ӘОЖ 340.141
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ
МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНЫҢ АЛАТЫН ОРНЫ МЕН МАҢЫЗЫ
Суйменбаева А.М., Кулажанова А.Н.
М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, Тараз қ.
Қазақ құқығының, оның қағидаттарының, басқару жүйесiнiң, билер институтының қалыптасуы, даму жағдайларына қатысты. Осы сияқты орыс патшалығы дәуiрiнің бастау алған кезінен бастап ақ, қазақ халқының құқық жүйесi мен оның институттарының әлсiреп кету себептерi мен салдарларына қатысы болды.
Дәстүрлі құқық жүйесі институттарының өміршең болуы оның қағидаттарының негізінде адам құндылықтары мен адамгершілікке толы болып, адам құқықтары мен бостандықтарының қорғалуында.
Қазіргі жаңаша даму процесі кезінде адамның құқықтары мен бостандықтарына мән беретін. Себебі, технологияның, инновацияның кезінде, ақпараттар үрдісі бұрын мемлекеттерді де өзімен бірге алып кетіп жатыр.
Әдет-ғұрып құқық жүйесінің ең маңызды тармағы – меншік институты. Меншік институты қазақ әдет-ғұрып құқық жүйесі бастапқы және туынды деп екіге бөлінеді.
Меншік құқығына ие болудың бастапқысы бір адамның затқа меншік құқығы дербес және бұрынғы иесінің қатысынсыз пайда болатын не болмаса бұрын меншік құқығының объектісі болмаған заттарға пайда болатын әдістер жатады.
Меншік құқығына ие болудың бастапқы әдістеріне:
— жаулап алу (соғыс олжасы);
— өнімге ие болу;
— затқа қайта өңдеу жолымен ие болу;
— біріктіру арқылы ие болу;
— жаулап алу немесе барымталап алу;
— мерзімдерге байланысты ие болу жатады.
Қазақ әдет-ғұрып құқық жүйесі жерді, суды жеке меншікке, яғни меншік құқығына ие болуға жатқызбаған. Негізінен меншік құқығына ие болу қазақ халқының дәстүрінде тіпті ерекше, өзге халықтарға мүлдем ұқсамайтын жайлары көп. Әуелі, біз қазақтар байлыққа қызықпаған, оны қолдың кірі деп есептеген деп атап өттік. Бірінші байлық – адами қасиеттер. Сол үшін «Әке мұрасы балаға мұра болмайды» деп санаған. Дегенмен, мұра мен мұрагерлік институты болып, ол «ата мұрасынан», «өз табысынан», «соғыс олжасынан», «борышты малдан» тұрған [1].
Меншік құқығына жататын мал-мүлік отбасының иесі – отағаның қарамағында болды. Оны «ата мұрасы» деп атады. Ата мұрасы отбасы мүшелерінің барлығына теңдей тиісті, енші алмаған балалары өздері жеке мал-мүлікке ие бола алмаған. Тіпті олар тапқан дүние-мүлік, мал әке қарамағына өткен [3]. Алайда ата мұрасы отбасы мүшелерінің өз мүлкіндей пайдаланылған, қажет болса біреуге сыйға да бере алған. Бір отбасында бірнеше отбасы тұра алмауы себепті ержетіп, үйленген үлкен ұлдарын, бірінен соң бірін енші беріп, бөлек отау еткен. Бұл «енші беру» институты көне дәуірлерде болған. Алаша хан үш баласына еншісін бөліп беріп, бір дойын қонаққа қалдырған деген әңгіме көне дәуірлерді меңзейді.
Қытай деректері де осы ойымызды нақтылайды [4]. Ол деректерде қазақтарда ұлдарына алты жасынан енші беретіні айтылады. Қазақтар текке «он бес жаста бала отау иесі» деп айтпаса керек. Әрине, енші берудегі мал-мүлік мөлшерін анықтау үй қожасының еркінде болған. Бірақ біз үй қожасының қолында ертең еншісін бөліп, жасауларын беретінін алдын ала ойлайтынын, еншіні бөлгенде бұлар міндетті түрде есептелінетінін ескертеміз. Енші беру институтында теңдік принципі сақталған [5].
Дәстүрлі қазақ қоғамында меншік құқығына ие болудың көне әдістерінің бірі – соғыс олжасы. Соғысқа қатысқан жауынгер енші алмаған болса, ол әкелген олжа әкесіне, яғни «ата мұрасы» қорына түсетін. Сол сияқты аң аулау, зат тауып алу меншік құқығына айналған [9, 41 б.] Бұл арада тауып алған затты жасырмай, жариялау, оның иесі табылмаған жағдайда меншік құқығына айналатынын ескертеміз.
Отырықшы аудандарда мұсылмандық құқық әсерінен біраз міндеттемелер мен келісім-шарттар қазақ тұрмысында көрініс тапты. Олар малды, үйді, жерді жалға беру, өзінің қара күшін жалдау, керуенге жалдану, бау-бақша, егін егу, қарыз беру, алу, кепіл т.б. келісім-шарттар еді. Бұл институттар қазақ қоғамына кең тарай қойған жоқ. Ал сыйға беру институты, жылу, жұртшылық, асар секілді институттар ертеден болып, қиналған, жұтқа ұшыраған туыстарына мал және мүлікпен көмек көрсеткен [6].
Сот билігінің көшпелілер қоғамындағы орнының биіктігі сонша, ол кейбір кездері хан билігінен де жоғары тұрған. Әрине, хан билігі қазақ қоғамындағы ең жоғарғы мемлекеттік билік болып есептелді және ол солай болды да. Бірақ ол өзінің осы дәрежесін қамтамасыз ету үшін сот билігімен әрдайым санасып отыруға мәжбүр болатын, соған әркез арқа сүйейтін. Ал көп жағдайда хандық билік сот билігін өзінің құрамдас бөлігі немесе жалғасы, не туа біткен бір қыры деп санайтын да, өзінен бөле-жарып, айырып қарамайтын. Бірақ сот билігі хан билігінен гөрі халыққа жақын тұратын және сот билігі әрдайым халық жанашыры, соның қамқоршысы рөлін ойнайтын.“Халық-биліктің негізі және тірегі,оның қайнар көзі.Сондықтан билік игілігі халыққа бағышталуы керек соның жағдайын жасауға,көңілінен шығуға” арналуы керек.Ондай болмаған биліктің тұрақтап тұруы неғайбыл, оның өміршеңдігі күмәнді.”Халық қаһарланса, ханды тайдырады” дейді қазақ…
Қазақ халқы ежелгі көне дәуірлерден-ақ ата мұрасына ерекше мән беріп, әрбір кәмелетке келіп, үйленген ұлдарына енші беріп, ата мұрасынан бөліп беріп отырған. Содан болса керек, қазақ қоғамында ата мұрасына таласып, соттасу мүлдем болмаған десек те болады. Ал, қыздарына мұндай үлес бөлінбеген, “жасау” беріп, төркіндеп келгенде қалаған мал-мүлкін тағы берген. Қазақтар өз иемденуіндегі мал-мүлкінің тек үштен бірін ғана өзгелерге өсиет арқылы бере алған. Мұндай шектеулер шариат заңында да бар. Қылмыстық іс-әрекеттер жасағаны үшін жауапкершіліктің мүліктік түрлерін енгізді әрі жауапкершілікті рулардың өзіне жүктеді. Бұл өз кезегінде өз руластары ішінде қылмыстық іс-әрекеттерді тежеді, оның алдын алуға септігі тиді. Өкінішке орай, көрнекті заңгер-зерттеушілеріміз мұны «ескіліктің сарқыншағы» ретінде қарады. Мысалы, «көптеген патриархалдық» сарқыншақтарды бойында сақтаған экономикалық базистің болмысы қазақ қоғамындағы үстем таптың құқықтық көзқарастары жүйесінде анық көрініс тапты. Мысал үшін патриархалдық-рулық қатынастарға тән сарқыншақтардың (әдет-ғұрып, қанды кек, құн төлеу, барымта, қалың мал, көп әйел алу, қыз алып қашу және т.б.) көпшілігінің қазақ әдет-ғұрып құқығы нормасында болғанын айтсақ та жеткілікті [14] – деулері қазақ әдет-ғұрып құқық жүйесіне артық айтылған тұжырымдар деп білеміз. Қазақ қоғамындағы феодалдық қатынастардың дамуы әдет-ғұрып құқық жүйесін кемелдендіруді талап еткені рас. Бірақ бұл кемелдендіру ұлт мүддесіне қайшы келмейтіндей әрі әділдік принципінде жүргізілгені шындық. Оны жүзеге асырушы билер халық көкейінен шықпаса, көптің қолдауына ие болмай, билік институты өз беделін жоғалтқан болар еді, ал құқық жүйесіне тиесілі институттары өз мәнін жоғалтып, халықтан ажырап қалар еді. Қазақ әдет-ғұрып құқық жүйесінің меншік институттары өздеріне тән қоғамдық қатынастардың бір бөлігіне қатысты тәуелсіз реттеушілік күшіне ие болады. Құқық институтының негізгі қызметі де әлеуметтік өмірдің белгілі бір саласының тұтастығын реттеуді қамтамасыз ету болып табылады. Әдет-ғұрып құқық жүйесі институттары қарастыратын нормаларды сыртқы күш таңбаған, өмір талабының өзі соны алуға итермелеген. Құқықтық принциптер жоғарыда айтқанымыздай, рухани өмірден желісін алады. Ол өз кезегінде қарама-қайшылықтарды шешуге бағытталған нормаларды қалыптастырады[2].
Меншік құқығы азаматтық, қылмыстық, отбасылық нормалармен тығыз байланыста екеніне көзіміз жетеді. Әрбір би адамның арына, құқығына назар аударып, құқықтық қалпына келуін қамтамасыз етуге тырысқан. Ар, ұлттық намысқа дейін даудың ішкі мазмұнына өріліп, бүкілхалықтық ұяттылыққа жеткізілген. Сөйтіп, азаматтық қоғам намысын қалыптастыруға жол ашқан. Алла берген табиғи құқық құндылық ретінде қасиетті саналған. Сол үшін боларбилер көбіне кем-кетік, әлсіздердің абырой-намысын қорғап, теңдік әперіп отырған. Нәтижеде әлеуметтік әділдікті қамтамасыз етуге қол жеткізген. Бұл қоғамдағы ауызбірлікті, ынтымақты нығайтуға көмектескен, қоғамдық өмірдегі феодалдық қарым-қатынастарды нығайтып, күшейтуіне де жәрдемдескен. Адамдар арасында әділеттік, адалдық, күнә, обал, жақсы іс, мейірімділік, адамгершілік принципі қалыптасуына жағдай жасаған. Қоғамда жоғары нормативтік мәдениет, үлкенге құрмет, кішіге ізет, отбасына адал болу, достық, кішіпейілдік жарасымын тапты.
Қазақ құқық жүйесі өз дәуірінің сыртқы, ішкі саяси жағдайларын да үнемі ескеріп отырған. Мысалы, Тәуке ханның тұсында қабылданған «Жеті жарғының» көптеген бабы сыртқы жағдайдың қиындасуына арналған. Олар: жер мәселесі, үй іші, сыйластық, байланыстық, ата-анаға, үлкенге құрмет, бала тәрбиесі, инабаттылық, адалдыққа шақыру, дау-дамайларды білекпен емес, тілекпен шешу, ел бірлігін сақтау, отанын қорғау, жасақ құру, сардар сайлау, ынтымақ, т.б. қарастырылған. Бұлардың қазақ даласы үшін де, қазақ баласы үшін де мәні зор екені даусыз.
Әдебиет
1. Өсерұлы Н. Тәуке ханның құқықтық заң ескерткiшi – «Жетi жарғы» жайлы зерттеу. – Алматы: Жеті жарғы, 1995. – 80 б.
2. Фукс С.Л. Некоторые моменты казахского права и описание киргизских обычаев Д ‘ Андре // Известия АН КазССР. – 1948. – Вып. 1.
3. Масевич М.Г. К вопросу истории развития советского законадательства о семейно-брачных отношениях в Казахстане // Известия АН КазССР. – 1951. –Серия юридическая. – Выпуск 7.
4. Культелеев Т.М. К истории развития советского уголовного законадатель-ства в Казахстане / Труды третьей сессии АН КазССР. – Алматы, 1949. – С. 59-62.
5. Зиманов С.З. Қазақ хандары заңдарына шолу және олардың ерекшелiк-терi // Қазақтың Ата Заңдары. 10 томдық. – Алматы: Жеті жарғы, 2005. – Т. 2. –552 б.
6. Материалы по казахскому обычному праву: сб. 1. /Сост.: Т.М. Куль-телеев, М.Г. Масевич, Г.Б. Шакаев. – Алматы, 1948. – 350 с.