Уыз той


Уыз той

Қыс шықты, сірескен қар да еріп бітті. Көктемнін шуақты күні басталды. Бұл — уақыттың ағысы. Сонылық ала келген наурыз айының жылы лебі, өмірді өрге жетелеген баспалдағы. Ата-бабаларымыз қастерлеген уақыт есебі. Ғасырлар қалыптастырған салттың үзілмес желісі. Жылдың жаңаруы — ойдың, сезімнің, тіршіліктің жаңаруы. Ел өткен уақытқа пейіл білдіріп, жаңа басталған мезгілге үміт артады. Жебегіш мұратпен жаңа тілеу тілейді.
Жаңа жыл, жарылқашы жана леппен,
Жотама таңылып жүр жала көптен.
Мен де бір жадырайын жұрт қатарлы,
Ескі жыл, кесірінді ала кетсен!..
Адам жүрегі ізгілік пен игілікке құштар. Жамаңдықтан жаны түршігеді. Үмітін алғы күнге артады. Арқа сүйері — төзім мен шыдам. Қыс қинайды. Қанша ұзаққа созылса да жұрт көктемнің шуағынан қуат табатынына сенеді. Сол үміт пен келер күнді сарыла күтеді, жылылықты аңсайды. «Жылға жыл ұқсамайды» деп, сабыр сақтайды. «Сабыр түбі — сары алтын». Уақытқа өкпе айтылмайды. Бұл — қазақтың өзіне тән ұлттық қалпы.
Ұлттық қалыпты бостаңдық қалыптастырады, алдымен адамды соған иегершілік етуге желпіндіреді. Дербес өмір — ойдың өрісі. Қазақ елі дербестік хұқығы үшін күресті. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігінің тізгінін қолына ұстап, ерікті ел ретінде қадам бастағалы ұлттық санамыз да, жігеріміз де өсті. Салтымыз тарихи келбетін қалпына келтіруге бет бұрды. Халықтың өзіңдік бейнесін танытатын белгі — ұлттық сипат. Одан әр халықтың өзіне тән ерекшелігі айқыңдалады. Осы өзгешелік — ұлттық салтта. Арман да ұлы көктемнің желісі.
Шұғылаға малындыршы, атқан таң,
Тазалансын өне-бойды басқан шаң.
Көк орайға оранғанда дүние,
Үйлері де молаймай ма ақ шаңқан?..
Бұл қазақтың ұлттық сезімі. Көзге дала төсіндегі әппақ отаулар елестейді. Наурыздың жылы күні жарқырап тұрғанда әр қазақтың санасында осы сезім қозданады. Адам жүрегіне қуаныш, жігер құйады. Ойды ізгі сезімдер тербейді. Бүгінгі танда әр қазақтың мұраты халқымыздың, елдігіміздің, мемлекетіміздің мүддесімен қабысып, соны ойларға шомдырады. Барлық тілек-бата осы мақсатпен сабақтас.
Көктем көркімен сәңді. Үй-үйдің бәріңде ұлттық мереке. Жеті түрлі дән қосылып жасалған қазан-қазан көже пісіріледі. Бұл — тоқшылықты көксеген мұраттан туған ізгілік асы. Оны ішкендер келер күңдердің ала келетін ырысын да күтеді. Ол — қорада төл шулап, өріске мал қаптайтын мезгіл. Ағаш бүрлейді, жыл құстары оралады. Табиғатта, жан-жануарлар да түлейді. Жалпақ дала төсіне түрен түсіп, алдағы жылдың ризығы себіледі.
Көктемнің шуағына малынғаңда әрбір іс-қимылдың нәтижелі болуын да анық мөлшерлеуді қазақ парыз дейді. Тіршіліктің өзегі қимылынды есептеуінде. Күн батып, таң атса — адамның жасы ұлғаяды. Жас өседі, кәрі қалжырайды. Баланың да, қарттың да қамқоры -қауқарлы адам. Ол қандай қиыңдық тап болса да жеңіп шығу үшін болашақтың қамын өзі жасауға міндетті. Соңда өзіне керегін межелей алады. Осы мақсаттар ғана елдік салттармен ұштасады. Айқын мақсатпен атқарылған істің есесі мол. «Еңбегің еш, тұзың сор болмасын» деген қағида бар ғой. Адам тұрмысын өзі түзейді. Бұл — тіршілік ережесі. Көршіге сену шарт емес, күшіңе сену — салт.
Көктем де ұлттық салтқа қызмет етеді. Көктемнің де үміті сол. Малшы өсірген малына, егінші еккен астығына өзі қожалық етсе — уақыт жемісінен ұтылмайды. Соңда маңдай тері еш кетпейді. Көктемгі тілектің кебі соған саяды.
Дала төсінен балауса майсаның иісі аңқыса, әр үй отының басынан жаңа сүттің, уыздың иісі шығады. Сиыр бұзаулап, қой қоздап жатқаңда елдің көңілі неге жадырамасын!.. Ұйыған уызға ауыз толады. Көктемгі қызықтың алғашқы дәмі. Уыз халқымыздың ерте заманнан бері қастерлеген асы. Алғаш сауған уызды пісіріп, бүкіл ауыл той жасаған. Уыз — маңызы көп, жұғымды тамақ. Мал өсірмеген халық оны білмейді.
Уыздың дәмі де, жұғымы да ерекше. Сол қасиеті «Оғызнамада» да сипатталады. Дүниеге көзін жаңа ашқан нәрестеге Оғыз деген ат қойылады. Өйткені ол анасының уызын ғана емеді, бір-ақ рет сорып, әрі қарай ембейді. Бұл сілтемеден уыздың жұғымтал қасиеті аңғарылады. Жаңа туған малдың да уызы өте қою болатыны жұртқа аян. Елге ұсынылатын тағам әзірленетін уыз екі-үш күн сауып жиналады. Одан әрі сүтке айналып, сұйылып кетеді. Бойына даналық туа біткен Оғыз батырдың ембей қоюы да бір тойғаннан кейінгі өткен уақыт ішіңде уыз дәмінің кете бастауынан шығар немесе уыздың маңызды ас екенін ұқтыру үшін айтылған халық қиялы болуы да мүмкін. Қалай болжасақ та, халық ерте заманнан-ақ уызды қастерлеген. Жетілмей қалған төлдерге уызға жарымаған дейтін де сөз бар. Халық ұғымыңда уыздың қасиеті зор. Уыз той да сондай ниеттің қуанышы. Қорғасындай балқып піскен уыздың дәмін татқан адамның мейірі қанып, мерейі өседі. Қариялар молшылықтың үзілмей жалғаса беруін уыздың молдығымен өлшейді. Ізгі тілектерін бата арқылы білдіреді:
Ал, батамды берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Дастарқаның мол болсын,
Абыройың зор болсын!
Көк жайлауды жайласаң,
Тай, құлынды байласаң,
Келін тұрсын керіліп,
Салтанаты көрініп,
Сабаң толсын қымызға,
Шараң толсын уызға!..
Уыз той да көктем әкелген мерей. Елдің ақ молдығын тілейтіні — молшылық, тоқшылық. Уыз тойдағы тілеу де ұлы:
— Келесі көктем тағы бір биікке шығарсын. Ізгі тілеулер келер күндердің сөнбес шырағы болсын! Қиындықты тарпып тастайтын қарқынды қимылдар осы көктемнен басталсын! Әр үйдің шаңырағы биіктей берсін!
Уыз тойдағы бата мен тілеудің бағдары ұлы мұраттарға жетелейді. Уыз — көктемнің адам баласына ұсынған жаңа дәмі. Оның тойы да қуаныштың басы. Қазақ өз салты бойынша уыздың дәмін татуды ортақ мерей санайды…
Елге көштің келе жатқан сыңайын сездіреді. Салт атты жастар шоғырын көрген ауыл әйелдері сусындары мен айрандарын әзірлей бастайды. Шөлдеп келе жатқаңдарға сусын ұсыну елдің салты… Бұл күні таңертең қозғалған көш түске таман орта жолдағы Шұрық аталатын шұңғыл сайдың күнгей бетіндегі жатаған жоңдардың бір текшесіне тоқтады. Жүк түсірілді. Көліктер мен аттар қаңтарылды. Тері кеуіп, ентіктері басылуы керек. Әр отбасы өз керегелерінен итарқа қалайды да, киіз жауып, көлеңке жасайды. Балалар бұлақтан су тасиды.
Ірі қара мен жылқы орта жайлауға жетіп жығылмақ. Жайылыммен сырғып жеткен қалың қой төбе-төбеде жусап жатыр. Бұл еру — жүк артылған көліктерді қинамаудың тәсілі. Жүріс жарты-ақ күнге созылған. Жауын жауып кеткен жағдайда тағы бірер күнді осында өткізеді. Жер отты, шебіш үйгін. Ел ештеңеге алаң емес… Күн қызарып барып батты да, тау қойнауларына қараңғылық тез үйірілді. Ашық аспаңда жыпырлаған жұлдыз самсады. Қариялар мұны ертеңгі күннің ашық болатынына жорыды.
Келесі таң атқаңда тағы да жүк артылды. Бұдан арғы жол ылғи өр. Шұбала тізбектелген көштің көлігі ілби аяндап, бір жотадан бір жотаға өрмелейді. Сәске түсте орта жайлаудың бергі шетіңдегі Көкшоқы аталатын биік жонның төбесіне шыққан салт аттылар қарсы алдарыңдағы астаудай шұңғыл ойпатқа сағыныш пен ынтыға ентелеп, қадала қарасады. Терең ойпаттың үстіңде көгілдір мұнар көлкіп тұр. Табаны бұлыңғыр… Бейне тұнып жатқан келбеті секілді. Үлкен-кішінің жүздеріңде күлкі ойнайды. Осы жерді аңсап жежені, соған мейірлері түсіп тұрғаны анық. Кештің алды жотаға шыққаңда жасамыс адамдардың жүздерінен де қуаныш сәулесі байқалды. Қазақ баласына жердің қаншалық қадірлі екені осы сезімдерінен-ақ білініп тұр. Иен тау да өз түлектерін күткендей құшағын айқара ашқан.
Бұдан әрі ылди. Салт аттылар жел айдағаңдай женки жөнелді. Сол бетімен көз ұшындағы астаудай ойпатпен жалғасқан қырқалардың ауыл қонып, үй тігетін жұрттарына жетіп тізгін тартты. Әр үйдің өзіне тиесілі орны бар. Оған басқа үй қонбайды. Қазақ тұрмысының заңы сол. Салт аттылардың қарасын көрген еру ел көштің келе жатқанын біледі.
Көліктердің ылдиға қарай жүрісі де ширап, қадамдары шапшаңдады. Шұбалған кеш ауыл-ауылдың тұсынан өткеңде әйелдер тостаған мен шараларын сусынға толтырып, жол жағалауыңда тосып тұрады да, балалы әйелдер мен қарт әжелерге ұсынады. Бұл жолаушыларды қуантады әрі қалжыраған бойларын бір сергітіп тастайды. Адамдар біріне-бірі көрсеткен сыйға сүйсініп, көңілдері жадырайды.
Қазақ көшінің шын мәніңдегі сипаты, мән-мағынасы осындай игі мақсаттарға құрылады. Бұл көріністер мал бағып, көшіп көрмеген елдерге мүлде жат…

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *