Сабақтық тақырыбы: Рәміздерім мақтанышым
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері және олардың бейнелік мағыналары туралы мағлұматтарын толықтыру, авторларымен таныстыру. Ұлттық рәміздердің әрбір бөлшектеріне, халқымыздың өткені мен бүгінгі күндеріне қысқаша шолу.
Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты
Көрнекілігі: Рәміздерге байланысты түрлі-түсті суреттер,
буклеттер, Қазақстан Республикасының рәміздерін слайд арқылы көрсету.
Сабақ барысы:
Әнұран орындалады
Кіріспе бөлім:
«Қазақстан-2050» Стратегиясы: Бір халық – бір ел – бір тағдыр».
Неге біз бұлай айта аламыз?
Өйткені, «Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер.
«Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.
«Бір тағдыр» – бұл бізге бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер!
Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!
Осының барлығын қоса алғанда, Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет дегенді білдіреді.
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Отан дегеніміз не?
-Туып өскен жеріміз, егеменді еліміз.
– Табиғатымыз, қазба байлықтарымыз, өзен-көліміз, ұлан байтақ жеріміз, Мемлекеттік тіліміз және басшымыз.
«Отан» жайлы тақпақтар
Отан менің ата-анам
Отан досым бауырым
Отан өлкем Астанам
Отан аудан ауылым
Отаным алтын бесігім
Тербеттің мені төсіңде
Жүреді сенің есімің
Ер жеткен кезде есімде
Отан, Отан бәрінен биік екен
Мен сені мәңгілікке, сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен…
Жарайсыңдар балалар! Отан жайлы көп біледі екенсіңдер.
Отан –жерім,Отан-суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан-ұран, Отан-туым
Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
«Мемлекттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.
« Шаңырақ »Шаттық қонған мен шалқақ шақырып,Шаңырақтан нұр төгер жадырап күн.
Бақытқа қолын созған бар қазақтыңСан ғасыр отын үрлеп, шамын жақтым.
Елтаңба еміреніп түрін берді,Түрге өткізбес бұл қазақ ерінгенді.
Ой толғамақ мұратпенШаңырақ келді! Шаттық өмір келді!
«Уық»Мен-уықпын. Шаңыраққа шашыламын,Бойымда байсалдылық, бар шыдамым.
Ей, ұрпақ, сен де өмірдің уығы бол,Өшпестен қолыңда шам-шырағың.
Шаңырақ-күн, ал уық-нұр-шуағым,Ақ отауды жылытуға құлшынады.
Қаныменен боялған қызыл уық,Ашылмаған әлемге шын сыры әлі.
«Кереге»Мен-керегемін, керегемін,Ілінген ақ сауыты, берені ердің.
Ірге ұрып қараса керегеден,Кеңістігі көрінер кемел елдің.
Мен-керегемін, ақ үйдің іргесімін,Шаңырақпен аталар бірге есімім.
Керегеден үйіліп өрген ойға,Ұлы ақындар, тербеңдер жыр бесігін. «Пырақ»
Мен-тұлпармын, дүлділмін, пырақ атпын, Жаяу жүріп аттыны сынамақ кім?
Арасында адалдық орнатамын, Жұптасқан ел-жұртпенен жұрағатың
Қажып болып, айыптан жаратылған, Аспанға алып ұшар қанатым бар.
Ал мүйізі айбыны Алашымның, Даңқы биік, даусы зор дара туған.
«Қазақстан»
Мен – Қазақстанмын!Болашаққа сәлемін жолдайтұғын,
Қырандай қос қанатын қомдайтұғын.Бәйгелерде оздырып қос тұлпарын,
Тұғырын саф алтыннан сомдайтұғын.Мен – Қазақстанмын! Бабалар намысымын,
Байтақ елмін игілік, табысы мың!2030- мәресі әйгілейтінАзияның айбарлы барысымын!
Елтаңба- өжеттік, өрліктің белгісі.Елтаңба – тәуекел, ерліктің белгісі.
Елтаңба- кемелдік кеңдіктің белгісі,Елтаңба — өзге елмен теңдіктің белгісі
Елтаңба- егемен елдіктің белгісі.
Саяна:Көк аспанда – қызыл күн Көк аспанда – жас қыран.
Естілгендей біздің үн, Сол ғарыштың астында.
Туымызға жас тұнған Бір қарамай өтпейміз.
Сол көк Тудың астында, Көгереміз көктейміз .Мұнда тудың авторымен және ту туралы мағлұматтар аламыз.
Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков
ҚР Мемлекеттік елтаңбасының авторы, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі. 1938 жылы 12 қарашада Тараз қаласында дүниеге келді. В.И.Мухин атындағы Ленинград жоғарғы көркемөнер өнеркәсіп училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі. Чехославакияда өткен халықаралық байқаудың алтын медалін (1961) және Санкт – Петерборда өткен плакаттар байқауының бірінші жүлдесін (1982) жеңіп алған.
ҚР Мемлекетік Туы – тік төртбұрышты көгілдір мата. Тудың ортасында шұғылалы күн бейнеленген. Оның астында қалықтап ұшқан қыран құс бейнесі алтын түсті бояумен берілген. Матаның сол жағында ұлттық өрнек салынған тік жолақ бар Онда «қошқар мүйіз» деп аталатын қазақы өрнек ойылған. Күн, күн шапағы, қыран, ою – алтын түстес.
Тудың ені-1метр, ұзындығы – 2 метр. Зеңгір көк түс (түркілік наным – сенім тұрғысынан алғанда – тәңірлік түс)-дегенді білдіреді. Жібек матаның ортасындағы 32 күн шапағы астындағы қыран бейнесінде өкімет билігін паш етіп, көрегендік пен кеңдікті білдіреді
Көк аспандай көкпеңбек,Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен –тек,Елдің ашық қабағы
Көгілдір түс — аспанды бейнелейді. Аспан бейбітшілік пен молшылықтың белігісі. Көгілдір аспан аясында мәңгілік алтын шуақ шашқан ұлы Күн бейнесі – бақыт пен байлық рәмізі. Күн бізге жылулық беріп қараңғылықты сейілтеді, барлық тірі жанға өмір береді.
Қыран – құс патшасы. Қыран бейнесі өкімет билігін паш етіп, көрегендік пен кеңдікті білдіреді. Далалықтар үшін ол, еркіндік белгісі, биік армандарға қол созу, жер бетіндегі тіршілік көші ұмтылған алыс армандарға қиялап қанат қағуы.
Өрнек – халқымыздың қолданбалы өнерінен жеткен ең ұлы табыстардың бірі. Ою-өрнек халықтың сана сезімі мен мәдениетінің даму жолының куәсі, қоршаған ортаны көркем тануының құралы.
Тудың қабылданған күні 1992 жылы 4-маусым. Ресми тұсауы кесілген күн – 1992 жылы 6-маусым. Ту ресми шараларда немесе шетелдік қонақтарды қарсы алғанда немесе шығарып салғанда ілінеді. Қазіргі кезде барлық жерде мемлекеттік белгі ұлттық ту болып табылады. Туға әскери құрмет көрсетіліп және тағзым етіледі. Туды құрметтемеу елді, жерді құрметтемеу болып табылады. Жоғарғы дәрежедегі қонақты қарсы алғанда оның елінің туы да тігіледі.
Бүгінгі күні мемлекеттік туымыз Біріккен Ұлттар Ұйымы ғимараттарының алдында әртүрлі елдердегі елшіліктеріміздің маңдайшаларында желбіреп тұр. Оны ғарышкер, ұшқышымыз Талғат Мұсабаев ғарыш кемесімен заңғар көкке көтерсе, ал альпинистеріміз 1995 жылы Эверест шыңына қадады және дене шынықтыру саласында көптеген спортшылар еліміздің туын көкке көтере желбіретіп, қуантып жатқаны да белгілі.
Бәрі болған қазақ деген көне елде,Ел белгі де, ерлік, өнерде.
Жаһандағы ең жауынгер халық та,Кім сенеді
Ту болмады дегенге – деп ақын Абзал Бекенов ағамыз айтқандай, 1992 жылы 4-маусымда Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Туды сүйіп тұрып «Мазмұнына өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі сөнбесін» деген.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,Туған тілім, шұбарланда, жарқыра.
Тарихымызда таланттар көбейсін,Бас иемін, ата-баба рухына.
Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап,Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап.
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана Ырыс, бақыт, Татулық пен ынтымақ.
Ту тігілді халқымның бүгін бағына, Жас өрендер, желбіретіп нық ұста!
Ғасырларға жалғастырып елдікті,Дақ түсірме ата-баба рухына.
Үлгі бізге аталардың ерлігі,Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.
Қорытынды:Балалар, Қазақстан Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты. Олай болса, еліміздің болашағы сендерсіңдер! Отанды сүюге, қорғауға әрқашанда дайын болыңдар.Бүгінгі
« Рәміздерім мақтанышым» атты тәрбие сағатын Смат Азияның «Бұлқынды жүрек» әнімен аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!