Ислам ағымдары
1) Мұсылман салт-жоралары мен ұйғарымдары. Шариғат
2) Ислам ағымдары: сунниттер мен шииттер
3) Сопылық. Ислам, ғылым және мәдениет
1-сұрақ: Мұсылман салт-жоралары мен ұйғарымдары. Шариғат
ХІ-ХІІ ғасырларда Құран мен Суннаның арқасында фикха (мұсылман заңы) немесе шариат құрастырылды. Шариат пен фикха синоним есебінде қолданылады. Фикханың негізгі қызметі — мемлекет пен қоғам арасындағы, азаматтық қатынастарды реттейтін құқық (заңы). Шариғат жолдары — Құдай жолдары, оларды орындау әрбір мұсылманның борышы. Шариғатта діни әдет-ғүрыптар, діни салттарды орындау жолдары да көрсетіледі. Фикха сол орындаудың практикалық жолдарын, әрбір адамдардың өмірге байланысты, қалай және қайтып орындау керектігін көрсетеді.
Шариғат төрт Ислам қүқығына негізделген: Қүран, Сунне, Иджме (мүсылман қауымының және окымыстылардың пікірлеріне) және Қияса (үқсату арқылы жасалатын пікірлер). Қүранда заңдық емес, этикалық меже мен діни, азаматтық және қылмыстық талаптар бар. Заңдық межелер он шақтыдан аспайды. Екі-үш мыңдай заңдық шешімдер (Мүхаммедтің шешімдері) Суннада.
Мұсылман дінінің парыздары. «Ислам» деген үғым араб тілінде «бас июшілік», «қүлшылық» деген мағына бойынша қүлшылық ету, табыну екі бөлімнен түрады. Біріншісі, міндетті түрде, ал екінші бөлімі, ерікті түрде орындалатын діни іс-әрекет.
Біріншіге, бес «парыз» діни іс-әрекеттер жатады. Олар: 1. Иманану (тавхид) — сену деген сөз, яғни бір Қүдайға сену «бір Алладан басқа Қүдай жоқ және Мүхаммед оның бізге жіберген елшісі» — дегенге сену. 2. Намаз — арабша «салят». Намаз сөздері Аллаға сыйыну, тілек тілеу, қүлдық үрумен өтеді. Күн сайын бес рет сыйыну (намаз). Әрбір сыйыну (намаз) рахаттан (араб тілінде қүран сүресінен үзінді, дене тұрғысы мен қозғалысы) түрады. Таңертеңгілік 2 рахаттан, түскайталық, кешкі және түнгі 4 рахаттан, түнгі — 3 рахаттан… Жүма күнгі намазды мешітте оқу үсынылады. Намазға қалай дайындалу керек, қалай оқылуы керек шариғатта рет-ретімен жазылып көрсетіледі.
3.Зекет (қайыр) — жылына бір рет мұсылмандар өздерінің табыстарының 10/1 бөлігін Мешітке беріп отырулары керек. Ислам діні мемлекеттік дін деген елдерде, барлык меншігінің нақты кұнының немесе оның таза пайдасының 2,5%-ын күрайды. Мүсылмандардың түсінігі бойынша, зекет-қайырымдылық, мейірімді іс, ресми салық, ерікті кұрбандық т.б. Ислам дінінде басқа да садақа беру бар, мүгедек, жесір, жетім адамдарға кайырымдылық ету.
4. Ораза — арабша «ас-саум» үстау, «Рамазан» айында отыз күн ораза үстау. Ораза үстауда таң атқаннан (ақ жіпті қара жіптен айырғанда) кешке дейін (ак жіпті кара жіптен айыра алмау), яғни жарык күннің өне бойында тамақ ішуден, судан, шылым шегуден, жыныстық қатынастан толық тыйылуды білдіреді. Ораза тек нәпсіні тазалау емес, рухани тазаруға да жатады. Денсаулыққа жақсы әсерін тигізеді деп түсіндіріледі. Рамазан айы ең «касиетті ай», ораза әрбір пенденің адамгершілігін білдіретін сауапты іс деп түсінеді..
5. Хаджи (хаджж) — әрбір мүсылман өмірінде ең болмағанда бір рет Мекке мен Мәдинеге барып, Каабаны айналып, намаз оқып, Мүхаммедтің бейітіне күран окып, күрбан шалып қайтуға тиіс шалып қайтады.
Қажыға барып келген адамдарға «кажы» атағы беріледі. Оның кіші мешітті басқаруға қүқықтык правосы бар. Болса да хаджның ең бір алға қойған мақсаты, барлык мүсылмандардың басын қосу, олардың барлығы, үлттарына, тілдеріне қарамай бауырлас екенін сезіну. Сондықтан хаджда терең діни, идеологиялык және саяси мән бар. Осы бес намаздан басқа діни көзқарас толық болу үшш әрбір мүсылман ең болмағанда 5 сенімге кәміл сенулері керек. Олар: 1) Алланың әр түрлі періштелері. 2) Қүран мен хадис кітабын Алланың жіберген кітабы есебінде, олардағы әрбір сөз Алланың сөзі деп сену керек. 3) Алланың пайғамбарларына, әсіресе ең соңғы пайғамбарға -Мүхаммедке сену керек. 4) о дүниенің барына — жүмақ пен тозаққа сену керек. 5) тағдырға, әрбір адамның тағдыры Алланың қолында екеніне сену керек.
Салттар. Қүлшылықтың екінші бөлімі, ерекше түрде орындалатын діни салттар мен діни мейрамдар. Оларға жататындар: 1) Балаларды сүндетке отырғызу. Жас балалардың балағатқа жеткенін көрсету, «шын» мүсылман қатарына қосылғандығын көрсетеді. Бала сүндеттеуді қазақтар көбінесе баласы есейіп қалған кезде, 5-9 жас арасында орындайды. 2) Қүрбан шалушылық. Қүрбан айтта орындалады. Бүл мейрам ораза өткен соң, жетпіс күннен кейін қүрбан айты мейрамдалады. Қүрбан айт 3-4 күнге созылады. Бүл салт Ибрахим пайғамбардың өз баласын Аллаға қүрбан шалуға дайын болғандығы туралы шықты.
Екінші бір мейрам ораза айт (ар. Ид аль-фитр.). Бүл мейрам ораза біткеннен соң жасалады. Бүл мейрамда мүсылмандар өздерінің қайтыс болған жақындарының бейітіне барады, үй-үйлерге кіріп тамақ, дәм татады, садақа береді. Елеулі діни мейрам деп жүма күнін айтады. Әрбір жүма намазда, мүсылмандар мешітке жиналып намаз оқиды, себебі Мүхаммед Меккеден Мединаға ауысқанда ол күн жүма күні болыпты. Ақыр заман болар алдында жүма күнінен басталады дейді. Со л себепті жүма күн мүсылмандар үшін қадірлі күн.
Жалпы Халифаттың басқаруы X ғасырдан бастап Аббасидтердің қолына өтті. XIII ғасырға дейін мүсылмандар орталығы Бағдат қаласына ауысып, бүл қала ислам дінінің тек орталығы емес, үлкен мәдени-ғылым орталығына айналды. Осы кезде атақты ғылыми адамдар шығып, Араб мемлекетін өркениетті елдер катарына қосты.
2-сұрақ: Ислам ағымдары: сунниттер мен шииттер
Ислам дінінің негізгі ағымдары. Құранда пайғамбардың «бөлінбеңдер» деген нұсқауын тыңдамай Ислам діні бірнеше ағымдарға бөлініп кетеді. Хараджиттеден кейінгі, елеулі екі ағымына: суннизм және шиизм тоқталайық.
Суннизм. Ислам дінінің ең үлкен ағымы (90%) суниттер. Сунниттердің шиит ағымына қарама-қарсы, ортодоксиялық ағым болып құралды.
Суннәнің (хадистің) алты жинағын құранмен бірдей мойындаған көпшілік мүсылмандарды ахль-ас суннэ, яғни сунниттер деп атады. Суннизмнің негізгі айырмашылығы: алғашкы төрт халифаты заңды деп мойындау; 6-хадисты ешбір күмәнсіз мойындау; суннизмнің 4 мектебінің (маликитік, шафиитік; ханифиттік немесе ханбалитік) біріне жату. О дүниеде Құдай мен адам арасындағы қатынастарда Мүхаммед пайғамбардың ешбір қатысы болмауы; Мүхаммедтің пайғамбар, Али болса Ха¬лиф есебінде қабылдау; Шиизмге қарағанда Суннизм ағымында сектлердің аздығы және т.е.с
Шиизм. Араб елінде, Мүхаммед пайғамбар қайтыс болғаннан соң, Халифаттық басқару басталды. Төртінші халиф Алидің түсында ең үлкен рулардың арасынан алауыздық көзқарастар пайда болды. Омейядтар рулары, хурайш руынан шыққан Алиге қарсы шығып, бір түтас халифаттық басқаруды қолдамады. Осының салдарынан, Алидің оппозициялары, оны өлтірумен аяқтады. Алиді жақтаушылар «екі нүр» деген (теория) көзқарас таратты, бүл көзқарас бойынша: бірінші нүр Мұхаммед болса, екінші нүр Али еді. Солай болғаннан соң Қүранға Алидің де атын пайғамбар ретінде ендіру керек еді. Осылай, Алиді де пайғамбар есебінде қабылдаушылар Шииттер (арабша, топ, партия) деп аталды. Осының арқасында Шииттер Қүранға тағы бір сүре қосты (114 сүренің орнына 115 сүре). Шииттер қасиетті аңызында, сүнниттік Халифтар билікті заңсыз күшпен тартып алушылар деп түсіндіреді. Олар Алиді және оның үрпағын өздерінің заңды басшылары деп санап, сүнниттік Халифтарға Мүхаммедтің қызы Фатима мен Алиден тараған үрпақтың 12 имамын қарсы қояды. Шииалардың діни догмасының қүрастырылуы VII ғасырдың ортасында Аббасид династиясында жасалды.
IX ғасырда Шииттердің 12-ші имамы жоқ болып кетті, оның аты Мүхаммед аль-Махди болатын деген аңыз таратты. Ол көрінбейтін басшы деп жарияланды, өйткені ол өлген жоқ, оны Аллатағала өзіне керек болғандықтан, жасырып қойды деп сенеді. Аллатағала кажет болған кез-де оны қайтып жер бетіне жібереді, ол келіп жер бетіне әділеттік орнатады дейді. Сөйтіп «Махди» (жасырып имам) мен оның жер бетіне кайта оралуы жөнінде ілім шиизмнің басты уағызына айналды Шиит ағымынан көптеген қауымдар (партия) бөлініп шықты жә¬не ол қауымдар өз бетімен тағы да майда қауымдарға бөлініп отырды. Ең үлкен қауымдары: қайсандықтар, зейдиттер, имамиттер, «шектелген» шииттер және исмайллиттер.
3-сұрақ: Сопылық. Ислам, ғылым және мәдениет
Сопылық (дәруіштік) – Ислам дінінің алғашқы жылдары пайда болған аскеттік ағым. Ол IX ғасырда пайда болды. Дегенмен, бұл бағыттың алғашқы көріністері араб қоғамында VIII ғасырдың өзінде-ақ кездесетін. Олардың негізгі мақсаты – шектен шыққан кедейлік, баспанасыздық, ауыр экономикалық жағдай, қарапайым адамдардың ауыр халден шығатын жол іздеуі болды. Ол жолды олар аскеттік өмірден көрді. Сопылардың фанатик-діншіл болуды үгіттеуі билікте тұрған дін иелеріне ұнады.
Кейіннен сопылар қауымы шығып, оны басқаратындарды «шейхтар» деп атады. Беделді шейхтар өз жандарында оқушылар ұстайтын. Олар Мюридтер (Мұрт) деп аталатын болды. Сопылар мектебі бірнеше ағымдарға бөлінді. Орта Азия мен Қазақстанда сопылар мектебінің Ясевизы, Нақшбандизм сияқты ағымдары пайда болды (Сопылықтың ең күрделі түрі дершивизм түрінде қазіргі Тәжікстан аумағында көптеп кездеседі).
Ислам діндердің барлық түрлерін құрметтейді, себебі барлық діндердің тамыры біреу. Ислам діні – әлемдік діндердің ішіндегі ең жас дін.
Ислам адамдарды бір-бірін жақсы көруге, бір-біріне жəрдемдесіп, бауырларша өмір сүруге шақырады. Мемлекеттерді дамытуды, адамдардың рух тұрғысынан еркін өмір сүруін қалайды. Алла тағаланың бұйрықтарын құрметтеуді, бүкіл тірі жанға мейрімді болуды бұйырады. Ислам жанды-жансыз əрбір жаратылғанға деген жауапкершілікті жүктенген. Жаман əдеттерден аулақ болып, нəпсіні тəрбиелеуге шақырады. Жалқаулыққа, уақытты бос өткізуге тыйым салып, ғылымға, техникаға, өнеркəсіпке, саудаға, егіншілікке, өнерге үлкен мəн береді. Діні, отаны, сенімі басқа болған адамдарға күш көрсетуге тыйым салады. Жеке адамның, отбасының жəне ұлттардың құқықтары мен міндеттерін көрсетеді.
Ислам үш негіз: білім, амал (əрекет) жəне ықыластан тұрады. Яғни, Ислам діні туралы білім алу, үйренгендерін жүзеге асыру, жасаған барлық ісін Алланың ризалығы үшін жасау керек. Ислам ғылымы – иман білімі, фиқһ білімі, қалб (көңіл-жүрек) білімдеріне бөлінеді. Мұсылман адам иман білімін Əһли сүннет ғалымдарының кітабынан алады. Амал білімін төрт мазһабтың фиқһ кітаптарынан алады. Əһли сүннет ғалымдары бұл деректерді сахабалардан алған. Ал сахабалар пайғамбарымыздан алған.
Ислам діні әдет-ғұрыпқа толы. Құдайға құлшылық етіп табыну Ислам дінінде екі бөліктен тұрады. Біріншісі – міндетті түрде орындауға тиісті шаралар. Бұған бес парыз (иман, бес уақыт намаз, ораза, зекет-ұшыр, қажыға бару) жатады. Дін иелері, молда-ишандар діни парыздарды, әдет-ғұрыптар мен мейрамдарды дінге сенушілердің мүлтіксіз орындап отыруын талап еткен. Екіншісіне ерікті түрде орындалатын шаралар жатады. Олар уәжіп, сүннет, Мұстахб, Мухаб, Нәпіл. Соңғы үшеуі қазақтар арасында тарамаған.
Ислам дінінің бірнеше мейрамдары бар. Олардың барлығы әдет-ғұрыптармен тығыз байланысты. Солардың ішіндегі кең тарағаны ораза мен құрбан айттар. Бұл айттардың алғашқы түрлері Ислам дінінен көп жылдар бұрын пайда болған және ораза ұстау мен құрбан шалу әдет-ғұрыптарына байланысты орындалып отырған. Ислам дінінде ораза және құрбан мейрамдары жаңа мәнге ие болды. Ораза мейрамы ораза біткеннен соң Рамазан айынан кейінгі Шаввал айының бірінші күні басталатын ауыз ашу (айт) мейрамы. Бұл мейрам кезінде мұсылмандар Ислам дінінің талаптарын толық орындауы тиіс. Кімде-кім ораза ережесін бұзса немесе ораза ұстамаса, ол күнәлары үшін айып тартуы – пітір-садақа беруі тиіс. Құрбан мейрамы ораза мейрамынан кейін 70 күн өткеннен соң жасалады.
Әулиелер аруағына табыну өте көне әдет-ғұрыптардың бірі. Бұл мәселенің де әлеуметтік мазмұны, саяси бағытының болғаны мәлім. Себебі, мұсылмандық әулиелер қатарына халифтер, сұлтандар, хандар мен билер, яғни өмірдегі алған орнын ол қайтыс болғаннан кейін де дәл айқындығынан айырамыз.
Қайталауға арналған сұрақтар:
1) Мұсылман салт-жоралары мен ұйғарымдары. Шариғат
2) Мұсылман құқығының негізгі мектептері (мазхабтар)
3) Ислам ағымдары: сунниттер мен шииттер
4) Сопылық. Ислам, ғылым және мәдениет