Құран ұстау

Құран ұстау

Құран ұстау (діни ғұрып) «…Ахметті ат-шапанымен аяғына жығып, енді ондай мінез шығармасқа құран ұстатып, нан жегізіп, баяғы екі жүз теңгені кештіріп, ат-шапанға разы қылды» (С. Торайғыров). Орынсыз жала жабылғанда өзінің ақтығын, адалдығын дәлелдеу үшін, немесе қылмысын қайталамау үшін, адам қолына мұсылманның қасиетті кітабы құран ұстап «егер осы істе мен кінәлі болсам құран ұрсын»! деп ант беріп, нан жейді. Бұл оның кінәсіздігінің, немесе сертте тұратындығының толық дәлелі. Қарсы жақ адамдары оған сенеді. Кейде одан кешірім де сұрайды. Қазақтың «құран, нан» деп қарғануы осыдан шыққан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *