Қалау
Қалау (салт, дәстүр). «Құттықтап әркім келіп, қалау алып, Ат мінді молда дағы атын қойған» (С. Торайғыров). Біреудің жақсы малына, затына, мүлкіне көңілі кеткен адам сол үйге барып «қалау» қалайды. Яғни үй иесіне, әйеліне, не баласына лайықты бағалы тарту жасап, қалауын айтады. Оның тартуының бағасы өзі қалаған затының бағасымен сәйкес келуі шарт емес. Дәстүр бойынша үй иесі қалаушы адамды қонақасы беріп, қалағанын орындап қайтаруға тиіс. Бұл жомарттық пен мәрттіктің, біліктік жақындық, әрі сыйластықтың белгісі.