АУҒАНСТАНДАҒЫ САУАТ АШУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

АУҒАНСТАНДАҒЫ САУАТ АШУ ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ МАҢЫЗЫ

Ахмади Содаба(Ауғанстан)
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ғылыми жетекшісі: ф.ғ.к., аға оқытушы Тастемирова Г.А.
Ауғанстан тұрғындарының саны 31 056 997 адам. 14 жасқа дейін 44,6% болса, қалғанны 53%, ал 65 және одан жоғары жастағылардың саны тек 2,4% құрайды. Өмір сүру деңгейі орташа 43 жас. Ұлты пуштун, тәжік, өзбек, хазар, түркімен және т.б. Халқының сауаттылығы 36% оның 51% ер азаматтар, 21% әйелдер құрайды. Ал таулы аймақтарда 98% халқы сауатсыз. Өкінішке орай, бүгінгі таңға дейін елдегі халықтың 2% ғана жеке құжатын (таскера) алған. Қалғандарында ешқандай құжаты жоқ. Талибан кезінде 22% ер балалар, 8% қыз бала мектепке барған болса, 2004 жылдан талибандар биліктен кеткеннен кейін 54,4% мектеп жасындағы балалар мектепке барды. Орта мектептегі оқушылар саны 4 млн. жетті. Елдің сауаттылығы осы күнге дейін айтарлықтай көтерілген жоқ. Соның салдарынан елдің экономикалық, әлеуметтік жағдайы көтерілмей келеді. Сауаттылықпен күрес – қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі болып қала бермек. Бәсекеге қабілетті, дамыған мемлекет болу үшін ең алдымен жастарының дені сау, жоғары білімді болуы тиіс. Қазіргі заманның талабына сай жаңа технологиялармен жұмыс істей алатын, қабілетті ұрпақ тәрбиелеу әр мемлекеттің басты міндеті болып отыр. Ауғанстанда 57% некенің 16 жасқа толмаған жас қыздар болса, 80% қыздарды мәжбүрлеп немесе зорлап жасалған неке боп саналады. Ал ауыл-аймақтарда қыз баланы 8-10 жасында тұрмысқа береді.
Ауғанстан басқа мемлекеттер тарапынан жастарды оқытуға көптеген гранттар бөлінеді. Жастар да әртүрлі мемлекеттерге барып білім алуда. Бірақ қазіргі таңда бастауыш мектепте әріп танып, білім алуы ең үлкен проблемаға айналып отыр. Оның түрлі себептері де бар. Ауғанстанның оңтүстік аймақтарында талибандар жиі орналасқан Қанадағар, Гельманд, Гхор, Ғазни қалаларына жақын орналасқан ауыл-аймақтарда мектепте мұғалімдер жетіспеушіліктен балалардың білім алуы қиын.
Дүние жүзінде экономикасы мен әлеуметтік жағдайы төмен мемлекеттің бірі –Ауғанстан. Ал сауаттылығы жағынан да артта келе жатыр. Ауғанстанның шеткі аймақтарында миллион халық тұратын жердің өзінде 4-5 мектеп бары мәлім. Алғашқы сауатын ашу үшін мектептің жетіспеушілігінен молдадан құран үйреніп оқуға тырысады. Ауғанстан үкіметі бұдан екі жыл бұрын білім беру саласына жеке инвестиция енгізуге рұқсат берілгелі бері қазір 300-ден аса жекеменшік мектептер ашылаған. Олардың оқушыларының 40 пайызын қыздар құрап отыр. Ауғанстанның сол түстігіндегі Парван аймағында алғашқы жекеменшік мектеп ашылды. Оған ұл-қызы аралас 300 оқушы тіркелген. Оқу ақысы ай сайын 15 долларды құрап отыр. Баласын оқытып отырған ата-ананың барлығына бірдей бұл қаржыны төлеу оңай емес. Бірақ, ондай мектептер бәріне қолжетімді емес. Барлық отбасы төлей алмайды. Себебі отбасында бір адам жұмыс істесе, тапқан табысы жетпейді. Дегенмен, жекеменшік мектептердің оқу сапасы жоғары. Отбасына ақша төлеу қиын болғанымен, олар оқу сапасына риза. Жекеменшік мектептерде балаларын оқытқысы келетін отбасылардың көбеюі өте маңызды және бұл алға ұмтылушылық деуге болады. Бұдан 10 бұрын Ауғанстанда бірде-бір зайырлы да, көпшілікке арналған да мектеп жоқ еді. Тек азғантай ұл балалар діни мектептерге баратын еді. Ал қыздар талибан билігі кезінде оқудан қол үзіп қалған болатын. Себебі рұқсат етілмеді.
Биылғы оқу жылында 7 миллионнан аса оқушы Ауғанстандағы 9000-дай мектеп табалдырығын аттады деген білім министрлігінің мәліметі бар. Олардың 35-40 % қыздар құрады деп мәлімдейді оқу министрлігінің департамент қызметкері. Бірақ мұндай табыстар оңайлықпен келген жоқ. Елдің оңтүстігі мен шығыс аймақтарында талиптер мектептерді өртеп, оқушылар мен мұғалімдерге жиі шабуыл жасайды. Бір ғана өткен жылдың өзінде 60-тан аса мектеп отқа оранып, қауіпсіздіктің жеткіліксіздігінен 650-дей мектеп жабылып қалды. Ал Қандағардағы бір мектептің оқушы-қыздарының бетіне қос қарулы химиялық қосынды сұйықты шашып, олардың беттері мен қолдары күйіп қалған.
Ауғанстандағы білім беру деңгейінің нашарлығынан талай бала үйінде отыр. Мектеп жасындағы олардың барлығын да қамту үшін бірнеше мыңдаған жаңа мектептер қажет. Ауғанстанның 34 аймағына кәсіби мұғалімдер ауадай қажет. Ауған Білім министрінің айтуынша, кейбір мектептерде, мұғалімнің жетіспеуі себепті, жоғарғы сынып оқушыларын мұғалімдік қызметке алу жағдайлары кездесуде. Мысалы ағылшын курстарын бітірген мектеп оқушыларын, ағылшын тілінен сабақ беруге алуға тура келеді. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтеру істері мен оқулықтар шығару, жаңа мектептер салу істері халықаралық қауымдастық көмегінсіз жүзеге асырылуы мүмкін емес.
Қазірге дейін көптеген оқушылар жерде отырып, дәріс алуда. Қауіпсіздіктің жеткіліксіздігі мен қасаң дәстүрлердің сақталуы көптеген ата-ананы қыздарын үйлерінде ұстап, мектептерге жібермеулеріне итермелеп отыр. Осыған орай білім беру саласының ресмилері ауыл ақсақалдарынан бастап, діни тұлғалардың әлгіндей ата-аналарға ақыл айтып, қыздарын мектептерге жіберуілеріне көндіруге шақырып отыр. Қалалар мен ауылдарда мектептерді қолдау кеңестері құрылған. Осы шаралардың нәтижесінде оқушы қыздардың саны өсе түсуде. Тіпті шашылған қышқылдардан беттері күйіп қалған қыздардың өзі, ем-домдарын қабылдағаннан кейін мектеп қабырғасына қайта оралды.
Өкіншке орай, қазіргі күнге дейін Ауғанстанның көпшілік облыстарында қыз балалардың мектепке баруға мүмкіндігі жоқ болуы. Сауатсыздықпен күресу шараларын жасап Дайкунде облысы орталығында білім беру департаментінің қолдауымен әйелдерге арналған 125 сауат ашу орталығында 9 айлық курс жұмыс істейді. Қазір орталықта 3,5 мың әйел азаматтары оқып жатыр. Курста әр түрлі жастағы әйел адамдар оқиды. Бұрын әйелдерге оқуға рұқсат берілмесе, қазір орталықта тек сауат ашып қана қоймай тұрмысқа пайдалы кеңестермен бөлісіп, өмір сүруге деген ынтасын артыра түседі. Орталықтан сауат ашып үйренген ана баласын да оқытуға ұмтылады. Оқуға деген құлшыныстары артып, балаларын ақылы мектепке оқытуға да дайын.
Мектеп бітірген қыз баланы басқа мемлекеттерге оқуға жіберу отбасылар үшін үлкен проблема. Бірақ жылдан жылға өзгеріс байқалады. Мен де қазір Қазақстанға оқуға келгеніме қуаныштымын. Қорыта келе айтарымыз, білімді ана, білімді ұрпақ тәрбиелейді. Білімді ұрпақ, болашақта өз отанына қызмет ететініне, мемлекетінің өркендеуіне үлес қосатын азамат боларына сеніміміз мол.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *