БҮРКІТТІҢ САМҒАУЫ

БҮРКІТТІҢ САМҒАУЫ

Мұқият Арман (Қазақстан)
Әл-ФарабиатындағыҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Ембергенова К.Р.

Бүркіт алып жыртқыш, оның қанатының құлашы 2-3 метрден асады, салмағы 5-6 кг болады. Бүркіт аспанда биік шарықтап таңқаларлықтай, құйрығының ұзындығының арқасында мәнерлеп өте шебер самғайды. Оның самғауы сырғанақ тепкендей ұшып келе жатып, тез арада қимылдап олжасына шүйілу, сондай-ақ биіктен көз ілескенше төмен түсу, жайылған қанаттарымен,құйрығымен өзін тоқтатып жерге қону қабілеттілігімен ерекшеленеді.Ерекше қырағылығының арқасында (өзі көрінбейді 400-500 метр биіктіктен жерде не болып жатқанын көре алады, өзі құрбанына көрінбейді) қолайлы кезеңді таңдап алып, көкжиекте 300 -400 градус бұрыштық жасайтың түзу шүйіледі. 100 метр биіктікке жеткен соң, бүркіт қанатын одан әрі қысып алып, таңдап алған құрбанына оқша атылады. Шүйілетіндігі сонша, қанатымен ауаны кескен дыбысы алысқа естіледі. Жерге жақындай бере қанаттарын шұғыл жайып жіберіп, өзінің ұшуын тежейді. Кейде бүркіт ірі құстарды (құтанды, қазды) аулайды.Ол үшін бүркіт құстарға қатты шүйіліп келіп, соғып жібереді де құсты жерге домалатып құлатады. Түлкіні бүркіт қатты тықсыра отырып,есінентандыра соғып жіберіп, көбінесе аяғынан шалып, аударып жіберіп ұстайды.Кейде ол 40-50 метр биіктіктен «құлайды» ол үшін қатты шұйіліп келеді де жерге жақындаған кезде қанаттарын арқасына қайырып, басын төмен түсіріп, ұзын аяқтарын созып жіберіп, бар күшімен аңды соғады.
Отан бейнесі рәміздер жиынтығынан тұрады.
Қазақстан рәміздерінің ішінде бүркіт бейнесі ерекше орын алады.Бұл Қазақстан халықтарының асқақ арманы мен ниетінің жоғарылылығын бейнелейтін құдіретті алып құс. Қазақ елінде ежелден бүркіт алтын құс ретінде құрметтелген.Әсіресе,аңшы бүркіттер жоғары бағаланған.Бүркітті өлтіру үлкен күнә деп есептелген. Ал егер ондай жағдай ауыл маңында бола қалса,сол ауылдың тұрғындары үшін үлкен қорлық деп танылған.
Алып құстың бір ұшуында әр алуан физикалық түсініктемелер бар: ұшудың кинематикалық, динамикалық сипаттамасы, инерция құбылысы, ортаның қажалуы кедергілігі (қарсылығы) және т.б.
Бүркіт туралы физикалық және физиологиялық деректерді орта мектептерде физика сабақтарының санды және сапалы тапсырмалары ретінде пайдалануға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *