ӘОЖ 81:070.1
БАСПАСӨЗ ТІЛІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Ж.Т. Терлікбаева
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз
Әлеуметтік лингвистика тіл мен қоғам арасындағы байланысты негізгі обьекті етіп алады да, тіл мен қоғам арасындағы қатынас-тардың келесі жағын қарастырады. Әлеуметтік лингвистиканың бас-ты мақсаты — тілдің қызметтерін айқындау. Тілдің табиғатын айқын-дайтын ең басты қасиеті — қатынас құралы. Тіл мен қоғам екі жақты, өзара тығыз байланысты. Қоғам өмір сүру үшін тіл қажет.
Түйінді сөздер: баспасөз тіл, әлеумет мәселелері, қоғам, лингвистика, тілдің табиғаты, әдеби тіл, жасөспірімдер, кәсіби сөздер, әлеуметтік, мәдени.
Әлеуметтік лингвистика бұл — тіл мен қоғамның арасындағы өзара қарым — қатынастың барлық түрлерін, сөйлеушілердің белгілі бір жағдайға байланысты тілдің варианттарын, сөйлеушілердің белгілі бір жағдайға байланысты әртүрлі топтарының тілдік ерекшеліктерін қамтиды.
Тіл — қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның қажеттіліктерінен пайда болған және қоғамда пайдаланылатын құрал. Бұдан тілдің келесі басты қызметі шығады. Яғни тіл — адамдар арасындағы қарым-қатынас құралы. Бұл кең түсінік: тіл арқылы хабарды жеткізуге (информативтік және констациялаушы функциясы), немесе хабарды (сұрау функциясы) алынады. Сонымен бірге қозғау салуға, бұйыруға, өтінуге (аппелятивтік функциялары) т.б. болады. Бұлардың хабарлы, сұраулы, бұйрықты және лепті сөйлемдерге сәйкес келетіні байқалады. Келесі мәселе тілдің қоғамдағы жіктелістері. Ол тілдің қоғамдық дифференциалануы деп аталады. Оның негізгілері:
1. Әлеуметтік дифференциалану әдеттегі кәсіби сөздерді, терминдерді, жаргон-дарды береді. Яғни тілде адамдардың әлеуметтік топтарына, мамандығына, шаруа-шылық кәсібіне байланысты жіктелулер бар. Терминдер, арнайы сөздер белгілі бір сала бойынша қолданылады. Оларды әдетте ғылыми терминдер, өнер терминдері және спорттық терминдер деп бөледі. Кәсіби сөздер, профессионализмдер әлеуметтік диалект деген атаумен де белгілі. Олар адамдардың, өлкенің шаруашылық кәсібіне байланысты, соған тән сөздер. Мысалы балық, егін, бақша өнімдері, мал шаруа-шылығы, құсбегілік, аңшылық немесе өндірістік аймақтардың сол шаруашылыққа байланысты ғана қолданылатын сөздері жатады. Ал жаргондар адамдардың әлеу-меттік топтарына байланысты қолданылатын сөздер, бұл мағынасында әскерилердің жаргоны, студенттік жаргон, қылмыскерлердің жаргоны, компьютерлік жаргон деген ыңғаймен қолданыла береді, бұл ауызекі тілде молынан ұшырасады, әдеби тілге енбейді. Жасөспірімдердің тіліндегі сөйлеу ерекшеліктері сленг деп аталады. Бұлар тілдік «модаға, сәнге» байланысты өзгеріп отырады. Лингвистикада бұлардың бәрін жинақтап, әлеуметтік дифференция бойынша сөздердің түрлерін социолект деп атайды.
Бұл атаулар әдеби тілге енбейтіні болмаса, жағымсыз мағынада қолданыл-майды. Шындығында, қазіргі әдеби тілде бір кездегі жаргондар сөздің ауыспалы мағынасы немесе, лексико-семантикалық варианты, тұрақты сөз тіркесі түрінде молынан ұшырасады.
2. Территориялық дифференциалану тілдегі диалектілерді, говорларды тілдің варианттарын береді. Мысалы ағылшын тілінің диалектілерімен қатар, америкалық, австралиялық, британиялық, жаңа зеландиялық, оңтүстік африкалық, канадалық деп аталатын нұсқалары бар. Ал диалектілер — жергілікті аймақтардың тілдік ерек-шеліктері. Ол фонетикалық (сөздің айтылуындағы дыбыстық айырмалар), лексика-лық (сол аймақта ғана қолданылатын сөздер) және грамматикалық (аймақтар бойын-ша сөз тұлғаларының айырмасы) диалектілер болып бөлінеді. Говорлар, сөйленістер — деген аймақтың ішіндегі сөйлеу ерешелігі бар шағын аудандар. Картаға түсіргенде диалект аймақтарының шекарасын изогластар бөліп тұрады. Бұл диалектология ғылымының зерттеу объектісі. Кейде диалект мен тілдердің айырмасын белгілеу қиын болады: бір тілдің екі диалектісі бір-бірін түсінбеуі де мүмкін, керісінше екі басқа тілде сөйлеушілер толық түсініседі. Бұл жағдайларда халықтың тілі деген түсінікке ғана қарайды.
Тіл қоғаммен байланысты, тіл — қоғамдық құбылыс. Мемлекеттік мәніне қарай: ресми тіл және мемлекеттік тіл де болады.
Әлеуметтік лингвистика тіл мен қоғам арасындағы байланысты негізгі обьекті етіп алады да, тіл мен қоғам арасындағы қатынастардың келелі жағын қарастырады. Әлеуметтік лингвистиканың басты мақсаты — тілдің қызметтерін айқындау. Тілдің табиғатын айқындайтын ең басты қасиеті — қатынас құралы. Тіл мен қоғам екі жақты, өзара тығыз байланысты. Қоғам өмір сүру үшін тіл қажет.
Қазіргі қоғамда бұқаралық коммуникация жүйесінің дамуы мен қызмет өрісі әртүрлі қырынан зерттелуде. Тілдің бұқаралық ақпарат құралдарында қолданылу ерекшеліктері лингвистикалық, функционалды-стилистикалық қырынан қарастыры-лып келгенмен, оның әлеуметтік-лингвистикалық сипаты әлі күнге дейін зерттеу нысанына айналған жоқ. Мерзімді басылымдар тілінің проблемаларының әлеуметтік-лингвистикалық сипатына кешенді зерттеу жүргізу бүгінгі ғылымның негізгі талаптарының бірі. Бұқаралық коммуникацияның негізгі қатынас құралына айналуы мен үлкен аудиторияға ықпал ете алу мүмкіндігіне ие болуы, баспасөз жүйесін тілдің дамуына әсері тұрғысынан қарастыруды қажет етеді. Бүгінде әдеби тілдің пайда болуы мен қалыптасуы және оның бұқаралық коммуникация саласында, әсіресе, басылымдарда қолданылуы туралы мәселелер негізгі зерттеу нысанына айналып отыр.
Бұқаралық коммуникацияның күрделілігі мен жаңашылдығы қоғамдық-тілдік практикадағы ерекше құбылыс ретінде үш жақы сипатқа ие.
Біріншіден, бұқаралық коммуникация мәтіндері тақырыптық және компози-циялық тұрғыдан әртүрлі материалдарды қамтиды. Оларды біртұтас мәтінге біріктіру амалдары бұқаралық коммуникацияның ерекше тілі мен стилін қалыптастыратын тәсілдерді құрайды.
Екіншіден, Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдары бірнеше тілде (қазақ, орыс, ұйғыр, өзбек, т.б.) шығарылып, олардың жаңа қоғамдық қызметінің пайда болуына мүмкіндік жасай отырып, бұқаралық коммуникацияның осы тілдердің көпшілігіне ортақ ерекше стилін қалыптастырады. Сонымен қатар бұқаралық комму-никация әрбір нақты әдеби-жазба тілдің функциональдық және жеке стилистикалық ерекшеліктерінің дамуына мүмкіндік береді.
Үшіншіден, бұқаралық коммуникация әдеби тілдің нормаларына елеулі түрде әсер етеді. Бір жағынан, бұл пайдалы әсер, өйткені теледидар мен радионың норма-ланған әдеби тілі ойды синтаксистік тұрғыдан дұрыс құрастыру мен сөйлеуде дұрыс дыбыстау үлгілерін қалыптастырады. Екінші жағынан, бұқаралық коммуникация тілі өзінің стандарттылығымен ерекшеленеді. Сондықтан, ол тіл дайындығы толық қалыптаспаған аудиторияда әдеби тілдің кедейленуіне, оның стилистикалық, лексикалық және грамматикалық әрқырлылығының оңайлануына, әдеби мәнерлеудің мүмкіндіктерін толық меңгермеуіне соқтыруы мүмкін.
Әлемге таныла бастаған еліміздің қоғамдық-әлеуметтік және саяси сипаты, соған сәйкес, моральдық тақырыптардың көптеп көтерілуі, қоғамға жат қылықтардың бетін ашу, оқырманмен үнемі байланыста болу, жеке адамның мінез-құлқына баға беру сияқты келелі де өміршең мәселелер газет беттерінде көтеріле бастады. Республикалық «Егемен Қазақстан», «Жас Алаш», «Қазақ әдебиеті», «Ана тілі» газеттері оқырман көңілінде жүрген түрлі әлеуметтік мәндегі сұрақтарға жауап беретін көлемі шағын, оқуға жеңіл, бірақ мазмұны терең, көкейдегі күрделі мәселелер жайлы дер кезінде, жылдам әрі нақты ақпараттар беретін мәтіндерді дүниеге әкелді. Соңғы жылдары ғалымдар көлемі әртүрлі, бірақ экстралингвисти-калық (әлеуметтік-мәдени) тұрғыдан мағынасы күрделі осындай шығармалардың ерекшеліктеріне ерекше мән бере бастады. Тіл білімі ғылымында газет тілі бойынша зерттеу жұмыстарының көп болғанына қарамастан, баспасөз тілінің әлеуметтік-лингвистикалық проблемалары, газет тілінің мағыналық, құрылымдық сипаты, оның даму заңдылықтары мен тілі өз алдына ғылыми зерттеудің нысаны болмаған еді. Осы құбылыстарды тіл жүйесіндегі коммуникативті негіздегі жүйелі лингвистикалық заңдылықтар ретінде анықтау және сипаттау бүгінде өзекті мәселе болып табылады.
Әдебиет
1 Қазақ тілі: Энциклопедия. — Алматы, 1998. — 47 б.
2 Момынова Б.Қ. «Қазақ» газетіндегі қоғамдық — саяси лексика. — Алматы: Арыс, 1996. — 110 б.
3 Социальная лингвистика. — Москва, 1987.
СОЦИАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ИЗДАТЕЛЬСТВА
Ж.Т. Терликбаева
М. Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Тараз
Основным социальная лингвистика считается взаимосвязь обьектом языка и общества. Социальная лингвистика рассматривает важные и значимые пути взаимо-отношений между обществом и языком. Главная цель социальной лингвистики это выяснение назначения языка. Основная особенность раскрывающая природу языка это средство связи. Язык и общество находятся в тесной взаимосвязи. Для того, чтобы жило общество необходим язык.
Ключевые слова: издательство, язык, социальные проблемы, общество, лингвистика, природа языка, литературный язык, подростки, профессиональные слова, социальная культура.
THE SOCIAL PROBLEMS OF PUBLISHING
Zh.T. Terlikbayeva
Tarazsky state university of a name of M.Kh. Dulati, Taraz
The basis of sociolinguistics is intercommetion of language and sicety. Sociolinguistics deals with important and meaningful ways of correlation between society and language. The main aim of sociolinguistics is clarification of language designation. The main pecularity that reveals nature of language is means of communication. Language and society are in close correlation. In order to exist society needs language.
Keywords: Publishing, language, social issues, society, linguistics, the nature of language, literary language, teenagers, professional speech, social culture.