Шүлен тарту
Шүлен тарту (дәстүр). «Шүлен таратты (тарқатты)» (І. Кеңсебаев). Шүлен тарту мырзалық пен жомарттықтың бір белгісі. Бұрын малды мырзалар, билер алыс-жақын жерлердегі адамдарға мал, ақша, бұйым, тамақ үлестірген. Бірақ бұл садақа да емес, зекет те емес, құдайы да емес «шүлен тарту» деп аталады. Мұның мағынасы — кедей кепшіктерге жәрдем мен қамқорлықтың бір түрі. Мұны бай адамдар әсіресе күзгі күндері мал басы көбейіп, өсіп, қонайып қысқа түсер кезде үлестіретін болған.
Шүлен тартушылар пайда үшін емес, көптің алғысын алу үшін және оларға қол үшін беру мақсатымен адамгершілік парызын өтеу үшін істейтін болған. Бұрын бай мен мырзаларды қанша жамандағанымызбен оларды қалын бұқара халыққа пайдасы тиіп отырғаның енді ғана мойындап отырмыз.
2.2.2 Шаруашылық, кәсіпке қатысты жасалатын әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер.