АУҒАНСТАНИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАСШЫЛАРЫ
Мохаммад Навид Баят (Ауғанстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы Сапаева Г.Е.
Ауғанстан — тарихы тереңде жатқан мемлекет. Ең алғашқы адамдар Ауғанстанның территориясында, шамамен 5000 жыл бұрын пайда болды, және бұл аймақтағы ауылдық қауым әлемдегі ең алғашқылардың бірі. Ауғанстан өз тарихында Ариана, Бахтар, Хұрасан секілді аттармен аталған.
Ауғанстан Ислам мемлекеті – Оңтүстік Батыс Азиядағы мемлекет. Аумағы 652,2 мың км2. Халық саны – 32 млн. адам. Астанасы – Кабул қаласы. Ауғанстан -жері кең, табиғаты әсем, таулы мекен болып келеді. Өз тарихында Ауғанстан әртүрлі жағдайларды басынан өткізді. Алуан түрлі патшалар мен президенттер ел басқарды. Олардың әрқайсысы мемлекетіміз үшін орасан зор қызмет атқарды. Ең мықты және тарихта есте қаларлықтай қызмет жасаған, халықтың батасын алған елбасыларымыз туралы айтып берейін.
Мысалы: Сұлтан Махмуд Ғазнави 360 жылы Ғазни қаласында дүниеге келген, Ауғанстанның ең жақсы патшаларының бірі. Өз заманында ғылым, әдебиет және мәдениетті жетілдірген адамдардың бірі. Ол басқарған заманда Ауғанстанның әдебиет саласында 400-ден астам танымал ақындар мен шайырлардың даңқы шықты. Мәселен, Ансұри Балхи, Фарухи Систани, Фирдауси және тағы басқаларын айтуға болады. Сұлтан Махмуд Ғазнави Үндістан жеріне бірнеше рет шабуыл жасап, тарихта Сомынат соғысы деген атпен атақ алған соғысты басқарды. Ол өзінің туған жері Ғазни қаласын, мәдениеті жоғары дамыған қалаға айналдырды. Сұлтан Махмуд Ғазнави 421 жылы Ғазни қаласында қайтыс болды. Келесі ұлы патшамызАхмад Шах Дурраниболды, ол 1722 жылда Герат қаласында дүниеге келген. Оның шын есімі Ахмад Шаһ Абдали болған, бірақ Надир Шаһ қайтыс болғаннан кейін Абдали тайпасының хандар мәжілісі Кандагарда бүкіл Ауғанстанның билеушісі етіп сайлап, оған дур-дуррани (теңдестер, қарсыластар арасындағы бірінші) деген лауазымды берген. Осыдан кейін барлық Абдали атауы дуррани болып ауыстырылды. Ахмад Шаһ 1747 – 1773 жылдары Ауғанстандағы Дурран империясын билеген. Елдегі жоғарғы атқарушы орындар мен әскери кызметтер дуррани тайпасынан шыққан хандарға мұрагерлік жолмен берілді. Мемлекет ең ірі ауғандық тайпаларды біріктіре отырып, Дуррани мемлекеті деген атпен тарихқа енді. Ахмад Шаһ Дуррани өкіметін Кабул мен Кандагардың ғана емес, басқа да көптеген ауғандық тайпалардың шаһтары мойындады. Ахмад Шаһ Кандагарды астана етіп, дербес “Дуррани империясын” құрды. Алайда оның мұрагерлерінің кезінде, империя бірнеше жеке қалаларға ыдырап кетті. Олар: Пешавар, Кабул, Қандағар және Герат қалалары. 1748 -1757 жылы аралығында Пенджабты, Кашмирді, Сирхиндті, Синдті, Хорасанды, Балхты, Белуджистанды жаулап алды. 1761 жылы Панипат соғысының нәтижесінде Ауғанстан мемлекетінің құрамына Иранның, Солтүстік-батыс Үндістанның шығыс аймақтары енді.Ахмет Шаһ Дуррани 1773 Қандагарда қайтыс болды.Амир Шерәли хан 1825 жылда дүниеге келген. Ол Амир Дос Мохаммад Ханның баласы болды. Ол Ауғанстанның тарихында екі рет(1863-1866) және (1868-1879)патшалық етті.Оның кезінде Ауғанстанда тұрақты әскер, яғни атты әскер, жаяу жүру әскері сияқты жүйелер пайда болды. Сонымен қатар, ғылым мен мәдениет, ауыл шаруашылығы, сауда, табыс табу өркендей бастады. Амир Шерәли ханның тұсында алғашқы рет Министрлер құрамы құрылып, соның нәтижесінде салық реформалары пайда болды. Ең бірінші қару шығаратын зауыт ашылды.
Aманулла Хан1892 жылда Кабул қаласының Пағман ауданында дүниеге келген. Aманулла Ханның кезінде Ауғанстанда көптеген реформалар болды. Халық отаршылдардың бетін қайтарғанымен, елдің тәуелсіздігі шектеліп, сыртқы қарым-қатынасы Англияның бақылауында болды. 1919 ж. өкімет басына келген Аманулла хан Ауғанстанның тәуелсіздігін жариялады. Англия мұны мойындаудан бас тартып, соғыс ашқанымен, 1919 жылғы Равалпинди шарты бойынша Ауғанстанның тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болды.Оның кезінде Ауғанстанның алғашқы конституциясы және алғашқы Лойя Джирга қабылданды. Осы Аманулла ханның кезінде атақты газеттер (Сәражул ахбар мен Сәражул атфал) және журналдар шыға бастады. Сол уақытта білім және әдебиет өркендей бастаған еді, танымал ақындар сол газеттерге өз өлеңдерін жариялаған. Аманулла Хан 1960 жылда Швейцария мемлекетінде Цюрих қаласында қайтыс болған. Давид Хан1909 жылда Кабул қаласында дүниеге келген. Давид Хан алдымен Ауған президенті болды. 1973 жылы Ауғанстанның Республикалық режимы құрыла бастады. Давид Хан билік еткен жылдарыкөптеген жоспарларын жүзеге асырды. Ауғанстанда үлкен су магистралын құрған, су электр стансаларын жасаған. Сонымен қатар Ауғанстанның конституциясын жасап, оны жүзеге асырды. Давид хан заманында Қабул университеті ашылып, көптеген мектептер саны артты. Экономика және сауда министрліктері құрылды, әртүрлі заңдар шығарылды. Давид Хан Ауғанстанда үлкен прогресс болғанын қалады. Ол Ауғанстан үшін көп қызмет жасап, 1978 жылда Кабул қаласында қаза болды.
Келесі президентімізДоктор Нажибулла хан1947 жылда Кабул қаласында дүниеге келген. 1986 жылы президент болып сайланды. 1986 жылы Д.Нажибулла үкіметі кезінде Ауғанстанның әскері Азиядағы ең күшті әскер болды. Наджибулла заманында Ауғанстанның армиясында, әуе,танк, артиллерия, әскери лагерьлер секілді қорғаныс күштері пайда болды. Ол кезде Ауғанстанға Кеңес әскерлері кіргізілген уақыт еді. Орыстар елде көптеген емханалар, жаңа ғимараттар сала бастады. Әйелдер азаттығы мен құқығын жариялап, елде демократиялық ұстанымдар пайда болды. Кабул Ұлттық Банкі құрылды, алтын сияқты қымбат тастар сақтайтын қоймалар пайда болды. Доктор Нажибулла 1996 жылы қаза болды. Сөйтіп Ауғанстанның билік басына Хамид Карзай келді. Ол1957 жылы Кандагар қаласында дүниеге келген. Өте табысты саясаткер болды. Хамид Карзай Жоғары білімін Үндістанда алды. Ол бес тілді, яғни дари, пашту, ағылшын, урду және француз тілдерін еркін меңгерді. 2002 жылы Үндістан құрметті докторы атағына ие болды. 2004 жылы ең жақсы және табысты президент аталды.
Хамид Карзайдың кезінде Медиа және Бұқаралық ақпарат құралдары жақсартылды. Азаматтық құқық және демократия құрылды, жоғары білім беру саласы дамыды. Ауғанстанның экономикасы өсіп, соғыс азая бастады. Ауғанстанда Біріккен ұлттар ұйымының өкілдігі пайда болды.Талибтер режимі құлаған соң, қазіргі Ауғанстан Республикасы жарияланды. 2001 жылы желтоқсанда ауған саяси қайраткерлерінің Бонн конференциясында Хамид Карзай Ауғанстанның әкімшілігінің басшылығына қойылды. 2002 жылы шілдеде Лойя джирга (Ауғанстанның барлық халықтарының, тайпаларының және топтарының басшылары кіретін Жоғарғы кеңес) оны елдің уақытша президенті қылды. 2004 жылы жаңа Конституция қабылданып, бірінші президенттік сайлау өткенде, Хамид Карзай жеңіске жетті. Ауғанстанның мемлекеттік қайраткері Хамит Карзай 2004-2014 аралығында Ауғанстан президенті болды. Қазіргі уақытта өкімет қызметкері болып жұмыс істейді. Хамит Қарзайдан кейінгі және қазірге дейінгі президентАшраф Ғани Ахматзай1949 жылда Логар қаласында дүниеге келген. Ашраф Ғани өз жоғары білімін Америкадағы Берют университетінде алған. Содан кейін заң мамандығы және антропология мамандығы бойынша докторлық дәрежесін Колумбияда алған. Бірнеше мамандықтың иесі болып табылатын Ашраф Ғани Ахмадзай әлемге танымал университеттер мен білім ошақтарында оқыған. Атап айтқанда, АҚШ-дағы Гарвард және Стенфорд университеті, Канададағы Гилф, Динмаркта профессор атағын алған. Сонымен қатар, АҚШ президенті Барак Обама оқыған университетте сабақ берген.
Ауғанстан президенті Ашраф Ғани елде коррупцияға қарсы «қасиетті соғыс» ашуға шақырды. Ашраф Ғани коррупцияны Ауғанстанның қауіпсіздігіне қатер төндіретін «қатерлі ісік» деп атады.
Кабулда коррупциямен күрес шараларына арналған конференцияда сөйлеген Ғани дін өкілдері азаматтарды коррупциямен күреске шақыруы тиіс деді. Ауғанстан президенті болып сайланғанына бір жылдай уақыт болған Ашраф Ғани елдегі басты мәселелер үкімет келісім-шарттары арқылы алаяқтық жасау, жерді басып алу, заңсыз есірткі тасымалы мен адам саудасы екенін айтты.