Ұйқы ашар

Ұйқы ашар

Қойы қоздап, қалың тегіні басталар кезде, түнге қарай ауылдын қыз-бозбаласы өздері киініп, көмекке шығады. Әдетте босаға жұлдыздары көкжиекке жағалай айналып, көзден таса болған кезде қой тегіні саябыр тартады.
Қыз-бозбаланы тықырши күтетіні де осы шақ. Олар уақыт алмай, «Ұйқыашар» деп аталатын тағам жасауға кіріседі. Ол үшін қыздар жағы уыз сауып, бозбалалар жағы ауыл-үй шошалаларының жуырда ғана ашылған бүрменің бір-бір бөлек етін алып келеді. Сонсоң, қотан шетінен қазан көтеріп, отты лаулата жағып, әнді шырқата айтып жүріп, уызын қатырған сүр етін пісіреді. Берекенің басы болған мал төлінің куанышы сияқты бұл дәстүр әркімнің-ақ жанын жадыратады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *