді әдейі пайдаланады. Бұл – жазушының кейіпкерді неғұрлым жан-жақты, толық көрсетуіне мүмкіндік береді», — дейді [9].
«Көркем шығармалардағы этнографиялық ерекшеліктер» деп аталатын тараушада белгілі бір аймаққа ғана тән, басқа жерлерде қолданылмайтын немесе олардан түбегейлі ерекшеленетін заттар мен құбылыстардың аттары сөз болады. Этнографизмдердің жалпыхалықтық тілде баламасы болмайтындықтан, оларды сипаттама түрінде ғана беруге болады. Белгілі бір изоглосстық деңгейімен шектеліп тұрған жалпыхалықтық сипат ала алмай отырған, бірақ сол заттың негізгі жалғаз атауы болып танылып отырған сөздерді диалектизм қатарына емес, әдеби тіл қатарына енгізу керек сияқты. Бұл жердегі бір ғана аймаққа тән деген қағиданы сол сөзге ғана қатысты тілдік ауытқу ерекшелігі (исключение) деп көрсеткен дұрыс болар еді. Көркем мәтіндердегі жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеу арқылы осындай құбылыстарды айқындауға болады. Соның негізінде әдеби сөздік қорға жаңа атауларды енгізуге мүмкіндік туады. Көбінесе бұндай сөздер көне сөздер болып келеді. Сөздік қорымызға тіркелмеген, яғни түсіндірме сөздіктерде көрсетілмеген, қолданымдық аясы тарылған, бірақ көнекөз қариялар аузында сақталған көне этнографизмдер болуы мүмкін. Олардың жұмсалымдық деңгейінің шектеулі екенін және белгілі бір аймақта ғана көрініс тапқанын негіз еткендіктен, диалектизмдер қатарына жатқызылып жүр.
Жалпы тілдік қолданыстың аймаққа тән өзіндік ерекшелігі, айырмашылығы болуы сол ортада өмір сүріп отырған халықтың идиоэтникалық тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланысты болып келеді. Бір аймақтарда қарапайым тілдік қатынастың өзі дөрекі сөйленістерге бейімделсе, кейбір аймақтарда сыпайы сөйленістерге бейім келеді. Аймақтық тілдік ерекшеліктерге қарай отырып, тілдегі идиоэтникалық семантиканың қаншалықты сақталғанын байқауға болады. Ал идиоэтникалық семантиканың өзі жалпыхалықтық тілдегі материалдық және рухани мәдениет лексикасы негізінде анықталады. Идиоэтникалық семантика ұғымын тілде сақталған этнолингвистикалық деректердің, қалтарыста жатқан тілдік фактілердің «сөйлеуі» деп түсінуге болады. Себебі идиоэтника сөзі «ұлттық ерекшелік» дегенді айқындайды. Демек, идиоэтникалық семантика ұлттық мәдени ерекшелікті, этникалық өзгешелікті, этнос болмысын танытатын семантика дегенді білдіреді. Байқап қарасақ, идиоэтникалық семантиканың өзі материалдық және рухани мәдениет лексикасында ғана айқын көрініс таба алады. Әрине, бір ғана мәдени заттық атаудың бірқатар аймақтарда басқаша айтылуы жиі кездеседі. Осы күнге дейін ондай заттық мәдени диалектілерді тек диалектілердің лексикалық ерекшеліктері деп танытып, тақырыптық топтар қатарында қарастырып келгеніміз белгілі. Ғалым М.С.Атабаева диалектизмдердің ішіндегі мәдени мағына беріп тұрған атауыштық мәндегі сөздерін этнодиалектизмдер деп атауды ұсынған болатын. Этнодиалектизмдер этнос табиғатын тануда тілдік дерек қызметін атқарады, олай болса, этнодиалектизмдер қазақ диалектілері тұрғысынан алғанда қазақ этносы мәдениеті атты үлкен арнаның белгілі аймақтардағы көздері: сөз символдары мен тілдік таңбалары [2, 211]. Оңтүстік Қазақстан өңірінде егіншілік жақсы дамығандықтан, мұнда кәсіптің осы түріне байланысты диалектілер, кәсіби сөздер өте көп. Белгілі жазушы Қ.Әбдіқадыров шығармаларында диалектизмдердің қолданымдық аясы кеңінен көрініс тапқан. Мысалы, шағыр диалектісі Қазақ тілінің аймақтық сөздігінде өсімдіктің қатты сабағы мағынасында берілген. Және оны Қазақстанның солтүстік аймағында, Ресейдің Орынбор, Саратов қаласындағы қазақтардың тілінде жиі қолданылатыны көрсетілген. Жазушы тілінде бұл сөз сөздіктегі мағынасын сақтап қолданылған. Дегенмен, автордың баяндап отырған ортасы мен оқиға болып жатқан жер табиғаты Қазақстанның оңтүстік аймағы, шағыр сөзі оңтүстік өңірге де тән диалекті. Жәмі – үлкен, кең деген мағынаны білдіретін белгілі орынды, ғимаратты сипаттауда қолданылатын сөз. Бәңгі – Ауған, иран қазақтарының тілінде жиі қолданылатын наша, әпиін, көкнәр секілді есірткі заттарды үзбей пайдаланатын адам мағынасын білдіретін диалект сөз. Жерағаш – Шымкент, Арыс тұрғындары жиі қолданылатын жабайы соқа, ескі соқа мағынасын білдіретін диалект. Жап – Қазақстанның оңтүстік өңірі қолданатын, егіннің ішіне су жіберетін кішкене арық мағынасында қолданылатын диалект. Жап сөзінің қолданымдық аясы ауқымды. Бүкіл Оңтүстік қазақстан өңіріндегі егін шаруашылығымен айналысатын халықтың тілінде кең қолданысқа ие болған және кәсіби қызметтін бір элементі айғақтайтын сөз болғандықтан, бұл сөзді кәсіби сөздер қатарына енгізген дұрыс болар еді. Күләбі – Қазақстанның оңтүстік өңірінде және Түрікмен, Ташкент, Ашхабад қазақтарының тілінде жиі ұшырасатын қабығы қатты, еті қалың суық күзге жақын пісетін хош иісті, тәтті қауынды білдіретін диалектизм. Шыртылдақ – Шымкент, Түркістан, Шәуілдір тұрғындары қолданатын үлкен қауынның бір түрін білдіретін сөз. Торлама – Шымкент, Сайрам, Қызылорда, Шиелі, Жамбыл өңіріндегі халықтардың қолданысында жиі кездесетін, сырты тоқыған тор тәрізді тәтті қауынның диалектілік атауы. Бұл айтылған диалектизмдер күләбі, шыртылдақ, торлама қауынның түрлері болып табылады. Ендеше, әдеби тіл қатарына енгізіп, өсімдіктер көкөніс атаулары ретінде номинативті қызметін ескере отырып, жалпы халықтық қолданысын ескере отырып, нормаланған әдеби сөз деп тануға болатын секілді. Қауын түрлері барлық жерде өсе бермей, тек оңтүстік өңіріне жақын таныс болғандықтан, қауын түрлерінің атаулары диалектілік лексемалар болып аймақтық сөздіктің қатарынан шықпай жүр. Шындығында олар – атауыштық мағынаға ие болып, әдеби сипатын алған сөздер.
Көркем әдебиет тілінде кездесетін жергілік тіл ерекшеліктерінің бәрін бірдей әдеби нормаға жатқызуға болмайды. Әрине, көркем әдебиет шығармалары әдеби тіл үлгісі болып есептеледі. Әдеби тіл нормасы, бір жағынан, әдеби шығармаларының тілімен өлшенетіні де белгілі. Бірақ «әдеби тіл» деген ұғым көркем әдебиет тілі деген ұғыммен барабар емес. Көркем әдебиет тілінде кездесетін тіл элементтерінің бәрі бірдей әдеби тіл үлгісі бола бермейді. Мысалы, жазушының белгілі бір стильдік мақсатпен кейіпкер тіліне кітаби, қарапайым сөздер, диалектизмдер мен тосын сөздерді, окказионализмдерді енгізуі ықтимал. Олардың барлығы бірдей әдеби тіл нормасына сай келе бермейді. Осы тұрғыдан алғанда диалектолог-ғалым Ш.Сарыбаев: «Көркем әдебиет тіліндегі тіл элементтерінің бәрін бірдей әдеби тіл нұсқасы деп қарамау керек» — дей отырып, әдеби тілді диалектизм сөздерімен байытудың үш амал арқылы жүзеге асырылатынын көрсетеді: бірінші, әдеби тілде баламасы жоқ сөздерді қолдану арқылы; екінші, диалектілік вариант, дублет сыңарларын семантикалық дифференциация әдісімен саралау арқылы; үшінші әдеби тілдегі синонимдік қатарларды жергілікті сөздермен молайту арқылы. Асылы, әдеби тілде баламасы бар, тар аймақта ғана қолданылатын сөздерді, формаларды авторлық ремаркаларда автордың өз сөздігінде, суреттемелерінде көп қолдана бермей жалпыхалықтық әдеби тілдің нормасын сақтау керек [17].
«Көркем шығармадағы фразеологиялық бірліктердің қолданылу ерекшеліктері» атты тараушада Сыр өңіріне ғана тән, сол жерде пайда болып, уәжділік мотивтері сақталып қалған тұрақты сөз тіркестері туралы сөз болады. Кез келген ұлттың мәдени өмірінің көрінісі фразеологиялық қордан ерекше байқалатыны белгілі. Яғни фразеологизмдердің халық айнасы екені сөзсіз. Ұлт мәдениет оның ғылымында, өмірінде, дінінде тіл арқылы танылады. Ал фразеологиялық материалдар ұлттық мәдени маңызы бар деректерден тұрады. Бұл деректердің түп төркіні таралу, шығу көзі фразеологизмдердің тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты. Фразеологизмдердегі өзінің мағына тұтастығы, қолданылу тиянақтылығы, даяр қалпында қолдану тұрақтылығы сияқты белгілердің арқасында ұлт тілінде ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. Әрбір фразеологизмнен мәдени ақпар беретін дағдылы қалыптасқан дүниетаным, ұлттық ерекшелік байқалады. Сөздік қорындағы бүкіл фразеологиялық құрам сол ұлттық тілдің әлемін бойына жинақтаған қор секілді. Егер менталитеттің лингвистикалық жағы сөз етілсе, онда тіл ұлттық менталитетті жасайды, қалыптастырады. Қазақ тіліндегі культтік фразеологизмдер ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып әсерінен пайда болған. Бұл фразеологизмдер тілді жасаушы халықтың бір кездегі ой санасының, жан дүниесінің көзі болып саналады. Сондықтан халықтың дүниеге көзқарасы көңіл күйі, алғысы мен қарғысы, қуанышы мен реніші, көз жасы мен қорқынышы, тілегі мен батасы барлығы сол халықтың өнерімен тығыз байланысты.
ҚОРЫТЫНДЫ
Көркем әдебиет тілінде жергілікті ерекшеліктерді диалектизмдерді қолдану шеңбері, принциптері, әдістері – әлі де болса шешілмей келе жатқан талас мәселелерінің бірі. Қазақ тілі говорларында әдеби тілдің кәдесіне жарайтын оны байытатын элементтер де, керісінше, әдеби тілді шұбарлайтын, оның дамуына, нормалануына бір қалыпқа түсуіне кедергі жасайтын элементтер де бар. Бұрын говор белгілі бір аймақ шеңберінде ғана қолданылып, кейін жазушының жиі-жиі қолдануы арқасында, олардың сөз уағыздаудағы игі еңбектерінің нәтиждесінде тар шеңберден шығып, әдебеи деңгейіне дейін көтерілген. Жалпыхалықтық қолданыс дәрежесіне жеткен сияқты сөздеріміз аз емес. Жазушылар әр өлкеде белгілі бір аймақта ғана айтылатын әдеби тіл лексикасын байытуға аса қажетті кәсіби сөздерді жалпыхалықтық қолданыс дәрежесіне дейін көтеру мақсатымен барынша мол қолданып, оларды сілтемеде түсіндіріп отырса, құба-құп болар еді. Қазақ говорларында әдеби тіл кәдесіне жарайтын, сөздік қорымыздың баюына қажетті бау-бақша, мақта, зергерлік, аңшылық, құсбегілік, тағы басқа толып жатқан шаруашылық түрлеріне байланысты сөздер аз емес.
Көркем мәтінде қолданыс тапқан диалектілік лексемалардың және диалектілік тіркестерді жинақтап, саралай келгенде, автордың белгілі бір мақсатта қолдану ерекшеліктері анықталады. Көп жағдайда сол өңірдің тұрмыс-тіршілігіне, өмір сүру болмысы мен кәсібіне тән сөйленіс қатарына әбден сіңіп кеткен диалектілік сөздер кеңінен көрініс тапқан. Сонымен, көркем мәтіндегі жергілікті тіл ерешеліктерін зерттеу арқылы әдеби тіл мен диалектизмдердің ара жігін, диалектизмдердің әдеби тілге ауысу қағидаларын, диалектілер қатарында жүрген этнографизмдердің жалпы халықтық сипатын анықтауға болады.
Жазушы кейіпкер тілін даралау арқылы оның түсінік түйсігін аша түсіп, бітім-болмысын айқын көрсетуді мақсат тұтады. Әр кейіпкердің іс әрекетіне орай сөйлеген сөзі де олардың бір бірінен өзгешелеп тұрады. Жазушы өзге стильдік элементтерді дайын күйінде көшіре салмайды, сондықтан бөгде стильдік элементтер негізгі қызметінде жұмсалмай, эстетикалық мәнге ие болғанда көркем тіл кестесіне лайық түрге енеді. Көркем әдебиет стилінің ерекшелігіне бағынып, жазушы идеясына тәуелді болады. Диалектизмдер көбінесе стильдік мақсатта, яғни кейіпкердің табиғи бітім-болмысын айқын көрсету үшін немесе жағымды және жағымсыз бағалауыштық мағынаны әсірелеп көрсету үшін кеңінен қолданылады да, индивидуальді авторлық сөздік қордағы диалектизмдердің мәтінде берілуі, яғни автордың тілдік тұлғасы мен аялық білімі арқылы көрініс тауып тұрған жергілікті тіл ерекшеліктерінің жұмсалымдық қызметі айтыла бермейді.
Демек, көркем мәтіндердегі диалектизмдердің ұтымды қолданылуы, мақсатты жұмсалуы сөздік қорымыздағы кейбір сөздердің мағыналарын толықтырып, мағыналық өрісін кеңейтуге, кірме сөздердің баласын беруге едәуір септігін тигізетіні сөзсіз. Көркем мәтінде қолданылатын диалект сөздердің мән-мағынасын ашып, қолданымдық аясын зерттеп, стильдік қызметін анықтау жұмысы орынсыз қолданылған жергілікті тіл ерекшеліктері мен әдеби тіл қатарына енуге бейім тұрған диалектизмдерді айқындауға мүмкіндік береді. Ақын-жазушылардың тілі арқылы сөздік қорымызды кеңейтеміз. Олардың индивидуальді-авторлық сөз тудыру негізінде қалыптасқан атауыштық сөздер мен ұмытылып бара жатқан көне этнографизмдерді жаңғыртуы арқылы және де кейбір естілмей жүрген заттық мәдени диалектизмдері қайта дүниеге әкелуі арқылы сөздік қордың шеңбері ұлғая түседі.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: «Ана тілі», 1998. 304б.
2. Атабаева М.С. Қазақ тілі диалектілік лексикасының этнолингвистикалық негізі. Алматы. 2006ж . 284б.
3. Сейілхан А. Қазақ тіліндегі этнографизмдердің лингвомәдениеттанымдық мәні. Авт., дисс. фил. ғыл. канд., Алматы, 2002
4. Әзімжанова Г. Көркем проза прагматикасы Алматы, 2005. 300 б.
5. Авакова Р.А. Фразеологизмдер – ұлттық мәдениеттің айнасы //Мир языка. А., 1999.
6. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. –Алматы: Қазақ университеті, 1999. –309 б.
7. Нақысбеков О. Қазақ тілінің ауыспалы говоры. Алматы, 1972. 174б.
8. Жүнісов Н. Халық тілінің жергілікті ерекшеліктері Алматы, 1981, 135б.
9. Қалиев Ғ. Қазақ тіліндегі сөзжасам мәселелері. Алматы, 2002 – 190б.
10. Қалыбаева Қ қазақ тіліндегі диалектілік тұрақты сөз тіркестері. Алматы, 1997 – 72 б
11. Мұстафаұлы С. Қытай-қазақтары тілінің тұрақты тіркесіндегі жергілікті ерекшеліктер. Дис филол ғыл канд. Алматы. 2002 – 117б
12. Авакова Р.А. Фразеологиялық семантика Алматы, 2002 – 152б
13. Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы, — Алматы, 1991. -199б
14. Сыздық Р. Сөз құдіреті. –Алматы: Атамұра, 2005. –272б.
15. Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері Алматы, «Арыс», 2000. 624б.
16. Концептуальная картина мира и интерпретативное поле текста с позиций лингвистики, журналистики и коммуникативистики : (cб. материалов всерос. науч.-практ. конф., 20-23 июня 1999 г.) / отв. ред. А.А. Стриженко. – Барнаул : Изд-во Алт. гос. техн. ун-та, 2000. – 243 с.
17. Сарыбаев Ш. Көркем әдебиет тіліндегі жергілікті ерекшеліктер // Жазушы және сөз мәдениеті. Алматы, 1983, — 149б.
Диссертацияның негізгі мазмұны мен тұжырымдамалары
төмендегі басылымдарда жарияланған:
1. Диалектологияның тіл ерекшеліктері // Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті хабаршысы. Алматы, 2005.
2. Қазақ тіліндегі диалектология мәселелері// Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті хабаршысы. Алматы, 2005.
3. Қазіргі тіл біліміндегі диалектологиялық зерттеулердің жаңа тәсілдері //ҚР ҰҒА Хабарлары. 2006.
4. Қ.Әбдіқадыров шығармаларындағы диалектизмдердің қолданылу ерекшеліктері //«Жаhандану жағдайында Қазақстан экономикасын жаңарту мәселелері» атты халықаралық конференция материалдары Алматы, 2006. 23-24 қазан
5. Қазіргі қазақ диалектілік лексикологиясының зерттелуі //«Қазақстан және Ресей: ынтымақтастық жолы, мәдени байланыс, ғылым мен білім беру интеграциясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Көкшетау, 2006.
6. Диалектілердің ақиқат дүниені таныту және таңбалау ерекшеліктері //Тілтаным. 2006. №4
7. Қазіргі қазақ диалектілік лексикологиясының зерттелуі // «Қазіргі әлем: дамуды белгілейтін стратегиялар» атты халықаралық конференция материалдары Алматы, 2007. 26-27 ақпан
8. Қ.Әбдіқадыров шығармалары тілінің көркемдік ерекшеліктері // «Технология, мәдениет және тіл кеңістігіндегі адамның ролі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары Алматы, 2007. 26-27 сәуір.
9. Ж.Арыстанов шығармаларындағы фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің қолданылуы //«Қазақстанның рухани дамуы және жаңа саясат» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары Алматы, 2007. 21қараша
РЕЗЮМЕ
автореферата диссертации на соискание ученой степени кандидата филологических наук по специальности 10.02.02 – Казахский язык
Есенбай Анар Заманбековна
Местные особенности в языке произведений писателей Сырдарьинского региона
Актуальность исследования. Язык являясь источником культуры способствует формированию этнокультурной информации в самом языке, которая выражается в форме духовной и материальной культуры. Для истинного познания любого национального языка недостаточно знать только его внутренние языковые закономерности, так как знания о языке непосредственно связаны с историей, с культурой этноса, со складом мышления и познания, которые формируется на протяжении веков. Художественный текст – единая целостность, которая знакомит читателя с национальной самобытностью, национальной психологией, национальным опытом познания мира, национальными обычаями и традициями на материале художественных произведений позволяет выявить верования. Художественный текст – это языковая картина, зеркало национальной культуры. Поэтому через призму каждого художественного произведение можно познать основы и материальной и духовной культуры данного этноса, нации. Через художественное произведение по способам описания объективной действительности автором можно определить самобытность культуры, особенности познания и жизнедеятельности этноса, о которой повествует писатель. Следовательно, любое художественное произведение представляет собой ценное наследие, передаваемое из поколения в поколение, а каждая языковая единица, используемая писателем является источником истиной информации о культуре и жизни этноса того времени. Исследование языка художественной литературы позволяют выявить стилистические, семантические, прагматические функции многочисленных языковых единиц словарного фонда языка, а также их предметно-культурные значения, качественные признаки, способствующие познанию нации, историю их этимологического формирования. Актуальность данного исследования обусловлена тем, что изучение причин и способов использования диалектных лексем, котором присуще конкретное номинативное значение, свидетельствуют об их способности вхождения в современный литературный язык, а также определить ряд исконных и заимствованных диалектизмов.
В работе был проведен этнолингвистический анализ языковых единиц на материале произведений писателей Южного региона. До настоящего времени были изучены особенности говора жителей Южного региона, в частности, их лексические, грамматические, фонетические особенности. Однако, такие особенности, как мотивированное – немотивированное использование языковых единиц в художественном произведении, этнолингвистические особенности наименований материальной культуры и их национально-культурная выраженность в единой взаимосвязи «языка» и «культуры» не были предметом отдельного исследования.
Объект исследования. Этнолингвистическая природа и познавательная сущность местных языковых особенностей в произведениях писателей из Южного региона Казахстана.
Цель и задачи исследования. Цель исследования заключается в выявлении местных языковых особенностей в произведениях писателей Южного региона, а также определить их функционирование и роль современной казахской литературе. Данная цель обусловила решение следующих задач:
— определить мотивированное – немотивированное использование местных языковых особенностей писателями;
— выявить языковые особенности эмоционально-экспрессивного воздействия диалектизмов;
— выявить дублетные языковые единицы, созданные авторами, способствующие явлению многовариантности наименований;
— описать этно — культурные особенности наименований материальной культуры Южного региона, а также определить этнолингвистическую природу диалектизмов используемых в произведениях писателей данного региона.
Методы исследования. В диссертации использованы описательный, сравнительно-исторический, семантико-стилистический, этнолингвистический методы, а также такие виды анализа, как индукция, дедукция и др.
Научная новизна исследования. Научная новизна диссертационного исследования состоит в том, что впервые местные языковые особенности, свойственные Южному региону рассмотрены в этнолингвистическом аспекте во взаимосвязи «языка» и «культуры». В работе были достигнуты следующие результаты:
— выявлены мотивирующие признаки, определяющие этнолингвистическую природу местных языковых особенностей;
— определены стилевые цели использования диалектизмов писателями К. Абдыкабыровым, Ж. Арыстанбаевым, Т. Алимкуловым и др.;
— изучены мотивированное – немотивированное использование писателями местных языковых особенностей;
— исследованы и выявлены диалектизмы и профессиональные слова, значительно пополняющие лексику казахского литературного языка;
— определены авторские дублетные языковые единицы, создающие многовариантность названий;
Основные положения, диссертации, выносимые на защиту:
Использование писателями местных языковых особенностей обусловлено целью придания образности языку персонажа произведения;
— преимущественно только те языковые единицы, применяемые писателем с определенной целевой установкой могут иметь место в лексике казахского литературного языка;
— языковые единицы использованные автором без определенной цели не способствуют развитию казахского литературного языка, порождая ненужные языковые дублеты и многовариантность;
— местные особенности казахского языка являются одним из источников этнозначимой информации о сущности нации и ее культуре;
— местные языковые особенности, выражающие материальную и духовную культуру нации, а также ее миропонимание, обычаи и традиции являются основой для создания языкового образа, свойственного данному региону и характеризуются преимущественно коннотативной семантикой.
Теоретическая и практическая значимость исследования
Результаты диссертационного исследования способствуют более детальному изучению этнолингвистики, лингвокультурологии в антропоцентрическом направлении. Полученные данные значительно дополняют такие сферы науки о языке, как языковая норма, кодификация языковых единиц, диалектология, лексикология, стилистика, литературный язык, история языка и др.
Практическая значимость диссертации заключается в том, что материал исследования могут быть использованы в преподавании «Диалектологии казахского языка», «Стилистики современного казахского языка», «Лексикологии казахского языка», «Лингвистического анализа художественного текста», «Культуры языка», «Истории литературного языка», а также при проведении спецкурсов и спецсеминаров на филологических факультетах ВУЗов Республики
SUMMARY
The dissertation abstract summary on scientific degree competition of philological sciences candidate on specialty-10.02.02. Kazakh language.
Esenbay Anar Zamanbekovna.
The peculiarities of language South region writers in literature.
The actuality of research.
Language in the main type of culture. With the help of culture ethnocultural events are forming. They develop in the forms of spiritual and material cultures. If you want to know the secrets of any national languages it isn’t enough to know the right of the language, you should know the history of the speaker form the early century of ethno period, with the nowadays life culture and his developing brains. Literature describes national traditions, national psychology, national outlook, and the life experience, national culture are the whole world. Literature is a national culture of a language. That’s why in each literature we can find the nation of spiritual and material culture as the main event. From literature we can understand the world of the past century with the people’s life. Every composition is for young generation. That’s why in the writer’s language each event describes the past of the culture, the life as a great history for people. If we analyse composition we find out a lot of words with the specific style, reason, function, the content of the cultural event, national quality and historical etymology. To study dialects of Kazakh literature, in nominative cases, to identify using of lexemes, to define languages that were used from other languages with their specific dialects is the actuality of my research.
The subject of my dissertation is devoted to study language peculiarities of different writers from South region from ethnolinguistic side. Nowadays there were investigation in the South region of Kazakhstan the lexical, grammatical, phonetic peculiarities of the language, but there was no study of national-cultural peculiarities of ethnolinguistic character, as a language and culture in one sphere. The actuality of the theme I can characterize on these parts.
The subject of dissertation research is to study language peculiarities of Kazakh writers in South region of Kazakhstan in the descriptive manner and ethnolinguistic.
Resarch task and objectives.
Language peculiarities of specific places with description of Kazakh literature. The given purpose has caused in solution of the following tasks:
to define the character of using language differences by writers.
to show dialects emotional-expressive way;
the causes of writers style in using dialects;
to study positive way of writers language and demonstrating dublets;
to show national-cultural peculiarities of the south region in Kazakhstan, analyzing dialects in literature.
Method of research:
Induction, deduction, semantic-stylistic, ethnoliguistic, problem, system and other methods are used in the dissertation.
The scientific novelty of the dissertation is to analyse the language differences of ethnocultural and ethnolinguistic aspects in the South region and come to the next conclusion – the influence of ethnolinguistic characterization with native language differences.
the identify the purposes of dialect style of writers as K. Abdikadirov, Dz. Aristanov, T. Alimkulov;
to define the character of using language differces by writers;
to fulfill the lexics of Kazakh language in literature to study different dialects and professional vocabulary with right equivalences;
to define comparativeness in the writers’ language and useless of dublet vocabulary;
to study lexics of Kazakh literature using dialect and professional words in different cases.
The basic thesis of dissertation which are taken out on report:
Peculiarities of characters to give the style purposes by writers in different places.
The writer enlarges the vocabulary of Kazakh literature to identify the style of language units.
The writers don’t specify vocabulary in literature to give wrong effect, but with special dublet.
National and cultural tradition of Kazakh language in different places with their own peculiarities are the main desription of ethnocontext.
The pecularities of native language gives material and spiritual culture to our people with specific units to describe particular place to characterize connotation of language unit.
The theoretical importance of research:
Nowadays, the Kazakh language is developing in anthropocentric way to increase people’s knowledge with the help of language and to show into young generation. In this case it is necessary to investigate peculiarities of language in different literatures in ethnolingual style and study cultural necessity of them. That is why during the research in Kazakh language the theoretical types of ethnolinguistic linguocultural are developed in antronochentric way. That’s why the characterization of using language peculiarities, different language limits, to identify the language codification, dialectology, lexicology, stylistic, literature, history of language and other types help to develop a new way.
The practical importance of the dissertation is in that the material of research can be used at training of Kazakh dialectology, Kazakh stylistics, Kazakh lexicology, Linguistic analyses of literature, Culture of the language , History of literature courses, at realization of special courses and seminars, on making vocabulary in philological faculty of republic high schools.