Қоңсы — іс жүзінде жартылай басыбайлы болған кедейлер. Олар өз отбасыларымен сұлтандарға және ру шонжарларына барып, мардымсыз ақы үшін олардың шаруашылықтарына қызмет етті. Қоңсы феодалдардың ауылдарымен бірге ылғи көшіп жүрді, олардың жылқысын бағып, неше түрлі ұсақ жұмыстарды атқарды, қоңсылардың әйелдері сиыр, бие, қой, ешкілерді сауып, кір жуды және феодалдың үй шаруашылығына көмектесті. Бұл үшін қоңсы көшіп-қону кезінде байдың көлігін пайдаланды, уақытша пайдалануға бір не екі сауын сиыр, кейде қой немесе ешкі алды.
Революцияға дейінгі тарихнамада коңсы институты мүлде талданбаған. Ресми патша құжаттарында да «қоңсы» термині кездеспейді. Солай бола тұрса да, казақ даласында болған көптеген саяхатшылар мен патша чиновниктері, «қоңсы» деген терминді қолданбағанымен, осы әлеуметтік топтың болғандығын керсетті.
Қазақтардың арасында болған Ф. Назаров осы әлеуметтік топ жөнінде былай деп жазды: «Нұрадан Есілге құятын Қаракөл өзені маңыңда біз ешқаңдай малы жоқ кырғыздарды кездестірдік… Тамағын асырау үшін олардың көпшілігі жақын маңда көшіп жүрген қырғыздарға барып жалданады».
Қоңсылар туралы неғұрлым толық дерек Михаил Граменицкийдің еңбектерінде кездеседі. Ол былай деп жазды: «Баспанасыз, жарлы қырғыздар сұлтанның төңірегіне жиналып, күн көреді. Бейбіт уақытта оған қызметшілер болып еңбектеніп, оның малын бағады».
Егер сұлтанды немесе қандай да бір бай адамды төңіректемесе, олардың аштан өлуіне тура келер еді. Дүние-мүліктен, малдан жұрдай болуы оларды малайлыққа баруға мәжбүр етеді.
Қазақ феодалдары әдетте бақташы жалдамаған, өз кедейлерінің — қоңсылардың тегін еңбегін пайдаланған. Қоңсылардьң арасында сол байдың кедей туыстары, кейде «жамағайын» деп аталатындар болуы мүмкін. Бір рудан, мысалы, Арғын немесе Керей руынан тараған қазақтар өзара жамағайын болып есептеледі, мұңдайда казақтар «ата тегі бір» дейді. Ру шонжарларында кейде тіпті бұрынғы чингизидтер де қоңсы ретінде жұмыс істеді. Мәселен, «төрелердің» тұтас бір ауылы Мұса Шормановқа қоңсы болды. Феодал мен қоңсы-кедейдің өзара қарым-қатынастарынан сауын деп аталатын өзінше бір жұмыспен өтеу жүйесі қалыптасты. Қоңсы өзінің феодалынан уақытша пайдалануға сауын сиыр алады да, бұл үшін шаруашылық жұмыстың алуан түрлерін тегін атқаруға міндеттенеді. Бұл орайда қалыптасқан қатынастар феодалдың өзінің кедей тумаласына «туысқандық көмегі» түрінде, ал егер ол жақын адамы болмаса, онда ылғи бірге көшіп жүріп, «өз» адамы болып кеткен қоңсыға көмек беру түрінде көрінеді. Мұнымен бірге өз бұйрығы орындалмаған жағдайда феодал өзі берген малды кез келген уақытта кайтып алуға құқықты болды.