Педагогикалық жағдаят №1
Сіз педагог мамандығын таңдадыңыз. Төмендегі жоспар бойынша Педагогикалық өсиет жобасын құрастырыңыз:
1) «Егер мен педагог болсам, мен ешуақытта … жасамаймын».
2) «Егер мен педагог болсам, мен барлық уақытта … боламын».
3) «Педагог болу – бұл яғни …»
Педагогикалық жағдаят №2
Үлкендерге, ата-анаға, мұғалімге деген құрмет ұлттық мәдениеттің адамгершілік компоненті ретінде қарастырылған.
— Сіз осындай пікірмен келісесіз бе? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз.
Педагогикалық жағдаят №3
Әр жолы мұғалім сыныпқа кіргенде, «… оның алдынан ұлы ұстаз болудың мүмкіндіктері ашылады». Бұл пікірмен келісу немесе келіспеу жайында өз пікіріңізді дәлелдеңіз.
Педагогикалық жағдаят №4
Тыңдау біліктілігі – мұғалімнің негізгі сапасы. Оқушылардың мұғалімге білімді бағалау кезіндегі кең таралған шағымы: «Ол мені тыңдамады, барлық уақытта алаңдады».
Сіздің пікіріңізше, «жақсы тыңдау» деген не? Жақсы тыңдаушы қандай болуы мүмкін?
Педагогикалық жағдаят №5
Сізге «Педагогтың шеберлігі» тақырыбы бойынша бір мұғаліммен сұхбат жүргізу керек. Интервью үшін сұрақтар құрастырыңыз.
Педагогикалық жағдаят №6
Бастауыш сынып мұғалімі оқушының анасына оның сабақта қандай жаңа оқу материалын меңгергенін айтып, оны үйде бекіту жолдарын ұсынды. Анасы баласымен үйде отыратын уақыты жоқтығын айтты. Әңгіменің соңы кикілжіңге ұласып, ата-ана мұғалімге «Сіз ай сайын мемлекеттен ақша алып отырсыз, сондықтан сіздің міндетіңіз баланы оқыту. Мен отбасымды асырауым керек» — деп жауап берді.
Сіз осы жағдайда қалай әрекет етесіз және неліктен? (не істейсіз, не айтасыз және т.б.)
Педагогикалық жағдаят №7
Ұзартылған күн тобынан баласын алуға келген ата-анасы баласының киімінің ластанғаның көріп, педагогты балаларды дұрыс қадағаламайтындығын айтып кінәлайды. Өз әрекетіңізді жоспарлаңыз.
Педагогикалық жағдаят №8
Екінші сынып оқушысының анасы мұғалімге «Уақыт өткен сайын ұлым қырсық болып келе жатыр. Ұлымның әкесі мен атасы да қырсық болған. Мүмкін, бұл тұқымқуалаушылық шығар?»- деген сауал тастады.
Осы жағдайдағы Сіздің іс-әрекетіңіз (қалай жауап бересіз)?
Педагогикалық жағдаят №9
Ата-аналар мұғалімге: «Неліктен барлық балалар сурет салу дағдыларын бірдей меңгермейді? Барлығы да мектепке барады, барлығымен де бір деңгейде үйрету жұмыстары жасалады. Біз ешқандай көмек бере алмаймыз. Не істеу қажет?» — деп сұрақ қояды. Сіздің жауабыңыз.
Педагогикалық жағдаят № 10
Қоңырау кезінде дәлізбен келе жатып Сіз 4-ші сыныптың екі баласының төбелесіп жатқанын көрдіңіз. Бұл жағдайды Сіздің байқап койғаныңыз да оларды тоқтатпады. Сіз тоқтатуды талап етсеңіз де олар төбелесті жалғастыра берді.
— Өз іс-әрекетіңізді жоспарлаңыз.
Педагогикалық жағдаят №11
Қоңырау уақытында үшінші сыныптың екі баласы біріне-бірі мініп ойнап жүр.
— Мұндай жағдайда Сіз не істейсіз?
Педагогикалық жағдаят № 12
Өзіңізді Білім және ғылым министрі деп елестетіңіз. Білім сапасын жақсарту үшін қандай іс-әрекеттер жасар едіңіз?
Педагогикалық жағдаят №13
Сіздің Педагогикалық мамандықты таңдауыңызға не әсер етті?
Педагогикалық жағдаят № 14
Мұғалімдер күніне Сізге педагог антын дайындау тапсырылды. Сіздің ойыңызша ол қандай болуы керек?
Педагогикалық жағдаят № 15
Сіздің мамандық таңдауыңызға кімнің ықпалы зор болғаны жайлы айтып беріңіз.
Педагогикалық жағдаят №16
Өзіңіздің сүйікті мұғаліміңіз жайлы айтып беріңіз. Оның бойында қандай қасиеттер бар?
Педагогикалық жағдаят № 17
Сіздің ойыңызша болашақтың педагогы қандай болуы қажет? Сіздіңше, қазіргі мұғалімдердің қайсысы осындай сапаларды меңгерген?
Педагогикалық жағдаят № 18
Сізге «Қоғамның қазіргі даму сатысында білім беру жүйесінде, мектепте, мұғалімде қандай қиындықтар (мәселелер) бар?» деген тақырып бойынша мектеп мұғалімдерінен сұхбат алуды ұсынды. Мұғалімдер үшін қандай сұрақтар дайындайсыз?
Педагогикалық жағдаят № 19
Сізге «Мұғалімдік мамандықтың болашағы» деген тақырып бойынша мектеп мұғалімдерінен сұхбат алуды ұсынды. Мұғалімдер үшін қандай сұрақтар дайындайсыз?
Педагогикалық жағдаят № 20
Мұғалім тұлғасы, еңбек сапасы мен өнімділігі көп жағдайда оның өз білімін жетілдіру әрекетіне байланысты екендігін дәлелдеңіз.
Педагогикалық жағдаят № 21
Сізге Педагогикалық мамандық жарнамасының тұсаукесерін, сценарийін даярлау тапсырылды.
— Сіздің материалдарыңыздың мазмұны қандай болады?
— Педагогтың сөздік портретін жасаңыз.
Педагогикалық жағдаят № 22
Сынып жетекшісі, әрі пән мұғалімі ретінде мектеп мұғалімінің жұмысында қандай мәселелер (қиындықтар) болады? Мектеп директоры болсаңыз — оларды болдырмау үшін не істер едіңіз?
Педагогикалық жағдаят № 23
Болашақтың мектебін қалай көргіңіз келеді?
Педагогикалық жағдаят № 24
Сізге мұғалімнің ар-намыс кодексін жасау ұсынылды. Сіз оған кандай бөлім қосар едіңіз?
Педагогикалық жағдаят №25
Сіздің сыныбыңызда арнайы бағдарламамен оқитын мүмкіндігі шектеулі оқушы оқиды. Ал сыныптастары онымен сөйлеспек түгілі оған мән де бермейді.
— Осы жағдаятқа қалай әсер етуге болады?
— Бұл жағдайда қандай әрекет етер едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді негіздеп беріңіз.
Педагогикалық жағдаят №26
Сіз мұғалімсіз. Үзіліс кезінде сыныптағы бір оқушы келіп сізге сыныптастары туралы мәлімет айтады: Айгүл басқа сабақтарда көп әңгіме айтады, Сәуле өсекші, сынып оқушылары бір біріне ат қойып, айдар тағады т.б.
— Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?).Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №27
Сіздің сыныбыңыздағы оқушылардың тұрмыстық жағдайлары әр түрлі, сынып ішіндегі жағдайы жақсы балалар жағдайы төмен оқушыларды төмендедететінін байқадыңыз.
— Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №28
Сыныптағы бір оқушы сыныптасын ұнатпайды, онымен бірге жұмыс жасағысы келмейтінін ашық айтады.
Мұғалімнің іс-әрекеті:
1. «Онда тұрған не бар?».
2. «Бірге жасауға тура келеді, амал жоқ».
3. «Бұл сенің тарапыңнан ақымақтық».
4. «Осы жағдайдан кейін ол да сенімен жұмыс жасағысы келмейді».
5. «Сенікі дұрыс емес деп ойлаймын».
6. Сіздің өз жауабыңыз
Өз жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №29
Анасы баласына жаңа аяқ киім (кеды) сатып алып береді. Бірақ біраз күннен кейін бала үйге аяқ киімсіз келді. «Жаңасын алу керек дейді ол анасына «
— Менің аяқ киіміммен балалар үзілісте футбол ойнап, қайда тастағанын білмеймін, барлығымыз іздедік бірақ таппадық, — дейді.
Анасы баласын осы үшін жазалайды.
— Бұл жағдаятқа қалай әсер етуге болады? Сіз мұндай жағдайда қандай іс-әрекет жасар едіңіз? Өз іс-әрекетіңізді түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №30
10 жастағы бала мектепке әрдайым дене жарақатымен келеді. Педагог сұрағына, анасы: бұл жастағы балалар әрдайым әр нәрсеге ұрынып жүреді сол себептен деп жауап береді. Педагог сұрақты қайта қойғанда анасы «Бұл менің жеке өмірім, оған ешкімнің араласуға құқығы жоқ» — деп жауап берді.
— Сіз осындай жағдайда не істер едіңіз? (қандай әрекет жасап, не айтар едіңіз?). Неліктен?
Педагогикалық жағдаят №31
Екі ата-ана балалары жайында әңгімелесіп отыр. Біреуі мақтана қызына компьютер сыйлағанын айтты. Ал екіншісі оның дұрыс емес екенін айтты: «Бекер алып бердіңдер, енді компьютер алдында сағаттап отыратын болады, көруі нашарлайды, өмірге бейімделмеген, жан жақты болмайды», — деп кесіп айтты.
Сұраққа жауап таңдаңыз:
1. Қазір компьютерсіз жүру мүмкін емес.
2. Компьютер ол ақпарат көзі.
3. Компьютер баланың денсаулығына зиян.
4. Компьютер бала психологиясына әсер етуі мүмкін.
5. Компьютер дұрыс пайдаланса өте пайдалы құрал.
6. Сіздің шешіміңіз
Компютердің пайдасы мен зияны туралы өз жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №32
Көшеде сізге тоғыз жасар кішкентай қыз келіп, жылап анасы оған 500 теңге беріп нанға жұмсағанын, ал дүкенге барар жолда ақшасын жоғалтып алғанын айтады. Қыз сізден оған ақша беруін өтінеді, себебі, анасы оған қатты ұрсатынын айтады.
Сіздің бұл жағдайдағы әрекетіңіз:
1. Бас тартамын, бұл жағдай оған сабақ болып, келесі жолы ақшаға немқұрайлы қарамайтын болады.
2. Баланы аяп, оған ақша беремін.
3. Балаға оның анасына бірге баруды ұсынамын және бұл жағдайды ақылмен шешуге тырысамын.
4. Полицияға телефон шалып, мұндай жағдайда өзімді қалай ұстау керектігі жөнінде ақыл сұраймын.
5. Өз жауабыңыз.
Жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №33
Сіз 1-сынып жетекшісісіз. Сынып оқушылары төбелесіп қалды.
Осы жағдайда сіздің әрекетіңіз:
1.Ата – аналар жиналысын жасап осы мәселені талқылаймын
2. Сынып жиналысын ашып, бейбіт жолмен шешемін
3. Психологты, инспекторды, сынып жетекшісін шақыртамын.
4. Сіздің ойыңыз
Өз жауабыңызды негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №34
Мұғалім оқушыларға ұсталған кітап таратуда. Бір оқушы мұғалімге жыртық кітап бердіңіз деп ренжіп, оны қайтарып берді.
— Сіз бұған қалай жауап бересіз? Осындай жағдайда не істер едіңіз және неге?
Педагогикалық жағдаят №35
Сіз бастауыш сынып мұғалімісіз және сіздің сыныбыңызда қиын оқушы бар. Ол басқа оқушылардың заттарын жиі сұраусыз алады. Бір күні осы оқушы өзгенің ұялы телефонын сұраусыз алып, үйіне алып кетеді.
Сіздің осы жағдайдағы іс-әрекетіңіз:
1. Қиын оқушының ата-анасына хабарласасыз.
2. Оқушыны мектеп психологына апарасыз.
3. Барлық сыныптың көзінше оқушыны ұрлық жасады деп жала жабасыз.
4. Өзініздің жеке пікіріңіз…
Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №36
Сабақ басталып кеткен, бірақ сыныптағы оқушылар шуылдап отыр. Сыныптың назарын сабаққа аударып, қалай тыныштандыруға болады. Сіздің әрекетіңіз:
1. Үстелді тықылдату
2. Сыныптың алдында бірнеше минут үнсіз тұру
3. Сынып кезекшісін шақырып, тақтаны тазалауын өтіну
4. «Сабақ басталды!» деп дауысын қатқылдау шығару
5. Өзіңіздің нұсқаңыз
6. Берген жауабыңызды негіздеңіз (неге сүйендіңіз)
Педагогикалық жағдаят №37
Сіз өзіңіздің өзіндік тәрбиеңізбен айналысқыңыз келді. Өзіңіздің ұсыныс жоспарыңызды құрыңыз.
Педагогикалық жағдаят №38
Мектептегі кәсіби еңбегіңіздің бірінші жылында Сіз «қиын» оқушыға кезіктіңіз.Сыныбыңыздағы бір бала белгісіз себептермен қыздарды ренжітеді, жылатып қояды. Ата-аналар наразылық білдіруде. Ескертулер мен жазалар әсер етпейді. Оларды қолданған сайын жағдай одан әрі ушығуда.
— Осы жағдайға қалай әсер етуге болады? Осы жағдайда сіз не істер едіңіз? Іс-әрекеттеріңізді түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят №39
Бірінші сынып оқушысының ата-анасы мұғалімнен көмек сұрады: Оқушы қыз күнде таңертең жылап мектепке барғысы келмейді, себебі мектеп те, сыныптастары да оған ұнамайды.
— Не істеу керек?
— Сынып жетекшісі мен оқушы арасындағы әңгімелесудің жоспарын құрыңыз.
Педагогикалық жағдаят №40
Сізді кіші мектеп жасыңыздағы оқушыларға тәлімгер етіп белгіледі, өзіңіздің қамқорлыққа алған сыныбыңызбен алғашқы кездесуді жоспарлаңыз.
Педагогикалық жағдаят №41
Сіз кіші мектеп жасындағы балалармен бірге циркке немесе кинотеатрдың балалар сеансына бара жатырсыз. Осы жағдайда Сіз қандай қиындықтарға кездесуіңіз мүмкін? Болашақ педагог тұрғысынан өзінің әсеріңізді сипаттаңыз.
— Идеал мұғалім моделін жасап көріңіз: ол нені білуі керек, ол нені жасай алуы керек, тұлғаның қандай сапасын дамытуы керек?
Педагогикалық жағдаят №42
Мектепті бітіргеннен кейін Педагогикалық мамандыққа түсуді жоспарладыңыз, бірақ қай колледжге түсетініңізді әлі анықтаған жоқсыз. Сіз педагогикалық мамандықтар даярлайтын колледждерді қандай критерийлер бойынша таңдайсыз, өз таңдауыңызды түсіндіріңіз.
Педагогикалық жағдаят № 43
Сізді «Наурыз» мерекесіне орай сынып сағатын ұйымдастыруға жауапты етіп тағайындады. Осы іс-шараның жоспарын ұсыныңыз.
Педагогикалық жағдаят №44
Сізге мектеппен қоштасу сәті келді, оларға деген алғысыңыз шексіз. Көзіңізді жұмып, ойланып көріңіз, қандай сөзбен Сіз өз алғысыңызды білдірер едіңіз.
Педагогикалық жағдаят №45
Сізді мектепшілік жаздық лагерьдің тәрбиешісінің көмекшісі етіп тағайындады. Сіз өз жұмысыңызды неден бастайсыз?
Педагогикалық жағдаят №46
«Мұғалімдер күні» мерекесі таяп қалды. Сізді мерекені өткізуге жауапты етіп тағайындады. Сіз не істейсіз?
Педагогикалық жағдаят №47
Бастауыш сынып мұғалімі саябақта экскурсия-сабағын өткізіп жатыр. Балаларға бұлттағы, ағаштардың бұтақтарындағы түрлі бейнелерді көбірек бақылау тапсырмасы берілді. Балалар тапсырманы қуана-қуана орындауға кірісті. Тапсырманы талқылауды қалай тиімді ұйымдастыруға болады ?
Педагогикалық жағдаят №48
Сізді бастауыш сынып оқушыларына жетекші етіп тағайындады. Шәкірттеріңізбен алғашқы кездесуді жоспарлаңыз.
1. Бірінші кездесу жоспарын құру.
2. Бастауыш сынып оқушыларымен танысу, олардың қызығушылықтары мен жетістіктерін анықтау.
3. Мектеп жетістіктері мен ерекшеліктері туралы әңгімелеп беру.
4. Мектепте және мектеп ауласында саяхат ұйымдастыру.
5. Өз нұсқаңызды ұсыныңыз.
Таңдаған жауап нұсқасын негіздеңіз.
Педагогикалық жағдаят №49
Бастауыш мектепте 8 наурыз мерекесін өткізуге арналған тәрбиелік іс-шара жоспарын ұсыныңыз.
Педагогикалық жағдаят №50
Бірінші сынып оқушыларымен жұмыс жүргізу барысында мұғалім балалардың заттары жоғала беретіндігін байқады. Бұл жағдай сынып оқушылары арасында сенімсіздік пен күдікшілік атмосферасын дамытып, шағымдардың көбеюі мен үрейлену жағдайын тудырды. Мұғалімге басқалардың затын кім меншіктеніп жүргенін анықтап, жоғалған заттарды табу қажет.
— Мұғалім орнында сіз не істер едіңіз