Қазақстанның физикалық географиясы.
Дәріс мақсаты: “Қазақстанның физикалық географиясы” курсынан оқушыларда өз елінің физико-географиялық, табиғи, экологиялық, антропогендік жүйесі туралы түсінік қалыптастыру, оның табиғат жағдайларымен ресурстарының әр алуандылығын ашып көрсету. Курсты оқып үйренудің нәтижесінде оқушылар еліміздің табиғи, физико-географиялық проблемаларына бағдар жасай алуы тиіс.
Тақырыпқа қатысты сұрақтар:
1.“Қазақстанның физикалық географиясы” оқулығының құрылымы мен мазмұны.
2. “Қазақстанның физикалық географиясы” курсын оқыту жөніндегі жалпы әдістемелік нұсқаулар.
3. Сабақ өткзудің әдіс тәсілдері мен сабақ түрлері
Тақырыптың қысқаша мазмұны (тезистер):
Курстың мақсаты және оқытудың бiлiмдiлiк, тәрбиелiк, дамыту мақсаттары.
Курстың құрылымы және мазмұны. Курстың негізгі бөлімдері : “Қазақстан табиғатының” зерттелуі, “Қазақстан табиғатына жалпы сипаттама”, “Қазақстан табиғат кешендерінің әр түрлілігі”, “Табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және табиғаты қорғау”, олардың мазмұны және өзара байланысы.
“Қазақстан табиғатына жалпы сипаттамасы” бөлімін оқып үйренуде білім мен іскерлік қалыптастыру. Қазақстан табиғатын жалпы заңдылықтар жағдайында оқып үйрену. Білімді оқып үйренуде өлкетану принциптерін жүзеге асыру. Проблемалы тәсілді қолдану. Табиғат құбылыстары мен процестерін оқып үйренуде физика және биология пәндерімен байланысты жүзеге асыру.
“Қазақстан табиғат кешендерінің әр түрлілігі” бөлімін оқып үйренуде білім мен іскерлікті қалыптастыру.