Құрдастық қалжың
Құрдастық қалжың. (ғұрып). «Даңқты актер Қалибек Қуанышбаев пен әйгілі күйші Әбікен Хасенов әзілдері жарасқан түйдей құрдас екен». Бір жылы, туған адамдар құрдас деп саналады. Халық ғұрпы бойынша олар бір-бірімен әрі тату, әрі қатты қалжыңдасып, тіпті бірі екіншісінің сыртынан да әзіл айта береді. Айы, күні қатар құрдастар «түйдей құрдас» деп аталады. «Екі аяқтыда құрдас, төрт аяқтыда бота тату» деген осыдан шыққан. Құрдастардың әйелдері де құрдас болып есептеледі. «Әкесі құрдастың баласы құрдас» деп, олардың балалары да әзілге араласып отырады. Құрдастық қалжыңдар басқа түркі халықтарының арасында кездесе бермейді.
Ел аузында құрдастық қалжындардың күлкілі әрекеттері мен сөздері көптеп кездеседі.