Құлдар

Құлдар. Патриархалдық-рулы сарқыншақтармен бүркемеленген феодалдық қанау бай-өсімқордың ауыр езгісімен ұштасып, еңбекші қазақ бұқарасының едәуір бөлігінің қайыршылануына әкеліп соқтырды.
Байғұс, жатақ және бақташылар болуы патша өкіметінің Қазақстандағы отарлау саясатына байланысты күшейе түскен қазақ қоғамы ішіңдегі әлеуметтік сараланудың белең алғанын дәлелдейді.
Өзгеге тәуелді адамдар қатарына жататындар ішіңде — құлдар да болды. Қарастырылып отырған кезеңде құлдар қазақтардың қоғамдық-экономикалық өмірінде айтарлықтай рөл атқарған жоқ. Бұл кезде құлдар әлеуметтік топ ретінде құрып біту шегіңде тұрған-ды. Құлдар негізінен соғыс кезінде колға түскендер болатын. XVIII ғасырда казақ хандары қалмақтармен, ойраттармен, башқұрттармен ұзақ уақыт бойы соғыстар жүргізіп, қолға түскен әскери тұтқыңдарды құлға айналдырып отырды. XVIII ғасырдың ортасында Батыраштың көтерілісіне байланысты Қазақ даласына қашқан башкұрт отбасыларын құлға айналдыру жөнінде қазақ хаңдары мен сұлтаңдарына патша өкімет орыңдарының өздері рұқсат етті. Нұралы ханның, сұлтандардың, старшындардың атына келіп түскен 1755 жылғы 5 қыркүйектегі Жоғары мәртебелінің грамотасында босқын башқұрттардың әйелдері, балалары, малдары және бүкіл дүние-мүлкі сіздерге сыйлыққа беріледі делінген. «Мұның өзі,- дейді Крафт,- Қырғыз даласында кең көлемде өріс алған құлдықты мойыңдаудың заң жүзіндегі тұңғыш актісі болды, ал көшпелілер мұны толық пайдалануға дереу кірісіп те кетті».
Тұтқынға алынған адамдардың арасында тек башқұрттар, қалмақтар, парсылар ғана емес, орыстар да болды. Соғыста қолға түсірумен бірге қазақтар құлдарды базарлардан сатып та алатын еді.
Құлдарды қайдан алдыңдар деген сұраққа Ақмола приказының Тезек Жанжігітов бастаған билері 1830 жылы мынадай жауап қайтарған: «Қырғыздар құлдарды сатып алады, шапқыншылық кезінде қалмақтардан, қара қырғыздардан тұтқын етіп, қолға түсіреді, қалыңдық үшін қалыңмал төлеушілер де құлдарды қалыңмал есебіне сатып не қосып береді немесе біреуге сыйға тартады, ал бұл еріксіздер өз ырқымен иесінен кетіп қалу құқығынан айырылған. Өз ұлтын құрметтеу белгісі ретінде қырғыздарды құлдануға жол берілмейді».
Құлдарды сатып алу жөнінде: «Өзіңнен тумаса — ұл емес, сатып алмасаң — құл емес»; «Егер сатып алмасаң — құлды қайдан аласың» деген мақалдар да айтылған.
Құлдарда ешқандай құқық болмаған. Оларды жазалай да, өлтіре де аласын. Бұл үшін иелері ешқандай жауапқа тартылмайды. Ат жарысында құлдарды бәйгеге тіккен. Қазақ жігіті үйленгеңде ол төлеген қалыңмал есебіне қалыңдықпен қоса құл немесе күң ере келген. Сонымен бірге келген адам үшін күн төлегенде айыпты адам малмен бірге құл немесе күң берген. Қазақтардың әдеттегі құқығы жөніндегі материалда құлдардың бас бостандығы болмағанын дәлелдейді.
Құлдардың қоғамдық жағдайы «Құм жиылып тас болмас, құл жиылып бас болмас» деген мақалда да дәл бейнеленген. Сондай-ақ «Құл арғымаққа мінсе де құл болып қалмақ» деген де бар.
Құлдардың еңбегі негізінен үй шаруашылығында пайдаланылды. Күңдер ірі феодалдарда күтуші болып жұмыс істеді. Құлдар қожайынның малын бағу үшін біршама аз пайдаланылды т. б.
Құлдардың болғандығына қарамастан, Қазақстан құл иеленушілік формацияның сатысынан өтпеді. Құлдарды қолға түсірудің негізгі көзі әскери басып алу болғанымен, мұның өзі құлдықтың орнығуына әлеуметтік база жасай алмады. Қазақтарда құлдық үйдегі іс сипатында болды. Мұның өзі малды жайылымда бағудың және патриархалдык-рулық тұрмыстың сақталуына байланысты еді. «Туысқандық көмек» деген желеумен сұлтандар мен билер өздерін тумаластарының — қоңсылардың, байғұстардың, жатақтардың және тағысын тағылардың тегін еңбегімен қамтамасыз етті. Соңдықтан құлдардың еңбегі феодал шаруашылығында жетекші рөл атқармады.
Қазақстандағы құлдықтың тағдырына Ресейге қосылу елеулі ықпал жасады. 1822 жылы 22 шілдеде Сібір қырғыздары туралы жарғының шығуы орыс үкіметінің қазақ даласындағы құлдыққа көзқарасында бетбұрыс кезең болды. Жарғының 276-параграфында: «1822 жылғы 22 шілдеге дейін қырғыздарда болып келген еріксіздер қожайыңдарыңда қалдырылады және оларды сату, басқа адамға беру және мұра етіп қалдыру құқығы сақталады, бірақ осы күннен бастап өз жұртынын қырғыздарын жаңадан құлдануға қатаң тыйым салынады»,- деп жазылған. Қазақстанда құлдықтың жойылуын бастап берген құжат, күмән жоқ, оң іске мұрындық болды.
Сібір қырғыздары туралы жарғы шыққан соң да қазақ феодалдары шекара Шебі бойыңда әр түрлі жолдармен қолға түскен тұтқыңдарды Хиуа мен Бұқардың базарларыңда сатуды жалғастырмай қоймады. Бірақ мұндай жәйіт бірен-саран ғана кездесті. 1822 жылғы Жарғыдан кейін құлдықтың маңызы тез құлдырай бастады. XIX ғасырдың орта тұсыңда-ақ қазақтарда құлдар аз қалды. Қазақ даласындағы құлдықтың қалдықтарымен күрес жүргізе отырып, Батыс Сібір генерал-губернаторы 1859 жылы сұлтандар мен мәртебелі қазақтардан өздеріндегі барлық құлдарға бостандық беруге міндеттейтін қолхат алды.
Қазақстандағы құлдықтың жайын арнайы зерттеген Н. Крафттың деректеріне қарағанда, құлдықтың біржола жойылуы 1875 жыл деу керек.
Бұдан әрі құлдардың ұрпақтары, қазақтармен туыстасып, біразы бостаңдық алып, қоғамның толық құқықты мүшесі болса, енді біразы төлеңгітке айналды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *