Өсиет айту
Өсиет айту (дәстүр, ғұрып). «Үзіліп бара ма, жоқ арыз, өсиет айтамын деп әлсіреді ме, білу қиын» (М. Әуезов). Белгілі бір адамның жасы жеткенде немесе жан жеткенде немесе жан тәсілім алдындағы кейінгі ұрпақтарына, туған-туыстарына айтып кететін ақыл, кеңесі, өтініші немесе соңғы тапсырмасы. Дәстүр бойынша кейінгі адамдар айтылған өсиетті бұлжытпай орындауға тиіс.