Қорықтық құю
Қорықтық құю (ем, ғұрып). «Тағы қорықтық құю ма, қара малдың өкпесімен көшіру ме…» (С. Торайғыров). Әлденеден қорыққан, шошынған адамға қорықтық құйып ем жасайды. Оның жасалу жолы былай: табаға май құйып, қорғасынды басқа ыдысқа қорытады да қорғасынды аурудың төбесіне әкеліп әлгі табаға құйып жібереді. Халықтың ұғымы бойынша қатқан қорғасынға ауру неден қорықса соның бейнесі түседі. Мысалы иттің, адамның, жыланның бейнесі сияқты. Егер ауру неден қорықса, қорықтық кұйғанда соның бейнесі түссе, ол жазылады деп түсіндірілген.